A- A A+
2016 жылдың наурыз жағдайына облыстың қаржылық нарығы жағдайы және инфляция туралы

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық резервтер. Статистика департаментiнiң ресми деректерi бойынша 2016 жылғы наурыз айындағы инфляция 0,4 пайызды (2015 жылғы наурызда — 0,2 пайыз) құрады. Талданып отырған мерзiмде азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарлары ақылы қызметтердiң құнының қымбаттауы сәйкесiнше 0,6% және 0,2%-ды құрады (2015 жылғы наурызда 0,2% және 0,2%-ға). Ақылы қызметтердiң құнының 0,2 пайызға өстi (2015 жылғы наурызда — 0,3 пайызға қымбаттауы).

Анықтама ретiнде: жалпы республика бойынша инфляция деңгейi 0,5 пайыз көлемiнде құрылды, көршi облыстар Ақмола облысында — 0,7 пайыз, Қостанай — 0,3 пайыз, Павлодар — 0,5 пайыз.

2012 жылдың 6 тамызынан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi жылдық 5,5% деңгейiнде белгiлендi және осы уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды.

2. Облыстың қаржылық нарығындағы жағдай. Солтүстiк Қазақстан облысының банк секторында 2016 жылдың 1 сәуiрi жағдайы бойынша 17 аймақтық екiншi деңгейлi банктер филиалдары мен олардың 58 құрылымдық бөлiмшелерi қызмет көрсеттi.

Облыста несиелiк салымдардың көлемi 2016 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 9,4 пайызға азайды және 98,3 млрд. теңгенi құрады. ҚР бойынша несиелiк салымдардың көлемi 3,7 пайызға өстi және 12 487 млрд. тг құрады. Облыстың несиелiк салымдарының ҚР бойынша жалпы көлемдегi үлесi 0,79 пайызды құрайды.

2016 жылғы қаңтарда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуге 6,9 млрд. теңге бөлiндi, немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 39,8%-ы. Шағын бизнеске берiлген несиелердiң көлемi 2015 жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 1,6 есеге өстi (2015 жылғы қаңтар-наурыз — 4,4 млрд. теңге). Қаржылық нарығында төмендеуi байқалады тұтыну несиелерiнiң төмендеуi байқалды, 4 733,3 млн. теңге берiлдi, 7 789,9 млн. теңгеге қайшы (01.04.2015 ж.). Халыққа ипотекалық несие 303,8 млн. теңге сомасында берiлдi, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiнде 30,6 пайыз (01.04.2015 ж. жағдайында — 993,1 млн. теңге). Несие беру бойынша банк жағдайлары тұрғындарға және ипотекалық несие беру төмендедi, қарыз алушыларға талаптар қатаңдатылды, ипотекалық несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғарлады, бұдан басқа кейбiр банктерде несие беру тоқтатылды, сонымен қатар халықтың нақты кiрiсi төмендедi.

Несиелер бойынша долларлану дәрежесi несиелердiң жалпы көлемiнiң 7,3 пайызына дейiн артты (01.04.2015 ж. — 6,0 пайыз). Шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 01.04.2016 ж. жағдайына, сәйкесiнше, жылдық 10,8 және 14,9 пайызды құрады. ҚР бойынша шетел валютасындағы несиелер бойынша — 8,3 пайыз, теңгемен — 14,5 пайыз.

Депозиттiк нарық. 2016 жылдың 1 сәуiр жағдайына банктер филиалдарының тартқан заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражаты көлемi 97,9 млрд. теңгенi құрады, өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Қазақстан Республикасы бойынша жалпы алғанда депозиттер көлемi 58,2%-ға артты, 10 535 млрд.теңгенi құрады (2015 жылғы наурызда — 6 660 млрд. теңге). ҚР бойынша депозиттер құрылымындағы Солтүстiк Қазақстан облысының үлесi 0,93 пайызды құрады (2015 жылғы наурызда — 0,97 пайыз).

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негiзгi көзi тұрғындардың салымдары болып қалып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттерi 91,1 млрд. теңгенi құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өстi (61,6 млрд. теңге). Жеке тұлғалар депозиттерiнiң үлесiне депозиттердiң жалпы сомасының 93,1 пайызы келедi. Заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша көрсеткiш 2,2 есе артты және 6,8 млрд. теңгенi құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемi былтырғы жылмен салыстырғанда 26,2 пайызға және 43,3 млрд. теңгенi құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 1,8 есе өстi және 54,6 млрд. теңгенi құрады. Депозиттiк базаның құрылымында былтырғы жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда ұлттық валютадан шетел валютасына депозиттердiң өтуi болды. Теңгемен депозиттердiң меншiктi салмағы 44,2 пайызды құрады. Депозиттер бойынша долларлану дәрежесi 55,7 пайызға дейiн артты (01.04.2015 ж. жағдайына — 46,9 пайыз).

Тұрғындардың бiр адамға шаққандағы салымы 2015 жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 1,5 есеге өседi және 172,0 мың теңгенi құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткiш 1,6 есеге өседi және 356,1 мың теңгенi құрады. 2016 жылғы қаңтар-наурызда СҚО бойынша аталған көрсеткiш ҚР бойынша тұрғындарды бiр адамға шаққанда 2,1 есеге өседi.

Облыстың валюта нарығында 2016 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша 128 айырбастау пунктi қызмет көрсетедi, 2016 жылғы қаңтар-наурызында АҚШ долларын, (-4,9) млн. евро және (-0,6) млн. және 1121,3 млн. ресейлiк рубльдердi таза сату жүзеге асырылды.

Облыста төлем карточкалары нарығының даму қарқыны оң бағытта болып қалып отыр. Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желiсi 2016 жылдың 1 наурызы жағдайына келесi түрде көрiнедi: 282 банкомат (01.03.2015 ж. жағдайына — 295), 2256 pos-терминал (өсу 34,7 пайызға немесе 581 бiрлiк). Мұнда 1 терминалға есептi мерзiмде 252 тұрғын келедi, 1 банкоматқа — 2018 тұрғын, ҚР бойынша 1 терминал бойынша 209 тұрғын, 1 банкомат — 1916 тұрғын.

Төлем карточкаларын пайдаланушы сауда — қызмет көрсету кәсiпорындарының және карта ұстаушылардың даму қарқыны оң бағытта қалып отыр, оны олардың санының 36,4 пайызға 1262-ге дейiн және карта ұстаушылардың санының 2,9 пайызға 301,9 мың адамға дейiн артуы дәлелдейдi.

3. Ақша қаражатын заңдастыру. ҚР Ұлттық Банкiнiң ресми мәлiметтерi бойынша 2016 жылғы 01.04. жағдайы бойынша ақша қаражаттарын заңдастыру жөнiнде жүргiзiлген науқан аясында 475 566, 8 млн. теңге сомасына 623 есеп ашылды, соның iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша 1 697,2 млн. теңге сомасына 7 шот ашылған.

2016 ж. 1 тоқсанында ақша қаражатын заңдастыру бойынша науқанды көпшiлiкке тарату мақсатында облыстық және аудандық БАҚ басылымдарында 28 мақала, теле арна бойынша 3 жариялым орналастырылды және мүлiктi (соның iшiнде ақша қаражатын) заңдастыру жағдайын түсiндiру бойынша ҚР Президентi жанындағы орталық коммуникациялар аумақтық филиал қызметiмен 1 брифинг өткiзiлдi.

4. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету. 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Солтүстiк Қазақстан филиалы мемлекеттiк қызметтердiң 4 түрiн көрсетедi.

  1. Валюталық операцияларды тiркеу;
  2. Шет ел банкiндегi валюталық операциялар және банктiк шот ашу туралы хабарламаларды растау;
  3. Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру;
  4. Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу.

«Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру» және «Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу» мемлекеттiк қызметi www.egov.kz электронды үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiледi.

Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпарат Ұлттық Банктiң www.nationalbank.kz интернет-ресурсында «Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтерi» бөлiмiнде, сондай-ақ www.egov.kz электронды үкiметi» веб-порталында «Бизнес» бөлiмi бойынша «мемлекеттiк органдар бойынша қызметтер» бөлiмшесiнде орналастырылған.

5. Жеке тұлғалардың тұрмыстық/ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын iске асыру. Қазақстан бойынша толығымен банкке 20367 тапсырыс берiлдi. Оның iшiнде 80,2 млрд. теңге сомасындағы 13398 өтiнiш мақұлданды. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша берiлген тапсырыс саны 619 құрады. 2,0 млрд. теңге сомасындағы 494 тапсырыс мақұлданды, 1,6 млрд. теңге сомасындағы 470 тапсырыс қайта қаржыландырылды.

2016 ж. 01.04. жағдайында Комиссияға 60 шағым түстi. Оның 58 шағымына Комиссиямен шешiм қабылданды, 33 жағдайы Банк шешiмiмен Комиссия келiстi, 25 жағдай қарыз алушыларды қайта қаржыландыру мәселесi бойынша Комиссиямен екiншi рет ұсыныс берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 11:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 11:46
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы