A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2013 жылдың мамыр айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық қорлар.

2013ж. қаңтар–мамырында аймақтың банк секторы барлық бағыттары бойынша тұрақты қызметiн сақтап қалды. Банк секторының дамуына әсер ететiн республиканың макроэкономикалық көрсеткiштерi:

Ұлттық Банктiң деректерi бойынша 2013 жылғы мамырында Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерiн (алдын ала деректер бойынша 63,3 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдiң халықаралық резервтерi 91,6 млрд. АҚШ долл. дейiн 3,2%-ға өстi (жылдың басынан бастап өсу 6,5 пайызға);

Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесi 2012 жылғы 6 тамыздан бастап жылдық 5,5% деңгейiнде белгiлендi, және осы уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды;

СҚО Статистика департаментiнiң ресми деректерi бойынша 2013 жылдың мамыр айында облыс бойынша инфляция республикалық деңгейде болды және 0,3% құрады, бұл республикалық көрсеткiштен жоғары — 0,1%. (2012 жылдың мамырында СҚО бойынша — 0,7%, республика бойынша — 0,7%). Инфляция көршi облыстарда: Ақмола — 0,3 пайызды, Қостанай — 0,1 пайызды, Павлодар — 0,2 пайызды құрады.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстiк Қазақстан облысының банктiк секторын 18 екiншi деңгейлi банктердiң аймақтық филиалдары және олардың 59 құрылымдық бөлiмшелерi құрайды.

Облыстың несиелiк нарығы. Банктердiң экономикаға несиелiк салымдарының жалпы көлемi 2013ж. 1 маусымы жағдайына 14,5 пайызға 94,2 млрд. теңгеге артты (01.06.2012ж. жағдайына — 82,3 млрд. теңге). ҚР бойынша несиелiк салымдар құрылымындағы бiздiң облыстың үлесi 0,91 құрады. Екiншi деңгейлi банктердiң берген несиелерiнiң жалпы көлемi 41,7 млрд. теңгенi құрады, былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 20,5 пайызға артты. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуге 7,8 млрд. теңге келедi немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 18,7 пайызы. Ағымдағы жылдың есептi мерзiмiнде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелерi былтырғы жылдың қаңтар — мамыр айларымен салыстырғанда (7643,1 млн. теңге) 1,5 есе артық болды және 11312,3 млн. теңгенi құрады. Берiлген ипотекалық несиелердiң көлемi 1,6 есе (2012 жылы — 1777,8 млн. теңге) артты және 2813,7 млн. теңгенi құрады. А.ж. мамырында шетел және ұлттық валютада несиелер бойынша орташа алынған пайыздық ставка сәйкесiнше жылдық 14,2% құрады, ҚР бойынша шетел валютасында — 10,7%, ұлттық валютада — 13,4%. Несие нарығындағы долларландырудың дәрежесi несиелердiң жалпы көлемiнiң 7,6%-ға дейiн төмендедi (2012 жылы ол 10,3% құрады).

Облыстың депозиттiк нарығы. Жалпы алғанда банк секторы бойынша салымдар былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен (46,9 млрд. теңге) салыстырғанда 19,6% артты және 56,1 млрд.теңгенi құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың депозиттерiнiң меншiктi салмағы 1,04%-ға дейiн өстi. Жеке тұлғалардың депозиттерi 54,3 млрд.теңгенi құрады, былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 24,3 пайызға немесе 10,6 млрд. теңгеге артты (43,7 млрд.теңге). Депозиттердiң ортақ сомасында жеке тұлғалардың депозиттерiнiң үлесiне 96,8% дәл келедi, бұл көрсеткiш республика бойынша 57,9% құрайды. Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда (3,2 млрд. теңге) заңды тұлғалардың депозиттерi көлемi төмендедi және 1,8 млрд.теңгенi құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемi 20,3% өскен және 43,3 млрд.теңгенi құрады, шетел валютасындағы депозиттер 17,4% өстi және 12,8 млрд. теңгенi құрады. Теңгемен алғандағы депозиттердiң меншiктi салмағы 77,2% құрады, ал депозиттер бойынша долларландыру дәрежесi 22,7% дейiн төмендедi. Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда төмендедi және сәйкесiнше 7,9% және 5,2%-ды құрады (2012 жылдың сәуiрiнде — 8,5% және 5,8%). Тұрғындардың орта есеппен алғанда бiр адамға салымы 25%-ға өстi және 93,9 мың теңгенi құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткiш 185 мың теңгенi құрады, 19,4 пайызға өсумен.

Облыстың валюта нарығы 2013 жылдың 1 маусымы жағдайы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысында 127 айырбастау пунктi қызмет көрсетедi. 2013 жылдың қаңтар — мамыр айларында банктердiң айырбастау пункттерiмен және уәкiлеттi ұйымдармен облыста 60,7 млн. АҚШ долларын, 6,1 млн. евро және 364,3 млн.ресейлiк рубльдердi таза сату жүзеге асырылды. Талданып отырған мерзiмде өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда АҚШ доллары бойынша және евроны сатып алу бойынша орташа бағамдардың артуы байқалды. Ресейлiк рубль бойынша былтырғы жылдың деректерiмен салыстырғанда — сатып алу бойынша да, сату бойынша да әжептәуiр төмендегенi байқалады. Уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi ресейлiк рубльдi айырбастау бойынша операциялардың негiзгi көлемiн жүргiздi, облыс бойынша операциялардың жалпы көлемiнiң сатып алу бойынша — 86,4 пайызын және сату бойынша — 65,2 пайызын, евроны сатып алу бойынша — 67,2 пайызын және долларды сатып алу бойынша — 58,9 пайызын жүргiздi.

Төлем карточкаларының қызмет көрсету желiсi 2013 жылдың 1 маусымы жағдайына келесi қалыпта болып отыр: 263 банкомат (2012 жылдың 1 маусымен салыстырғанда өсу — 6,5 пайыз немесе 16 бiрлiк), 921 POS-терминал (өсу 25,3 пайызға немесе 186 бiрлiк). Мұнда есептi мерзiмде 1 терминалға 628 тұрғын келедi (ҚР бойынша  — 475), 1 банкоматқа — 2200 тұрғын (ҚР бойынша  — 1944 тұрғын). Карта ұстаушылардың және пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистiк кәсiпорындардың даму қарқыны оң бағытта, бұны сәйкесiнше сандарының 12,5 пайызға 236,9 мың адамға, 21 пайызға 427 дейiн өсуi дәлелдейдi.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:46
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы