A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2013 жылдың шілде айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар.

Ағымдағы жылдың шілдесінде аймақтың банк секторы барлық бағыттары бойынша тұрақты қызметін сақтап қалды. Банк секторының дамуына әсер ететін республиканың макроэкономикалық көрсеткіштері:

Ұлттық Банктің деректері бойынша 2013 жылғы шілдеде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 64,3 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 89,8 млрд. АҚШ долл. дейін 0,3%-ға өсті (жылдың басынан бастап өсу 4,4 пайызға);

Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі 2012 жылғы 6 тамыздан бастап жылдық 5,5% деңгейінде белгіленді, және осы уақытқа дейін өзгеріссіз қалды.

СҚО Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2013 жылдың шілде айында облыс бойынша инфляция 0,1% құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 0,1% пайыздық тармаққа төмен. (2012 жылдың шілдесінде СҚО бойынша — 0,0%, республика бойынша — 0,3%). Инфляция көршi облыстарда: Ақмола — 0,1 пайызды, Қостанай — 0,5 пайызды, Павлодар — 0,1 пайызды құрады.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстік Қазақстан облысының банктік секторын 18 екінші деңгейлі банктердің аймақтық филиалдары және олардың 60 құрылымдық бөлімшелері құрайды.

Облыстың несиелік нарығы. Банктердің несиелік салымдарының жалпы көлемі 2013ж. 1 тамызы жағдайына 14,3 пайызға 96,6 млрд. теңгеге артты. ҚР бойынша несиелік салымдар құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,9 құрады. Екінші деңгейлі банктердің берген несиелерінің жалпы көлемі 59,7 млрд. теңгені құрады, 22,1 пайызға артумен. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге 11,4 млрд. теңге келеді немесе берілген несиелердің жалпы көлемінің 19,1 пайызы. Ағымдағы жылдың есепті мерзімінде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелері былтырғы жылдың қаңтар — шілде айларымен салыстырғанда (11363,2 млн. теңге) 1,5 есе артық болды және 17555,7 млн. теңгені құрады. Берілген ипотекалық несиелердің көлемі 1,7 есе (2012 жылы — 2454,3 млн. теңге) артты және 4134,4 млн. теңгені құрады. А.ж. шілдесінде ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған пайыздық ставка жылдық 14,4% құрады, шетел валютасында — 14,2 пайыз, ҚР бойынша ұлттық валютада — 13,7%, шетел валютасында — 10,7%. Несие нарығындағы долларландырудың дәрежесі несиелердің жалпы көлемінің 7,4%-ына дейiн төмендеді (2012 жылы ол 9,8% құрады).

Облыстың депозиттік нарығы. Жалпы алғанда банк секторы бойынша салымдар былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен (47,3 млрд. теңге) салыстырғанда 22% артты және 57,7 млрд.теңгені құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың депозиттерінің меншікті салмағы 0,99%-ға дейiн өстi. Жеке тұлғалардың депозиттері 56 млрд.теңгені құрады, былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 25,3 пайызға немесе 11,3 млрд. теңгеге артты (44,7 млрд.теңге). Депозиттердiң ортақ сомасында жеке тұлғалардың депозиттерiнiң үлесiне 97,1% дәл келедi, бұл көрсеткiш республика бойынша 55,4% құрайды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (2,6 млрд. теңге) заңды тұлғалардың депозиттері көлемі төмендеді және 1,7 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 21,9% өскен және 43,4 млрд.теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 22,2% өсті және 14,3 млрд. теңгені құрады. Теңгемен алғандағы депозиттердің меншікті салмағы 75,2% құрады. Депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі былтырғы жылдың деңгейінде қалды — 24,8%. Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда төмендеді және сәйкесінше 7,8% және 5,2%-ды құрады (2012 жылдың шілдесінде — 8,4% және 5,8%). Тұрғындардың орта есеппен алғанда бір адамға салымы 29,7%-ға өсті және 99,9 мың теңгені құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 189,8 мың теңгені құрады, 19,2 пайызға өсумен.

Облыстың валюта нарығы 2013 жылдың 1 тамызы жағдайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 103 айырбастау пункті қызмет көрсетеді. 2013 жылдың қаңтар–шілде айларында банктердің айырбастау пункттерімен және уәкілетті ұйымдармен облыста 104,2 млн. АҚШ долларын, 8,2 млн. евро және 591,8 млн.ресейлік рубльдерді таза сату жүзеге асырылды. Талданып отырған мерзімде өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда валютаның барлық түрлері бойынша сатып алу бойынша да, сату бойынша да орташа бағамдарының артуы байқалады. Уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар арасында жүргізілген операциялардың арақатынасын талдау келесі қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді: есепті мерзімде ЕДБ филиалдарының айырбастау пункттері облыс тұрғындарының екі түрлі валюта бойынша негізгі сұранысын қамтамасыз етті: АҚШ долларын сату бойынша 78,4 пайыз, евроны сату бойынша — 74,4 пайыз. Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері ресейлік рубльді айырбастау бойынша операциялардың негізгі көлемін жүргізеді, облыс бойынша операциялардың жалпы көлемінің сатып алу бойынша — 87,9 пайызын және сату бойынша — 66,1 пайызын, ал евроны сатып алу бойынша — 67,1 пайызын және долларды сатып алу бойынша — 59,5 пайызын жүргізді.

Төлем карточкаларының қызмет көрсету желісі 2013 жылдың 1 тамызы жағдайына келесі қалыпта болып отыр: 261 банкомат (2012 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда өсу — 4,4 пайыз немесе 11 бірлік), 986 POS-терминал (өсу 29,9 пайызға немесе 227 бірлік). Мұнда есепті мерзімде 1 терминалға 586 тұрғын келеді (ҚР бойынша — 449), 1 банкоматқа — 2215 тұрғын (ҚР бойынша — 1948 тұрғын). Пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистік кәсіпорындардың және карта ұстаушылардың даму қарқыны оң бағытта, бұны сандарының 31 пайызға 461 дейін және карта ұстаушылардың саны 10,2 пайызға 238,4 мың адамға дейін өсуі дәлелдейді.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:40
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы