A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2012 жылдың мамыр айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР Ұлттық банкі» ММ Солтүстік Қазақстан филиалы хабарлайды

2012 жылдың мамыр айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар.

2012 жылдың мамырындағы инфляция 0,7% құрады (2011 жылдың мамырында – 0,5%), республикалық көрсеткіш – 0,7% (2011 жылы – 0,5%). Көрші облыстарда инфляция мына деңгейде болды: Ақмола облысында – 0,5%, Қостанай облысында – 0,4%, Павлодар облысында – 0,6%.

Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі жылдық 6,5% құрады, ал а.ж. 4 маусымынан бастап жылдық 6% деңгейде белгіленді.

2012 жылдың мамырында еліміздің халықаралық қорлары жалпы, шетел валютасындағы Ұлттық қордың активтерін (алдын ала деректер бойынша 51,6 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, 0,2%-ға 85,9 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай.

Облыстың банк секторы екінші деңгейлі банктердің 17 аймақтық филиалдарынан және олардың 57 құрылымдық бөлімшелерінен тұрады.

Облыстың несиелік нарығы. 2012 жылдың 1 маусымы жағдайына банктердің экономикаға салған несиелік салымдарының жалпы көлемі 82,3 млрд. теңгені құрады, 15,8%-ға арта отырып. ҚР бойынша несиелік салымдар құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,90 құрады. Екінші деңгейлі банктер берген несиелер көлемі 34,6 млрд. теңгені құрады, ал өсуі 37,3% болды. Берілген несиелердің үштен бірі шағын бизнес субъектілерін несиелеуге келеді және 11,0 млрд. теңгені құрайды, 26,4%-ға өсумен. А.ж. есепті мерзімінде тұтыну және ипотекалық несиелер 1,5 есе артық, сәйкесінше 7643,1 млн. теңге және 1777,8 млн. теңге сомасына берілген. А.ж. мамыр айында шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орта есеппен алғандағы пайыздық ставка сәйкесінше жылдық 14,4% және 14,0% құрады. Несиелер бойынша долларлану дәрежесі 10,3% дейін төмендеді.

Облыстың депозиттік нарығы. Салымдар былтырғы жылдың мамырымен (36,8 млрд. теңге) салыстырғанда 27,4% артты және 46,9 млрд. теңгені құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,97% дейін өсті (2011 жылы – 0,9%). Жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі 43,7 млрд. теңгені құрады, 25,2%-ға артты. Депозиттердің жалпы сомасындағы жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі 93,2% болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 1,7 есеге өсті, 3,2 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер 32,4%-ға артты және 36,0 млрд. теңгені құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 13,6%-ға өсті және 10,9 млрд. теңгені құрады. Депозиттер бойынша долларлану дәрежесі 23,25% құрады. Былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда теңгемен және шетел валютасындағы депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар төмендеді және сәйкесінше 8,5 % және 5,75% құрады (2011 ж. мамырында – 9,4% и 6,6%). Тұрғындардың орта есеппен алғандағы бір адамға шаққандағы салымы 2011 ж. мамырында – 26,4%-ға артты және 75,1 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш ҚР бойынша 154,9 мың теңге мөлшерінде болды.

Облыстың валюта нарығы. 2012 жылдың 1 маусымы жағдайына Солтүстік Қазақстан облысында 123 айырбастау пункті қызмет көрсетті. Есепті мерзімде банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерімен 103,7 млн. АҚШ долларын, 4,5 млн. евроны және 284,5 млн. ресейлік рубльді таза сату жүргізілді. 2012 жылдың мамырында ресейлік рубль және евро бойынша сатып алу/сату бағамдарының төмендегені байқалды. АҚШ долларын сатып алудың және сатудың орташа бағамы мамыр айында былтырғы жылдың деңгейінен бір АҚШ доллары үшін (101,6 пайыз) номиналында сату бойынша 2,39 теңгеге, сатып алу бойынша – бір АҚШ доллары үшін номиналында (101,8 пайыз) 2,55 теңгеге жоғары болды. Облыс тұрғындарының АҚШ доллары бойынша (86,2%) және евро бойынша (72,9%) негізгі сұраныстарын бұрынғысынша екінші деңгейлі банктердің айырбастау пункттері қанағаттандырады. Ал уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері негізінен ресейлік рубльдерді сатып алу/сату бойынша қызметтерді көрсетеді, сәйкесінше 87,9% и 61,9%.

Төлем карточкаларының нарығы. Жұмыс істеп тұрған банкоматтардың саны 5,1 пайызға 247 бірлікке дейін; pos-терминалдар 11,2 пайызға 735 данаға дейін; пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистік кәсіпорындар 14,6 пайызға 353-ке дейін; пластикалық карточкалардың иегерлері 12,1 пайызға 210,6 мың адамға дейін көбейді.

 

Мақаланың шыққан күнi: 2012.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:59
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Облыс әкiмiне өтiнiштердi қарау
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы