A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2012 жылдың қыркүйек айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР Ұлттық банкі» Солтүстік Қазақстан филиалы хабарлайды
2012 жылдың қыркүйек айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар.

2012 жылдың қыркүйек айындағы облыстағы инфляция 0,5% құрады (2011 жылдың қыркүйекінде — 0,2%), республикалық мәні — 0,6%. Инфляция көршi облыстарда мына-деңгейде болды: Ақмола — 0,5%, Қостанай — 0,4%, Павлодар облыстарында — 0,3%. Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі 6 тамыздан бастап жылдық 5,5% деңгейіне дейін төмендеді. 2012 жылғы тамызда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 55,4 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 85,5 млрд. АҚШ долл. құрады.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстік Қазақстан облысының банктік секторын 17 екінші-деңгейлі банктердің аймақтық филиалдары және олардың 57 құрылымдық бөлімшелері құрайды.

Облыстың несиелік нарығы. 2012 ж. 1 қазаны жағдайына банктердің экономикаға несиелік салымдарының жалпы көлемі 90,0 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 16,3% артты. ҚР бойынша несиелік салым құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,94-ға дейін өсті (2011 жылдың 1 қазаны жағдайына — 0,9). Екінші-деңгейлі банктердің берген несиелерінің мөлшері 66,4 млрд. теңгені құрады, 30,5%-ға артумен. Бизнес субъектілерін несиелеуге берілген несиелер көлемінің үштен бірі артығы (31,6 пайыз) немесе 21,0 млрд. теңге келеді, 2011 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 32,9 пайызға өсумен. А.ж. есепті мерзімінде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелерiнің көлемі былтырғы жылдың 7 айымен салыстырғанда 1,4 есеге артық болды және 15183,0 млн. теңгені құрады. Берiлген ипотекалық несиелер көлемі 1,3 есеге артты және 3234,6 млн. теңгені құрады. Несиелер бойынша долларландырудың дәрежесі несиелердің жалпы көлемінің 9,0%-на дейiн төмендеді (2011 жылы ол 13,7% құрады). А.ж. қыркүйегінде шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған пайыздық ставка сәйкесінше жылдық 14,4% және 13,9% құрады, ҚР бойынша шетел валютасында — 11,1%, ұлттық валютада — 13,4%.

Облыстың депозиттік нарығы. Жалпы банк секторында өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда салымдар 25,3% артты және 48,5 млрд.теңгені құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың меншікті салмағы (2011 жыл — 0,8%) 0,96%-ға дейiн өстi. Жеке тұлғалардың депозиттері 46,0 млрд.теңгені құрады, 2011 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 26,7%-ға немесе 9,7 млрд.теңгеге көбейген. Депозиттердiң ортақ сомасында жеке тұлғалардың депозиттерiнiң үлесiне 94,8% келедi. Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда заңды тұлғалардың депозиттері көлемі 4,2%-ға өсті және 2,5 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 26,3% артты және 36,0 млрд.теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 22,5% артты, 12,5 млрд. теңгені құрады. Теңгемен алғандағы депозиттердің меншікті салмағы 74,2% құрады, ал депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі 25,8% дейін төмендеді (2011 жылы — 26,3 пайыз). Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда төмендеді және сәйкесінше 8,2% және 5,7%-ды құрады (2011 жылдың қыркүйегінде — 9,1% және 6,3%). Тұрғындардың орта есеппен алғанда бір адамға салымы 27,6%-ға артты және 79,1 мың теңгені құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 163,4 мың теңгені құрады, 19,6 пайызға өсумен.

Облыстың валюта нарығы. 2012 жылдың 1 қазаны жағдайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 125 айырбастау пункті қызмет көрсетеді. 2012 жылдың қыркүйек айының ішінде банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерімен облыста 193,6 млн. АҚШ долларын, 8,6 млн. евро және 444,2 млн.ресейлік рубльдерді таза сату жүзеге асырылды. Талданып отырған мерзімде былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда ресейлік рубльдер бойынша сатып алудың орташа бағамы 97,3 пайызға және сатудың орташа бағамы 97,2 пайызға, евро бойынша: сатып алу бойынша — 94,2% және сату бойынша — 94,6%-ға әжептәуір төмендегені байқалады. АҚШ долларының қыркүйек айында орташа сатып алу бағамы 149,53 теңгені құрады, сату 150,16 теңгені құрады, бұл бір, АҚШ долларын сатып алу бағамы былтырғы жылдың деңгейінен номиналында 2,50 теңгеге (101,7 пайыз), бір, АҚШ долларын сату бағамы номиналында 2,42 теңгеге (101,6 пайыз) жоғары.

Төлем карточкалары нарығы. Төлем карточкалары нарығы дамуының динамикасы облыста а.ж. қыркүйегінде оң бағытта қалды, оны дәлелдейтін келесі көрсеткіштер: — жұмыс істеп тұрған банкоматтар саны былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 7,9%-ға артты, 258 болды; — POS-терминалдар 8,5%-ға артты, 764 дана болды; — пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистік кәсіпорындар 6,6%-ға артты, 356 болды; — пластикалық карточкалар иелері 15,7%-ға артты, 221,8 мың адам болды.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:56
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы