A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2017 жылға қаңтар айының қысқаша қорытындылары

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық резервтер. Статистика департаментiнiң ресми деректерi бойынша 2017 жылғы қаңтар айындағы инфляция 06 пайызды (2016 жылғы қаңтарда — 0,9 пайыз) құрады. Талданып отырған мерзiмде азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарлардың қымбаттауы сәйкесiнше 0,8% құрады (2016 жылғы қаңтарда 1,6% және 0,6%-ға). Ақылы қызметтердiң құны 0,2 пайызға өстi (2016 жылғы қаңтарда — 0,3 пайызға).

Анықтама ретiнде: жалпы республика бойынша инфляция деңгейi 0,8 пайыз көлемiнде құрылды, көршi облыстар Ақмола облысында — 0,3 пайыз, Қостанай — 0,6 пайыз, Павлодар — 0,8 пайыз.

2012 жылдың 6 тамызынан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi жылдық 5,5% деңгейiнде белгiлендi және осы уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды.

2. Облыстың қаржылық нарығындағы жағдай. Солтүстiк Қазақстан облысының банк секторында 2017 жылдың 1 ақпаны жағдайы бойынша 17 аймақтық екiншi деңгейлi банктер филиалдары мен олардың 51 құрылымдық бөлiмшелерi қызмет көрсеттi.

Облыста несиелiк салымдардың көлемi 2017 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 1,2 пайызға азайды және 102,1 млрд. теңгенi құрады. ҚР бойынша несиелiк салымдардың көлемi 2,5 пайызға қысқарды және 12 520 млрд. тг құрады. Облыстың несиелiк салымдарының ҚР бойынша жалпы көлемдегi үлесi 0,82 пайызды құрайды.

Екiншi деңгейдегi банктер 8,0 млрд. теңге несие бердi, 1,2 есе артты. Құрылымдық салаларда әжептәуiр ең үлкен сома саудаға (15,5%), өнеркәсiпке (11%) және ауыл шаруашылығына (5,6%) келедi. Қазақстан бойынша несиелердiң қомақты бөлiгi саудаға (20,9%), өнеркәсiпке (14,2%), құрылысқа (7,4%) және ауыл шаруашылығына (5,3%) келедi.

О.ж. есептi кезеңiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiнi несиелеуге 3,4 млрд. теңге бөлiндi, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiне сәйкес.

Несиелер бойынша долларлану дәрежесi несиелердiң жалпы көлемiнiң 5,3 пайызына дейiн төмендедi (01.02.2016 ж. — 7,1пайыз). Шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 01.02.2017 ж. жағдайына, сәйкесiнше, жылдық 9,2 және 14,9 пайызды құрады. ҚР бойынша шетел валютасындағы несиелер бойынша — 7,7 пайыз, теңгемен — 14,5 пайыз.

Депозиттiк нарық. 2017 жылдың 1 ақпан жағдайына банктер филиалдарының тартқан заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражаты көлемi 119,8 млрд. теңгенi құрады, өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 1,2 есеге артты. Қазақстан Республикасы бойынша жалпы алғанда депозиттер көлемi 3%-ға артты, 11 151 млрд.теңгенi құрады (2016 жылғы қаңтарда — 10 830 млрд. теңге). ҚР бойынша депозиттер құрылымындағы Солтүстiк Қазақстан облысының үлесi 1,07 пайызды құрады (2016 жылғы қаңтарда — 0,9%).

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негiзгi көзi тұрғындардың салымдары болып қалып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттерi 113,8 млрд. теңгенi құрады, 2016 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өстi (91,2 млрд. теңге). Жеке тұлғалар депозиттерiнiң үлесiне депозиттердiң жалпы сомасының 95 пайызы келедi. Заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша көрсеткiш 3,2 пайызды төмендедi және 6,0 млрд. теңгенi құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемi былтырғы жылдың қарашасымен салыстырғанда 2,2 есе артты және 77,9 млрд. теңгенi құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 41,9 млрд. теңгенi құрады. Теңгемен депозиттердiң меншiктi салмағы 65 пайызды құрады. Депозиттер бойынша долларлану дәрежесi 35 пайызға дейiн ұзайды (01.02.2016 ж. жағдайына — 63,3 пайыз).

Тұрғындардың бiр адамға шаққандағы салымы 2016 жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 31,5 пайызға өстi және 210,6 мың теңгенi құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткiш 5% өстi және 389,7 мың теңгенi құрады. 2017 жылғы қаңтарда СҚО бойынша аталған көрсеткiш ҚР бойынша тұрғындарды бiр адамға шаққанда 1,9 есеге өседi.

Облыстың валюта нарығында 2017 ж. 1 ақпаны бойынша қаңтарда таза сатылымдар 2,78 млн. АҚШ долларын, 0,15 млн. евро және 416,8 млн. ресейлiк рубльдердi таза сату жүзеге асырылды ұйымдардың 120 айырбастау пунктi уәкiлеттi қызмет көрсетедi «Қазпошта» АҚ филиалы және ЕДБ филиалдары ұсынылды.

2016 жылмен салыстырғанда қолма-қол шетел валютасымен операциялардың көлемдерiнiң артуы мынандай болды: ресейлiк рубльдi сату бойынша 78,6% артуы байқалды, сатып алу бойынша — 0,1% төмендедi. АҚШ долларын сатып алу бойынша 63,6 пайызға құрады, сату бойынша 59,1 пайызға төмендедi. Евроны сатып алу бойынша 14,7 пайызға төмендеуi байқалды, сату бойынша 3,8 пайызға артуы байқалады.

Облыста төлем карточкалары нарығының даму қарқыны оң бағытта болып қалып отыр. Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желiсi 2016 жылдың 01.01. жағдайына келесi түрде көрiнедi: 289 банкомат (01.01.2016 ж. жағдайына — 281), 2800 pos-терминал (өсу 25,7 пайызға немесе 572 бiрлiк). Мұнда 1 терминалға есептi мерзiмде 203 тұрғын келедi, 1 банкоматқа — 1968 тұрғын, ҚР бойынша 1 терминал бойынша 167 тұрғын, 1 банкомат — 1875 тұрғын.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету. 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Солтүстiк Қазақстан филиалы мемлекеттiк қызметтердiң 4 түрiн көрсетедi.

  1. Валюталық операцияларды тiркеу;
  2. Шет ел банкiндегi валюталық операциялар және банктiк шот ашу туралы хабарламаларды растау;
  3. Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру;
  4. Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу.

«Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру» және «Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу» мемлекеттiк қызметi www.egov.kz электронды үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiледi.

Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпарат Ұлттық Банктiң www.nationalbank.kz интернет-ресурсында «Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтерi» бөлiмiнде, сондай-ақ www.egov.kz электронды үкiметi» веб-порталында «Бизнес» бөлiмi бойынша «мемлекеттiк органдар бойынша қызметтер» бөлiмшесiнде орналастырылған.

4. Жеке тұлғалардың тұрмыстық/ ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын iске асыру. Толық Қазақстан бойынша 26 685 өтiнiм берiлдi, оның iшiнде 20 202 өтiнiм мақұлданды, яғни 75,7%-ды құрады. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша берiлген өтiнiмнiң жалпы санының мақұлданған өтiнiмнiң үлес салмағының саны 84,5%-ды құрады, яғни орташа республикалық маңыздылықтан жоғары (75,7%).

Бағдарлдаманы iске асыру шеңберiнде Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулысымен ипотекалық тұрғын үй қарыздары/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тарту алғандарға қатысты қарыз алушылардың шағымын қарау бойынша комиссия (бұдан әрi — Комиссия) құрамы бекiтiлдi.

Бағдарламаның басталуынан бастап 2017 жылғы 01.02. жағдайы бойынша Комиссияға 79 шағым түстi, оның iшiнде қаңтарда шағым болмады. Барлығы 15 комиссия отырысы жүргiзiлдi. Барлық шағымдар бойынша Комиссия шешiм қабылдады, 42 жағдайда Комиссия Банктердiң шешiмiмен келiстi, 37 жағдайда — Банктерге қарыз алушылардың қайта қаржыландыру мәселесiн қайта қарауға ұсынылды.

Мақаланың шыққан күні: 24.03.2017 10:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.03.2017 10:13
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Облыс әкiмiне өтiнiштердi қарау
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы