A- A A+
2012 жылдың тамыз айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР Ұлттық банкі» Солтүстік Қазақстан филиалы хабарлайды
2012 жылдың тамыз айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар.

2012 жылдың тамыз айындағы облыстағы инфляция 0,3% құрады (2011 жылдың тамызында — 0,3%), республикалық мәні — 0,3%. Инфляция көршi облыстарда мына-деңгейде болды: Ақмола — 0,3%, Қостанай — 0,2%, Павлодар облыстарында — 0,4%. Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі 6 тамыздан бастап жылдық 5,5% деңгейіне дейін төмендеді. 2012 жылғы тамызда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 54,3 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 83,8 млрд. АҚШ долл. құрады.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстік Қазақстан облысының банктік секторын 17 екінші-деңгейлі банктердің аймақтық филиалдары және олардың 57 құрылымдық бөлімшелері құрайды.

Облыстың несиелік нарығы. 2012 ж. 1 қыркүйек жағдайына банктердің экономикаға жалпы несиелік салымдар көлемі 88,2 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдың тамыз айымен (76,5 млрд. теңге) салыстырғанда 15,3%-ға артты.

ҚР бойынша несиелік салымдар құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,94 құрады. Екінші-деңгейдегі банктердің берген несиелерінің мөлшері 58,3 млрд. теңгені құрады, 29%-ға артумен. Шағын бизнес субъектілеріне берілген несиелердің мөлшері 19,0 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 36,7%-ға артты. Тұрғындарға берілген тұтыну несиелерінің көлемі а.ж. ақпан айында былтырғы жылдың ақпан айындағыдан (9502,6 млн. теңге) 1,4 есе артық болды және 13471,1 млн. теңгені құрады. Берілген ипотекалық несиелердің көлемі 1,4 есе (1984,8 млн. теңге) артты және 2865,9 млн. теңгені құрады.

Шет ел валютасы секілді, ұлттық валютадағы несиелер бойынша орта есеппен алғандағы пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше жылдық 14,5 және 13,9 пайызды құрады. Несиелер нарығының долларлану-деңгейі несиелердің жалпы көлемінің 9,2%-на дейін төмендеді (2011 жылы ол 14,0% құрады).

Облыстың депозиттік нарығы. Депозиттердің көлемі былтырғы жылдың тамыз айымен салыстырғанда (38,1 млрд. теңге) 24,1% артты және 47,0 млрд. теңгеге жетті. ҚР бойынша депозиттер құрылымында біздің облыстың үлесі 1,0 құрады (2011 жылы — 0,9). Жеке тұлғалардың депозиттер көлемі 25,1 пайызға артты (44,8 млрд. теңге), заңды тұлғалардікі 8,7% өсті (2,5 млрд. теңге). Өткен мерзімде ұлттық валютадағы депозиттер 24,6 пайызға артты және 35,4 млрд. теңгені құрады, ал шет ел валютасындағы депозиттер 22,7 пайызға өсті және 11,9 млрд. теңгені құрады. Теңгелік салымдардың қарқынды өсуі нәтижесінде депозиттердің долларлану-деңгейі 25,3 пайызға дейін төмендеді.

Былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда теңгемен және шет ел валютасындағы депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы мөлшерлемелер төмендеді және сәйкесінше 8,3 және 5,7 пайызды құрады (2011 ж. тамызында — 9,1 және 6,4 пайыз). 2011 ж. тамыз айында тұрғындардың бір адамға шаққандағы салымы 26,4 пайызға артты және 77,1 мың теңгені құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 161,0 мың теңге болып құралды.

Облыстың валюта нарығы. 2012 жылдың 1 қыркүйек жағдайына Солтүстік Қазақстан облысында 125 айырбастау пункті қызмет көрсетеді. 2012 жылдың ақпан айында банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері облыста 175,6 млн. АҚШ долларын, 7,7 млн. евроны және 410,0 млн. ресейлік рубльді таза сатуды жүргізді. 2011 жылдың тамызымен салыстырғанда қолма шет ел валютасымен операциялардың көлемі, АҚШ доллары бойынша 1,6 есе, ресейлік рубль бойынша 14,3 пайызға артты, евро бойынша 46,2 пайызға төмендеді.

Талданған мерзімде былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда ресейлік рубль бойынша орта есеппен алғандағы бағамдарының сатып алу бойынша 91,9 пайызға және сату бойынша 91,8 пайызға әжептәуір төмендегенін байқаймыз. Евроның бағамы былтырғы жылдың тамызының деректерімен салыстырғанда сатып алу бойынша да, сату бойынша да 88,2 пайызға төмендеді. Тамыз айында, АҚШ долларын сатып алудың орташа алғандағы бағамы 149,34 теңгені, сату бағамы 149,97 теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың деңгейінен номиналында сатып алу бойынша, АҚШ доллары үшін 3,35 теңгеге (102,3%), сату бойынша номиналында 3 теңгеге (102,1%) жоғары.

Төлем карточкалары нарығы. Облыста а.ж. тамызында төлем карточкалары нарығының дамуы оң бағытта болды, оны банкоматтар санының 10,3 пайызға 257 бірлікке дейін; pos-терминалдар санының 8,7 пайызға 763 данаға дейін; пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда — сервистік кәсіпорындар санының 5,4 пайызға 353-ке дейін; пластикалық карточкалар иегерлері санының 15 пайызға 218,7 мың адамға дейін өсуі растайды.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:57
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы