A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2013 жылдың қаңтарындағы облыстың банк секторының жұмысы қорытындылары туралы

«ҚР Ұлттық банкі» Солтүстік Қазақстан филиалы хабарлайды
  2013 жылдың қаңтарындағы облыстың банк секторының жұмысы қорытындылары туралы  

1. ҚР макроэкономикалық көрсеткіштері.

Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі 2012 жылдың 6 тамызынан бастап жылдық 5,5% деңгейінде деп белгіленді. 2013 жылдың қаңтар айындағы республикадағы инфляция 0,9 % құрады (2012 жылдың қаңтарында — 0,3%), облыстық мәні — 0,7% (2012 жылдың қаңтарында — 0,3%). Көршi облыстарда инфляция мына деңгейде болды: Ақмола — 0,5%, Қостанай — 0,4%, Павлодар — 0,3%. 2013 жылғы қаңтарда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 58,5 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 84,5 млрд. АҚШ долл. құрады.

2013 жылдың 1 ақпанына Солтүстік Қазақстан облысының банктік секторын 17 екінші деңгейлі банктердің аймақтық филиалдары және олардың 56 құрылымдық бөлімшелері құрады.

Несиелік нарығы. Несиелік салымдардың көлемі 16,1%-ға 89,4 млрд. Теңгеге дейін артты (01.02.2012 ж. жағдайына — 77,0 млрд.теңге). ҚР бойынша жалпы салымдар көлеміндегі біздің облыстың несиелік салымдарының меншікті салмағы 0,90 дейін өсті (2012 жылы — 0,88). Екінші деңгейлі банктердің берген несиелерінің жалпы мөлшері 6,9 млрд. теңгені құрады, 56,8%-ға артумен. Бизнес субъектілерін несиелеуге 1,3 млрд. теңге бөлінді, немесе бөлінген несиелердің жалпы сомасының 18,8 пайызы, 2012 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 18,2 пайызға өсумен. А.ж. есепті мерзімінде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелері былтырғы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда (1040,5 млн. теңге) 1,7 есеге артық болды және 1765,9 млн. теңгені құрады. Берiлген ипотекалық несиелер көлемі 9,9 есеге (2012 жылы — 295,9 млн. теңге) артты және 325,3 млн. теңгені құрады. Несиелер бойынша долларландырудың дәрежесі несиелердің жалпы көлемінің 8,3%-ға дейiн төмендеді (2012 жылдың 1 ақпаны жағдайына — 12,3%). А.ж. қаңтарында шетел және ұлттық валютада несиелер бойынша орташа алынған пайыздық ставка сәйкесінше жылдық 14,3% және 14,1% құрады, ҚР бойынша шетел валютасында — 10,9%, ұлттық валютада — 13,4%.

Депозиттік нарығы. Жалпы алғанда банк секторы бойынша салымдар былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен (42,1 млрд. теңге) салыстырғанда 29,9% артты және 54,7 млрд.теңгені құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың меншікті салмағы 1,08%-ға дейiн өстi (2012 жылы — 0,92%). Жеке тұлғалардың депозиттері 52,5 млрд.теңгені құрады, 2012 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 29,9 пайызға өсті. Депозиттердiң ортақ сомасында жеке тұлғалардың депозиттерiнiң үлесiне 96% дәл келедi, бұл көрсеткiш республика бойынша 59,3% құрайды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (1,7 млрд. теңге) заңды тұлғалардың депозиттері көлемі 29,4% өсті және 2,2 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 31,2% өскен және 41,6 млрд.теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 26% өсті және 13,1 млрд. теңгені құрады. Теңгемен алғандағы депозиттердің меншікті салмағы 76% құрады, ал депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі 24,0% дейін төмендеді (2012 жылы — 24,8 пайыз). Теңгемен және шет ел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда төмендеді және сәйкесінше 8,0% және 5,5%-ды құрады (2012 жылдың қаңтарында — 8,8% және 6,1%). Тұрғындардың орта есеппен алғанда бір адамға салымы 30,7%-ға өсті және 90,6 мың теңгені құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 177,7 мың теңгені құрады, 22,9 пайызға өсумен.

Валюта нарығы. 2013 жылдың 1 ақпаны жағдайы бойынша 125 айырбастау пункті қызмет көрсетеді, ағымдағы жылдың қаңтар айында 11,1 млн. АҚШ долларын, 0,9 млн. евро және 41,4 млн.ресейлік рубльдерді таза сату жүзеге асырылды. 2012 жылдың қаңтарымен салыстырғанда қолма-қол шетел валютасымен операциялар көлемінің артуы 19 пайызға тек ресейлік рубль бойынша байқалды, АҚШ доллары бойынша 48,1 пайызға төмендеуі байқалды, евро бойынша сату көлемдері бұрынғы деңгейде қалды.

Талданып отырған мерзімде өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда барлық валюта түрлері бойынша орташа бағамдардың артуы байқалды, оның ішінде ресейлік рубль бойынша — сатып алу бойынша — 103,79 пайыз және сату бойынша — 103,3 пайыз, доллар бойынша — атып алу бойынша 101,44 пайыз, сату бойынша 101,47 пайыз, евро бойынша — сатып алу бойынша 104,9 пайыз, сату бойынша — 104,33 пайыз.

Төлем карточкалары нарығы. Облыс нарығының даму қарқыны а.ж. есепті мерзімінде оң бағытта қалды, оны дәлелдейтін келесі көрсеткіштердің өсуі: жұмыс істеп тұрған банкоматтар саны былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 5,4%-ға және 255 бірлікке дейін; POS-терминалдар саны 16,7%-ға 822 данаға дейін; пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистік кәсіпорындардың саны 8,0%-ға 379-ге дейін; пластикалық карточкалар иелерінің саны 13,1 пайызға 231,4 мың адамға дейін.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 15:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 15:52
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы