A- A A+
2013 жылдың ақпан айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР Ұлттық банкі» ММ Солтүстік Қазақстан филиалы хабарлайды
2013 жылдың ақпан айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар.

Есепті кезеңде аймақтың банк секторы барлық бағыттары бойынша да оң көрсеткіштерін сақтап қалды, олар республиканың келесі макроэкономикалық көрсеткіштеріне байланысты болды:

  • қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі 2012 жылдың 6 тамызынан бастап жылдық 5,5% деңгейінде деп белгіленді;
  • 2013 жылғы ақпанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 59,5 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 86,2 млрд. АҚШ долл. дейін 0,8%-ға өсті (жылдың басынан бастап өсу 0,1 пайызға);
  • 2013 жылдың ақпан айындағы облыстағы инфляция 0,7% құрады (2012 жылдың ақпанында — 0,3%), республикалық мәні — 0,8% (2012 жылдың ақпанында — 0,4%). Инфляция көршi Ақмола, Қостанай облыстарында — 0,5%, Павлодар облысында — инфляция 1,0% деңгейінде болды.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстік Қазақстан облысының банктік секторын 17 екінші деңгейлі банктердің аймақтық филиалдары және олардың 56 құрылымдық бөлімшелері құрайды.

Облыстың несиелік нарығы. 2013 ж. 1 наурызы жағдайына банктердің экономикаға несиелік салымдарының жалпы көлемі 88,6 млрд. теңгені құрады, 2012 жылдың ақпанымен салыстырғанда 12,9% өсті. ҚР бойынша несиелік салым құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,89-ды құрады. Екінші деңгейлі банктердің берген несиелерінің мөлшері 13,3 млрд. теңгені құрады, 17,7%-ға артумен. Шағын бизнес субъектілеріне берілген несиелер берілген несиелердің жалпы сомасының 19,5 пайызы болады, немесе 2,6 млрд. теңге. Есепті мерзімде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелерiнің көлемі 3696,5 млн. теңгені құрады. Берiлген ипотекалық несиелер көлемі 717,0 млн. теңгені құрады. А.ж. ақпанында шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше жылдық 14,4% және 14,1% құрады, ҚР бойынша шетел валютасында — 10,8%, ұлттық валютада — 13,4%. Несиелер бойынша долларландырудың дәрежесі несиелердің жалпы көлемінің 8,2%-на дейiн төмендеді (2012 жылы ол 11,7% құрады).

Облыстың депозиттік нарығы. Жалпы банк секторында өткен жылдың ақпан айының көрсеткішімен салыстырғанда салымдар 27,7% артты және 56,2 млрд.теңгені құрады. ҚР бойынша депозиттердiң құрылымында бiздiң облыстың үлесі 1,09-ге дейiн өстi. Жеке тұлғалардың депозиттері көлемі 53,6 млрд.теңгені құрады, 2012 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 28,8% немесе 12,0 млрд.теңгеге көбейген. Депозиттердiң ортақ сомасында жеке тұлғалардың депозиттерiнiң үлесiне 95,4% дәл келедi, бұл көрсеткiш республика бойынша 59,5% құрайды. Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда заңды тұлғалардың депозиттері көлемі 8,8%-ға өсті және 2,6 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер 29,3% өскен және 43,2 млрд.теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 22,6% артты және 13,0 млрд. теңгені құрады. Теңгемен алғандағы депозиттердің меншікті салмағы 76,9% құрады, ал депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі 23,2% құрады. Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда төмендеді және сәйкесінше 7,9% және 5,5%-ды құрады. Тұрғындардың орта есеппен алғанда бір адамға салымы 2012 жылдың ақпанымен салыстырғанда 23,7%-ға өсті және 88,2 мың теңге құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 172,4 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2013 жылдың 1 наурызы жағдайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 114 айырбастау пункті қызмет көрсетеді. 2013 жылдың қаңтар–ақпан айларында банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерімен облыста 23,4 млн. АҚШ долларын, 1,7 млн. евро және 122,3 млн.ресейлік рубльдерді таза сату жүзеге асырылды. Талданып отырған мерзімде былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда ресейлік рубльдер бойынша сатып алудың орташа бағамы 99,4 пайызға және сатудың орташа бағамы 99,2 пайызға әжептәуір төмендегені байқалады.Евро мен АҚШ доллары бағамының да өткен жылдың ақпаны деректерімен салыстырғанда артқаны байқалады, сәйкесінше сатып алу — 102,58 пайыз және 101,52 пайыз, сату бойынша — 101,94 пайыз және 101,56 пайыз. Облыста негізінен тұрғындардың АҚШ долларын (82,8%) және евроны сатуға (73,4%) деген сұранысын екінші деңгейлі банктер филиалдары қанағаттандырады. Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері негізінен ресейлік рубльді сатып алу/сату бойынша қызметтерді көрсетеді, сәйкесінше 81,4 пайыз және 60,6 пайыз.

Төлем карточкалары нарығы. А.ж. ақпанында облыста төлем карточкалары нарығының дамуы оң бағытта болды, оны мыналардың өсуі растайды: былтырғы жылмен салыстырғанда облыста жұмыс істеп тұрған банкоматтардың саны 9,1 пайызға 263 бірлікке дейін; pos-терминалдардың саны 21,9 пайызға 889 данаға дейін; пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда — сервистік кәсіпорындардың саны 12,1 пайызға 399-ға дейін; пластикалық карточкалардың иегерлерінің саны 15,4 пайызға 237,2 мың адамға дейін жетті.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:49
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы