A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2014 жылдың мамыр айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды
2014 жылдың мамыр айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық қорлар.

Ағымдағы жылдың сәуiрiнде аймақтың банк секторы барлық бағыттары бойынша тұрақты қызметiн сақтап қалды. Банк секторының дамуына әсер ететiн республиканың макроэкономикалық көрсеткiштерi:

СҚО Статистика департаментiнiң ресми деректерi бойынша 2014 жылдың мамыр айында облыс бойынша инфляция 0,7% құрады. (2013 жылдың мамырында — 0,3%). Инфляция көршi облыстарда: Ақмола — 0,3 пайызды, Қостанай — 0,5 пайызды, Павлодар — 1,1 пайызды құрады.

Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесi 2013 жылғы 1 сәуiрден бастап жылдық 5,5% деңгейiнде белгiлендi, және осы уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстiк Қазақстан облысының банктiк секторын 19 екiншi деңгейлi банктердiң аймақтық филиалдары және олардың 62 құрылымдық бөлiмшелерi құрайды.

Облыстың несиелiк нарығы. Банктердiң несиелiк салымдарының жалпы көлемi 2014 ж. 1 маусым жағдайына 12,2 пайызға өсiп, 105,7 млрд. теңгеге артты. ҚР бойынша несиелiк салымдар құрылымындағы бiздiң облыстың үлесi 0,86 құрады. Екiншi деңгейлi банктердiң берген несиелерiнiң жалпы көлемi 40,5 млрд. теңгенi құрады, 2,9 пайызға артумен.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуге 7,8 млрд. теңге келедi немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 19,3 пайызы. Ағымдағы жылдың есептi мерзiмiнде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелерi былтырғы жылдың қаңтар–мамыр айларымен салыстырғанда 4 пайызға артық болды және 11,8 млрд. теңгенi құрады. Берiлген ипотекалық несиелердiң көлемi 32,5 пайызға төмендедi және 1,9 млрд. теңгенi құрады.

А.ж. мамырында ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған пайыздық ставка жылдық 14,7% құрады, шетел валютасында — 14 пайыз, ҚР бойынша ұлттық валютада — 14,2%, шетел валютасында — 10,5%.

Облыстың депозиттiк нарығы. Жалпы алғанда банк секторы бойынша салымдар былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 18,9% артты және 66,7 млрд.теңгенi құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың депозиттерiнiң меншiктi салмағы 0,96%-ға дейiн өстi. Жеке тұлғалардың депозиттерi 63,5 млрд.теңгенi құрады, былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 17 пайызға артты. Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда заңды тұлғалардың депозиттерi көлемi 77,8 пайызға артты және 3,2 млрд.теңгенi құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемi 2,3% өскен және 44,3 млрд.теңгенi құрады, шетел валютасындағы депозиттер 1,75 есе өстi және 22,4 млрд. теңгенi құрады. Депозиттер бойынша долларландыру дәрежесi 33,6% құрады. Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда артты және сәйкесiнше 7,9% және 4,5%-ды құрады. Тұрғындардың орта есеппен алғанда бiр адамға салымы 23,5%-ға өстi және 116,0 мың теңгенi құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткiш 220,1 мың теңгенi құрады, 19 пайызға өстi.

Облыстың валюта нарығы 2014 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысында 128 айырбастау пунктi қызмет көрсетедi. 2014 жылдың қаңтар–мамыр айларында банктердiң айырбастау пункттерiмен және уәкiлеттi ұйымдармен облыста 69,6 млн. АҚШ долларын, 6,9 млн. евро және 563,9 млн.ресейлiк рубльдердi таза сату жүзеге асырылды.

Төлем карточкаларының қызмет көрсету желiсi 2014 жылдың 1 маусым жағдайына келесi қалыпта болып отыр: 268 банкомат (2013 жылдың 1 мамыры жағдайына — 263), 1322 POS-терминал (өсу 43,5 пайызға немесе 401 бiрлiк). Мұнда есептi мерзiмде 1 терминалға 434 тұрғын келедi, 1 банкоматқа — 2145 тұрғын. Пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистiк кәсiпорындардың және карта ұстаушылардың даму қарқыны оң бағытта, бұны сандарының 51,5 пайызға 647 дейiн және карта ұстаушылардың саны 12,7 пайызға 266,9 мың адамға дейiн өсуi дәлелдейдi.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:25
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы