A- A A+
2012 жылдың қараша айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР Ұлттық банкі» ММ Солтүстік Қазақстан филиалы хабарлайды
2012 жылдың қараша айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар.

Есепті кезеңде аймақтың банк секторы барлық бағыттары бойынша да оң көрсеткіштерін сақтап қалды, олар республиканың келесі макроэкономикалық көрсеткіштеріне байланысты болды:

  • қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі 6 тамыздан бастап жылдық 5,5% деңгейінде қалды;
  • 2012 жылғы қарашада Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 57,5 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 87,2 млрд. АҚШ долл. дейін 1,4%-ға өсті (жылдың басынан бастап өсу 19,5 пайызға);
  • 2012 жылдың қараша айындағы облыстағы инфляция 0,4% құрады (2011 жылдың қарашасында — 0,4%), республикалық мәні — 0,7% (2011 жылы — 0,6%). Инфляция көршi, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында 0,6% деңгейінде болды.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстік Қазақстан облысының банктік секторын 17 екінші-деңгейлі банктердің аймақтық филиалдары және олардың 55 құрылымдық бөлімшелері құрайды.

Облыстың несиелік нарығы. 2012 ж. 1 желтоқсаны жағдайына банктердің экономикаға несиелік салымдарының жалпы көлемі 90,5 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдың қарашасымен салыстырғанда 16,8% өсті. ҚР бойынша несиелік салым құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,93-ды құрады. Екінші-деңгейлі банктердің берген несиелерінің мөлшері 82,9 млрд. теңгені құрады, 32,2%-ға артумен. Шағын бизнес субъектілеріне берілген несиелер берілген несиелердің жалпы сомасының 28,5 пайызы болады, немесе 23,6 млрд. теңге, 2011 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 22,3 пайызға өсумен. А.ж. есепті мерзімінде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелерiнің көлемі былтырғы жылдың 11 айымен салыстырғанда (13744,5 млн. теңге) 1,4 есеге артық болды және 19123,4 млн. теңгені құрады. Берiлген ипотекалық несиелер көлемі (2011 ж.- 3102,8 млн. теңге) 1,3 есеге үлкейдi және 4134,3 млн. теңгені құрады. А.ж. қарашада шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған пайыздық ставка сәйкесінше жылдық 14,25% және 14,0% құрады, ҚР бойынша шетел валютасында — 10,7%, ұлттық валютада — 13,4%. Несиелер бойынша долларландырудың дәрежесі несиелердің жалпы көлемінің 8,6%-на дейiн төмендеді (2011 жылы ол 12,8% құрады).

Облыстың депозиттік нарығы. Жалпы банк секторында өткен жылдың қараша айының көрсеткішімен салыстырғанда салымдар 26,9% артты және 51,0 млрд.теңгені құрады. ҚР бойынша депозиттердiң құрылымында бiздiң облыстың үлесі 1,0-ге дейiн өстi. Жеке тұлғалардың депозиттері көлемі 48,6 млрд.теңгені құрады, 2011 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 26,9% немесе 10,3 млрд.теңгеге көбейген. Депозиттердiң ортақ сомасында жеке тұлғалардың депозиттерiнiң үлесiне 95,3% дәл келедi, бұл көрсеткiш республика бойынша 55,4% құрайды. Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда заңды тұлғалардың депозиттері көлемі 26,3%-ға өсті және 2,4 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер 28,1% өскен және 37,8 млрд.теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 23,4% артты және 13,2 млрд. теңгені құрады. Теңгемен алғандағы депозиттердің меншікті салмағы 74,1% құрады, ал депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі 25,8% құрады. Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда төмендеді және сәйкесінше 8,1% және 5,7%-ды құрады. Тұрғындардың орта есеппен алғанда бір адамға салымы 2011 жылдың маусымымен салыстырғанда 27,6%-ға өсті және 83,7 мың теңге құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 167,8 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2012 жылдың 1 желтоқсаны жағдайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 124 айырбастау пункті қызмет көрсетеді. 2012 жылдың қараша айының ішінде банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерімен облыста 233,7 млн. АҚШ долларын, 11,4 млн. евро және 648,9 млн.ресейлік рубльдерді таза сату жүзеге асырылды. Талданып отырған мерзімде былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда ресейлік рубльдер бойынша сатып алудың орташа бағамы 99,8 пайызға және сатудың орташа бағамы 99,0 пайызға әжептәуір төмендегені байқалады. Евро бағамының да өткен жылдың маусымы деректерімен салыстырғанда әжептәуір төмендеуі байқалады, сатып алу және сату бағамы 96,4%. Облыста негізінен тұрғындардың АҚШ долларына (85,9%) және евроға (71,1%) деген сұранысын екінші-деңгейлі банктер филиалдары қанағаттандырады. Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері негізінен ресейлік рубльді сатып алу/сату бойынша қызметтерді көрсетеді, сәйкесінше 87,0 пайыз және 64,7 пайыз.

Төлем карточкалары нарығы. Төлем карточкалары нарығы дамуының динамикасы а.ж. мамырында позитивті, оны дәлелдейтін келесі көрсеткіштер: — облыста жұмыс істеп тұрған банкоматтар саны 2011 жылдың қарашасымен салыстырғанда 9,5%-ға артқан және 264 құрады; — POS-терминалдар саны 17,6% өсіп 835 дананы құраған; — пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистік кәсіпорындардың саны 7,6% өсіп, 368 құрады; — пластикалық карточкалар иелерінің саны 16,8% өсіп 227,5 мың адам болды.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:53
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы