A- A A+
2012 жылдың шілде айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР ұлттық банкі» Солтүстік Қазақстан филиалы хабарлайды
2012 жылдың шілде айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар.

2012 жылдың шілде айындағы облыстағы инфляция 0,0% құрады (2011 жылдың шілдесінде — 1,7%), республикалық мәні — 0,3% (2011 жылы — 0,5%). Инфляция көршi облыстарда мына-деңгейде болды: Ақмола — 0,0%, Қостанай — 0,2%, Павлодар облыстарында — 0,2%. Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі 6 тамызынан бастап жылдық 5,5% деңгейіне дейін төмендеді. 2012 жылғы шілдесінде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 53,3 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 82,2 млрд. АҚШ долл. құрады (2012 ж. 7 айында өсу 12,7 пайызға).

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстік Қазақстан облысының банктік секторын 17 екінші-деңгейлі банктердің аймақтық филиалдары және олардың 59 құрылымдық бөлімшелері құрайды. «Нұрбанк» АҚ филиалы шілде айында Петропавл қаласында 1 қосымша бөлімшесін ашты.

Облыстың несиелік нарығы. 2012 ж. 1 тамызы жағдайына банктердің экономикаға несиелік салымдарының жалпы көлемі 84,5 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдың шілдесімен салыстырғанда (75,4 млрд.теңге) 12,1% өсті. ҚР бойынша несиелік салым құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,91%-ды құрады. Екінші-деңгейлі банктердің берген несиелерінің мөлшері 48,9 млрд. теңгені құрады, 25,1%-ға артумен. Берілген несиелер көлемінің үштен бірі шағын бизнес субъектілерін несиелеуге келеді, немесе 15,7 млрд. теңге, 2011 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 27,6 пайызға өсумен. Несиелік салымдар құрылымында ең жоғарғы меншікті салмақты экономиканың сауда (20,0%), өнеркәсіп (16,7%) және ауыл шаруашылығы (7,7%) секілді салалары алады. А.ж. есепті мерзімінде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелерiнің көлемі былтырғы жылдың 7 айымен салыстырғанда (8014,7 млн. тенге) 1,4 есеге артық болды және 11363,2 млн. теңгені құрады. Берiлген ипотекалық несиелер көлемі (2011 ж. — 1666,4 млн. теңге) 1,5 есеге артты және 2454,3 млн. теңгені құрады. А.ж. шілдесінде шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған пайыздық ставка сәйкесінше жылдық 14,1% және 14,5% құрады, ҚР бойынша шетел валютасында — 11,1%, ұлттық валютада — 13,2%. Несиелер бойынша долларландырудың дәрежесі несиелердің жалпы көлемінің 9,8%-на дейiн төмендеді (2011 жылы ол 14,4% құрады).

Облыстың депозиттік нарығы. Жалпы банк секторында өткен жылдың ұқсас мерзімімен (37,4 млрд.теңге) салыстырғанда салымдар 26,5% артты және 47,3 млрд.теңгені құрады. ҚР бойынша депозиттердiң құрылымында бiздiң облыстың үлесі (2011 жыл — 0,86%) 1,0%-ға дейiн өстi. Жеке тұлғалардың депозиттері көлемі 44,7 млрд.теңгені құрады, 2011 жылдың шілдесімен салыстырғанда 25,9% немесе 9,2 млрд.теңгеге көбейген (35,5 млрд.теңге). Депозиттердiң ортақ сомасында жеке тұлғалардың депозиттерiнiң үлесiне 94,5% дәл келедi, бұл көрсеткiш республика бойынша 54,6% құрайды. Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда (1,9 млрд. теңге) заңды тұлғалардың депозиттері көлемі 36,8%-ға өсті және 2,6 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер 27,6% өскен және 35,6 млрд.теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 23,2% артты және 11,7 млрд. теңгені құрады. Теңгемен алғандағы депозиттердің меншікті салмағы 75,2% құрады, ал депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі 24,8% құрады. Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда төмендеді және сәйкесінше 8,4% және 5,8%-ды құрады (2011 жылдың шілдесінде — сәйкесінше 9,2% және 6,4%). Тұрғындардың орта есеппен алғанда бір адамға салымы 2011 жылдың шілдесімен салыстырғанда 27,1%-ға өсті және 77,0 мың теңге құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 159,2 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2012 жылдың 1 тамызы жағдайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 124 айырбастау пункті қызмет көрсетеді. 2012 жылдың шілде айының ішінде банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерімен облыста 154,3 млн. АҚШ долларын, 7,5 млн. евро және 373,3 млн.ресейлік рубльдерді таза сату жүзеге асырылды. Талданып отырған мерзімде былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда ресейлік рубльдер бойынша сатып алудың орташа бағамы 88,2 пайызға және сатудың орташа бағамы 88,9 пайызға әжептәуір төмендегені байқалады. Осыған ұқсас евро бағамының да өткен жылдың шілдесі деректерімен салыстырғанда әжептәуір төмендеуі байқалады, сатып алу бағамы бойынша 88,6% және сату бағамы — 88,8%. АҚШ долларының шілде айында орташа сатып алу бағамы 149,56 теңгені құрады, сату 150,15 теңгені құрады, бұл бір, АҚШ долларын сатып алу бағамы былтырғы жылдың деңгейінен номиналында 4,07 теңгеге (102,8 пайыз), бір, АҚШ долларын сату бағамы номиналында 3,89 теңгеге (102,7 пайыз) жоғары. Облыста негізінен тұрғындардың АҚШ долларына (86,5%) және евроға (73,8%) деген сұранысын бұрынғыдай екінші-деңгейлі банктер филиалдары қанағаттандырады. Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері негізінен ресейлік рубльді сатып алу/сату бойынша қызметтерді көрсетеді, облыс бойынша айырбастау операцияларының жалпы көлемінің сәйкесінше 87,3 пайызы және 62,7 пайызы.

Төлем карточкалары нарығы. Төлем карточкалары нарығы дамуының динамикасы а.ж. шілдесінде позитивті, оны дәлелдейтін келесі көрсеткіштер: облыста жұмыс істеп тұрған банкоматтар саны 2011 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 6,8%-ға артқан және 250 құрады; POS-терминалдар саны 12,1% өсіп 759 дананы құраған; пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистік кәсіпорындардың саны 10,7% өсіп, 352 құрады; пластикалық карточкалар иелерінің саны 14,5% өсіп 216,3 мың адам болды.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:58
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы