A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2012 жылдың қазан айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР Ұлттық банкі» ММ Солтүстік Қазақстан филиалы хабарлайды
2012 жылдың қазан айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар.

Есепті кезеңде аймақтың банк секторы барлық бағыттары бойынша да оң көрсеткіштерін сақтап қалды, олар республиканың келесі макроэкономикалық көрсеткіштеріне байланысты болды:

  • 2012 жылдың қазан айындағы облыстағы инфляция 1,1% құрады (2011 жылдың қазанында — 0,1%), республикалық мәні — 0,7% (2011 жылы — 0,2%). Көршi облыстарда инфляция мына-деңгейде болды: Ақмола — 0,3%, Қостанай — 0,5%, Павлодар — 0,6%;
  • қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі жылдық 5,5% деңгейінде қалды;
  • 2012 жылғы қазанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 56,9 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 86,0 млрд. АҚШ долл. дейін 0,6%-ға ұлғайды.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстік Қазақстан облысының банктік секторын 17 екінші-деңгейлі банктердің аймақтық филиалдары және олардың 56 құрылымдық бөлімшелері құрайды.

Облыстың несиелік нарығы. 2012 ж. 1 қарашасы жағдайына банктердің несиелік салымдарының жалпы көлемі 89,7 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдың қазанымен салыстырғанда 14,9% өсті. ҚР бойынша несиелік салым құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,93%-ды құрады. Екінші-деңгейлі банктердің берген несиелерінің мөлшері 74,2 млрд. теңгені құрады, 31,6%-ға артумен. Шағын бизнес субъектілеріне берілген несиелер мөлшері 22,6 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдың қазанымен салыстырғанда 31,4%-ға өсумен. Салаларға бөліп қарасақ, экономиканың сауда (21,1%), өнеркәсіп (15,9%) және ауыл шаруашылығы (8,4%) секілді салалары ең белсенді несиелендірілуде. А.ж. есепті мерзімінде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелері былтырғы жылдың 10 айымен салыстырғанда 1,4 есеге артық болды және 17059,3 млн. теңгені құрады. Берiлген ипотекалық несиелер көлемі 1,3 есеге артты және 3666,6 млн. теңгені құрады. А.ж. қазанында шетел және ұлттық валютада несиелер бойынша орташа алынған пайыздық ставка жылдық 14,4% және 13,9% құрады. Несиелер бойынша долларландырудың дәрежесі несиелердің жалпы көлемінің 8,8%-ға дейiн төмендеді (2011 жылы ол 13,1% құрады).

Облыстың депозиттік нарығы. Салымдар былтырғы жылдың қазанымен салыстырғанда 26,6% артты және 49,5 млрд.теңгені құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың үлесі 0, 98%-ға дейiн өстi (2011 жылы — 0, 8%). Жеке тұлғалардың депозиттері көлемі 47,5 млрд.теңгені құрады, 2011 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 27,7 пайызға немесе 10,3 млрд. теңгеге артты. Депозиттердiң ортақ сомасында жеке тұлғалардың депозиттерiнiң үлесiне 95,9% дәл келедi, бұл көрсеткiш республика бойынша 54,9% құрайды. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда (1,9 млрд. теңге) заңды тұлғалардың депозиттері көлемі 5,3% өсті және 2,0 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер 26,2% өскен және 36,6 млрд.теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 27,7% өсті және 12,9 млрд. теңгені құрады. Теңгемен алғандағы депозиттердің меншікті салмағы 73,9% құрады, ал депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі 26,2% құрады. Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда төмендеді және сәйкесінше 8,2% және 5,75%-ды құрады (2011 жылдың қазанында — 9,0% және 6,4%). Тұрғындардың орта есеппен алғанда бір адамға салымы 2011ж. қазанымен салыстырғанда 28,8%-ға өсті және 81,9 мың теңгені құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 165,1 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. Облыста 125 айырбастау пункті қызмет көрсетеді. 2012 жылдың қазан айында банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерімен облыста 213,4 млн. АҚШ долларын, 10,0 млн. евро және 551,6 млн.ресейлік рубльдерді таза сату жүзеге асырылды. Ресейлік рубльдің және, АҚШ долларының сатып алу/сату бойынша көлемдерінің өсуі артуы байқалады, евроға қатысты сатып алу бойынша артуы, ал сату бойынша — көлемдердің әжептәуір төмендеуі байқалады. Талданып отырған мерзімде ресейлік рубль және, АҚШ доллары бойынша орташа бағамының артуы, евро бағамының әжептәуір төмендеуі байқалады.

Облыста негізінен тұрғындардың АҚШ долларына (86,0%) және евроға (71,1%) деген сұранысын екінші-деңгейлі банктер филиалдары қанағаттандырады, уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері негізінен ресейлік рубльді сатып алу/сату бойынша қызметтерді көрсетеді, сәйкесінше 86,9 пайыз және 65,3 пайыз.

Төлем карточкалары нарығы. Жұмыс істеп тұрған банкоматтар саны былтырғы жылдың қазанымен салыстырғанда 7,1%-ға артқан және 258 құрады; POS-терминалдар саны 15,8% өсіп 822 дананы құраған; пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистік кәсіпорындардың саны 2,9% өсіп 352-і құрады; пластикалық карточкалар иелерінің саны 224,8 мың адам болып құрады.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:54
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы