A- A A+
2015 жылдың ақпаны жағдайына облыстың қаржылық нарығы жағдайы және инфляция туралы

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық резервтер.

Облыстың банк секторы жұмысының 2015 жылдың ақпан айына қорытындылары негiзгi көрсеткiштердiң бұрынғыдай оң қарқында өзгергенiн көрсетедi. Аймақтың банктiк секторы барлық бағыттар бойынша тұрақты жұмыс iстеуiн жалғастыруда.

Республиканың банктiк сектордың дамуына әсер ететiн макроэкономикалық көрсеткiштерi:

Статистика департаментiнiң ресми деректерi бойынша 2015 ж ақпан айында облыс инфляциясы 0,2 пайызды (2014 ж. ақпанда — 1,6 пайыз) құрады.

Талданған мерзiмде азық-түлiк тауарлары мен ақылы қызметтердiң қымбаттауы сәйкесiнше 0,7% және 0,1% құрады (2014 ж. ақпанда — 1,5% және 1,2%). Азық-түлiк емес тауарлардың құны 0,3 пайызға азайды (2014 жылы 2,1%-ға артты).

Анықтама ретiнде: жалпы республика бойынша инфляция деңгейi 0,4 пайыз көлемiнде құрылды, көршi облыстар Ақмола облысында — 0,4 пайыз, Қостанай — 0 пайыз, Павлодар — 0,1 пайыз.

2012 жылдың 6 тамызынан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi жылдық 5,5% деңгейiнде белгiлендi және осы уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды.

2. Облыстың қаржылық нарығындағы жағдай.

Облыста несиелiк салымдардың көлемi 2015 жылдың ақпан айы қорытындылары бойынша былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 7,9 пайызға өстi және 111,3 млрд. теңгеге жеттi. Облыстың несиелiк салымдарының ҚР бойынша жалпы көлемдегi үлесi 0,1 пайызға өстi және 12081 млрд. тг. құрады. Облыстың несиелiк салымдарының ҚР бойынша жалпы көлемдегi үлесi 0,92 пайызды құрайды.

Қаңтар-ақпан айларында екiншi деңгейдегi банктер 13 млрд. теңге несие бердi, былтырғы жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 94,2 пайыз. 2015 жылдың 2 айында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуге 3,3 млрд. теңге бөлiндi, немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 25,4%-ы. Тұтыну несиелерi былтырғы жылдың ақпанымен салыстырғанда 26,7 пайызға артық берiлдi, 5,3 млрд. теңгенi құрады (01.03.14 ж. жағдайына — 4,2 млрд. тг.). Тұрғындарға 745 млн. теңге сомасына ипотекалық несие берiлдi, немесе былтырғы жылдың ақпанымен салыстырғанда 120,8 пайызы (2014 жылы — 616,7 млн. тг.).

Несиелер бойынша долларлану дәрежесi 6,4 пайызға дейiн төмендедi (01.03.14 ж. — 8 пайыз). Шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 1.03.15 ж. жағдайына, сәйкесiнше, жылдық 11,6 және 14,5 пайызды құрады. ҚР бойынша шетел валютасындағы несиелер бойынша — 9,3 пайыз, теңгемен — 14,1 пайыз.

Солтүстiк Қазақстан облысының депозиттiк нарығы былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 0,6 пайызға азайды және 64,7 млрд. тг құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымындағы Солтүстiк Қазақстан облысының үлесi 0,97 пайызды құрады (2014 жылы — 0,99 пайыз). Жеке тұлғалардың депозиттерi 61,9 млрд. теңгенi құрады, 2014 жылдың ақпанымен салыстырғанда 0,5 пайызға азайды (62,2 млрд. теңге). Жеке тұлғалар депозиттерiнiң үлесiне депозиттердiң жалпы сомасының 95,7 пайызы келедi. Заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша көрсеткiш 6,9 пайызға азайды және 2,7 млрд. теңгенi құрады.

Депозиттiк базаның құрылымында былтырғы жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда ұлттық валютадан шетел валютасына депозиттердiң өтуi болды. Соның салдарынан ұлттық валютадағы депозиттер көлемi былтырғы жылдың ақпанымен салыстырғанда 23,7 пайызға азайды және 33,2 млрд. теңгенi құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 45,8 пайызға өстi және 31,5 млрд. теңгенi құрады. Теңгемен депозиттердiң меншiктi салмағы 51,3 пайызды құрады. Депозиттер бойынша долларлану дәрежесi 48,6 пайызға дейiн артты (01.03.14 ж. жағдайына — 33,2 пайыз).Тұрғындардың бiр адамға шаққандағы салымы былтырғы жылдың деңгейiнде қалды және 113,2 мың теңгенi құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткiш 4,7% артқан және 220 мың теңгенi құрады.

Облыстың валюта нарығында 2015 жылдың 1 наурызы жағдайы бойынша 128 айырбастау пунктi қызмет көрсетедi, ақпан айының iшiнде 41,6 млн. АҚШ долларын, 1,4 млн. евро және 2112,9 млн.ресейлiк рубльдердi таза сату жүзеге асырылды.

Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желiсi 2015 жылдың 1 ақпаны жағдайына келесi түрде көрiнедi: 277 банкомат (01.02.14 ж. жағдайына — 273), 1598 pos-терминал (өсу 24,6 пайызға немесе 315 бiрлiк). Мұнда 1 терминалға есептi мерзiмде 358 тұрғын келедi, 1 банкоматқа — 2063 тұрғын. Төлем карточкаларын пайдаланушы сауда — қызмет көрсету кәсiпорындарының және карта ұстаушылардың даму қарқыны оң бағытта қалып отыр, оны олардың санының 42,1 пайызға 867-ге дейiн және карта ұстаушылардың санының 12,7 пайызға 294,6 мың адамға дейiн артуы дәлелдейдi.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 14:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 14:56
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 80
35%
Әлеуметтік сала - 55
24%
Денсаулық сақтау - 54
24%
Мәдениет - 20
9%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы