A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2015 жылдың шілдеде жағдайына облыстың қаржылық нарығы жағдайы және инфляция туралы

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық резервтер. 2015 жылдың шiлде айында аймақтың банк секторы негiзгi көрсеткiштердiң оң қарқынын көрсете отырып, барлық бағыттар бойынша тұрақты қызмет көрсеттi.

Статистика департаментiнiң ресми деректерi бойынша 2015 ж шiлде айында облыс инфляциясы 0,1 пайызды (2014 ж. шiлдеде — 0,3 пайыз) құрады.

Талданған мерзiмде азық-түлiк тауарлары бағалары бұрынғы деңгейде қалды (2014 жылы — 0,5 пайызға өстi). Азық-түлiк емес тауарлардың бағалары 0,2 пайызға артты, ақылы қызметтердiң бағалары 0,1%-ға өстi (2014 жылдың шiлде айында — 0,2%-ға).

Анықтама ретiнде: жалпы республика бойынша инфляция деңгейi 2015 жылдың шiлдеде 0,1 пайыз деңгейiнде болып құрылды, ал көршi облыстарда: Ақмола облысында — 0,0 пайыз, Қостанайда — 0,1 пайыз, Павлодарда — -0,2 пайыз. Ресейдiң шекаралас облыстарында 2015ж. шiлдеде инфляция деңгейi мыналарды құрады: Омбы облысында — 1,0%, Қорғанда — 1,2%, Түменде — 0,3%.

2012 жылдың 6 тамызынан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi жылдық 5,5% деңгейiнде белгiлендi және осы уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды.

2. Облыстың қаржылық нарығындағы жағдай. Солтүстiк Қазақстан облысының банк секторында 2015 жылдың 1 тамызы жағдайы бойынша 17 аймақтық екiншi деңгейлi банктер филиалдары мен олардың 60 құрылымдық бөлiмшелерi қызмет көрсеттi.

Облыста несиелiк салымдардың көлемi 2015 жылдың шiлде айы қорытындылары бойынша былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 0,4 пайызға төмендедi және 105,8 млрд. теңгенi құрады. ҚР бойынша несиелiк салымдардың көлемi 12,7 пайызға азайды және 10 640 млрд. тг. құрады.

Қаңтар-шiлде айларында екiншi деңгейдегi банктер 51,0 млрд. теңге несие бердi, былтырғы жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 82,5 пайыз (2014 жылдың қаңтар–шiлдеде — 61,8 млрд. тг.). 2015 жылдың қаңтар-шiлде айларында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуге 13,0 млрд. теңге бөлiндi, немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 25,5%-ы. Шағын бизнеске берiлген несиелердiң көлемi 2014 жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 13%-ға артты (2014 жылдың қаңтар-шiлде айларында — 11,5 млрд. теңге). Тұтыну несиелерi былтырғы жылдың тиiстi мерзiмiнде 0,4 пайызға артық берiлдi, 17,8 млрд. теңгенi құрады (01.08.2014 ж. жағдайына — 17,7 млрд. тг.). Тұрғындарға 3 027,9 млн. теңге сомасына ипотекалық несие берiлдi, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 104,3 пайызы (01.08.2014 ж. жағдайына — 2 903,9 млн. тг.).

Несиелер бойынша долларлану дәрежесi несиелердiң жалпы көлемiнiң 5,7 пайызына дейiн төмендедi (01.08.2014 ж. — 5,9 пайыз). Шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 01.08.2015 ж. жағдайына, сәйкесiнше, жылдық 11,0 және 14,8 пайызды құрады. ҚР бойынша шетел валютасындағы несиелер бойынша — 9,0 пайыз, теңгемен — 14,1 пайыз.

Депозиттiк нарық. 2015 жылдың 1 тамызы жағдайына банктер филиалдарының тартқан заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражаты көлемi 66,2 млрд. теңгенi құрады, өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 1,9%-ға азайды. Қазақстан Республикасы бойынша жалпы алғанда депозиттер көлемi 5,1%-ға азайды, 6 694 млрд. теңгенi құрады (2014 жылы — 7 054 млрд. теңге). ҚР бойынша депозиттер құрылымындағы Солтүстiк Қазақстан облысының үлесi 0,99 пайызды құрады (2014 жылы — 0,96 пайыз). Депозиттiк нарықтың төмендеуiнiң негiзгi себебi бизнес-қоғамдастықтардың және республика тұрғындарының девальвацияны күтуi, сондай-ақ ресейлiк рубль бағамының төмендеуi болып табылады.

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негiзгi көзi тұрғындардың салымдары болып қалып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттерi 62,3 млрд. теңгенi құрады, 2014 жылдың қаңтар-шiлдемен салыстырғанда 4,0 пайызға азайды (64,9 млрд. теңге). Жеке тұлғалар депозиттерiнiң үлесiне депозиттердiң жалпы сомасының 94,1 пайызы келедi. Заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша көрсеткiш 46,1 пайызға артты және 3,8 млрд. теңгенi құрады.

Депозиттiк базаның құрылымында былтырғы жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда ұлттық валютадан шетел валютасына депозиттердiң өтуi болды. Соның салдарынан ұлттық валютадағы депозиттер көлемi былтырғы жылдың маусымымен салыстырғанда 21,6 пайызға азайды және 34,6 млрд. теңгенi құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 34,6 пайызға өстi және 31,5 млрд. теңгенi құрады. Теңгемен депозиттердiң меншiктi салмағы 52,3 пайызды құрады. Депозиттер бойынша долларлану дәрежесi 47,6 пайызға дейiн артты (01.08.2014 ж. жағдайына — 34,7 пайыз).

Тұрғындардың бiр адамға шаққандағы салымы 2014 жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 1,5 пайызға азайды және 115,9 мың теңгенi құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткiш 1,7% азайған және 223,3 мың теңгенi құрады.

Облыстың валюта нарығында 2015 жылдың 1 тамызы жағдайы бойынша 131 айырбастау пунктi қызмет көрсетедi, қаңтар-шiлде айының iшiнде 95,5 млн. АҚШ долларын, 3,0 млн. евро және 6 212,6 млн.ресейлiк рубльдердi таза сату жүзеге асырылды.

Облыста төлем карточкалары нарығының даму қарқыны оң бағытта болып қалып отыр. Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желiсi 2015 жылдың 1 шiлде жағдайына келесi түрде көрiнедi: 273 банкомат (01.06.2014 ж. жағдайына — 268), 1761 POS-терминал (өсу 33,2 пайызға немесе 439 бiрлiк). Мұнда 1 терминалға есептi мерзiмде 324 тұрғын келедi, 1 банкоматқа — 2091 тұрғын. Төлем карточкаларын пайдаланушы сауда — қызмет көрсету кәсiпорындарының және карта ұстаушылардың даму қарқыны оң бағытта қалып отыр, оны олардың санының 48,2 пайызға 959-ге дейiн және карта ұстаушылардың санының 11,5 пайызға 297,7 мың адамға дейiн артуы дәлелдейдi.

3. Филиалдың жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жұмысы. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, филиалға жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалардың 80 өтiнiшi, оның iшiнде шiлде айында 7 өтiнiш түстi. Көп бөлiгi 69-сi немесе өтiнiштердiң жалпы санының 86,3 пайызы екiншi деңгейлi банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiмен айналысатын ұйымдардың қызметтерiне қатысты болды; 6 (7,5%) — заңнама нормаларын түсiндiруге қатысты және 5 (6,9%) — филиалдың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша өтiнiштер болды.

Аймақта қаржылық қызметтердi тұтынушылар құқықтарын қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге қолдау көрсету мақсатында, филиал тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша тиiстi жұмысты жүргiздi.

Ағымдағы жылдың шiлде айында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау шеңберiнде, филиал 4 құжаттық тексерудi жүргiздi. Құжаттық тексерулер нәтижелерi бойынша қаржылық ұйымдар тарапынан бұзушылықтар болған жоқ.

4. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету. 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Солтүстiк Қазақстан филиалы мемлекеттiк қызметтердiң 4 түрiн көрсетедi.

  1. Валюталық операцияларды тiркеу;
  2. Шет ел банкiндегi валюталық операциялар және банктiк шот ашу туралы хабарламаларды растау;
  3. Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру;
  4. Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу.

Мемлекеттiк қызметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарында көрсетiледi, оның iшiнде «Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру» және «Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу» екi мемлекеттiк қызметi www.egov.kz электронды үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiледi.

Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпарат Ұлттық Банктiң www.nationalbank.kz интернет-ресурсында «Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтерi» бөлiмiнде, сондай-ақ www.egov.kz электронды үкiметi» веб-порталында «Бизнес» бөлiмi бойынша «мемлекеттiк органдар бойынша қызметтер» бөлiмшесiнде орналастырылған.

Ағымдағы жылдың басынан бастап филиалға мемлекеттiк қызметтi алуға барлығы 28 қызмет алушы хабарласты (2014 жылы сәйкес мерзiмде филиал 25 мемлекеттiк қызметтi көрсеттi).

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 14:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 14:47
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы