A- A A+
2013 жылдың наурыз айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР Ұлттық банкі» ММ Солтүстік Қазақстан филиалы хабарлайды
2013 жылдың наурыз айына облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

1.Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық қорлар.

2013 ж. қаңтар–наурызында аймақтың банк секторы барлық бағыттары бойынша да оң көрсеткiштерiн сақтап қалды, олар республиканың келесi макроэкономикалық көрсеткiштерiне байланысты болды:

  • қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесi жылдық 5,5% деңгейiнде өзгерiссiз қалды;
  • 2013 жылғы наурызда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерiн (алдын ала деректер бойынша 59,8 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдiң халықаралық резервтерi 87,9 млрд. АҚШ долл. дейiн 2,0%-ға өстi (жылдың басынан бастап өсу 2,1 пайызға);
  • СҚО Статистика департаментiнiң ресми деректерi бойынша 2013 жылдың наурыз айында облыстағы инфляция 0,0 % құрады (2012 жылдың наурызында — 0,3%), республикалық мәнi — 0,2% (2012 жылғы наурызда — 0,3%). Инфляция көршi облыстарда: Ақмола — 0,3 пайыз, Қостанай — 0,0 пайыз, Павлодар — 0,1 пайыз деңгейiнде болды.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстiк Қазақстан облысының банктiк секторын 17 екiншi деңгейлi банктердiң аймақтық филиалдары және олардың 57 құрылымдық бөлiмшелерi құрайды. «Каspibank» АҚ наурыз айында Петропавл қаласында 1 қосымша бөлiмше ашты.

Облыстың несиелiк нарығы. Банктердiң экономикаға несиелiк салымдарының жалпы көлемi 2013 ж. 1 сәуiрi жағдайына 89,6 млрд. теңгенi құрады, 2012 жылдың наурызымен салыстырғанда 11,4 пайызға артты. ҚР бойынша несиелiк салымдар құрылымындағы бiздiң облыстың үлесi 0,89 құрады. Екiншi деңгейлi банктердiң берген несиелерiнiң көлемi 21,2 млрд. теңгенi құрады, 12,8 пайызға артты. Шағын бизнес субъектiлерiн несиелеуге жалпы берiлген несиелер көлемiнiң 19,3 пайызы келедi. Есептi мерзiмде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелерiнiң көлемi 5629,4 млн. теңгенi құрады. Берiлген ипотекалық несиелердiң көлемi 1218,1 млн. теңгенi құрады. А.ж. наурызында шетел және ұлттық валютамен несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме сәйкесiнше жылдық 14,4 және 14,2 пайыз болды, ҚР бойынша шетел валютасында — 10,9 пайыз, ұлттық валютада — 13,3 пайыз. Несиелер бойынша долларландыру дәрежесi несиелердiң жалпы көлемiнiң 8,0%-ға дейiн төмендедi (2012 жылы ол 11,2% құрады).

Облыстың депозиттiк нарығы. Жалпы алғанда банк секторы бойынша салымдар былтырғы жылдың наурызымен салыстырғанда 25,4% артты және 56,3 млрд.теңгенi құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың үлесi 1,04 құрады. Жеке тұлғалардың депозиттерi көлемi 53,9 млрд.теңгенi құрады, 2012 жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 27,7 пайызға немесе 11,7 млрд. теңгеге артты. Депозиттердiң жалпы сомасында жеке тұлғалардың депозиттерiнiң үлесiне 95,8% келедi, бұл көрсеткiш республика бойынша 56,9% құрайды. Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда заңды тұлғалардың депозиттерi көлемi 11,1% төмендедi және 2,4 млрд.теңгенi құрады. Ұлттық валютамен депозиттер 28,3 пайызға артты және 43,5 млрд. теңгенi құрады, шетел валютасымен депозиттер 16,4 пайызға өстi және 12,8 млрд. теңгенi құрады. Теңгемен депозиттердiң меншiктi салмағы 77,3 пайыз, мұнда депозиттер бойынша долларлану деңгейi 22,7 пайызға төмендедi. Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орташа мөлшерлемелер өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда төмендедi және сәйкесiнше 7,9% және 5,5%-ды құрады. Тұрғындардың орта есеппен алғанда бiр адамға салымы 2012ж. наурызында 28,8%-ға өстi және 93,1 мың теңгенi құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткiш 182,4 мың теңгенi құрады.

Облыстың валюта нарығы 2013 жылдың 1 сәуiрi жағдайы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысында 119 айырбастау пунктi қызмет көрсетедi. 2013 жылдың қаңтар–наурыз айларында банктердiң айырбастау пункттерiмен және уәкiлеттi ұйымдармен облыста 36,8 млн. АҚШ долларын, 3,6 млн. евро және 192,0 млн.ресейлiк рубльдердi таза сату жүзеге асырылды. Талданып отырған мерзiмде өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда АҚШ доллары бойынша және евроны сатып алу бойынша орташа бағамдардың артуы байқалды. Ресейлiк рубль бойынша былтырғы жылдың деректерiмен салыстырғанда — сатып алу бойынша да, сату бойынша да әжептәуiр төмендегенi байқалады. Банктердiң айырбастау пункттерiмен және уәкiлеттi ұйымдармен жүргiзiлген операциялардың арақатынасын талдау келесi қорытындылар шығаруға мүмкiндiк бередi: есептi мерзiмде ЕДБ филиалдарының айырбастау пункттерi облыс тұрғындарының екi түрлi валюта бойынша негiзгi сұранысын қамтамасыз еттi: АҚШ долларын сату бойынша 80,1 пайыз, евроны сату бойынша — 77,4 пайыз. Уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi ресейлiк рубльдi айырбастау бойынша операциялардың негiзгi көлемiн жүргiздi, облыс бойынша операциялардың жалпы көлемiнiң сатып алу бойынша –85,9 пайызын және сату бойынша — 64,0 пайызын, евроны сатып алу бойынша — 69 пайызын және долларды сатып алу бойынша — 54,8 пайызын жүргiздi.

Төлем карточкаларының қызмет көрсету желiсi 2013 жылдың 1 сәуiрi жағдайына келесi қалыпта болып отыр: 266 банкомат (2012 жылдың 1 сәуiрiмен салыстырғанда өсу — 9,5 пайыз немесе 23 бiрлiк), 901 POS-терминал (өсу 24,1 пайызға немесе 175 бiрлiк). Мұнда есептi мерзiмде 1 терминалға 643 тұрғын келедi (ҚР бойынша — 481), 1 банкоматқа — 2177 тұрғын (ҚР бойынша — 1951 тұрғын). Карта ұстаушылардың және пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистiк кәсiпорындардың даму қарқыны оң бағытта, бұны сәйкесiнше сандарының 12,0 пайызға 233,9 мың адамға, 15,2 пайызға 410 дейiн өсуi дәлелдейдi.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:52
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы