A- A A+
2012 жылдың ақпаңдағы облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР Ұлттық банкі» ММ Солтүстік Қазақстан филиалы хабарлайды
2012 жылдың ақпаңдағы облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық резервтер.

Республиканың банк секторының дамуына әсер ететін макроэкономикалық көрсеткіштері 2012 жылдың ақпан айында төмендегідей болып көрінді:

  • қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі а.ж. 14 ақпанынан бастап жылдық 7 пайызға дейін төмендеді;
  • халықаралық резервтер көлемі 4,4 пайызға 82,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті, оның ішінде ҚРҰБ таза халықаралық резервтері -47,4 млрд. долл., Ұлттық Қордың активтері – 35,3 млрд. долл.;
  • республика бойынша инфляция 0,4 пайызды, облыс бойынша – 0,3 пайызды құрады (2011 жылдың ақпан айында бұл деңгей 1,4 пайызды құрады). Көрші облыстарда инфляция мынадай деңгейде айқындалды: Ақмола – 0,6 пайыз, Қостанай – 0,3 пайыз, Павлодар – 0,4 пайыз.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстік Қазақстан облысында 17 аймақтық ЕДБ филиалдары және 57 құрылымдық бөлімшелерінен жұмыс істейді.

Облыстың несиелік нарығы. 2012 ж. 1 наурызы жағдайына банктердің экономикаға жалпы несиелік салымдар көлемі 78,5 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдың ақпан айымен (68 млрд. теңге) салыстырғанда 15,4%-ға артты. ҚР бойынша несиелік салымдар құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,89 құрады. 2012 жылдың 1 наурызы жағдайына несиелік ұзақмерзімді және ортамерзімді займдар көп, олардың үлестері сәйкесінше 43,6% және 36,6% құрайды. Екінші деңгейдегі банктердің берген несиелерінің мөлшері 11,3 млрд. теңгені құрады, 48,7%-ға артумен. Шағын бизнес субъектілеріне берілген несиелердің мөлшері 3,4 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 54,5%-ға артты.

Талданған мерзім ішінде банктердің тұтыну және ипотекалық несиелер нарығындағы несиелік белсенділігі қарқынының сипаты оң бағытта болды, сәйкесінше мөлшерлерінің өсуі 2,8 және 3,2 есе қамтамасыз етілді. Шет ел және ұлттық валюталардағы несиелер бойынша орта есеппен сәйкесінше жылдық 14,0 және 13,8 пайызды құрады. Несиелер нарығының долларлану деңгейі несиелердің жалпы көлемінің 11,7%-на дейін төмендеді (2010 жылы ол 17,2% құрады).

Облыстың депозиттік нарығы. Депозиттердің көлемі былтырғы жылдың ақпан айымен салыстырғанда (35,1 млрд. теңге) 25,4% артты және 44,0 млрд. теңгеге жетті. ҚР бойынша депозиттер құрылымында біздің облыстың үлесі 0,97 құрады. Жеке тұлғалардың депозиттер көлемі 22 пайызға артты (41,6 млрд. теңге), заңды тұлғалардікі 2,4 есе өсті (2,4 млрд. теңге). Өткен мерзімде ұлттық валютадағы депозиттер 29 пайызға артты және 33,4 млрд. теңгені құрады, ал шет ел валютасындағы депозиттер депозиттер 15,2 пайызға өсті және 10,6 млрд. теңгені құрады. Теңгелік салымдардың өсуі нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі 24,1 пайызға дейін төмендеді, және 2011 жылғы ақпанмен салыстырғанда олардың меншікті салмағы 73,8 пайыздан 75,9 пайызға дейін артты. Былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда теңгемен және шет ел валютасындағы депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы мөлшерлемелер төмендеді және сәйкесінше 8,7 және 6,1 пайызды құрады (2011 ж. ақпанында – 9,6 және 7,0 пайыз). 2011 ж. ақпан айында тұрғындардың бір адамға шаққандағы салымы 23,1 пайызға артты және 71,3 мың теңгені құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 147,2 мың теңге болып құралды.

Облыстың валюта нарығы. 2012 жылдың 1 наурызы жағдайына Солтүстік Қазақстан облысында 121 айырбастау пункті қызмет көрсетеді. 2012 жылдың ақпаң айында банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері облыста 41,2 млн. АҚШ долларын, 1,2 млн. евроны және 72,7 млн. ресейлік рубльді таза сатуды жүргізді. Облыс тұрғындарының АҚШ доллары бойынша (87,7 пайыз) және евро бойынша (70,5 пайыз) негізгі сұранысын банктер филиалдарының айырбастау пункттері қанағаттандырады. Ресейлік рубльдерді сатып алу/сату бойынша қызметтерді көрсетудің негізгі көлемі уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттеріне келеді, сәйкесінше 87,0 және 65,6 пайыз.

Төлем карточкалары нарығы. Осы бөліктің жұмыс қорытындылары барлық көрсеткіштердің артуымен сипатталады. Былтырғы жылдың ақпанымен салыстырғанда банкоматтардың саны 4,8 пайызға 241 бірлікке дейін; pos-терминалдар 10,6 пайызға 729 данаға дейін; пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда – қызмет көрсету кәсіпорындары 10,6 пайызға 729 данаға дейін; пластикалық карточкалар иегерлері 206,5 мың адамға дейін артты.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 16:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 16:02
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы