A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2016 жылдың ақпан жағдайына облыстың қаржылық нарығы жағдайы және инфляция туралы

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

 

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық резервтер. 2016 жылдың ақпанда облыстың банк секторы барлық бағыттар бойынша тұрақты қызмет көрсеттi.

Статистика департаментiнiң ресми деректерi бойынша 2016 жылғы ақпан айындағы инфляция 1,3 пайызды (2015 жылғы ақпанда — 0,2 пайыз) құрады. Талданып отырған мерзiмде азық-түлiк және ақылы қызметтердiң құнының қымбаттауы сәйкесiнше 0,9% және 2,0%-ды құрады (2015 жылғы ақпанда 0,7% және 0,1%-ға). Азық-түлiк емес тауарлары 1,1 пайызға өстi (2015 жылғы ақпанда — 0,3 пайызға төмендедi).

Анықтама ретiнде: жалпы республика бойынша инфляция деңгейi 1,1 пайыз көлемiнде құрылды, көршi облыстар Ақмола облысында — 1,1 пайыз, Қостанай — 0,7 пайыз, Павлодар — 1,4 пайыз.

2012 жылдың 6 тамызынан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi жылдық 5,5% деңгейiнде белгiлендi және осы уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды.

2. Облыстың қаржылық нарығындағы жағдай. Солтүстiк Қазақстан облысының банк секторында 2016 жылдың 1 наурызы жағдайы бойынша 17 аймақтық екiншi деңгейлi банктер филиалдары мен олардың 58 құрылымдық бөлiмшелерi қызмет көрсеттi.

Облыста несиелiк салымдардың көлемi 2016 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 9,4 пайызға азайды және 100,8 млрд. теңгенi құрады. ҚР бойынша несиелiк салымдардың көлемi 3,7 пайызға өстi және 12 533 млрд. тг құрады. Облыстың несиелiк салымдарының ҚР бойынша жалпы көлемдегi үлесi 0,8 пайызды құрайды.

Екiншi деңгейдегi банктер 11,7 млрд. теңге несие бердi, 10 пайызға қысқарды. 2016 жылғы қаңтарда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуге 5,5 млрд. теңге бөлiндi, немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 47%-ы. Шағын бизнеске берiлген несиелердiң көлемi 2015 жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 1,7 есеге өстi (2015 жылғы қаңтар-ақпан — 3,3 млрд.теңге). Тұтыну несиелерiнiң төмендеуi байқалды, 2 843,3 млн. теңге берiлдi, 5 261,4 млн. теңгеге қайшы (01.03.2015 ж.). Халыққа ипотекалық несие 104,6 млн. Теңге сомасында берiлдi, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiнде 14 пайыз (01.03.2015 ж. жағдайында — 744,9 млн. теңге) Несие беру бойынша банк жағдайлары тұрғындарға және ипотекалық несие беру төмендедi, қарыз алушыларға талаптар қатаңдатылды, ипотекалық несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғарлады, бұдан басқа кейбiр банктерде несие беру тоқтатылды, сонымен қатар халықтың нақты кiрiсi төмендедi.

Несиелер бойынша долларлану дәрежесi несиелердiң жалпы көлемiнiң 6,9 пайызына дейiн артты (01.03.2015 ж. — 6,4 пайыз). Шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 01.03.2016 ж. жағдайына, сәйкесiнше, жылдық 10,7 және 14,8 пайызды құрады. ҚР бойынша шетел валютасындағы несиелер бойынша — 8,4 пайыз, теңгемен — 14,4 пайыз.

Депозиттiк нарық. 2016 жылдың 1 наурыз жағдайына банктер филиалдарының тартқан заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражаты көлемi 97,7 млрд. теңгенi құрады, өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Қазақстан Республикасы бойынша жалпы алғанда депозиттер көлемi 57,7%-ға артты, 10 539 млрд.теңгенi құрады (2015жылғы ақпанда — 6 684 млрд. теңге). ҚР бойынша депозиттер құрылымындағы Солтүстiк Қазақстан облысының үлесi 0,93 пайызды құрады ( 2015жылғы ақпанда — 0,97 пайыз).

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негiзгi көзi тұрғындардың салымдары болып қалып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттерi 90,7 млрд. теңгенi құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өстi (61,9 млрд. теңге). Жеке тұлғалар депозиттерiнiң үлесiне депозиттердiң жалпы сомасының 92,9 пайызы келедi. Заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша көрсеткiш 2,6 есе артты және 7,0 млрд. теңгенi құрады.

Депозиттiк базаның құрылымында былтырғы жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда ұлттық валютадан шетел валютасына депозиттердiң өтуi болды. Теңгемен депозиттердiң меншiктi салмағы 41,1 пайызды құрады. Депозиттер бойынша долларлану дәрежесi 58,8 пайызға дейiн артты (01.03.2015 ж. жағдайына — 48,6 пайыз).

Тұрғындардың бiр адамға шаққандағы салымы 2015 жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 40,7 пайызға өстi және 159,3 мың теңгенi құрады.

Облыстың валюта нарығында 2016 жылдың 1 наурыз жағдайы бойынша 128 айырбастау пунктi қызмет көрсетедi, 2016 жылғы қаңтар-ақпанында АҚШ долларын, (-0,23) млн. евро және (-0,06) млн. және 909,9 млн. ресейлiк рубльдердi таза сату жүзеге асырылды.

Облыста төлем карточкалары нарығының даму қарқыны оң бағытта болып қалып отыр. Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желiсi 2016 жылдың 1 ақпаны жағдайына келесi түрде көрiнедi: 281 банкомат (01.02.2015ж. жағдайына — 277), 2228 POS-терминал (өсу 39,4 пайызға немесе 630 бiрлiк). Мұнда 1 терминалға есептi мерзiмде 256 тұрғын келедi, 1 банкоматқа –2 026 тұрғын, ҚР бойынша 1 терминал бойынша 217 тұрғын, 1 банкомат — 1932 тұрғын.

Төлем карточкаларын пайдаланушы сауда — қызмет көрсету кәсiпорындарының және карта ұстаушылардың даму қарқыны оң бағытта қалып отыр, оны олардың санының 35,8 пайызға 1177-ге дейiн және карта ұстаушылардың санының 2,2 пайызға 301,2 мың адамға дейiн артуы дәлелдейдi.

3. Филиалдың жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жұмысы. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, филиалға жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалардың 31 өтiнiшi түстi, онын iшiнде ақпанда 19 өтiнiш болды№ Филиалдың қоғамдық қабылдауына ауызша өтiнiшпен 17 адам келдi, оларды қарау нәтижесi бойынша консультациялық көмек пен ақыл-кеңес берiлдi. Өткен жылдың ақпан айының көрсеткiштерiмен салыстырғанда жүгiну саны 1,9 есеге (2015 ж. — 10 өтiнiшке) өскен. Түскен өтiнiштердiң көпшiлiгi, екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi (25 өтiнiш немесе 81%) мен сақтандыру компаниялардың қызметтерiне қатысты (3 өтiнiш немесе 10%) болды. Ақпан айындағы өтiнiштердi қарау барысында 9 құжаттамалық тексерiстер жүргiзiлдi.

4. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету. 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Солтүстiк Қазақстан филиалы мемлекеттiк қызметтердiң 4 түрiн көрсетедi.

  1. Валюталық операцияларды тiркеу;
  2. Шет ел банкiндегi валюталық операциялар және банктiк шот ашу туралы хабарламаларды растау;
  3. Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру;
  4. Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу.

«Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру» және «Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу» мемлекеттiк қызметi www.egov.kz электронды үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiледi.

Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпарат Ұлттық Банктiң www.nationalbank.kz интернет-ресурсында «Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтерi» бөлiмiнде, сондай-ақ www.egov.kz электронды үкiметi» веб-порталында «Бизнес» бөлiмi бойынша «мемлекеттiк органдар бойынша қызметтер» бөлiмшесiнде орналастырылған.

Ағымдағы 2016 жылды қантар-ақпанда филиалға мемлекеттiк қызметтi алуға барлығы 5 қызмет алушы хабарласты (2015 жылы сәйкес мерзiмде филиал 10 мемлекеттiк қызметтi көрсеттi).

5. Жеке тұлғалардың тұрмыстық/ ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын iске асыру. Қазақстан бойынша толығымен 2016 жылғы 15 ақпан жағдайында банкке 19307 тапсырыс берiлдi. Оның iшiнде 76 млрд.теңге сомасындағы 12421 өтiнiш мақұлданды. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша берiлген тапсырыс саны 598 құрады. 1,9 млрд. теңге сомасындағы 471 тапсырыс мақұлданды, 1,5 млрд. теңге сомасындағы 439 тапсырыс қайта қаржыландырылды.

2016 ж. 01.03. жағдайында Комиссияға 58 шағым түстi. Оның 53 шағымына Комиссиямен шешiм қабылданды, 29 жағдайы Банк шешiмiмен Комиссия келiстi, 24 жағдай қарыз алушыларды қайта қаржыландыру мәселесi бойынша Комиссиямен екiншi рет ұсыныс берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 14:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 14:35
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Облыс әкiмiне өтiнiштердi қарау
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы