A- A A+
2016 жылдың маусым жағдайына облыстың қаржылық нарығы жағдайы және инфляция туралы

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық резервтер. Облыс бойынша құнсыздану 2016 ж. маусымда статистика бойынша Департаменттiң ресми мәлiметтерi бойынша 0,6% (2015 ж маусымда. — (- 0,1%) құрады. Талданып отырған мерзiмде азық-түлiк емес тауарлардың қымбаттады 0,7%-ды құрады (2015 жылғы маусымда — 0,1%-ке). Азық-түлiк тауарлары қымбаттады 0,6%-ды (2015 жылғы маусымда 0,5% төмендеу байқалды) құрады. Ақылы қызмет көрсету құны 0,4% (2015 ж.маусымда 0,1%) өстi.

Анықтама ретiнде: жалпы республика бойынша инфляция деңгейi 0,4 пайыз көлемiнде құрылды, көршi облыстар Ақмола облысында — 0,3 пайыз, Қостанай — 0,6 пайыз, Павлодар — 0,4 пайыз.

2012 жылдың 6 тамызынан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi жылдық 5,5% деңгейiнде белгiлендi және осы уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды.

2. Облыстың қаржылық нарығындағы жағдай. Солтүстiк Қазақстан облысының банк секторында 2016 жылдың 1 шiлде жағдайы бойынша 17 аймақтық екiншi деңгейлi банктер филиалдары мен олардың 52 құрылымдық бөлiмшелерi қызмет көрсеттi.

Облыста несиелiк салымдардың көлемi 2016 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 5,3 пайызға азайды және 99,9 млрд. теңгенi құрады. ҚР бойынша несиелiк салымдардың көлемi 16,3 пайызға өстi және 12 456 млрд. тг құрады. Облыстың несиелiк салымдарының ҚР бойынша жалпы көлемдегi үлесi 0,8 пайызды құрайды.

2016 жылғы қаңтарда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуге 16,1 млрд. теңге бөлiндi, немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 37,9%-ы. Шағын бизнеске берiлген несиелердiң көлемi 2015 жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 1,5 есеге өстi (2015 жылғы қаңтар-маусым — 10,5 млрд. теңге). Қаржылық нарығында төмендеуi байқалады тұтыну несиелерiнiң төмендеуi байқалды, тұтыну несиелерiнiң 11 569,8 млн. теңге берiлдi, 15 066,3 млн. теңгеге қайшы (01.07.2015 ж.). Халыққа ипотекалық несие 1 013,3 млн. теңге сомасында берiлдi, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiнде 40,6 пайыз (01.07.2015 ж. жағдайында — 2 495,5 млн. теңге). Несие беру бойынша банк жағдайлары тұрғындарға және ипотекалық несие беру төмендедi, қарыз алушыларға талаптар қатаңдатылды, ипотекалық несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғарлады.

Несиелер бойынша долларлану дәрежесi несиелердiң жалпы көлемiнiң 6,1 пайызына дейiн артты (01.07.2015 ж. — 5,9 пайыз). Шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 01.07.2016 ж. жағдайына, сәйкесiнше, жылдық 10,9 және 14,9 пайызды құрады. ҚР бойынша шетел валютасындағы несиелер бойынша — 8,6 пайыз, теңгемен — 14,3 пайыз.

Депозиттiк нарық. 2016 жылдың 1 шiлде жағдайына банктер филиалдарының тартқан заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражаты көлемi 104,6 млрд. теңгенi құрады, өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 1,6 есеге артты. Қазақстан Республикасы бойынша жалпы алғанда депозиттер көлемi 62,8%-ға артты, 10 722 млрд.теңгенi құрады (2015 жылғы маусымда — 6 586 млрд.теңге). ҚР бойынша депозиттер құрылымындағы Солтүстiк Қазақстан облысының үлесi 0,98 пайызды құрады (2015 жылғы маусымда — 0,99 пайыз).

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негiзгi көзi тұрғындардың салымдары болып қалып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттерi 96,0 млрд. теңгенi құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өстi (61,9 млрд. теңге). Жеке тұлғалар депозиттерiнiң үлесiне депозиттердiң жалпы сомасының 91,8 пайызы келедi. Заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша көрсеткiш 2,7 есе артты және 8,6 млрд. теңгенi құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемi былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өстi және 57,3 млрд. теңгенi құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер қалайша 1,5 есеге өстi және 47,3 млрд. теңгенi құрады. Теңгемен депозиттердiң меншiктi салмағы 54,8 пайызды құрады. Депозиттер бойынша долларлану дәрежесi 45,2 пайызға дейiн артты (01.07.2015 ж. жағдайына — 46,9 пайыз).

Тұрғындардың бiр адамға шаққандағы салымы 2015 жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 1,6 есеге өседi және 184,0 мың теңгенi құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткiш 1,6 есеге өседi және 360,3 мың теңгенi құрады. 2016 жылғы қаңтар-мамыр СҚО бойынша аталған көрсеткiш ҚР бойынша тұрғындарды бiр адамға шаққанда 2 есеге өседi.

Депозиттердiң сыйақы мөлшерi қызығушылық тудыру салдарынан 2016 жылғы мамырда ұлттық валютада — 11,3%, облыс бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңiнен 2 есеге депозиттер ашылған (25,0 млрд. теңгеге), соның iшiнде, заңды тұлғалардан 11,3 млрд. теңге және жеке тұлғалардан 13,7 млрд. теңге.

Ұлттық валютада 20,4 млрд. теңге немесе 81,6%, шетел валютасында 4,6 млрд. теңге сомасында депозиттер тартылды.

Облыстың валюта нарығында 2016 жылдың 1 шiлде жағдайы бойынша 124 айырбастау пунктi қызмет көрсетедi, 2016 жылғы қаңтар-маусымда АҚШ долларын, (-13,7) млн. евро және (-0,85) млн. және 1957,6 млн. ресейлiк рубльдердi таза сату жүзеге асырылды. Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда қолма-қол шетел валютасымен операциялардың көлемдерiнiң артуы мынандай болды: ресейлiк рубльдi сату бойынша 78,6%, сатып алу бойынша — 49,7%. АҚШ долларын сатып алу бойынша арту 103,5% есенi құрады, сату бойынша 36,8 пайызға төмендедi. Евроны сатып алу бойынша 86,1 пайызға артуы байқалды, сату бойынша 47,8 пайызға төмендеуi байқалады.

Облыста төлем карточкалары нарығының даму қарқыны оң бағытта болып қалып отыр. Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желiсi 2016 жылдың 1 шiлде жағдайына келесi түрде көрiнедi: 284 банкомат (01.07.2015 ж. жағдайына — 273), 2439 pos-терминал (өсу 38,5 пайызға немесе 678 бiрлiк). Мұнда 1 терминалға есептi мерзiмде 233 тұрғын келедi, 1 банкоматқа — 2002 тұрғын, ҚР бойынша 1 терминал бойынша 195 тұрғын, 1 банкомат — 1908 тұрғын.

3. Ақша қаражатын заңдастыру. ҚР Ұлттық Банкiнiң ресми мәлiметтерi бойынша 2016 жылғы 19.07. жағдайы бойынша ақша қаражаттарын заңдастыру жөнiнде жүргiзiлген науқан аясында 1205,2 млрд. теңге сомасына 2145 есеп ашылды, соның iшiнде СҚО бойынша 6,2 млрд. теңге сомасына 20 шот ашылған.

Осы жылдың басынан ақша қаражатын заңдастыру бойынша науқанды көпшiлiкке тарату мақсатында облыстық және аудандық БАҚ басылымдарында 51 мақала, теле арна бойынша 4 жариялым орналастырылды және мүлiктi (соның iшiнде ақша қаражатын) заңдастыру жағдайын түсiндiру бойынша ҚР Президентi жанындағы орталық коммуникациялар аумақтық филиал қызметiмен 1 брифинг өткiзiлдi.

4. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету. 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Солтүстiк Қазақстан филиалы мемлекеттiк қызметтердiң 4 түрiн көрсетедi.

  1. Валюталық операцияларды тiркеу;
  2. Шет ел банкiндегi валюталық операциялар және банктiк шот ашу туралы хабарламаларды растау;
  3. Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру;
  4. Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу.

«Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру» және «Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу» мемлекеттiк қызметi www.egov.kz электронды үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiледi.

Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпарат Ұлттық Банктiң www.nationalbank.kz интернет-ресурсында «Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтерi» бөлiмiнде, сондай-ақ www.egov.kz электронды үкiметi» веб-порталында «Бизнес» бөлiмi бойынша «мемлекеттiк органдар бойынша қызметтер» бөлiмшесiнде орналастырылған.

5. Жеке тұлғалардың тұрмыстық/ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын iске асыру. Толық Қазақстан бойынша 23 313 өтiнiм берiлдi, оның iшiнде 16 550 өтiнiм мақұлданды, яғни 71%-ды құрады. СҚО бойынша берiлген өтiнiмнiң жалпы санының мақұлданған өтiнiмнiң үлес салмағының саны 81%-ды құрады, яғни орташа республикалық маңыздылықтан жоғары (71%).

2016 ж. 01.07. жағдайы бойынша СҚО Әкiмдiгiнiң жанындағы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуды алған қарызгерлердiң шағымдарын қарау Комиссиясына ипотекалық қарызгерлерден 66 шағым түсiп, қаралды.

Мақаланың шыққан күні: 24.03.2017 09:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.03.2017 09:29
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы