A- A A+
2013 жылдың тамыз айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР Ұлттық банкi» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды
2013 жылдың тамыз айындағы облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық резервтер.

2013 жылдың қаңтар–тамыз айларында аймақтың банк секторы барлық бағыттары бойынша тұрақты қызметiн сақтап қалды. Республиканың макроэкономикалық көрсеткiштерi оң бағытын сақтады:

ҚР Ұлттық Банкiнiң деректерi бойынша 2013 жылғы шiлдеде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерiн (алдын ала деректер бойынша 66,0 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдiң халықаралық резервтерi 91,8 млрд. АҚШ долл. дейiн 2,2%-ға өстi (жылдың басынан бастап өсу 6,7 пайызға);

Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесi 2012 жылғы 6 тамыздан бастап жылдық 5,5% деңгейiнде белгiлендi, және осы уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды.

СҚО Статистика департаментiнiң ресми деректерi бойынша 2013 жылдың тамыз айында облыс бойынша инфляция 0,1% құрады, бұл республикалық көрсеткiштен 0,1% пайыздық тармаққа төмен. (2012 жылдың тамызында СҚО бойынша — 0,3%, республика бойынша — 0,3%).

Солтүстiк Қазақстан облысының банктiк секторын 18 екiншi деңгейлi банктердiң аймақтық филиалдары және олардың 62 құрылымдық бөлiмшелерi құрайды. Тамызда Петропавл қаласында «Kaspi Bank» АҚ және «ЦеснаБанк» АҚ филиалдарының 2 құрылымдық бөлiмшесi ашылды.

Облыстың несиелiк нарығының дамуы негiзгi көрсеткiштердiң өсуiмен сипатталады, өйткенi банктердiң несиелiк салымдарының жалпы көлемi 2013 ж. 1 қыркүйегi жағдайына 10,2 пайызға 97,2 млрд. теңгеге артты (01.09.2012 ж. жағдайына — 88,2 млрд. теңге). ҚР бойынша несиелiк салымдар құрылымындағы бiздiң облыстың үлесi 0,9 құрады.

Сала-салаға бөлсек, несиелiк салымдардың ең көп сомасы сауда (19,9 пайыз), өнеркәсiп (12,2 пайыз) және ауыл шаруашылығына (6,7 пайыз) келедi.

Несиелiк салымдар құрылымында мерзiмдерi бойынша, бұрынғыдай, орта және ұзақмерзiмдi займдар көп, олардың үлестерi сәйкесiнше 42,4 пайыз және 37,6 пайыз.

2013 жылдың 8 айында екiншi деңгейлi банктер жалпы сомасы 68,6 млрд. теңгеге несие бердi, бұл 2012 жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 17,7 пайызға артық.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуге 13,3 млрд. теңге келедi немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 19,4 пайызы.

2013 ж. қаңтар–тамызында заңды тұлғаларды несиелеу 39,5 млрд. теңгенi құрады, немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 57,5 пайызы, жеке тұлғаларға — 29,1 млрд. теңге (42,4 пайыз). Ағымдағы жылдың 8 айында ұзақмерзiмдi және ортамерзiмдi несиелеу 4,7% пайызға 31,5 млрд. теңгеге артты (2012 жылы — 30,1 млрд. теңге), қысқа мерзiмдi несиелеу — 31,6 пайызға 37,1 млрд. теңгеге дейiн (2012 жылы — 28,2 млрд. теңге).

Ағымдағы жылдың есептi мерзiмiнде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелерi былтырғы жылдың қаңтар — тамыз айларымен салыстырғанда (13 471,1 млн. теңге) 1,5 есе артық болды және 20 473,4 млн. теңгенi құрады. Берiлген ипотекалық несиелердiң көлемi 1,7 есе (2012 жылы — 2 865,9 млн. теңге) артты және 4 848,7 млн. теңгенi құрады. Берiлген несиелердiң жалпы көлемiндегi тұтыну және ипотекалық несиелердiң меншiктi салмағы — сәйкесiнше 29,8 пайызды және 7,1 пайызды құрайды.

А.ж. тамызында ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған пайыздық ставка жылдық 14,5% құрады, шетел валютасында — 14,2 пайыз, ҚР бойынша ұлттық валютада — 13,8%, шетел валютасында — 10,6%. Несие нарығындағы долларландырудың дәрежесi несиелердiң жалпы көлемiнiң 7,1%-ына дейiн төмендедi (2012 жылы ол 9,2% құрады).

Облыстың депозиттiк нарығының жұмысында есептi мерзiмде тұрғындардың салымдарының өсу қарқыны сақталды. Жалпы алғанда банк секторы бойынша салымдар былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен (47,3 млрд. теңге) салыстырғанда 23% артты және 58,2 млрд.теңгенi құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың депозиттерiнiң меншiктi салмағы 0,97%-ға дейiн өстi (2012 жылы — 0,99 пайыз).

Жеке тұлғалардың депозиттерi 56,4 млрд.теңгенi құрады, былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 11,6 млрд. теңгеге артты (44,8 млрд.теңге). Депозиттердiң ортақ сомасында жеке тұлғалардың депозиттерiнiң үлесiне 96,9% дәл келедi, бұл көрсеткiш республика бойынша 54,1% құрайды. Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда (2,5 млрд. теңге) заңды тұлғалардың депозиттерi көлемi төмендедi және 1,8 млрд.теңгенi құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемi 22% өскен және 43,2 млрд.теңгенi құрады, шетел валютасындағы депозиттер 26,0% өстi және 15,0 млрд. теңгенi құрады. Теңгемен алғандағы депозиттердiң меншiктi салмағы 74,2% құрады. Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда төмендедi және сәйкесiнше 7,7% және 5,2%-ды құрады (2012 жылдың тамызында — 8,3% және 5,7%). Тұрғындардың орта есеппен алғанда бiр адамға салымы 30,7%-ға өстi және 100,8 мың теңгенi құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткiш 190,2 мың теңгенi құрады, 18,1 пайызға өсумен.

Облыстың валюта нарығы 2013 жылдың 1 қыркүйегi жағдайы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысында 129 айырбастау пунктi қызмет көрсетедi. 2013 жылдың қаңтар–тамыз айларында банктердiң айырбастау пункттерiмен және уәкiлеттi ұйымдармен облыста 124,7 млн. АҚШ долларын, 8,85 млн. евро және 699,2 млн.ресейлiк рубльдердi таза сату жүзеге асырылды. Былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда қолма-қол шетел валютасымен операциялар көлемiнiң артуы евро бойынша 14,3 пайызға және ресейлiк рубль бойынша 1,7 есе байқалды, ал АҚШ доллары бойынша 27,3 пайызға төмендеуi байқалды.

Талданып отырған мерзiмде өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда ресейлiк рубль бойынша сатып алу бойынша да, сату бойынша да бағамдарының төмендеуi байқалады.

Уәкiлеттi банктер және уәкiлеттi ұйымдар арасында жүргiзiлген операциялардың арақатынасын талдау келесi қорытындылар шығаруға мүмкiндiк бередi: есептi мерзiмде ЕДБ филиалдарының айырбастау пункттерi облыс тұрғындарының екi түрлi валюта бойынша негiзгi сұранысын қамтамасыз еттi: АҚШ долларын сату бойынша 78,4 пайыз, евроны сату бойынша — 72,7 пайыз. Уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi ресейлiк рубльдi айырбастау бойынша операциялардың негiзгi көлемiн жүргiзедi, облыс бойынша операциялардың жалпы көлемiнiң сатып алу бойынша — 88,4 пайызын және сату бойынша — 66,6 пайызын, ал евроны сатып алу бойынша — 67,6 пайызын және долларды сатып алу бойынша — 60,6 пайызын жүргiздi.

Төлем карточкаларының қызмет көрсету желiсi 2013 жылдың 1 қыркүйегi жағдайына келесi қалыпта болып отыр: 266 банкомат (2012 жылдың 1 қыркүйегiмен салыстырғанда өсу — 3,5 пайыз немесе 9 бiрлiк), 1030 POS-терминал (өсу 35 пайызға немесе 267 бiрлiк). Мұнда есептi мерзiмде 1 терминалға 561 тұрғын келедi (ҚР бойынша — 435), 1 банкоматқа — 2172 тұрғын (ҚР бойынша — 1942 тұрғын). Пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистiк кәсiпорындардың және карта ұстаушылардың даму қарқыны оң бағытта, бұны сандарының 42 пайызға 501 дейiн және карта ұстаушылардың саны 14,6 пайызға 250,6 мың адамға дейiн өсуi дәлелдейдi.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:39
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
24%
Денсаулық сақтау - 54
24%
Мәдениет - 20
9%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы