A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Саланың жай-күйi туралы жалпы мәлiмет

Облыстағы саланың жай-күйi туралы жалпы мәлiмет

Солтүстiк Қазақстан облысында статистика органдарының мәлiметтерiне сәйкес ағымдағы жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша тiркелген шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны (бұдан әрi — ШОК) 37 282 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде заңды тұлғалар (бұдан әрi — ЗТ) — 7 089 бiрлiк, жеке кәсiпкерлiк (бұдан әрi — ЖК) — 27 281 бiрлiк, шаруа (фермер) қожалығы (бұдан әрi — ШҚ (ФҚ)) — 2 912 бiрлiк.

ШОК әрекеттi субъектiлерiнiң саны 28 707 бiрлiк құрады, соның iшiнде ЗД — 4 442 бiрлiк, ЖК — 21 549 бiрлiк, ШҚ (ФҚ) — 2 806 бiрлiк.

ШОК әрекеттi субъектiлерiнiң тiркелгендердiң жалпы көлемiнен үлесi — 77%.

Салалар бойынша кәсiпорындардың саудамен айналысатын меншiктi салмағы 44% (12 666 бiрлiк). Ауылдық секторда 18% (5 172 бiрлiк) кәсiпорындары шоғырланған, көлiк саласында — 9% (2 590 бiрлiк). Басқа қызмет түрлерiн көрсетумен 7,8% (2 267 бiрлiк) кәсiпорындар қамтылған, және тек 4,4% (1 271 бiрлiк) өнеркәсiптiк өнiмдердi өндiрумен айналысыда.

ШОБ субъектiлерiмен шығарылған өнiм 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 255476 млн. теңге немесе 2015 жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 99,2%-ды құрады.

ШОБ саласында жұмыспен қамтылған 2016 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 101701 адам немесе 2015 жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 92,5%-ды құрады (2015 жылы — 109940 адам).

2007 жылдан 2015 жылға дейiнгi кезеңде жалпы iшкi өнiмдегi шағын және орта кәсiпкерлiк (бұдан әрi — ШОК) үлесi 19,6%-дан 23,9%-ға дейiн өстi, бұл ретте Республика бойынша жоғары позицияны иелене отырды (6-шы орын).

2016 жылы Солтүстiк Қазақстан облысында Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен 1 508 620 000 теңге бөлiнгенiн хабарлаймыз, соның iшiнде: субсидиялауға — 1 317 620 000 теңге, кепiлдiк беруге — 175 000 000 теңге, гранттық қаржыландыруға — 16 000 000 теңге.

2016 жылдың қорытындысы бойынша облыс әкiмдiгi жанындағы Өңiрлiк үйлестiру кеңесiнiң 27 отырысында жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң 304 өтiнiмдерi қабылданды (2015 жылы — 251 өтiнiм), соның iшiнде:

  • сыйақы мөлшерлемесiнiң бөлiгiн субсидиялау бойынша 16,5 млрд. теңге кредит көлемiнде 228 өтiнiм (2015 жылы 6,8 млрд. теңге кредит көлемiнде 145 өтiнiм);
  • 984,4 млн. теңге сомасына 40 кредит бойынша кепiлдiк төлендi (2015 жылы 847,2 млн. теңге сомасына 65 кредит бойынша кепiлдiк төлендi);
  • инфрақұрылымды дамытуға 2,2 млрд. теңге көлемiнде 7 объект бойынша өтiнiмдер қабылданды (2015 жылы 4 өтiнiм);
  • гранттық қаржыландыруға — 16 млн. теңгеге 7 жоба (2015 жылы 6 өтiнiм);
  • «Назарбаев Университетi» АҚ бизнес-мектебi базасында оқытуға — ШОК субъектiлерiнiң 22 өтiнiмi қабылданды (2015 жылы 31 өтiнiм).

«Бизнес жол картасы 2020» бизнестi қолдау және дамытудың бiрыңғай бағдарламасының (бұдан әрi — Бағдарлама) iске асырылу нәтижелерi бойынша 2016 жылы өңiрiмiз субсидияла бойынша 1 орынды және берiлген кепiлдiк сомасы бойынша 3 орынды алады.

Жобалардың iске асырылу үстiнде 2016 жылы шамамен 10 800 әрекеттi жмұыс орындары сақталды, бұл 2015 жылдың деңгейiнен 43,5%-ға көп (4700 сақталды) және 800 жаңа жмұыс орындардың құрылуы жоспарлануда, бұл 2015 жылдан 73%-ға көп (590 құрылды).

«Бизнес жол картасының» жалпы қатысушылар санына қатысты мемлекеттiк қолдау алған ауыл кәсiпкерлердiң меншiктi салмағы 2015 жылдың 46,2%-дан (116 өтiнiм) 2016 жылдың 54,9%-ға дейiн (167 өтiнiм) көтерiлдi.

Бүгiнгi күнi өңiрде бизнес ахуалын арттырудың тиiмдi шараларының бiрi бизнестi жүргiзу шарттарын жеңiлдетуге қатысты заңнамалықты жетiлдiру, әкiмшiлiк кедергiлердi қысқарту, құқық қолдану тәжiрибесiнiң қажет сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай, 2017 жылдың 2 ақпанынан бастап СҚО бойынша «Даму» Кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ ӨФ (бұдан әрi — «Даму» қоры) кәсiпкерлерге құқықтық консультациялық көмек көрсету үшiн «Даму» қоры мен облыс Прокуратурасының арасында қол қойылған меморандумға сәйкес Прокурор кабинетi ашылды.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 17:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.03.2017 16:16
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Облыс әкiмiне өтiнiштердi қарау
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы