A- A A+
2012 жылдың наурыздағы облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР Ұлттық банкi» ММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

2012 жылдың наурыздағы облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық резервтер.

2012 жылдың наурыз айында Республиканың банк секторының дамуына әсер ететiн макроэкономикалық көрсеткiштерi:

  • ҚРҰБ қайта қаржыландыруының ресми мөлшерле — жылдық 7%, 2012 жылғы 2 сәуiрден бастап жылдық 6,5 % деңгейiнде, бұл тарихи ең аз деңгей болып табылады;
  • елдiң халықаралық резервтерi жалпы алғанда 80,6 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 48,3 млрд. АҚШ долл. болатын шетел валютасындағы Ұлттық қордың активтерiн қоса алғанда;
  • ҚР және СҚО бойынша инфляция 0,3 пайызды құрады (2011 жылдың наурыз айында бұл деңгей 0,7 пайызды құрады).

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Банк секторы 17 аймақтық екiншi деңгейдегi банктер филиалдарынан және олардың 57 құрылымдық бөлiмшелерiнен тұрады.

Облыстың несиелiк нарығы. 2012 ж. 1 сәуiрi жағдайына банктердiң экономикаға жалпы несиелiк салымдарының көлемi 80,4 млрд. теңгенi құрады, 2011 жылдың наурыз айымен (69,3 млрд. теңге) салыстырғанда 16%-ға артты. ҚР бойынша несиелiк салымдар құрылымындағы бiздiң облыстың үлесi 0,90 пайызды құрады. 2012 жылдың наурыз айында банктердiң экономиканы несиелеуiнiң жалпы көлемi 36,2 пайызға артып, 18,8 млрд. теңгенi құрады. Заңды тұлғаларға несиелердiң көлемi 81,9 пайызға артты, 13135,1 млн. теңгенi құрады, жеке тұлғаларға 47,2 пайызға 5696,6 млрд. теңгеге дейiн артты. Тұтыну және ипотекалық несиелер нарығында оң бағыт сақталып отыр. Тұрғындарға берiлген тұтыну және ипотекалық несиелердiң көлемi а.ж. наурыз айында былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 2,0 есе артық болды және сәйкесiнше 4898,7 млн. теңгенi (2011 жылы — 2456,4 млн. теңге) және 1253,6 млн. теңгенi (622 млн. теңге) құрады. Шағын бизнес субъектiлерiне берiлген несиелердiң мөлшерi есептi мерзiмде 6 пайызға, 5,3 млрд. теңгеге дейiн артты, бұл экономикаға берiлген несиелердiң жалпы бөлiгiнiң 28,2 пайызын құрайды. Шетел және ұлттық валютада берiлген несиелер бойынша орта есеппен алғандағы марапаттау мөлшерлемесi 13,9 пайызды құрады (2011 жылы сәйкесiнше — 14,2 пайыз және 14,0 пайыз). Несиелер нарығының долларлану деңгейi несиелердiң жалпы көлемiнiң 11,2%-на дейiн төмендедi (2011 жылы ол 16,5% құрады).

Облыстың депозиттiк нарығы. Депозиттердiң жалпы көлемi 2012 жылдың наурыз айында 27,6 пайыздан 44,9 пайызға дейiн артты. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың үлесi 0,96 пайызды құрады. Заңды тұлғалардың депозиттерi 2,7 есе 2,7 млрд. теңгеге дейiн өстi, ал жеке тұлғалардың депозиттерi 23,4 пайызға 42,2 млрд. теңгеге дейiн өстi. 2012 жылдың наурыз айында шетел валютасындағы депозиттердiң көлемi 17,0 пайызға 11,0 млрд. теңгеге дейiн, ұлттық валютадағы депозиттер көлемi 31,4 пайызға 33,9 млрд. теңгеге дейiн артты. Тұрғындардың бiр адамға шаққандағы салымы 24,2 пайызға артты және 72,3 мың теңгенi құрады. Республика бойынша бұл көрсеткiш 149,3 мың теңге болып құралды.

Облыстың валюта нарығы. 2012 жылдың 1 сәуiрi жағдайына Солтүстiк Қазақстан облысында 122 айырбастау пунктi қызмет көрсетедi. Есептi мерзiмде банктердiң және уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi 62,6 млн. АҚШ долларын, 1,9 млн. евроны және 139,3 млн. ресейлiк рубльдi таза сатуды жүргiздi. 2011 жылдың наурызымен салыстырғанда қолма шет ел валютасымен және ресейлiк рубльмен операциялардың көлемi АҚШ доллары және ресейлiк рубльдер бойынша сәйкесiнше 37,3 және 2,1 пайызға артқаны байқалды, евро бойынша 69,8 пайызға төмендедi. Жүргiзiлген операциялар бойынша уәкiлеттi банктердiң және уәкiлеттi ұйымдардың арасындағы арақатынастан байқалатыны: ЕДБ филиалдарының айырбастау пункттерi облыс тұрғындарының валютаның екi түрi бойынша негiзгi сұранысын қамтамасыз еткен — АҚШ доллары бойынша — 87,1 пайыз, евро бойынша — 68,9 пайыз. Уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi ресейлiк рубльдердi айырбастау бойынша операциялардың негiзгi көлемiн жүргiздi — сатып алу бойынша — 88,7 пайыз және сату бойынша — 64,1 пайыз.

Төлем карточкалары нарығы. А.ж. ақпанында дамуы оң бағытта болды, оны мыналардың өсуi растайды былтырғы жылмен салыстырғанда облыста жұмыс iстеп тұрған банкоматтардың саны 5,7 пайызға 243 бiрлiкке дейiн; pos-терминалдардың саны 10,2 пайызға 726 данаға дейiн; пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда — сервистiк кәсiпорындардың саны 25,4 пайызға 356-ға дейiн; пластикалық карточкалардың иегерлерiнiң саны 7,3 пайызға 208,9 мың адамға дейiн.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 16:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 16:01
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы