A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Облыстық атқарушы органдар
  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің индустриялық-инновациялық даму басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: www.iir.sko.gov.kz

    Толық атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

    Мекенжай: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 58

    Телефон: +7 7152 36-14-88 (қабылдау бөлмесi)

    Факс: +7 7152 36-11-98

    Сенiм телефоны: +7 7152 36-39-41

    Басшылық

    Басқарма басшысы — Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов 

    Телефон: +7 7152 50-16-50

    Басқарма басшысының орынбасары — Сарбалинов Қуаныш Серегұлы

    Телефон: +7 7152 36-11-39

    Басқарма басшысының орынбасары — Асанов Жеңіс Мұхтарұлы

    Телефон: +7 7152 36-14-88

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшылығымен азаматтарды қабылдау күндері

    Мемлекеттік органның атауы Қабылдау жүргізетін тұлғаның ТАӘ Қабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы Қабылдау жүргізудің күні мен уақыты Мемлекеттік органның орналасқан жері Байланыс деректері
    СҚО әкімдігінің индустриялық-инновациялық даму басқармасы Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов Басқарма басшысы жұма, сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Петропавл қ.,
    Қазақстан Конституциясы көш., 58,
    5 қабат, 514 кабинет
    8 (7152) 36-05-07
    СҚО әкімдігінің индустриялық-инновациялық даму басқармасы Асанов Жеңіс Мұхтарұлы Басқарма басшысының орынбасары бейсенбі, сағат 14:30-дан 18:00-ге дейін Петропавл қ.,
    Қазақстан Конституциясы көш., 58,
    5 қабат, 514 кабинет
    8 (7152) 36-11-39
    СҚО әкімдігінің индустриялық-инновациялық даму басқармасы Сарбалинов Қуаныш Серегұлы Басқарма басшысының орынбасары сейсенбі, 14.30-дан 18.00-ге дейін Петропавл қ.,
    Қазақстан Конституциясы көш., 58,
    5 қабат, 514 кабинет
    8 (7152) 50-16-50

    Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары

    Миссиясы: Солтүстiк Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру.

    Негiзгi мiндеттерi:

    • облыс аумағында индустрия және индустриялық-инновациялық қызмет, машина жасау, тау-кен, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс материалдары өндiрiсi, жер қойнауын пайдалану саласында кең таралған пайдалы қазбалар бөлiгiнде мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;
    • өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн басым салаларын дамыту;
    • отандық кәсiпорындардың техникалық, технологиялық және басқару деңгейлерiн жаңғыртуға жәрдемдесу;
    • отандық және шетелдiк инвестицияларды экономиканың басым салаларына тартуға жәрдемдесу, соның iшiнде экспортқа бағдарланған шикiзаттық емес және жоғары технологиялық өндiрiстерге;
    • өңiрлiк тиiмдi инновациялық жүйенi құруға және инновациялық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;
    • жергiлiктi тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң экспортын дамытуға және iлгерiлетуге жәрдемдесу;
    • менеджмент жүйесiн енгiзуге және технологиялық қайта жарақтандыруға жәрдемдесу.

    Функциялары:

    • өңiрде индустриялық-инновациялық даму мәселелерi жөнiндегi шараларды пысықтау және iске асыру;
    • басқарма жетекшiлiк ететiн облыстың экономикалық қызмет салаларының даму тұжырымдамаларын және тәсiлдемелерiн әзiрлеуге қатысу;
    • тиiстi мемлекеттiк органдарға өз құзыретiнiң мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге ережелер, өзгерiстер мен толықтыруларды қосу туралы ұсыныстар енгiзу;
    • өнеркәсiптi дамыту бөлiгiнде республикалық және жергiлiктi деңгейдегi стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге қатысу;
    • облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының салалық бөлiмiн әзiрлеу;
    • басқарманың Стратегиялық және Операциялық жоспарларын әзiрлеу және iске асыру, солар бойынша есептер дайындау;
    • орталық мемлекеттiк органдар, даму институттары, облыстық және аумақтық ұйымдар, аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдiктерiмен индустриялық-инновациялық даму мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
    • бағдарламалық құжаттарды немесе олардың салалық бөлiмдерiн iске асыруды үйлестiру және мониторинг жасау, солар бойынша есептер дайындау;
    • облыста Үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруды үйлестiру, есептер дайындау;
    • өңiрлiк индустрияландыру картасын бекiту туралы қаулы жобасын дайындау;
    • индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерiне, индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерiне әдiстемелiк, консультативтiк, практикалық және өзге де көмек көрсету:
    • мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
    • облыстың жүйе құрайтын кәсiпорындарының сатып алуында жергiлiктi қамту жөнiндегi ақпаратты жинау, талдау және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға ұсынуды жүзеге асыру;
    • индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларын iске асыру туралы ақпарат ұсыну;
    • облыс аумағында индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың iске асырылуын үйлестiрудi қамтамасыз ету;
    • «Жобаларды басқарудың ақпараттық-аналитикалық жүйесi (жобалық кеңсе)» ақпараттық жүйесiнiң есептiк нысандарын толтыруды қамтамасыз ету;
    • облыс басшылығына ақпарат дайындаумен өнеркәсiп салаларының дамуына мониторинг және талдау жүргiзу;
    • менеджмент жүйесiн енгiзген облыс кәсiпорындарына мониторинг жасау;
    • тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу мақсатында тоқсан сайын құзыреттi органға ұсынылатын өндiрушiлер және олар өндiретiн тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң тiзiлiмiн қалыптастыруды жүзеге асыру;
    • кең таралған пайдалы қазбаларға барлауға, өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
    • кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргiзуге немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурстарды ұйымдастыру және өткiзу;
    • құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы қаулының жобаларын дайындау;
    • кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну жөнiндегi конкурстық комиссия құрамын бекiту туралы қаулының жобаларын дайындау;
    • жер қойнауын пайдаланушымен келiсiмшарттардың талаптары туралы келiссөздер жүргiзу және жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындау;
    • жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
    • кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды жасау, тiркеу және сақтау;
    • «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге салу жөнiндегi мәмiлелердi тiркеу;
    • жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру;
    • келiсiмшарт жасасу кезiнде өңiр халқының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiнiң сақталумен байланысты мәселелердi шешу үшiн жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздерге қатысу;
    • кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;
    • кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешiмдер қабылдау;
    • кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердiң орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
    • жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмiн қалыптастыру мен жүргiзу мақсатында құзыреттi органға тоқсан сайын ұсынылатын облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн қалыптастыруды жүзеге асыру;
    • басқарманың интернет-ресурстарының ақпараттық толықтырылуын және үнемi жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету.
  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: arhgrado.sko.gov.kz

    Толық атауы: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме

    Мекенжай: 150015, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к.,23

    Телефондары: +7 7152 46-94-38, 36-28-41, 46-47-90.

    Факс: +7 7152 46-29-44.

    E-mail: uag@sko.kz

    Басқарма құрылымы

    Басқарма басшысы — 

    Телефон: +7 7152 46-29-44

    Қала құрылысы кадастыры және бас жоспарлар бөлімінің басшысы — Кабиев Жаслан Серғазыұлы (36-28-41)

    СҚО сәулет және қала құрылысы бөлiмiнiң басшысы — Шитканов Серикжан Шалабайұлы (36-28-41)

    Бас бухгалтер — Сейтимбетова Асел Болатқызы (46-94-38)

    Кадр мәселелерi жөнiндегi бас маман — Жолмуханова Диана Канатовна

    Бөлiмнiң бас маманы — Гончаров Давид Андреевич (36-28-41)

    Бөлiмнiң бас маманы — Нұржан Қуаныш Асқарұлы (36-28-41)

    Азаматтарды қабылдау графигi

    Басқарма басшысы:

     

    Қабылдау: сәрсенбi 15:00–17:00 каб. 226

    Хатшы (азаматтарды қабылдауға жауапты):

    Утегенова Салтанат Бахытовна

    Тел.: 46-29-44 каб. 226

    Мiндеттерi мен қызметтерi

    Басқарма қызметінің мақсаты және мазмұны

    Басқарманың негізгі мақсаты Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы сәулет, қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік басқару жүргізу болып табылады.

    Басқарма қызметінің құралы Солтүстік Қазақстан облысы аумағында сәулет, қала құрылысы саласында мемлекеттік басқару болып табылады

    Басқарманың негiзгi қызметтерi мен құқықтары

    Басқарма қызметiнiң мақсаты мен мазмұнына сәйкес өз құзiретi шегiнде келесi қызметтердi iске асырады:

    1. Жергiлiктi атқарушы органдарға объектiлер мен кешендердi орналастыру жөнiнде ұсыныстарды дайындау;
    2. Салынып жатқан (құрылысқа белгiленген) объектiлердiң және кешендердiң мониторингiн Қазақстан Республикасы Үкiметi орнатқан тәртiпте жүргiзу,;
    3. Қала құрылысының өзгеруiн немесе басқа да аудандардағы құрылысты жоспарлау туралы халыққа хабарлау;
    4. Әлеуметтiк мақсаттағы объектiлердi жобалау саласында көркейту мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
    5. Объектiлердi, кешендердi және уақытша үйлер мен ғимараттарды орналастыруды жобалау жөнiндегi жобалық-iздестiру жұмыстарды орындау кезiнде сәулет және қала құрылыстары талаптарын анықтау;
    6. Облыстық деңгейде мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу;
    7. Елдiмекендердi және жобалау, жаңғырту, көркейту, көгалдандыру, дизайнi мәселелерiн реттейтiн нормативтердi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды дайындауды;
    8. Жүз мың адамнан астам тұрғыны бар облыстық мағанасы бар қалалардың бас жоспарларының, жобаларының кешендi қала құрылыс сараптамасын жүргiзу және ұйымдастыру;
    9. Қала құрылысы жобалауымен байланысты бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қызметiн орындау;
    10. Дiн қызметi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналаcатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру.

    Басқарма негiзгi мiндеттердi iске асыру және қызметтердi жүзеге асыру мақсатында өз құзiретiнiң шегiнде мыналарға құқылы:

    1. Сәулет, қала құрылысы, мемлекеттiк қала құрылысыкадастырын енгiзу мәселелерi жөнiнде бұйрықтар шығаруға;
    2. Сәулет және қала құрылысы мәселелерiн шешуде облыстың қалаларының және елдiмекендерiнiң мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру;
    3. Қызметiн жүзеге асыру үшiн өз құзiретi шегiнде, статистика органдарынан және меншiк нысанына қарамастан шаруашылық субъектiлерден қажеттi, ақпараттарды алуға;
    4. Әлеуметтiк сала, тұрғын үй-коммуналдық, азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi қабылдау жөнiндегi комиссияға қатысу.
  • Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: dvp.sko.gov.kz

    Мекен-жайы: 150001, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58

    Телефон/факс: +7 7152 46-31-33

    E-mail: dvp@sko.kz

    Басқарма басшылығы 

    Басқарма басшысы — Рахметова Әсем Қалашбайқызы

    Басқарма басшысының орынбасары — Асқар Ережепұлы Хабибулин

    Басқарма басшысының орынбасары — Жолмұқанова Жангүл Серiкқызы

    Телефон: 46-93-41

    Азаматтарды қабылдау кестесi

    Т.А.Ж. Лауазымы Қабылдау күні Уақыт Кабинет
    Рахметова Әсем Қалашбайқызы Басқарма басшысы Жұма 16.00 с.–18.00 с. 421

    Негiзгi қызметтер

    Iшкi саясат басқармасының қызметiнiң негiзгi бағыттары «Қазақстан-2030» Даму стратегиясын, Үкiметтiң iс-қимылдар Бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын орындау жөнiндегi мемлекеттiк сасясатын iске асыру, өңiрдiң дамуының әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарын идеологиялық қамтамасыз ету, оның экономикалық дамуын талдау, нақты проблемалар мен жағдайлар бойынша қоғамдық пiкiрдi зерттеу негiзiнде қоғамдық-саяси процесстердi талдау және болжау. Ұлттық саясат саласындағы iс-шараларды iске асыру жөнiндегi жұмыстар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк, ақпараттық саясатты iске асыру, саяси партиялардың және қозғалыстардың, дiни ұйымдардың iс-әрекетiнiң мониторингi және олармен өзара әрекеттесу, қоғамдық күштердi бiрiктiруге, тұрақтылық пен ұлтаралық келiсiмге бағытталған жұмыстарды жүргiзу, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн қолдану мен насихаттауды, қоғамдық-саяси тақырып бойынша көрнекi, ақпаратты қадағалау.

  • Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

    Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56А

    Веб-адрес: zdrav.sko.gov.kz

    Пошталық мекен-жайы: 150000, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56А

    Байланыс телефоны: қабылдау бөлмесіндегі телефондар 46-35-80, факс 52-51-46

    е-mail: zdrav@sko.kz; zdrav@sko.gov.kz

    Сенім телефоны: +7 7152 46-94-91

    Басшылық

    Басқарма басшысы — Безлер Владимир Михайлович

    Телефон: +7 7152 46-35-80

    Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшылығының азаматтарды қабылдау күндері

    Аты-жөні Лауазымы Қабылдау күні Қабылдау сағаты
    1 Безлер Владимир Михайлович  Басқарманың басшысы Жұма 15.00–17.00
    2 Бапанова Мәриям Қалауқызы Басшысының орынбасары Бейсенбі 15.00 –17.00
    3 Иванова Рашида Курманбаева Басшысының орынбасары Сәрсенбі 15.00–16.00
    4 Дүйсенов Абзал Қайбарұлы Басшысының орынбасары Сейсенбі 15.00–16.00

    Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының негізгі міндеттері мен функциялары

    • Денсаулық сақтау саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады.
    • Денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етедi.
    • Өзiнiң өкiлеттiгi шегiнде денсаулық сақтау саласында нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
    • Денсаулық сақтау саласында атқарушы билiк құрылымын айқындайды, облыс тұрғындарының орналасу ерекшелiктерiн есепке алып, емдеу-алдын алу ұйымдарының желiн дамытады.
    • Өзiнiң өкiлеттiгi шегiнде денсаулық сақтау саласында республикалық нысаналы және аумақтық бағдарламалардың, ҚР азаматтарының тегiн медициналық көмекпен қамтамасыз етудiң мемлекеттiк кепiлдерiнiң iске асырылуын қамтамасыз етедi.
    • Денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметiн үйлестiредi.
    • Өз өкiлеттiгi шегiнде денсаулық сақтау саласына арналған қаражаттың тиiмдi пайдалануына бақылау жүргiзедi.
    • Медицина кадрларын даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және үйлестiредi.
    • Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулердiң бағдарламаларын үйлестiредi және қаржыландырады.
    • Денсаулық сақтау саласында мемлекеттiк статистикалық талдауды енгiзудi қамтамасыз етедi.
    • Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес облыс аумағында денсаулық сақтау саласында медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия бередi және лицензия алғаннан кейiн бақылау жасайды.
    • Өз өкiлеттiгi шегiнде денсаулық сақтаудың мемлекеттiк және жеке меншiк сектор қызметiне бақылауды қамтамасыз етедi, облыс аумағында орналасқан республикаға бағынатын денсаулық сақтау ұйымдарынан басқа.
    • Денсаулық сақтау саласында өңiраралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
    • Азаматтарға төтенше жағдайлар, авариялар, апаттар, табиғи зiлзала мен эпидемия салдарын жою кезiнде медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi.
  • Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы

    «Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi:
    Адрес: Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Парк к-сi 57-В
    Индекс: 150000
    web-сайт: www.yzo.sko.gov.kz
    Электрондық пошта: oblzem@sko.kz
    Сенiм телефоны: 8 7152 53-36-41

    Басқарма басшысымен және басшы орынбасарларымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесi

    Тегі Лауазымы Қабылдаудың уақыты және күні Ұйымның орналасқан жері Телефон
      Басқарма басшысы Апта сайын
    сәрсенбі
    9.00-13.00
    Петропавл қ.
    Парк к., 57 В
    533648
    Сүлейменов Жалғас Серікбайұлы Басқарма басшысының
    орынбасары
    Апта сайын
    жұма
    14.30-18.30
    Петропавл қ.
    Парк к., 57 В
    533668
    Омаров Қанат Қосылұлы Басқарма басшысы орынбасары Апта сайын
    бейсенбі
    жұма
    14.30-18.30
    Петропавл қ.
    Парк к., 57 В
    533668

    «Солтүстiк Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады:

    Тапсырмалары: Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында жер қатынастары саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу және жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерiн қорғау.

    Функциялары: 1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндiру жөнiндегi; бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi; барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн), магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөнiндегi объектiлердi салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшiн, магистральды құбырлар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

    2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

    3) облыстың жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибелiк шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

    4) жердi резервте қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

    5) өз құзыретi шегiнде мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;

    6) өз құзыретi шегiнде жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

    7) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

    8) жердi аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзiрлеудi ұйымдастыру;

    9) өз құзыретi шегiнде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;

    10) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу;

    11) өз құзыретi шегiнде жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    12) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректерi негiзiнде облыстың жер балансын жасау;

    13) осы Кодекстiң 71-бабына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

    14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

    15) пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзып пайдаланылатын жерлердi аталған бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдарына ақпарат берiп анықтау;

    16) Жер кодексiмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен белгiленген құзыреттерге сәйкес аудандар арасында жер қатынастарын реттеу;

    17) жер мәселелерi жөнiнде жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша арыздарын қарау, жер заңнамасын түсiндiру жөнiнде консультация өткiзу.

  • Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

    Мекен-жай: Петропавл қ., Абай көшесі 64;
    Телефон: +7 7152 46-56-48;
    Факс: +7 7152 46-90-73;
    Сенім телефоны: +7 7152 46-44-42;
    Web-сайт: ukzsp.sko.gov.kz 
    E-mail: zsp@sko.kz

    Азаматтарды қабылдау күндері

    Басқарма басшысы
    Яковенко Сергей Иванович
    (қабылдау бөлмесі 46-56-48)    
    айдың бірінші және үшінші сәрсенбісі
    9-00-дан 13-00-ке дейін
    Басшының орынбасары
    Елжасов Ринат Сергейұлы
    (46-02-21) 
    айдың екінші және төртінші сейсенбісі
    9-00-дан 13-00-ке дейін
    Басшының орынбасары
    Қошманов Алмаз Темірболатұлы
    (46-17-96) 
    айдың екінші және төртінші жұмасы
    9-00-дан 13-00-ке дейін
    Басшының орынбасары
    Мәулетбаева Гүлмира Серікқызы
    (46-97-61) 
    айдың бірінші және үшінші бейсенбісі
    9-00-дан 13-00-ке дейін

    Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының құрылымы

    Басқарма басшысы
    Яковенко Сергей Иванович (46-56-48)

    Басшының орынбасары
    Қошманов Алмаз Темiрболатұлы (46-17-96)

    Басшының орынбасары
    Елжасов Ринат Сергейұлы (46-02-21)

    Басшының орынбасары
    Мәулетбаева Гүлмира Серікқызы (46-97-61)

    Мемлекеттiк қызмет көрсету, оралмандармен және iшкi көшiп-қонушылармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi бөлiм
    Бөлiм басшысы —Махметова Алма Тiлегенқызы (46-37-43)

    Халықты жұмыспен қамту бөлiмi
    Бөлiм басшысы — Рудаков Алексей Александрович (46-22-05)

    Мүгедектердi оңалту бөлiмi
    Бөлiм басшысы — Завьялова Надежда Викторовна (46-29-01)

    Әлеуметтiк мекемелердiң қызметiн үйлестiру бөлiмi
    Бөлiм басшысы — Баймұқанова Сәуле Әшенқызы (46-46-97)

    Әлеуметтiк нормативтер және әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмi
    Бөлiм басшысы — Маркова Марина Андреевна (46-73-51)

    Ақпараттық-талдау бөлiмi
    Бөлiм басшысы — Құттымбетова Дана Науанқызы (46-73-39)

    Бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлiмi
    Бөлiм басшысы — Бос орын (46-71-43)

    Заңгерлiк жұмысы бөлiмi
    Бөлiм басшысы — Копнина Светлана Валентиновна (46-44-42)

    Бухгалтерлiк есеп, есептiлiк және мемлекеттiк сатып алу бөлiмi
    Бөлiм басшысы — Бондаренко Оксана Петровна (36-43-52)

    Персоналды басқару қызметi
    Басшысы — Есетова Ольга Сартайқызы (36-47-62) 

    Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

    Басқарманың миссиясы:

    Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес берiлген тапсырмаларын, атап айтқанда халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлжуаз топтарына әлеуметтiк қолдау көрсетудi көздейтiн әлеуметтiк бағдарламаларды орындау, Халықтың көшi-қоны саласында өзiнiң құзыретi шегiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру.

    Басқарманың мiндеттерi:

    • Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында жұмыспен қамтуды үйлестiру , әлеуметтiк бағдарламалар. Және халықтың көшi-қоны саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өңiрдiң басқа ұйымдарының аталған саладағы жұмысын үйлестiру.
    • жұмыспен қамту органдары арқылы жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету;
    • жұмыссыздық деңгейiн төмендету;
    • еңбек ресурстарының санын арттыру;
    • жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу (Жұмыспен қамту жол картасы 2020);
    • өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету;
    • мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында ҮЕҰ әлеуметтiк қызмет көрсетуге тарту;
    • мүгедектердi әлеуметтiк қолдаудың атаулылығын күшейту;
    • мүгедектерге көрсетiлетiн протездiк ортопедиялық көмектiң, техникалық көмекшi (орын толтырушы) құралдардың және санаторий-курорттық емделудiң атаулылығынын қамтамасыз ету;
    • аз қамтамасыз етiлген азаматтарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектiң атаулылығы мен тиiмдiлiгiн арттыру;
    • бiлiктiлiгi мен кәсiби деңгейiн ұдайы арттыру;
    • кәсiби даярлығын, құқытық мәдениетiн және азаматтармен жұмыс iстей бiлу қабiлетiн анықтау;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылық жасауды болдырмау;
    • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
    • бюджет қаржатын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету, iшкi бақылау және аудит жүйесiн нығайту.

    Басқарманың функциялары:

    1) Халықты жұмыспен қамту саласында:

    • еңбек нарығына мониторинг;
    • кадрлар даярлаудағы және оларды жұмысқа орналастырудағы қажеттiлiктi мүдделi органдармен бiрлесiп айқындау;
    • уәкiлеттi органдармен әдiстемелiк және ұйымдастырушылық басқару;
    • халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа бағыттарымен үйлестiру;
    • халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру және реттеу;
    • жұмыс берушiлердiң, қызметкерлердiң және қоғамдық ұйымдар өкiлдерiнiң жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатын әзiрлеуге және оны iске асыруға қатысуын қамтамасыз ету;
    • әлеуметтiк-экономикалық даму және бюджеттiк параметрлер болжамының әлеуметтiк-еңбек қатынастары, жұмыспен қамтуды үйлестiру саласындағы жобасын әзiрлеу және келiсу;
    • жұмыспен қамтудың еңбек делдалдығымен айналысатын жеке агенттiктерiмен, жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын ашу және жұмыспен қамтудың республикалық және өңiрлiк бағдарламаларын жүзеге асыру мәселерi жөнiндегi жұмыс берушiлерiмен өзара iс-әрекет жасау;
    • өңiрдегi әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге, жұмыспен қамту қызметiне арызданған кәсiби құрам мен жұмыссыздардың бос жұмыс орындарына сәйкестiгiне талдау жүргiзу, айырмашылық себептерiн айқындау және еңбек нарығын реттеу жөнiндегi шұғыл шаралар қабылдау;
    • тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында тұратын халықтың нысаналы тобын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiнде шараларды қамтамасыз ету;
    • қоғамдық ақылы жұмыстарды, әлеуметтiк жұмыс орындарын, жастар практикасын, квоталанған жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi қолданыстағы заңнамаға сәйкес үйлестiру;
    • еңбек нарығының қажеттiлiгiн және оның даму перспективаларын, инвестициялық саясатты, жергiлiктi бюджет мүмкiндiктерiн ескере отырып бiлiм жүйесiн кадрлар даярлауға бағдарлау;
    • азаматтарды жұмысқа орналастыру кезеңiн қысқартуға бағытталған жұмыстың озық жаңа нысандары мен әдiстерiн енгiзу, жұмыссыздар мен жұмыс берушiлерге қызмет көрсетуге арналған iс-шаралардың сапасын арттыру және тiзбесiн кеңейту;
    • бағдарламалар мен көрсетiлетiн қызметтерге ұсыныстар әзiрлеу, жұмыс iздеп жүрген азаматтармен және жұмыссыздармен байланысты әрекет жасауды жақсарту жөнiнде автоматтандырылған ақпараттық жүйелердi енгiзу;
    • жұмыссыздарды кәсiби оқыту жөнiндегi жұмысты үйлестiру;
    • еңбек нарығының бiрегей ақпараттық дерекқорын енгiзу үшiн жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсынысты талдау және болжау, халықты және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiн еңбек рыногындағы жағдай жайлы ақпараттандыру;
    • халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметiн үйлестiру;
    • Жұмыспен қамту жол картасының 2020 көрсеткiштерi бойынша монитринг жүргiзу;
    • Жұмыспен қамту жол картасын 2020 iске асыру жөнiндегi мәлiметтер мен статистикалық деректердi шұғыл есепке алуды ұйымдастыру, қорыту және талдау жасау;

    2) Әлеуметтiк әрiптестiк саласында:

    • облыс әкiмi, облыстық қызметкерлер бiрлестiктерi мен жұмыс берушiлер арасындағы Үш жақты келiсiмдi, әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi комиссия жұмысының жоспарын, Үш жақты келiсiмдi iске асыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу, келiсу;
    • облыстық үш жақты Келiсiмдi орындау туралы ақпараттық материалдарды дайындау.

    3) Еңбекақы төлеудi нормалау саласында:

    • қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) бағаларды (тарифтердi, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың еңбекақы төлеу жүйесi параметрлерiн заңнамада белгiлеген тәртiппен қарау және келiсу, еңбекақы төлеу жөнiндегi материалдарды тексеру және сараптау;
    • табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау органдарымен өзара iс-әрекет жасау;
    • меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдармен еңбектi нормалау және еңбек төлемi мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелiк жұмыс жүргiзу және оларға консультативтiк көмек көрсету.

    4) Әлеуметтiк нормативтер мен әлеуметтiк көмек саласында:

    • аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақыларды, тұрғын үй көмегiн, үйде тәрбиеленiп, оқитын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмектi, аз қамтамасыз етiлген отбасылардағы студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету;
    • мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақыларды, үйде тәрбиеленiп, оқитын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмектi, аз қамтамасыз етiлген отбасылардағы студенттерге әлеуметтiк қолдау, төртiншi (және одан кейiнгi) бала тууына байланысты көпбалалы отбасыларға әлеуметтiк көмек төлеуге көзделген бюджеттiк қаражататың нысаналы бағытталуына мониторингтi жүзеге асыру;
    • Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы өтемақы тағайындау және төлеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
    • мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк, балалар жәрдемақысы және тұрғын үй көмегi мәселелерi жөнiндегi облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу және келiсу.

    5) Мүгедектермен жұмыс жүргiзу және әлеуметтiк мекемелер қызметiн үйлестiру саласында:

    • мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен, протездiк-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифло-техникалық құралдармен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, мүгедектерге жеке көмекшi және ымдау тiлi маманының қызметiн көрсету, сондай-ақ мүгедектер мен ардагерлердi санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiру;
    • облыстың мүгедектерi мен ардагерлерiне протездiк-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге жолдама беру;
    • мүгедектердiң дерекқорын қалыптастыру;
    • соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек еткендерге азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолына жеңiлдiктер жөнiнде қосымша шаралар белгiлеудi жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
    • мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетiлуiн үйлестiру;
    • мүгедектердiң қоғамдық ұйымдарымен өзара iс-әрекет жасау;
    • денсаулық сақтау, бiлiм беру органдарымен мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және мүгедектердi шектеулi балаларды медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау мәселелерi бойынша өзара iс-әрекет жасау;
    • медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң қызметiн үйлестiру;
    • мүгедек балаларға, жалғыз басты азаматтар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
    • тұрғындардың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлктiерiне талдау жүргiзудi қамтамасыз ету;
    • мүгедектердiң Мүгедектердi сауықтыру орталығында оңалту курсын өтуiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысын ұйымдастыру;
    • мемлекеттiк және медициналық емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерге әлеуметтiк қызмет көрсетуге жолдамалар беру;
    • мынадай автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен: мүгедектердi жеке оңалту бағдарламаларын iске асыру мәселесi жөнiндегi МОДҚ, әлеуметтiк әлжуаз санаттарына жататын азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету мәселесi бойынша «Е-собес» жүйелерiмен жұмыс жүргiзудi ұйымдастыру;
    • арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн субъектiлердi кадрмен қамтамасыз етудi, әлеуметтiк қызметкерлердi кәсiптiк даярлау, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
    • жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асыру.

    6) Халықтың көшi-қоны саласында:

    • халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты өз құзыретi шегiнде iске асырады;
    • халықтың көшi-қоны мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органға оралмандардың көшiп келу квоталарын қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстар енгiзедi;
    • халықтың көшi-қоны мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тарту квоталарын қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстар енгiзедi;
    • оралмандар мен еңбекшi көшiп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
    • этностық қазақстардан оралман мәртебесiн алуға, оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзуге қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
    • оралман мәртебесiн беру жөнiндегi, оралмандардың көшiп-келу квтотасына енгiзу және оралмандардың көшiп-келу квтотасына енгiзiлген оралмандарға бiржолғы жәрдемақылар, тұрғын үй сатып алуға қаражат төлемiн тағайындау туралы шешiм қабыладйды;
    • оралман куәлiгiн бередi;
    • уақытша орналастыру орталығының қызметiн ұйымдастырады;
    • шетелдiк жұмыс күшiн өңiр аумағына тартудың орындылығы туралы қорытындылар дайындау;
    • орталық атқарушы органмен бөлiнген квотаның шеңберiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күштерiн тарту үшiн рұқсат беру, сондай-ақ, аталған рұқсатты тоқтату және керi қайтарып алу;
    • шетелдiк жұмыс күшiн тартатын кәсiпорындар қызметiн бақылауды iске асыратын органдармен қолданылып жүрген заңнаманның орындалуы және жұмыс берушiлердiң жұмыс орындарын ашу, жұмысқа тартылған шетелдiк мамандарды бiртiндеп ауыстыру үшiн қазақстандық азаматтарды кәсiби оқыту жөнiндегi шарттарды орындау мәселелерi жөнiнде өзара iс- әрекет жасау;
    • тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын шетелдiк қызметкерлерге халықтың көшi-қоны жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде облыс аумағында жұмысқа орналасуға рұқсат бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсатты тоқтата тұрады және қайтарып алады;
    • бизнес-көшiп келушiлердiң уақытша тұруға арналған рұқсатының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға қолдаухат бередi.

    7) Азаматтардың ұсыныстарын, арызын және шағымдарын қарау, олар бойынша қажеттi шаралар қолдану, Басқарма құзыретiне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды, мекемелердi және ұйымдарды қабылдау, кеңес беру.

    8) Азаматтармен және ұйымдармен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы Президентi пен Үкiметi заңдарын, актiлерiн, Басқарма қызметi саласына қатысты орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн орындауға жәрдем көрсету.

  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

    СҚО әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының орналасқан мекенжайы: 150000, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ., П. Васильев к., 69.

    Электрондық поштаның мекенжайы: uprk@sko.kz

    Сайттың мекенжайы: uprkult.sko.gov.kz

    Телефоны: 46-43-92, 36-18-25

    Басшылық

    Қабылдау бөлмесi: +7 7152 46-43-92

    Факс: +7 7152 36-17-21, +7 7152 36-17-88

    E-mail: uprk@sko.kz

     

    Басқарма басшысы — 

    Телефоны: +7 7152 46-43-92

     

    Басшының орынбасары — Зәуре Талапкерқызы Нұрмұқанова

    Телефоны: +7 7152 36-18-25

     

    Персоналды басқару қызметi — Индира Әдiлбекқызы Ыбыраева

    Телефоны: +7 7152 36-17-79

     

    Ақпараттық-ұйымдастыру бөлімнің басшысы

    Казенова Ғалия Қонақбайқызы

    Телефоны: +7 7152 36-17-21

     

    Шығармашылық мұраны дамыту бөлiмнiң басшысы

    Молдахметова Тұрсын Махметқызы

    Телефоны: +7 7152 36-17-21

     

    Тарихи-мәдени мұраны қорғау және заң жұмыстары жөнiндегi бөлiмнiң басшысы

    Мәмбеталинов Рақат Мәжкенұлы

    Телефоны: +7 7152 36-05-66

     

    Қаржы-экономикалық бөлiмнiң басшысы

    Долганова Татьяна Викторовна

    Телефоны: +7 7152 36-17-88

     

    Архивтер және құжаттама бөлiмнiң басшысы

    Жүсiпова Алтынай Таласбайқызы

    Телефоны: +7 7152 36-24-79

    СҚО әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесi

    Басқарма басшысы: апта сайын бейсенбi күнi сағат 16-00-ден 18-00-ге дейiн.

    Басшының орынбасары Зәуре Талапкерқызы Нұрмұқанова: апта сайын сәрсенбi күнi сағат 16-00-ден 18-00-ге дейiн.

    СҚО әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мекен-жайы: Петропавл қ., П.Васильев к., 69, 1-кабинет (3 қабат).

    Анықтама алу үшiн телефондар: 36-18-25; 46-43-92.

     

    «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» «коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

    «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: мәдениет, архив iсi және құжаттама саласында сапалы және қолжетiмдi қызмет көрсетуге, өңiрде тұрып жатқан барлық ұлттардың мәдени дамуына, қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға бағытталған мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыру.

    «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мiндеттерi:

    1) облыс аумағында мәдениет, архив iсi және құжат жасау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

    2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетiн қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға, Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында архив iсiн мемлекеттiк басқаруға бағытталған шаралар қабылдау;

    3) ұлттық және әлемдiк мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

    4) мәдени құндылықтарға еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз ету;

    5) халыққа мәдени қызмет етудiң мемлекеттiк ең төменгi стандарттарын белгiлеу;

    6) мемлекеттiк мәдениет, архив iсi ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

    7) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

    8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, топтық-тектiк және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiкке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгiттеуге жол бермеу жөнiнде шаралар қолдану;

    9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетiлуiне және әкелуiне, оған меншiк иесi құқығының басқаға заңсыз берiлуiне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;

    10) мәдениет, архив iсi және құжаттама саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшiн жағдайлар жасау;

    11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың ұлттық-мәдени бiрлестiктерге қатысу еркiндiгiн, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегi отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзiндiк ерекшелiгiн қорғау және дамыту құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

    «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары:

    1) облыс аумағында мәдениет, архив iсi және құжат жасау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;

    2) облыстың мемлекеттiк архивтерi сақтауға қабылдаған Ұлттық архив қоры құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

    3) облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының театр, музыка және кино өнерiн, мәдени-демалыс қызметi мен халық шығармашылығын, кiтапхана және музей iсiн дамыту бойынша қызметiн қолдайды және үйлестiредi, облыстың мәдениет және архив iсi саласындағы мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

    4) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында облыстық (өңiрлiк) байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткiзудi ұйымдастырады;

    5) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдар өткiзудi ұйымдастыруға құқылы;

    6) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жұмысын ұйымдастырады;

    7) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ереженi бекiтедi;

    8) тиiстi аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметiне мониторингтi жүзеге асырады және уәкiлеттi органға ақпарат, сондай-ақ белгiленген нысанда статистикалық есептер бередi, облыстың мемлекеттiк архивтерiнде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзедi және олардың сақталуын қамтамасыз етедi;

    9) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

    10) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;

    11) өз құзыретi шегiнде коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;

    12) облыстың мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;

    13) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды:

    тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмысын жүргiзудi қамтамасыз етедi;

    тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды қарастырады;

    мемлекет меншiгi болып табылатын жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру туралы мәселенi шешедi;

    уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, құрылыс салу және реконструкциялау жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындауды, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;

    тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

    тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;

    облыстың жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiндегi комиссиялар құру туралы ұсыныс енгiзедi;

    тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жұмысын жүргiзедi;

    монументалды өнердiң жаңа үймереттерiн орнату жұмысын, мемориалды тақта орнату жұмысын жүргiзедi;

    тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, құрылыс салу және реконструкциялау жобаларын қарайды және келiседi;

    мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысы бар қоршаған орта объектiлерiн қорғауды және пайдалануды жүзеге асырады;

    тиiстi аумақтарда жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану және күтiп-ұстау тәртiбiн, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмысын орындауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

    тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерiне және пайдаланушыларына олардың осы Заңды бұзғаны туралы нұсқамалар бередi;

    Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негiздерде және тәртiппен өзге де әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолданады;

    14) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк бередi;

    15) облыстың мемлекеттiк кiтапханаларының бiрiне «Орталық» мәртебесiн бередi;

    16) дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды iздестiруге және қолдауға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүзеге асырады;

    17) мәдениет саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;

    18) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимiн сақтауды қамтамасыз етедi;

    19) коммуналдық меншiктегi деректi тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғауды, сақтауды және пайдалануды жүзеге асырады;

    20) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

    21) облыстың мемлекеттiк архивтерiнде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастырады;

    22) облыстың аумағында орналасқан Ұлттық архив қорын толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасауды және бақылау жасауды жүзеге асырады;

    23) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастырады;

    24) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдаланады;

    25) облыстың тарихы жөнiндегi архив құжаттарын жинауды және қайтаруды жүзеге асырады;

    26) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң функцияларын орындайды; ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржылық қызметiн ұйымдастыруды, мәдениет, өнер және архив iсi мекемелерiнiң желiсiн дамытудың перспективалы және жылдық жоспарларын келiсудi жүзеге асырады, белгiленген тәртiпте облыстық бюджетте тұрған кәсiпорындар мен мекемелердiң штат кестелерiн, сметаларын бекiтедi, оларды қаржыландыруды жүзеге асырады, саланың жиынтық бухгалтерлiк есептерi мен теңгерiмдерiн тиiстi органдарға уақытында ұсынуды қамтамасыз ете отыра, оларды құрастырады, бюджеттiк ассигнованияларды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi және өз құзыретi шегiнде материалдық-техникалық базаны жақсартуға, ведомстволық бағынысты объектiлердi күрделi жөндеуге байланысты мәселелердi шешедi;

    27) ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларын конкурстық iрiктеудi, тағайындауды және аттестаттауды жүзеге асырады;

    28) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

    «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтары:

    1) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;

    2) облыс әкiмiне мәдениет, архив iсi және құжаттама саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзу, басқарманың қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру, ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныс енгiзу;

    3) мәдениет және архив объектiлерiн жобалау және салу бойынша ұсыныс енгiзу, облыстың мәдениет және өнер, архив iсi мен құжаттану мекемелерiн салуды және техникалық базасын кеңейтудi бақылау;

    4) ведомстволық бағынысты коммуналдық ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

    5) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсiпорындардың жарғыларын (ережелерiн) әзiрлеуге, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге қатысу;

    6) ведомстволық бағынысты кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) бағасын белгiлеу;

    7) өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, сотта талап қоюшы және жауапкер болу.

    «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мiндеттерi:

    1) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсiпорындарда мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру, ведомстволық бағынысты кәсiпорындар қызметiнiң қаржы-шаруашылық жоспарларын және оларды орындау жөнiндегi есептердi белгiленген мерзiмде қарау, келiсу және бекiту, ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсiпорындар мүлкiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

    2) ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

    3) коммуналдық мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органмен коммуналдық заңды тұлғаға тапсырылған немесе өзiнiң шаруашылық қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiктi алып қоюды немесе қайта бөлудi келiсу;

    4) «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау.

  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: uob.sko.gov.kz

    Заңды мекен-жайы:  150011 г. Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы 58.

    Е-mail: uosko@sko.kzuosko@mail.ru 

    Басшылық

    Басқарма басшысы — Шолпан Таңатқызы Каринова

    Телефон: +7 7152 46 32 88

    Басшысының орынбасары — Күлпәш Әмiржанқызы Қалғожина

    Телефон: +7 7152 46 48 51

    Басшысының орынбасары — Ткаченко Владимир Сергеевич

    Телефон: +7 7152 36 59 31

    Басшысының орынбасары — Хасенова Айгүл Кенжеқанқызы

    Телефон: +7 7152 36 35 66

    Азаматтарды қабылдау кестесi

    Бiлiм басқармасының басшысы

    Каринова Шолпан Таңатқызы

    Бейсенбi 15.00–17.00

       Басшының жалпы орта білім жөніндегі орынбасары

    Қалғожина Күлпаш Әміржанқызы

    Жұма 15.00–17.00

       Басшының кәсіптік білім жөніндегі орынбасары

    Ткаченко Владимир Сергеевич

    Сәрсенбi 15.00–17.00

     Басшының экономика және қаржы мәселелерi жөніндегі орынбасары

    Хасенова Айгүл Кенжеқанқызы

    Сейсенбi 15.00–17.00

    Барлық сiзге қажет ақпаратты мына телефон арқылы бiлеуге болады 8 (7152) 46-32-88,

    Негізгі міндеттер мен қызметтер

    Мектепке дейінгі тәрбиелеу, жалпы орта білім, бастауыш және орта кәсіптік білім, мектептен тыс білім саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

    • Дарынды балаларға  жалпы  орта білім беру, сонымен қатар арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету;

    • білім беру қызметін лицензиялау және Мектепке дейінгі тәрбиелеу, жалпы орта білім, бастауыш және орта кәсіптік білім, арнайы және мамандандырылған  білім беру, сондай ақ спорт саласында қосымша білім беру бағдарламасы бойынша  мемлекеттік саясатты іске асыратын  заңды тұлғалардың мемлекеттік аттестациясын өткізу.

    • мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алу, оларды орта білім алғанша дейін оқуын ұйымдастыру;

    • білім ұйымдары, соның ішінде  арнайы білім бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар  үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді  сатып алу және жеткізуді  қамтамасыз ету;

    • жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

    • балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын тексеру және халыққа психологиялық медициналық педагогикалық кеңес беру;

    • дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдердің оңалуы мен әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету;

    • бастауыш және орта кәсіптік білім беретін білім ұйымдарының бітірушілерін жұмысқа орналастыру;

    • жалпы орта білім беретін  білім ұйымдарының  білім беру сапасын  аралық мемлекеттік бақылауын өткізуді және лицензиялау ережелерін қадағалау бойынша тексерулерді қамтамасыз ету;

    • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген  тәртіппен оқытылатын оқушылардың жеке санаттарын тегін және жеңілдікті тамақтануын ұйымдастыру;

    • білім ұйымдарының  оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық күтім жасауды ұйымдастыру;

    • облыстық бюджеттен қаржыландырылатын  облыстық білім ұйымдарының іс-шараларын қаржыландыру;

    • кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау мәселелері бойынша  оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік серіктестікті  дамытуға ықпал жасау;

    • бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

    • білім ұйымдарының басшы және педагогикалық кадрларын аттестациялау;

    • заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемелер мен білім кәсіпорындары үшін товарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Ресми интернет-ресурс: dptiad.sko.gov.kz

    Толық атауы — «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ

    Мекенжайы: 150010, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 61

    Телефоны: +7 7152 33-86-95

    Факс: +7 7152 33-87-65.

    Басқарманың сенім телефоны — + 7 7152 33-87-65.

    Электрондық поштаның мекенжайы: trans@sko.kz

    Басқарма басшылығы

    Каб.

    Тегі, аты, әкесінің аты

    Лауазымы

    Телефоны

    301

    Исманов Бейбіт Қайыркешұлы

    Басқарма басшысы

    33-86-95

    310

    Дәулетбаев Мереке Қазиұлы

    Басшының орынбасары

    33-00-37

    314

    Тасболатов Ғалым Хабдрахманұлы

    Басшының орынбасары

    46-48-10

    Бухгалтерлік есеп, есеп беру бөлімі

    306

    Әлжанова Әсия Қуанышбайқызы

    Бөлім басшысы

    50-17-30

    Жоспарлау, сметалық-шарттық жұмыстарды жүргізу бөлімі

    309

    Сербина Ксения Александровна

    Бөлім басшысы

    46-32-62

    Автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлімі

    314

    Әуелов Тимур Жолдасбекұлы

    Бөлім басшысы

    46-45-44

    Ұйымдық-құқықтық жұмыстар бөлімі

    315

    Үмбетова Мадина Құсайынқызы

    Бөлім басшысы

    46-66-85

    Көлік және жолаушыларды тасымалдау бөлімі

    308

    Әбілмәжінов Мирхат Бейбітұлы

    Бөлім басшысы

    33-11-17

    Персоналды басқару қызметі

    315

    Қалықова Жадыра Жұмабекқызы

    Бас маман

    46-66-85

    Азаматтарды қабылдау кестесі

    ТАӘ

    Лауазымы

    Қабылдау күндері

    Қабылдау уақыты

    1

    Исманов Бейбіт Қайыркешұлы

    Басшы

    Апта сайын, бейсенбі күндері

    сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін

    2

    Дәулетбаев Мереке Қазиұлы

    Басшының орынбасары

    Апта сайын, сейсенбі күндері

    сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін

    3

    Тасболатов Ғалым Хабдрахманұлы

    Басшының орынбасары

    Апта сайын, жұма күндері

    сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін

    Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары

    Міндеттері:

    1) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін дамыту, жалпыға ортақ пайдаланылатын жолаушылар көлігінің қызметін үйлестіру;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзырет шегінде облыс аумағында жол қызметін және көлік қызметін мемлекеттік реттеуді және басқаруды жүзеге асыру;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    Функциялары:

    1) автомобиль көлігі, автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

    3) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желiсiн басқару;

    4) облыстың коммуналдық меншiгiндегi жолдарды және жол кәсiпорындарын басқару;

    5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

    6) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн өтеусiз уақытша пайдалануға беру туралы шешiмдерінін жобаларын дайындау;

    7) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын әзiрлеу;

    8) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін әзiрлеу;

    9) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын әзiрлеу;

    10) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға қиылысатын жолдар салуды келісу;

    11) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;

    12) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;

    13) жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық автомобильмен тасымалдау бойынша маршруттар мен қозғалыс кестесін келісу;

    14) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламалар қабылдау;

    15) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

    16) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;

    17) жолаушыларды ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), сондай-ақ теміржолмен қаламаңылық қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

    18) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;

    19) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

    20) қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткiзу кестесін келісу;

    21) әуе көлігімен жолаушылар тасымалы жұмысын ұйымдастыруда уәкілетті органмен өзара әрекет ету;

    22) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

    23) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз ету;

    24) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

    25) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы апаттылық деңгейін төмендетуге қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;

    26) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;

    27) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;

    28) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштеріне есеп жүргізу және қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру;

    29) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау.

  • Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: tilbas.sko.gov.kz

    Толық атауы: «Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Мекен-жайы: 150011, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 58

    E-mail: tilbas@sko.kz

    Басқарма басшылығы

    Басшы
    Оспанов Кемел Қарашаұлы

    506 кабинет

    46-03-32

    Орынбасар
    Жамантаев Нұрлан Досбайұлы

    510 кабинет

    49-01-28

    Бөлім басшылары:

    Әкімшілік бөлім
    Сапаров Аян Жұмағатұлы

    504 кабинет

    50-25-58

    Ономастикалық жұмыс бөлімі 
    Сұлтанов Ернияз Ырыскелдіұлы

    508 кабинет

    36-04-49

    Тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а.
    Тоқпанов Әнуар Бердібекұлы

    507 кабинет

    36-10-44

     

    Бағынышты құрылым: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» КММ «Тілдi оқыту орталығы»

    КММ, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64

    Басшы

    Шынтемірова Үмітжан Шайкенқызы

    1 қабат

    50-31-14

    Басқарма басшысының азаматтарды қабылдау кестесi

    Лауазымы

    Тегі, аты, әкесінің аты

    Қабылдау уақыты

    Басқарма басшысы

    Оспанов Кемел Қарашаұлы

    сәрсенбі, 9.00–13.00

    Басқарма басшының орынбасары

    Жамантаев Нұрлан Досбайұлы

    Жұма, 9.00–13.00

    Басқарманың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:

    «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігнің тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында тiл саясаты саласында мемлекеттiк басқару қызметiн атқаруға облыстық бюджет қорынан қаржыландырылатын және облыс әкiмдiгi өкiлеттiлiгiндегi атқарушы орган болып табылады.

    Басқарманың негiзгi мақсаты мен қызметi Солтүстiк Қазақстан облысында бiрыңғай мемлекеттiк тiл саясатын жүргiзу, «Қазақстан Республикасындағы Тiлдер туралы» 3аңның, Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру және оны iске асыру бойынша облыстық iс-шаралар жоспарын меншiк түрiне қарамай, облыстық басқармалар мен ведомстволар, қалалық және аудандық әкiмдiктер, ұйымдар мен мекемелер қызметтерiн үйлестiру болып табылады.

    Басқарма жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi қызметтердi жүзеге асырады:

    • «ҚР Тiл туралы» Заңның, Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001–2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының орындалу барысын қадағалау бойынша тексерiстер жүргiзедi;

    • тiлдердi дамытудың өзектi мәселелерi бойынша шаралар өткiзедi;

    • мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша жұмысты үйлестiредi;

    • ономастикалық жұмысты үйлестiредi;

    • өңiрдегi тiлдiк ахуал жөнiнде әлеуметтiк зерттеулер, мониторинг жүргiзудi ұйымдастырады;

    • аналитикалық баяндамалар, тiлдiк заңнамаларды iске асыру бойынша есептер дайындауды жүзеге асырады.

  • Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің кәсiпкерлiк және туризм басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: upt.sko.gov.kz

    Мекен-жай: 150011,  Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58

    Телефон: +7 7152 36-04-02 (приёмная)

    Факс: +7 7152 50-22-87

    Сенім телефоны: +7 7152 36-13-62

    E-mail: upt@sko.kz

    Басшылық

    Басқарма басшысы — Құралай Амангельдіқызы Жарова

    Телефон: +7 7152 31-06-30

    Басқарма басшысының орынбасары — Әділхан Мерекеұлы Мұхамедияров

    Телефон: +7 7152 33-65-64

    Азаматтарды қабылдау кестесi

    «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің  кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ-де азаматтарды қабылдау Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы қ., 58 мекенжайы бойынша келесi кестеге сәйкес жүргiзiледi.

    Лауазым Тегі Қабылдау күні Қабылдау сағаты кабинет№
    Басқарма басшысы Құралай Амангелдіқызы Жарова сәрсенбі 14.30-17.30 аралығында 514
    Басқарма басшысының орынбасары Әділхан Мерекеұлы Мұхамедияров сейсенбі  14.30-18.00 аралығында 503А
    Басқарма басшысының орынбасары Бос орын      

    Азаматтарды қабылдау және олардың өтiнiштерiн қарау мәселелерi бойынша, азаматтарды қабылдау жүргiзiлетiн мекенжай, қабылдау уақыты, сондай-ақ қабылдауға жазылу тәртiбi бойынша ақпаратты басқарманың қабылдау бөлмесiнде (514 кабинет) iс қағаздары жөнiндегi инспектор Роза Шоқайқызы Қабыловадан 8 (7152) 360402 телефоны бойынша алуға болады.

    Басқарманың негiзгi мiндеттерi мен функциялары

    Мiндеттер:

    • экономиканың басым секторларын дамыту үдерiсiнде жергiлiктi атқарушы орган мен бизнестiң өзара тиiмдi iс-қимылын қамтамасыз ету;
    • кәсiпкерлiк қызметтiң дамуына бөгет болатын әкiмшiлiк кедергiлердi азайтуға жәрдемдесу;
    • қаржыландыру көздерiнiң құралдарын және қолжетiмдiлiгiн кеңейту арқылы экономиканың басым секторларына инвестиция тартуға жәрдемдесу;
    • мемлекеттiк сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
    • туризм саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзудi қамтамасыз ету.

    Функциялар:

    • өңiрде кәсiпкерлiк инфрақұрылымды және кәсiпкерлiк қызметтi қолдау жөнiндегi инфрақұрылымды дамыту мәселелерi жөнiндегi шараларды пысықтау және iске асыру;
    • тиiстi мемлекеттiк органдарға өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерге қағидалар, өзгерiстер мен толықтырулар қосу туралы ұсыныстар енгiзу;
    • кәсiпкерлiктi дамыту бөлiгiнде республикалық және жергiлiктi деңгейдегi стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге қатысу.
    • Облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының салалық бөлiмiн әзiрлеу;
    • басқарманың Стратегиялық және Операциялық жоспарларын әзiрлеу және iске асыру, солар бойынша есептер дайындау;
    • орталық мемлекеттiк органдар, даму институттары, облыстық және аумақтық ұйымдар, аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдiктерiмен кәсiпкерлiк және туризм дамыту мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
    • бағдарламалық құжаттарды немесе олардың салалық бөлiмдерiн iске асыруды үйлестiру және мониторинг жасау, солар бойынша есептер дайындау;
    • облыста Бизнестiң жол картасы 2020 мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды үйлестiру, есептер дайындау;
    • әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағасына мониторинг жасау. Жанар-жағармай материалдары бағасына мониторинг жасау;
    • басқарма жетекшiлiк ететiн облыстың экономикалық қызмет салаларының дамуын талдауды жүргiзу;
    • облыс аумағында кәсiпкерлiк субъектiлерiне арналған ақпараттық-консультативтiк, тұсаукесер-көрмелiк iс-шараларды өткiзу, олардың республика аумағындағы және одан тыс жерлердегi форум, конференция, слёт, фестиваль, көрмелерге қатысуын ұйымдастыру;
    • жетекшiлiк ететiн бағыттар бойынша сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
    • басқарманың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыруды және ұдайы жаңартып отыруды қамтамасыз ету;
    • түстi және қара металл сынығы мен қалдығын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру;
    • түстi және қара металл сынығы мен қалдығын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияларды есепке алу және осы лицензиаттардың лицензиялық ереженi сақтауын бақылау;
    • жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
    • сараптамалық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
    • жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;
    • өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
    • көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
    • заңнамаға сай тәртiпте бекiтiлген әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағасы мөлшерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
    • бейбiт уақыттағы төтенше жағдайларда және жұмылдыру мерзiмiнде облыстық сауда және тамақтандыру, жанар-жағармай материалдары қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру;
    • облыс аумағында туристiк қызмет саласындағы үйлестiрудi жүзеге асыру;
    • туризмдi дамытудың өңiрлiк бағдарламалары мен жоспарларын әзiрлеу және iске асыру;
    • туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
    • мыналарға енгiзуге арналған ақпаратты облыс аумағында қалыптастыру және уәкiлеттi органға тоқсан сайын ұсыну:
    • туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмi;
    • туристiк маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттiк тiзiлiмi;
    • туристiк қызмет көрсету нарығын талдауды жүргiзу және уәкiлеттi органға облыс аумағында туризмнiң дамуы туралы ақпарат ұсыну;
    • облыстық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және енгiзу;
    • туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне және өз бетiнше туризмдi дамытуға жәрдем ету;
    • туристiк ақпарат ұсыну, соның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы;
    • басқарманың жанынан туризмдi дамыту мәселелерi жөнiндегi қоғамдық кеңестердi құру;
    • өз құзыретi шегiнде облыста кәсiпкерлiк және туризмдi дамытуға арналған қаржы қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету.
  • Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: dpr.sko.gov.kz
    Мекен-жайы: 150008, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк к-сi, 57в
    Телефон/факс: +7 7152 53-36-37
    Сенiм телефондары: +7 7152 53-36-42
    Электронды пошта: dpr@sko.kz

    Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қызметкерлерiнiң тiзiмi

    Каб. № Тегi, аты, әкесiнiң аты Лауазымы Телефоны
    Басшылық
    431 Сәдуақасов Қабиден Қайырбекұлы басқарма басшысы 53-36-37
    428 Әбуғалиев Ерлан Бекетұлы  басқарма басшысының орынбасары 53-36-49
    427 Усольцев Анатолий Федорович басқарма басшысының орынбасары 53-36-46
    Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлiмi
    430 Лабанчук Василий Алексеевич бөлiм басшысы 53-36-39
    Жануарлар дүниесі және балық ресурстары бөлімі
    435 Тәшімов Ерлан Бекенбайұлы  бөлiм басшысы 53-36-35
    Экологиялық реттеу бөлімі
    436 Тайгилов Бауыржан Төренұлы бөлiм басшысы 53-36-51
    Су ресурстарын пайдалануды реттеу және табиғат қорғау бағдарламалары бөлімі
    439 Орлов Владислав Вячеславович бөлiм басшысы 53-36-53
    Әкімшілік-құқық жұмыстары бөлімі
    440 Қалиев Қабиден Қамзеұлы бөлiм басшысы 53-36-40
    Персоналды басқару қызметі
    440 Кудрина Галина Викторовна бас маман 53-36-42
    Бухгалтерлiк есеп, есеп берушiлiк және мемлекеттiк сатып алулар бөлiмi
    434 Столбикова Ирина Петровна бөлiм басшысы 53-36-67

    Басқарманың мiндеттерi:

    1. орман, аңшылық, балық, су ресурстарын, өзге де өсiмдiк және жануарлар дүниесi ресурстарын реттеу және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
    2. орман, аңшылық, су, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесi бойынша мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
    3. қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау және жақсарту мақсатында облыстың ормандылығын арттыру;
    4. өсiмдiк, жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлiгiн, бiрегей және сирек типтi ландшафтыларды сақтау;
    5. ормандардың өнiмдiлiгiн, аңшылық және балық ресурстарын көбейту;
    6. қоршаған ортаны қорғау;
    7. мемлекеттiк орман қоры жерлерiн азу мен эрозиядан қорғау.

    Басқарманың функциялары:

    1. орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша әзiрлейдi және iске асырады;
    2. ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
    3. мемлекеттiк орман қоры аумағында орман өрттерiнiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi жыл сайынғы iс-шаралар жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
    4. жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiретiн техникасын, көлiктерi мен басқа да құралдарын орман өртiн сөндiруге жұмылдыру тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа жұмылдырылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру, өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
    5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
    6. орманда өрт қаупi бар маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағармай материалдарының резервiн жасайды;
    7. шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдары орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылық егiстiктерiнде, жайылым және шабындық жерлерде аңыздарды, орылған егiстiк және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеген кезде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауын бақылауды қамтамасыз етедi;
    8. өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты түсiндiрiлуiн ұйымдастырады;
    9. облыс аумағында орман өртiне қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
    10. орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және оның санитариялық жай-күйiн жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
    11. орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
    12. уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
    13. өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;
    14. уәкiлеттi органның және облыстық өкiлдi органдардың қатысуымен өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
    15. мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өздерiнiң қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
    16. орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орман пайдаланушыларға құрылыс объектiлерiн салуға учаскелер беру және осы учаскелердi осындай объектiлер салу үшiн пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
    17. мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады;
    18. жергiлiктi өкiлдi органда бекiтуге түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн төлемақы ставкасын қоспағанда, орман пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкасын ұсынады;
    19. республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлер жүйесiн дамыту бағдарламасы, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзедi;
    20. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
    21. уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органға өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекiту үшiн материалдарды дайындайды және паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге ұсынады;
    22. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кез келген түрiн құру үшiн жерлердi белгiленген тәртiппен резервте сақтауды қамтамасыз етедi;
    23. өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiн, күзетiлуiн, қорғалуын, пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
    24. жергiлiктi атқарушы органға жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және күзету режимiнiң түрiн бекiту жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
    25. жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын жергiлiктi өкiлдi органға бекiту үшiн ұсынады;
    26. жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтедi;
    27. мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтедi;
    28. өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
    29. жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiн бекiтедi;
    30. аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекiтiп беру бойынша конкурстар өткiзедi;
    31. бiр облыстың аумағында орналасқан жергiлiктi, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекiтiп беру бойынша конкурстар өткiзедi;
    32. сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
    33. аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
    34. балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
    35. ғылыми ұсынымдар негiзiнде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн паспорттауды жүргiзедi;
    36. рекреациялық балық аулау аймағын белгiлейдi;
    37. балық шаруашылығы учаскелерiнiң шекараларын белгiлейдi, ұйықтарды (ұйықтық учаскелердi) ашады және жабады;
    38. екi және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшiн аулау, сондай-ақ сирек кездесетiн және құрып бара жатқан жануарлар түрiн қоспағанда, жануарлар әлемiн пайдалануға рұқсат бередi;
    39. мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының есебiн жүргiзедi, иесiз құрылыстар табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсiмдердi жүргiзедi;
    40. бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитариялық қорғаныш аймақтарын белгiлеу жөнiндегi қаулы жобасын әзiрлейдi және жергiлiктi атқарушы органға ұсынады;
    41. бассейндiк кеңестердiң жұмысына және бассейндiк келiсiмге қатысады, су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi бағдарламалар жобасын бассейндiк кеңестердiң қарауына енгiзедi, бассейндiк кеңестердiң ұсынымдарын зерделейдi, оларды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдайды;
    42. су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi бассейндiк бағдарламаларды iске асыруды жүзеге асырады;
    43. жер үстi су көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейдi;
    44. өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi;
    45. II, III және IV санат объектiлерiне шаруашылық және өзге де қызмет түрлерiн жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзедi;
    46. қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашыл жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына тапсырады;
    47. қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптық жұмыстар жүргiзу үшiн тартады;
    48. II, III және IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар бередi;
    49. өз құзыретi шегiнде табиғат қорғау iс-шараларының жоспарларын келiседi;
    50. коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi ұйымдастырады;
    51. қолдан жасалған аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғыларды жасауды, қолдануды және пайдалануды келiседi;
    52. өз құзыретi шегiнде гендерлiк саясатты iске асырады.

    СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшыларының 2017 жылғы 2 тоқсанда азаматтарды қабылдау кестесі

    Мем. органның атауы Азаматтарға қабылдау жүргізетін тұлғаның Т.А.Ә. Азаматтарға қабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы Азаматтарды қабылдаукүні мен уақыты Мем. органның орналасқан жері Байланыс телефоны
    Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Сәдуақасов Қ.Қ. Басқарма басшысы 24.04.17ж
    15.05.17ж
    05.06.17ж
    1600-1800
    Петропавл қаласы,
    Парк көшесі, 57в,
    431-каб.
    53-36-47
    Әбұғалиев Е.Б. Басқарма басшысының орынбасары Әр сейсенбі, бейсенбі
    900-1800 
    Петропавл қаласы,
    Парк көшесі, 57в,
    428-каб.
    53-36-49
    Усольцев А.Ф. Басқарма басшысының орынбасары  Әр сәрсенбі, жұма
    900-1800
    Петропавл қаласы,
    Парк көшесі, 57в,
    427-каб.
    53-36-46
  • Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: dsh.sko.gov.kz

    Мекен-жайы: 150011, Петропавл қаласы, Парковая к-сi 57В

    тел: +7 7152 53-36-20

    факс: +7 7152 53-36-31

    Е-mail: dsh@sko.kz

    Сенiм телефоны: +7 7152 53-43-07

    Басшылық

    Басқарма басшысы — Омаров Қайрат Қайроллаұлы

    Телефон: +7 7152 53-36-20

    Басшысының бiрiншi орынбасары — Жанар Поселкеқызы Мұсақұлова

    Телефон: +7 7152 53-36-23

    Басшысының орынбасары — Алтынбек Тағайбекұлы Абдоллаев

    Телефон: +7 7152 53-36-33

    Азаматтарды қабылдау кестесi

    лауазымы Т.А.Ә. қабылдау күндері қабылдау уақыты
    1 Басқарма басшысы Омаров Қайрат Қайроллаұлы
    (тел. 53-36-23)  
    жұма сағат 10.00-нан 13.00-ге дейін  
    2 Басқарма басшысының орынбасары Мұсақұлова Жанар Поселкеқызы
    (тел. 53-36-33)
    бейсенбі   сағат 10.00-нан 13.00-ге дейін  
    3 Басқарма басшысының орынбасары Абдуллаев Алтынбек Тағайбекұлы
    (тел. 53-36-89)
    сейсенбі сағат 10.00-нан 13.00-ге дейін
     

    Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары

    «Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының» миссиясы:

    агроөнеркәсiптiк кешен салаларының экономикалық өсуiне және бәсекеге қабiлеттiлiктiң сапалы жаңа деңгейiне жетуiне жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсiптiк кешендi (бұдан әрi — АӨК), ауылдық аумақтарды және аграрлық ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiң аграрлық саясатын iске асыру.

    «Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының» мiндеттерi:

    1) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын тұрақты дамыту, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң өсуi, азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

    2) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң көлемi мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

    3) мал шаруашылығы өнiмiнiң сапасын және өнiмдiлiгiн арттыру;

    4) қайта өңдеу өндiрiсiн тұрақты дамыту және қолдау;

    5) АӨК жедел ғылыми және технологиялық дамуын қамтамасыз ету;

    6) бәсекеге қабiлеттi ғылыми әзiрлемелердi жасаудың, енгiзу мен таратудың және адам капиталын дамытудың тиiмдi жүйесiн құру;

    7) АӨК салаларының қызмет көрсететiн инфрақұрылымын дамыту және техникалық жабдықтауды арттыру;

    8) ветеринарлық-санитарлық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

    9) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкке сәйкес келетiн аумақты басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың енуiнен және таралуынан қорғау;

    10) заңды және жеке тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырған кезде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және жою;

    11) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк, салалық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;

    12) заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдау, оны жетiлдiру бойынша ұсыныстарды дайындау, өз құзыретi шегiнде облыс әкiмiнiң және әкiмдiктiң нормативтiк құқықтық актiлерi жобаларын әзiрлеу және дайындау;

    13) тұқым шаруашылығын, асыл тұқымды мал шаруашылығын, минералды тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлеуiштердiң, гербицидтер мен арзандатылған отынның құнын ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшiн арзандатуды субсидиялау; ауылдық жерлерге жұмыс iстеуге келген әлеуметтiк саланың жас мамандарын мемлекеттiк қолдау бағдарламаларын орындау;

    14) ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру.

    «Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары:

    - стратегиялық жоспар құру;

    - алынған бюджеттiк қаражаттың және тауарлы материалдық құндылықтардың мақсатты пайдаланылуының мониторингiн жүргiзу, субсидиялар бөлуге тиiстi бюджеттiк өтiнiм беру;

    - аграрлық секторда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн дайындау, қайта өңдеу және сату саласында нарықтық құрылымдар мен бәсекелестiктiң қалыптасуы мен оның дамуына көмек көрсету;

    - астық нарығы саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

    - табиғи-климаттық жағдайлар мен нарық жағдаятын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру, астық өндiру, сақтау және сатудың жаңа технологияларын енгiзу;

    - астық қолхаттарын берiп, қоймалық қызмет жөнiндегi қызметтi лицензиялау;

    - iшкi нарықтың мұнай өнiмдерiне қажеттiлiгiн уақтылы қамтамасыз ету бойынша қажеттi шаралар қолдану;

    - техникалық реттеу саласында сәйкестiктi құптау жөнiнде қызмет көрсету бойынша өңiрлерде бәсекелi орта құру шараларын қолдану;

    - бюджеттiк бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердiң құнын арзандату;

    - астық қабылдау кәсiпорындарын бақылау:

    - бекiтiлген кестелерге сәйкес жаңа егiннiң астығын қабылдауға дайындығы тұрғысында астық қабылдау кәсiпорындарын жыл сайын тексеру;

    - астық қабылдау кәсiпорындарының тексеру актiлерiн ресiмдеу;

    - Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен астық қолхаттарын бере отырып, қоймалық қызмет бойынша қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруды тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлiгiнде алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру;

    - тендер негiзiнде iшкi нарықты реттеу мақсатында мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығын сату үшiн астықты қайта өңдеу ұйымдарын;

    - мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығынан жасалған ұнды сату үшiн нан пiсiру ұйымдарын анықтау;

    - iшкi нарықты реттеу мақсатында астықты қайта өңдеу ұйымдарына олар сатып алатын мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын iшiнара өтеу;

    - астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығын мақсатқа сай пайдалануын бақылау;

    - мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығынан жасалған ұн мен нан-тоқаш өнiмдерi бағасының шектi деңгейiн белгiлеу және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пiсiру ұйымдары мен көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауын бақылау;

    - тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк бақылау;

    - тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

    - уәкiлеттi органның қарауына элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндiру мен өткiзу көлемi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

    - «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметiнiң басталғаны туралы хабарлаған байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшыларын есепке алу;

    - облыс бойынша тұқым баланстарын жасау;

    - ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажеттi ақпарат берудi қамтамасыз ету;

    - ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң сақтық және ауыспалы қорларын құруына құзыретi шегiнде көмек көрсету;

    - бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргiзу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдiстерi бойынша ұсыныстар енгiзу;

    - сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстiктердi байқаудан өткiзудi, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргiзу тәртiбiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    - «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегiнде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткiзудiң шектi бағасын белгiлеу;

    - субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбiр түрi бойынша жыл сайынғы квоталарды: тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбiр субъект үшiн — бiрегей тұқымдар бойынша;

    - әрбiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк үшiн элиталық тұқымдар бойынша келiсу;

    - субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

    - байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

    - ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

    - тиiстi куәлiк бере отырып, тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттауды жүргiзу;

    - тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негiзiнде:

    - субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнiң қолданысын;

    - тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапаларына сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметтi тоқтата тұру;

    - тиiстi куәлiк бере отырып, тұқым шаруашылығы субъектiлерiн (тұқым сапасын сараптау зертханаларын қоспағанда) аттестаттау;

    - қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсу арқылы пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру бойынша жұмыс ұйымдастыру;

    - өсiмдiк қорғау облысындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

    - пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляция), пестицидтердi (улы химикаттарды) сату, аэрозольдық және фумигациялық тәсiлмен пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөнiндегi қызметтi лицензиялау;

    - аграрлық секторды техникалық қайта жарақтандыруға көмек көрсету, техниканы жаңартуға мониторинг жасау;

    - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ғылыми-өндiрiстiк орталықтарымен, Республиканың ауыл шаруашылығы тәжiрибе станцияларымен және Ресей Федерациясы шекаралық өңiрлерiнiң ғылыми мекемелерiмен өзара әрекет жасауды ұйымдастыру;

    - ауыл шаруашылығындағы жергiлiктi тәжiрибенi және шетелдiк жетiстiктердi зерделеу және насихаттау;

    - ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген ауылдық аумақтарды дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын, агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу және жергiлiктi өкiлдiктi органдарға (мәслихаттарға) бекiтуге ұсыну және олардың iске асырылуына мониторинг жүргiзу;

    - агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттиiк саясатты iске асыру;

    - агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңға сәйкес, осы саладағы мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

    - агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

    - агроөнеркәсiп кешенiнiң салаларын мамандармен қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсiп кешенi кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

    - шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;

    - азық-түлiк қауiпсiздiгi жай-күйiнiң, бағалардың және агроөнеркәсiптiк кешен өнiмдерi нарықтарының мониторингiн жүргiзу;

    - малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттiк пункттердi, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдарды, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуды, ұстауды және қайта жаңартуды қамтамасыз ету;

    - жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебiнен өсiру үшiн мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;

    - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тiзбе мен тәртiпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнiнде iс-шаралар жүргiзудi қамтамасыз ету;

    - iшкi және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң тиiстi ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;

    - агроөнеркәсiптiк кешеннiң және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға беру;

    - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң азық-түлiкпен қамтамасыз етiлу теңгерiмiн жасау;

    - азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорын басқару жөнiндегi комиссияны құру;

    - асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөнiндегi облыстық бағдарламаларды әзiрлеу;

    - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

    - бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әр түрiне субсидияны iске асыру;

    - бекiтiлген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердi есепке алуды жүргiзу;

    - асыл тұқымды малдардың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу және басып шығару;

    - республика палаталарының ұсыныстарын ескере отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әр субъект тұрғысында және әр түрi бойынша субсидиялануы тиiс сатылатын асыл тұқымды өнiмге (материалға) iрi қара мал тұқымдары бойынша жыл сайынғы квотаны аталған мақсаттар үшiн көзделген бюджет қаражаты шегiнде айқындау;

    - жоғары бағалы асыл тұқымды малды тиiмдi пайдалануды ынталандыру мақсатында сұрыптау туралы деректердi жинақтау және оның нәтижелерi туралы мүдделi тұлғаларды ақпараттандыру туралы қорыту;

    - асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;

    - денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

    - ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

    - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау;

    - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте аумақты аймақтарға бөлу туралы шешiм шығару;

    - уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар жоспарын бекiту;

    - облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;

    - республикалық ветеринарлық препараттар қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауiптi ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, Петропавл қаласы мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткiзудi) ұйымдастыру;

    - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру және оларды тасымалдау (жеткiзу);

    - ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмiрiне қажеттiлiктi айқындау және ақпаратты үдерiс орталығына тапсыру;

    - өнiм берушiлерге ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды жеткiзуге олармен шарт жасағанға дейiн үдерiс орталығынан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмiрлерiн тапсыруды қамтамасыз ету;

    - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер қорын жүргiзудi ұйымдастыру;

    - ветеринариялық есеп пен есептiлiктi жүргiзу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға ұсыну;

    - ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерi туралы ереже бекiту;

    - жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикалау жөнiндегi ветеринариялық препараттарды, олардың алдын алу және диагностикалау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандық және Петропавл қаласының ветеринария бөлiмдерiне тасымалдауды (жеткiзудi) ұйымдастыру;

    - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

    - ветеринария мәселесi бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;

    - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзудi ұйымдастыру;

    - жануарлардың бюджеттiк қаражат есебiнен алдын алатын және диагностика жасалатын энзоотикалық ауруларының тiзбесiн бекiту;

    - ауылдық елдi мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарын тартуды ынталандыру;

    - ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк экономикалық даму және экологиялық жағдайының деңгейi бойынша жiктелуiн анықтау;

    - ауылдық елдi мекендердiң ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiлу және ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жағдайы нормативтерiн әзiрлеу;

    - мониторингтi жүзеге асыру:

    • ауыл тұрғындарының ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым қызметтерiмен қамтамасыз етiлу жағдайы;
    • ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жағдайы;
    • ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;
    • ауылға оңтайлы қоныстандыру.
  • Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: stroi.sko.gov.kz

    Толық атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» КММ

    Мекен-жай: 150015, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 23

    Телефон: +7 7152 46-22-31, 36-01-70

    Факс: +7 7152 46-94-48, 36-40-04

     

    E-mail: stroi@sko.kz

    Басқарма басшысы — Мухамедиев Серік Мақсұтұлы (46-22-31)

    Басшының орынбасары — Лукин Владислав Геннадьевич (46-34-36)

    Басшының орынбасары — Мұстафин Қайрат Сағидоллаұлы (36-27-80)

    Құрылыс бөлiмi — Махметов Серiк Қаратайұлы (36-01-70)

    Техникалық бөлiмi — Нұрғалиев Есләм Ескендiрұлы (36-50-55)

    Экономика және мемлекеттiк сатып алу бөлiмi — Жүсiпов Азамат Сансызбайұлы (36-65-48)

    Бухгалтерлiк есеп, есеп беру және iс жүргiзу бөлiмi — Үсинова Гүлмира Файзоллақызы (36-65-49)

    Персоналды басқару қызметiнiң бас маманы — Есiмсеиiт Айгүл Саматқызы (46-25-85)

    Азаматтарды жеке қабылдау кестесi

    Лауазымы Т.Ә.Ж. Қабылдау күні Қабылдау уақыты Кабинет №
    Басқарма басшысы Серік Мақсұтұлы Мұхамедиев бейсенбі 17.00-19.00 219
    Басшысының орынбасары Лукин Владислав Геннадьевич жұмы 17.00-19.00 225
    Басшысының орынбасары Қайрат Сағидоллаұлы Мұстафин сәрсенбі 17.00-19.00 219

    Негiзгi мақсаты және қызметi

    Басқарманың негiзгi мақсаты облыс аумағындағы құрылысы қызметi саласында басқару және мемлекеттiк саясатты жүргiзу болып табылады.

    Басқарма өз құзыретi шегiнде келесi қызметтердi жүзеге асырады:

    • құрылыс саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;
    • Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында құрылыс қызметтерi салаларында мемлекеттiк, қоғамдық және жеке мүдделердi қорғау мәселелерi бойынша республикалық және аумақтық жобаларды мемлекеттiк сараптау құрылымдарымен, мемлекеттiк сәулет-құрылыстық бақылау және лицензиялау органдарымен өзара қарым-қатынас жасауды;
    • өз құзыретi шегiнде құрылыс жобалау саласымен айналысатын меншiк нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргiзу субъектiлерiнiң қызметтерiне мүмкiндiк бередi;
    • құрылыстың жылдық және келешек бағдарламаларын дайындауды және олардың орындалуына бақылау ұйымдастыруды;
    • жобалау, құрылыс, қайта жаңғырту, қалпына келтiру, күрделi жөндеу мәселелерiн реттейтiн нормативтердi, әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды дайындауды;
    • осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң түрлi меншiк нысанындағы шаруашылық субъектiлердiң ниетi негiзiнде, күрделi құрылыс және объектiлердi қайта жаңғыртудың жылдық жоспарларын облыс әкiмiне және тиiстi ведомстволарға әзiрлейдi және ұсынады;
    • өз құзыретi шегiнде экономика саласындағы нысандар құрылысы және қайта жаңғырту жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу және орындауға бақылау жүргiзу;
    • қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құрылыс саласымен айналысатын мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органы функцияларын орындау;
    • жетекшiлiк ететiн экономика саласындағы кәсiпорындармен бiрлесе отырып, жұмыстардың тұрақтылығы және жақсаруы жөнiнде бизнес-жоспар әзiрлеп, көзделген iс-шараларды негiздеу және олардың орындалуына көмек көрсетудi;
    • жобалық құжаттама сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыруды, жобалардың мемлекеттiк сараптауын өткiзуге көмек көрсету;
    • бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қызметiн орындау;
    • белгiленген тәртiпте жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, шағымдарын, ұсыныстарын қарау;
    • құрылыс саласын дамыту бөлiмiнде республикалық және жергiлiктi деңгейдегi стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге қатысу;
    • Басқарманың стратегиялық жоспарын әзiрлеу және iске асыру, олар бойынша есептер дайындау;
    • Басқарманың интернет-ресурстарын және ақпараттық толықтыруды жаңартуды реттеудi қамтамасыз ету;
    • тұрғын үй және азаматтық мақсаттағы объектiлердi жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
    • Басқарма мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келетiн, қолданыстағы заңнамаларға қайшы келмейтiн басқа да функцияларды жүзеге асыру.
  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: ufks.sko.gov.kz

    Басқарманың мекен-жайы:

    150011, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 28

    Телефон: +7 7152 46-60-40

    Факс: +7 7152 46-62-58

    Электронды пошта:

    Басшылық

    Басқарма бастығы — Есеналин Руслан Бахыттыұлы

    Телефон: +7 7152 46-60-40

    Басқарма бастығының орынбасары — Әлдіменов Асылбек Торсанұлы 

    Телефон: +7 7152 46-35-40

    Азаматтарды қабылдау күндері

    Басқарма басшысы
    Есеналин Руслан Бахыттыұлы
    айдың бірінші және үшінші сейсенбісі сағат 15.00-ден 18.30 дейін
    Басшының орынбасары
    Әлдіменов Асылбек Торсанұлы
    айдың екінші және төртінші сейсенбісі сағат 15.00-ден 18.30 дейін

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша — Басқарма) облыс бюджеті қаражатынан қаржыландырылатын және облыс әкімдігінің уәкілетімен облыс аумағында туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыратын атқарушы органы болып табылады.

    Басқарма қызметiнiң мақсаты Солтүстiк Қазақстан облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту болып табылады.

    Басқарманың қызметiнiң мазмұны халықтың денсаулығын нығайту, бұқаралық және кәсiби спортты насихаттау, балаларды, жасөспiрiмдер мен жастарды дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылдануға тарту, мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.

    Басқарма жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi функцияларды атқарады:

    • дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi аймақтық бағдарламалар мен жоспарларды әзiрлейдi және iске асырады;
    • спорттық iс-шараларды, спорт түрлерi бойынша жарыстарды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
    • саланы дамыту, қызмет ететiн ұйымдарды кеңейту және қайта қалпына келтiру үшiн инвестицияларды тартудың бiрiккен стратегиясын құрастырады және iске асырады;
    • қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықаралық, аймақаралық және iшкi спорттық байланыстарды iске асырады;
    • әр түрлi спорт түрiнен облыс құрама командаларының дайындалуын және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
    • облыс аймағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
    • мүгедектердiң дене шынықтыру-спорттық бiрлестiктерiмен бiрлесе облыс-деңгейiнде спорттық шаралар ұйымдастыруды, сондай-ақ республикалық жарыстарға дайындалу және қатысуды ұйымдастырады;
    • мүгедектердiң дене шынықтыру және спортпен айналысуы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етедi;
    • облыстық, аудандық мамандырылған спорттық мекемелердiң қызметiн үйлестiредi;
    • спорттық ғимараттары спорттық ұйымдарға әдiстемелiк және кеңестiк көмек көрсетедi;
    • өз құзыретi шегiнде спорт шеберiне үмiткер, бiрiншi спорттық дәреже, бiлiктiлiгi жоғары және орта-деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, жоғары-деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта-деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi-деңгейдегi спорттан төрешi спорттық разрядтары мен санаттарын бередi;
    • спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
    • облыстың спорттық ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
    • дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға дене шынықтыру және спортты дамыту жөнiндегi мәлiметтердi, дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық деректердi талдайды және ұсынады;
    • дене шынықтыру және спорт саласындағы жетiстiктердi, салауатты өмiр салтын насихаттауды жүзеге асырады.
  • Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: df.sko.gov.kz
    Мекенжайы: 150011, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58
    Байланыс телефоны: +7 7152 46-52-67
    Факс: +7 7152 46-30-93
    E-mail: depfin@sko.kz

    Басқарма басшылығы

    Басшы — Әкімжанов Ескен Мырзахметұлы

    Телефон: +7 7152 46-52-67

    Басшысының орынбасары — Төлепенова Ләтипа Кәкiмқызы

    Телефон: +7 7152 46-53-34

    Басшысының орынбасары — Жәмәлиев Марат Өзбекұлы

    Телефон: +7 7152 46-54-69

    Басшының орынбасары — Дышкант Наталья Геннадьевна

    Телефон: + 7 7152 46-57-56

    Азаматтарды қабылдау кестесі

    Аты-жөні Лауазымы Қабылдау күні Қабылдау сағаты
    1. Әкімжанов Е.М. қаржы басқармасының басшысы жұма сағат 15.00 бастап
    2. Төлепенова Л.К. басшысының орынбасары сәрсенбі сағат 15.00 бастап
    3. Жәмәлиев М.Ө. басшысының орынбасары бейсенбі сағат 15.00 бастап
    4. Дышкант Н.Г. басшысының орынбасары сейсенбi сағат 15.00 бастап

    Сенiм телефоны: +7 7152 46-82-89

    Неізгі міндеттері

    Басқарма қызметінің мәні Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында облыстық бюджеттiң атқарылу саласында, мемлекеттiк коммуналдық меншiктi және облыстың бюджеттiк ақшасын басқаруда мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында мемлекеттiк басқару қызметтерiн жүзеге асыру болып табылады.


    Басқарма қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

    1. облыстық бюджеттiң атқарылу және мемлекеттiк коммуналдық меншiктi басқару салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету;
    2. облыстың бюджеттiк қаражаттарын және коммуналдық меншiк объектiлерiн басқару;
    3. облыстық бюджеттiң, бюджеттiк есептiң атқарылу саласында салааралық үйлестiрудi және әдiснамалық басшылық;
    4. жалпы жинақ номенклатурасын және облыста жоспарланған тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сатып алу бойынша көлемдерін құру және оларды уәкілетті органға жіберу;
    5. мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдар және шаруашылық серіктестіктер тізілімін жүргізу, осы ұйымдардың мүлкіне түгендеу жүргізу және есепке алу;
    6. жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүргізу.
    7. Қаржы басқармасы басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі:
  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: uebp.sko.gov.kz

    Толық атауы: «Солтүстік Қазақстан облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі

    Мекенжай: 150011, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 58

    Телефон: +7 7152 46-35-62

    Факс: +7 7152 46-80-10

    Е-mail: ekonomika@sko.gov.kz, pr@ue.sko.kz

    Сенiм телефоны: + 7 7152 46-33-79

    Басшылық

    Тегі, аты, әкесінің аты Лауазымы Жұмыс тел
    Басшылық
    Қазбеков Арсен Айтпаевич басқарма басшысы 46-35-62
    Зиядден Жанмолдаұлы Молдаганапов басшының орынбасары 46-21-51
    Наталья Николаевна Бых басшының орынбасары 46-51-31
    50-23-83
    Әкімшілік бөлім
    Вадим Рафаилович Ниязбаев бөлім басшысы — бас бухгалтер 46-93-78
    Ұйымдық-құқықтық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
    Ольга Васильевна Суслова бөлім басшысы 46-20-06
    Персоналды басқару қызметі
    Валентина Павловна Шаляпина бас маман 46-33-79
    Экономикалық саясат және жоспарлауды жинақтау бөлімі
    Бибіхан Мұратқызы Махметова бөлім басшысы 46-93-71
    Базалық салаларды дамыту бөлімі
    Тимур Қошқарбайұлы Жұматаев бөлім басшысы 46-64-95
    50-23-80
    Инвестициялық саясат және инфрақұрылым бөлімі
    Татьяна Николаевна Долгих бөлім басшысы 46-37-45
    50-23-82
    Өңірлік даму және қаржылық саясат бөлімі
    Татьяна Анатольевна Ревенко бөлім басшысы 46-58-22
    Ауылдық аумақтарды дамыту бөлімі
    Жанар Құрметқызы Ахмиева бөлім басшысы 46-31-75
    Экономикалық талдау бөлімі
    Гүлжайнар Серікқызы Қалдығұлова
    (жүктілік және бала туу жөніндегі демалыста)
    бөлім басшысы  
    Римма Забихулловна Ниязбаева бөлім басшысының м.а. 46-25-12

    Басқарма басшысымен және оның орынбасарларымен азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдау кестесi

    Қазбеков Арсен Айтпаевич
    басқарма басшысы әр айдың 1–3 сәрсенбi күндерi

    Молдағанапов Зиядден Жанмолдаұлы
    басқарма басшысының орынбасары әр айдың 3–4 бейсенбi күндерi

    Бых Наталья Николаевна
    басқарма басшысының орынбасары әр айдың 1–2 сейсенбi күндерi

    Басқарманың негізгі міндеттері мен қызметтері

    Мiндеттерi:

    • бесжылдық кезеңге Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу;
    • бесжылдық кезеңге Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;
    • өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау;
    • аудандар және Петропавл қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және мониторинг жасау;
    • бес жылдық кезеңге Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiру;
    • дағдарысқа қарсы көп деңгейлi ден қоюдың қадамдық жоспарын әзiрлеу және жинақтау және оның орындалуын мониторингiлеу;
    • ұсыныстар дайындау және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi кешендi жоспарды iске асыру;
    • облыстың сыртқы экономикалық қызметiн дамытуға жәрдем көрсету;
    • жергiлiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi жұмысын үйлестiру, ауылдық аумақтарды дамытуды ұйымдастыру және оған мониторинг жүргiзу;
    • ауылдық жерге жұмыс iстеуге және тұруға келген әлеуметтiк сала мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны өңiрлерде iске асыруды үйлестiру;
    • Басқарма қызметiн қаржылық, кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    • бесжылдық кезеңге облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу;
    • бесжылдық кезеңге арналған Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу жөнiндегi жергiлiктi органдардың қызметiн үйлестiру;
    • облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және мониторинг жасау;
    • бесжылдық кезеңге облыстың даму бағдарламасын әзiрлеу және оған мониторинг жүргiзу;
    • аудандардың және Петропавл қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және мониторинг жасау;
    • дағдарысқа қарсы көп деңгейлi ден қоюдың қадамдық жоспарын әзiрлеу және жинақтау және оның орындалуын мониторингiлеу;
    • ұсыныстар мен көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi кешендi жоспарды iске асыру бойынша жинақ ақпараттар дайындау;
    • Үкiметтiң, Ұлттық экономика министрлiгiнiң, облыс әкiмдiгiнiң тапсырмалары бойынша ерекше маңызды бағдарламаларды және оларды iске асыру бойынша iс-шаралар жоспарларын әзiрлеу;
    • концессиялар саласында құжаттарға сараптама жүргiзу үшiн концессиялар мәселесi жөнiнде мамандандырылған ұйымдарды тарту;
    • жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргiзу үшiн құжаттар жiберу, соның iшiнде жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен заңды тұлға жарғылық капиталына мемлекеттiк қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын түзетiлген бюджеттiк инвестициялар, сондай-ақ, жергiлiктi атқарушы органмен айқындалған заңды тұлғаның республикалық және жергiлiктi бюджеттерден берiлетiн трансферттер есебiнен техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi және қаржылық агенттiгiмен инвестициялық саясатты iске асыруды талап ететiн бюджеттiк инвестициялық жобалар;
    • концессиялық жобалар тiзбесiн қалыптастыру, әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемеге, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына қажеттi сараптама жүргiзу, тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын коцессиялық жобаларды консультативтi сүйемелдеу;
    • егер де объектiлер коммуналды меншiгiне жататын болса орта мерзiмдi кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектiлер тiзбесiн қалыптастыру және бекiту;
    • концессиялық жобалардың заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттiк қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялық жобалар және бюджеттiк инвестицияларды бағалауды iске асыру және мониториг жүргiзу;
    • концессиялық жобаларды ұйымдастыру саласында салааралық ұйымдастыру және әдiснамалық басшылықты жүзеге асыру;
    • мемлекеттiк инвестициялық жобаға инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындау және қарау;
    • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 05.12. № 129 бұйрығымен бекiтiлген, Инвестициялық ұсынысты әзiрлеу және түзету, қажеттi сараптамаларды жүргiзу, сондай-ақ бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау, қарау, iрiктеу, мониторингтеу және iске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес iшкi бақылау қызметiн ұйымдастыру;
    • жақын және алыс шетелмен ынтымақтастық туралы, экономикалық және шекара маңы ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру бойынша iс-шаралар жоспарларын орындау туралы ақпарат дайындау;
    • Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын iске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспарының негiзгi бағыттарын орындау барысы туралы жинақ ақпарат дайындау;
    • ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiн және ауылдық елдi мекендердiң әлеуеттi сыйымдылығын айқындау жөнiндегi мәлiметтердi ұйымдастыру, бақылау және талдау;
    • өз құзыретi шегiнде ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарын әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру;
    • ауылдық тұрғындардың өмiр сүруге қамтамасыз етiлу сәйкестiгiне ауылдық елдi мекендердi бағалауға қатысу және әлеуметтiк-экономикалық даму мөлшерлемелер деңгейi бойынша ауылдық елдi мекендердiң сыныптамасын бақылау;
    • облыстық және аудандық ұйымдардың қызметiн үйлестiру және оларға ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi бойынша әдiснамалық көмек көрсету;
    • бухгалтерлiк есеп және есептiлiк, кадрлық-құқықтық жұмыс, әкiмшiлiк-шаруашылық қызмет жүргiзу;
    • Президент Әкiмшiлiгiнiң, Премьер-Министр Кеңсесiнiң, орталық атқарушы органдардың, облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң тапсырыстарын, тапсырмаларын орындау;
    • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Ресми интернет-ресурсы: ueikh.sko.gov.kz

    Мекен жай: Петропавл қ., Парковая көшесi, 57 в

    Байланыс телефондары: +7 7152 53-37-44,

    Факс: +7 7152 53-37-38

    E-mail: energetika@sko.kz

    Басшылық

    Басқарма басшысы — Қатқадамов Тасмұрат Оқанұлы

    Телефон: 8 7152 53-37-44

    Басшының орынбасары — Әубәкiров Әдiлбек Бағдатұлы

    Телефон: 8 7152 53-41-89

    Басшының орынбасары — Айтикеев Радий Римович

    Телефон: 8 7152 53-42-21

    Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесi

    ММ атауы Тұлғаның Аты, Тегі, Әкесінің аты Қабылдауды өткізген тұлғаның лауазымы Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты Меморганның мекен жайы Байланыс телефон
    «СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ Қатқадамов Тасмұрат Оқанұлы Басқарманың басшысы  Айдың соңғы бейсенбі күні
    сағат 17.00-ден 18.00-ға дейін
    к. Парковая, 57 в, 244 каб. 53 37 44
    Әубәкіров Әділбек Бағдатұлы Басшының орынбасары Жұма
    сағат 17.00-18.00 дейін
    к. Парковая, 57 в, 205 каб. 53 41 89
    Айтикеев Радий Римович Басшының орынбасары Сәрсенбі
    сағат 17.00-18.00 дейін
    к. Парковая, 57 в, 343 каб. 53 42 21
  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы

    «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

    Мекен жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай қөшесi 64

    Индекс: 150008

    Ресми интернет-ресурсы: git.sko.gov.kz Электрондық пошта: u.git@sko.gov.kz

    Сенім телефон: +7 7152 50-32-27

    Басшылық

    Басқарма басшысы — Қайрат Сәкенұлы Пшенбаев

    Басшының орынбасары — Арман Арыстанұлы Жалелов

    Азаматтарды қабылдау кестесі

    ТАӘ

    Лауазымы

    Қабылдау күндері

    Қабылдау уақыты

    1.

    Қайрат Сәкенұлы Пшенбаев

    Басқарма басшысы

    Сейсенбі

    15.00-ден 17:00-ге дейін

    2.

    Арман Арыстанұлы Жалелов

    Басшының орынбасары

    Дүйсенбі

    с 15.00-ден 17:00-ге дейін

    Мемлекеттiк еңбек инспекторлары күнсайын еңбек заңнамасын түсiндiру жөнiнде азаматтарды қабылдайды, сонымен қатар телефон арқылы: 36-17-86, 46-01-94, 50-33-42, 46,37-73.

    Басқарманың негiзгi мiндеттерi:

    1) Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттiк саясатты iске асыру;

    2) басқармаға заңнамада және Құрылтайшы жүктеген басқа да мiндеттер.

    Басқарма қолданыстағы заңнамаға сәйкес және оған жүктелген мiндетерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

    1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

    2) жұмыс берушiлер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;

    3) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiптiк аурулардың, кәсiптiк уланулардың себептерiне талдау жүргiзедi және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

    4) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тексеру;

    5) басшы қызметкерлердiң және жұмыс берушiлерде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың бiлiмiн тексерудi жүргiзу;

    6) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;

    7) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерiмен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;

    8) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлердiң және олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарау;

    9) өндiрiстiк объектiлерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингiн жүзеге асыру;

    10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерiс жоспарларын әзiрлеу және бекiту;

    11) еңбек жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органға кезеңдiк есептердi, сондай-ақ еңбектi қорғау және қауiпсiздiк бойынша ақпараттық жүйе дерекқорындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайына мониторинг нәтижелерiн ұсыну;

    12) еңбек жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органға еңбек қатынастары бойынша қажеттi ақпаратты жолдау;

    13) басқармаға заңнамада және Құрылтайшы жүктеген басқа да функцияларды орындау.

  • Солтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы

    Мекенжай: 150007, Петропавл қ., Парковая көшесi 57 «В», 4-қабат.

    Телефон: + 7 7152 53-42-67

    Ресми интернет-ресурс: udr.sko.gov.kz

    E-mail: sko@din.gov.kz

    «СҚО әкімдігі дін істері басқармасы» КММ құрылымы

    №   Т.А.Ә. Бөлім / лауазымы Телефон
    Басшылық
    1. Зейнуллин Мұратбек Бегайдарұлы Басқарма басшысы 53-42-97
     Бухгалтерия
    2. Шәйменова Гүлмира Ғалижанқызы Бас маман — бас есепші 50-37-71
    Персоналды басқару қызметі
    3. Ғаббасова Жанна Бейсенбекқызы Кадрлар мәселелері жөніндегі бас маман 50-17-78
    Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бөлімі
    4. Қасенова Рауза Ивановна Бөлімінің басшысы 50-36-52
    5. Омаров Болат Ербуланұлы Бас маман 50-36-52
    6. Саматұлы Ақжол бас маманның м.а. 50-36-52
    Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімі
    7. Аққожина Нәжиба Рашидқызы Бөлімінің басшысы 50-17-78
    8. Әліппаев Аслан Ақымұлы Бас маман 50-17-78
    Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі
    9. Мұқанова Бағдат Сарсимбайқызы Бөлімінің басшысы 53-42-67
    10. Бейсенбина Гүлмира Ғалымжанқызы Бас маман 53-42-67

    СҚО Дiн iстерi басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдау кестесi

    Аты-жөні Лауазымы Қабылдау күндері, уақыты
    1. Мұратбек Бегайдарұлы Зейнуллин Басқарма басшысы бейсенбі
    сағат 16:00–18:00 дейін

    Басқарманың миссиясы, негiзгi мақсаттары, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

    Басқарманың миссиясы дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру болып табылады.

    Басқарманың негiзгi мақсаттары:

    1) азаматтардың дiни сенiм бостандығына және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауға, құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыру мен iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

    2) азаматтардың дiни сенiм бостандығына, дiни бiрлестiктердiң және миссионерлердiң қызметiне құқықтарын iске асыру саласында болып жатқан үдерiстердi жан-жақты және объективтi зерделеу, қорытындылау және талдау;

    3) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен Басқармаға жүктелген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру болып табылады.

    Басқарманың қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген мақсаттарға сәйкес келесi функцияларды жүзеге асырады:

    1) өңiрдегi дiни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргiзедi;

    2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

    3) дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

    4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

    5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды;

    6) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша жергiлiктi деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

    7) дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiтедi, сондай-ақ ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни iс-шаралар өткiзуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келiседi;

    8) ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм қабылдайды;

    9) дiни бiрлестiктердi құруға бастамашы азаматтардың тiзiмдерiне тексеру жүргiзудi қамтамасыз етедi;

    10) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi жүргiзедi;

    11) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады

    Басқарманың өзiне жүктелген мақсаттарды, мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:

    • мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұрауға және алуға;
    • дiни бiрлестiктердi құру және олардың қызметi, сондай-ақ азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзуге;
    • өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасауға;
    • Басқарманың құзiретiне кiретiн мәселелер бойынша мәжiлiстер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткiзуге;
    • қызметтiң бағыттары бойынша консультативтiк-кеңесшi органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құруға;
    • Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыруға құқығы бар.
  • Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасы

    Басқарманың мекенжайы: 150000, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернациональная көшесi, 70

    Телефон: +7 7152 46-42-24

    Факс: +7 7152 36-55-74

    Электрондық жәшiк: uzi@sko.kz

    Веб-сайтының мекенжайы: uzi.sko.gov.kz

    Басқарма басшылығы

    Басқарма басшысы

    Басқарма басшысы

    Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаев, тел.: +7 7152 46-43-24

    Басқарма басшысының орынбасары

    Бақытжан Серікұлы Бекіш, тел.: + 7 7152 33-37-49

    Азаматтарды қабылдау кестесі:

    Басшы — Меңдібаев Мейрам Жақсылықұлы

    Азаматтарды қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі сағат 09.00-13.00 дейін.

    Басшының орынбасары — Бекіш Бақытжан Серікұлы

    Азаматтарды қабылдау күндері: сәрсенбі, жұма сағат 09.00-13.00 дейін.

    Сенім телефоны: +7 7152 50-43-56

    Басқарманың негiзгi мiндеттерi мен функциялары

    Мiндеттерi:

    • мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтауын, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзушылықтарын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану қағидаларын сақтауды, жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды орындауды қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    • жердi пайдалану және қорғауды, соның iшiнде мыналарды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру:

    мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауын;

    жер учаскелерiн өз бетiнше иеленуге жол бермеудi;

    жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуын;

    жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiн;

    жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiн;

    жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануын, орналастырылуын және салынуын;

    жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, сортаңдануының, батпақтануының, су басуының, шөлге айналуының, құрғақтануының, тығыздалуының, қоқыстануының, ластануының және жердiң тозуына әкелетiн басқа да үдерiстердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын;

    азаматтардың жер учаскелерiн беру туралы өтiнiштерiн (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуын;

    межелiк белгiлердiң сақталуын;

    жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуын;

    бүлiнген жердiң қалпына келтiрiлуiн;

    жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуын, сақталуын және пайдаланылуын;

    • жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуын:

    • пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жердi анықтауды және мемлекеттiк меншiкке қайтаруды;

    • анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiндегi мiндеттi түрде орындалуы тиiс ұйғарымдарды берудi;

    • жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарастыруды;

    • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап-арыздарды дайындауды және ұсынуды;

    • егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектiлердi пайдалану, геологиялық-барлау және басқа да жұмыстар жер заңнамасын, жердi пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргiзiлсе, оларды тоқтата тұруды.

    • Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған өзге де мәселелер кiредi.

  • Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекет сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы

    Басқарманың мекенжайы: 150008, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, М. Жұмабаев көшесi, 70

    Байланыс телефоны/факс: 8(7152)52-93-01

    Веб-сайтының мекенжайы: gask.sko.gov.kz

    Электрондық жәшiк: gask@sko.kz

    Басқарма басшысы —  8(7152)52-93-01

    Азаматтарды қабылдау күнi: бейсенбi, сағат 15.00-17.00 дейiн.

    Сенiм телефоны: 8(7152)52-92-98

    Басқарманың функциялары:

    1. ведомстволық бағынысты аумақта салынып жатқан объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiнқамтамасыз ету;
    2. ведомстволық бағынысты аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара әрекет ету;
    3. құрылыс объектiлерiнiң сапасына, объектiлерде жобалық шешiмдердiң және Қазақстан Республикасы аумағы қолданысындағы мемлекеттiк, сондай-ақ мемлекетаралық нормативтердiң сақталуына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру;
    4. ведомстволық бағынысты аумақта объектiлерде құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша техникалық қадағалаудың, авторлық қадағалаудың, жобаларды әзiрлеушiлердiңжәне мердiгерлердiң (бас мердiгерлердiң) қызметтерiн бақылауды жүзеге асыру;
    5. құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзе бастағаны туралы хабарламада көрсетiлгендеректердiң анықтығын белгiлеу бойынша тексерудi жүзеге асыру;
    6. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте нормативтiк құқықтық актiлердi және сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтiк талаптарды бұзушыларға тиiстi шаралар қолдану;
    7. объектiлер мен кешендер бойынша қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссияларының жұмыстарына қатысу;
    8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салынып жатқан объектiлерге тексеру жүргiзу;
    9. ведомстволық бағынысты аумақта салынып жатқан объектiлерге инспекция жүргiзу;
    10. әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер жөнiнде талдау және iс жүргiзу;
    11. хабарламаларды қабылдау туралы берiлген талондарға, қол қойылған келiспеушiлiк актiлерге, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзе бастағаны туралы хабарламаларға талдау және мониторинг жүргiзу;
    12. хабарламаларды қабылдау туралы берiлген талондар, қол қойылған келiспеушiлiк актiлер, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзе бастағаны туралы келiп түскен хабарламалар туралы уәкiлеттi органға уақтылы жолдау;
    13. салынуы белгiленгенжәне салынып (реконструкцияланып, кеңейтiлiп, жаңғыртылып, күрделi жөнделiп) жатқан объектiлер мен кешендерге мониторинг және талдау жүргiзу;
    14. тексеру менбақылау нәтижелерiн жинақтау және талдау;
    15. «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету;
    16. «Жобалау қызметiне лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету;
    17. «Iздестiру қызметiне лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету;
    18. «Үлескердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету;
    19. қызмет көрсету стандарттарымен регламенттерiне сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы лицензияттарының тiзiмiн жүргiзу:
    20. лицензиялау мәселелерi бойынша қажеттi ақпаратты дайындау және уәкiлеттi органға жiберу;
    21. сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;
    22. қызмет көрсету стандарты мен регламентiне сәйкес «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттiк қызметiн көрсету;
    23. Солтүстiк Қазақстан облысы сарапшыларының тiзiлiмiн жүргiзу;
    24. сарапшыларды аттестаттау мәселелерi бойынша қажеттi ақпаратты дайындау және уәкiлеттi органға жiберу;
    25. азаматтардың өтiнiштерiн қарау;
    26. сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысу;
    27. мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау, лицензиялау және аттестаттау мәселелерi жөнiндегi депутаттық сауалдарды, мемлекеттiк органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың, өзге де үкiметтiк емес ұйымдардың өтiнiштерiн қарау және оларға жауаптар дайындау.
  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Мекенжай: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Жамбыл к-сi 302

    Индекс: 150000

    web-сайт: www.uprvet.sko.gov.kz

    Электрондык пошта: oblvet@sko.kz

    Сенiм телефоны: 8 -715-2- 50-49-73

    Азаматтарды қабылдау кестесi

    Лауазымы Т.А.Ә. телефон Қабылдау күндері, қабылдау уақыты Мемлекеттік органның мекен-жайы
    1 Басқарма басшысы Мадияров Ербатыр Қайыргелдыұлы
     (тел. 50-49-69)  
    Дүйсенбі 15:00-ден 17:00-ге дейін
    Бейсенбі 11:00-ден 13:00-ге дейін
    Солтүстік Қазақстан облысы,
    Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі 302 үй
    2 Басқарма басшысының орынбасары Әлжанов Берік Ақылжанұлы
    (тел. 50-49-71)
    Жұма 15:00-ден 17:00-ге дейін Солтүстік Қазақстан облысы,
    Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі 302 үй
    1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстiк Қазақстан облысы ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын жергiлiктi бюджет қаражатынан қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінiң миссиясы:

    ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу.

    Мiндеттерi:

    • ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыру;
    • жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
    • халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
    • ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
    • Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
    • ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
    • жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестiң және ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану;
    • жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
    • ветеринария ғылымын дамыту, ветеринар мамандарды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.

    Функциялары:

    • облыстық бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде оған ұсыныс енгiзедi және «Солтүстiк Қазақстан облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттер бөлiгiнде оның атқарылуын жүзеге асырады;
    • өңiрдiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өңiрлiк семинар-кеңестер өткiзудi ұйымдастырады;
    • денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастырады және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
    • ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
    • облыс аумағында орналасқан екi және одан да көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантиндiк режимдi немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантиндiк аймақтың ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы шешiм қабылдайды;
    • осы облыстың аумағында орналасқан екi және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiнде ветеринариялық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы шешiм қабылдайды;
    • ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндiрiсiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
    • уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешiм шығарады;
    • алдын алу дезинсекциясы мен дератизациясын (жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарының аумақтарындағы, сондай-ақ жұқпалы ауру ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) жүргiзедi;
    • уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар жоспарын бекiтедi;
    • тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
    • ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмiрлерiне қажеттiлiктi айқындайды және процессингтiк орталыққа ақпарат бередi;
    • процессингтiк орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмiрлерiн ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушiлерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейiн берудi қамтамасыз етедi;
    • ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзудә және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
    • ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ветеринария саласындағы уәкiлеттi органға ұсынуды жүзеге асырады;
    • жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткiзудi) ұйымдастырады;
    • Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;
    • ветеринария мәселелерi бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргiзедi;
    • ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру бойынша iс-шаралар жүргiзудi ұйымдастырады;
    • жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастырады;
    • профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн бекiтедi;
    • жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
    • ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткiзудi) ұйымдастырады;
    • жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер бередi;
    • тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асырады;
    • эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргiзу;
    • тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асырады;
    • эпизоотологиялық зерттеп-қарау актiсiн бередi;
    • Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:

    iшкi сауда объектiлерiнде;

    жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

    ветеринариялық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларда;

    экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;

    экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;

    тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

    экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, қайта өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асырады;

    • мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
    • жеке және заңды тұлғаларға қатысты орындалуы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасау;
    • мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлер тiзiмiн бекiту;
    • уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;
    • ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну;
    • жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

    Құқықтары мен мiндеттерi:

    • өз қызметiн басқа да атқарушы билiк және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара әрекет жасай отырып жүзеге асырады;
    • жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарынан және басқа да ұйымдардан өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен қажеттi ақпараттық материалдар алу (сұрау салу негiзiнде);
    • заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасау, мүлiктiк және мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарға ие болу;
    • «Солтүстiк Қазақстан облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құзыретiн кiретiн мәселелер бойынша облыс әкiмi және әкiмдiгi қабылдайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына ұсыныстар енгiзу;
    • өңiрдiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу үшiн басқа ұйымдардың, басқармалар мен ведомстволардың мамандарын тарту;
    • өз құзыретi шегiнде халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттердiң ұйымдарымен қызмет ету;
    • белгiленген тәртiппен төтенше эпизоотияға қарсы комиссиялар құру туралы ұсыныс жасау;
    • тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органына жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын болдырмауға және жоюға бағытталған карантиндiк режимдi немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантиндiк аймақтың ветеринариялық режимiн белгiлеу және алып тастау туралы ұсыныс енгiзу;
    • жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануардан алынатын өнiм мен шикiзатты алып қою және жою туралы шешiм қабылдау;
    • уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан, аумақты жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын аймақтарға бөлу туралы шешiм қабылдау;
    • аудандар мен Петропавл қ. ветеринария бөлiмдерi басшыларының қызметке тағайындалуын және қызметiнен босатылуын келiседi;
    • аудандар мен Петропавл қ. ветеринария бөлiмдерiнiң ветеринариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
    • Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз кiру (қызметтiк куәлiк ұсыну);
    • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен мiндеттер.
  • Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы

    Мекен-жайы: 150007, Петропавл қаласы, Парковая көшесi, 57 В

    Телефон: +7 7152 53-36-07

    E-mail: ump_sko@sko.kz

    Басқарма басшылығы

    Басқарма басшысы — Бүркiталин Нұрлан Кеңесұлы

    Басқарма басшысының орынбасары — Шилов Павел Иванович

    Басқарма миссиясы:

    Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау, табиғи және техногендiк төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қауiптi техникалық қондырғыларды пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйелерiн дамыту және жетiлдiру

    Мiндеттерi:

    Мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының, орталық атқарушы органдары аумақтық бөлiмшелерiнiң, ұйымдардың жұмылдыру даярлығын көтеру, атқару кезеңiнде өзара әрекет ету және жөнге салынған жұмыс мәселелерiн өндеу;

    Заманауи қырып жою құралдарын қолданған жағдайда және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде залалды азайту мүддесiнде шаруашылық объектiлерiн алдын ала дайындауды енгiзетiн азаматтық қорғау жөнiнде жалпы мемлекеттiк iс-шаралар кешенiн өткiзу;

    Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектiлерге (тұрғын-үй қоры, ойын сауық, сауда және қонақ үй кешендерi) орнатылған қауiптi техникалық құрылғыны (лифт, экскалатор, фуникулер) пайдалануға беретiн ұйымдармен кондоминиум объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.

    Басқарма функциялары:

    1) Басқарма құзiретiне енетiн мәселелер бойынша өңiрлiк бағдарламалар, облыс әкiмдiгiнiң қаулыларын, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерi жобаларын әзiрлеуге қатысады;

    Басқарма құзiретiне енетiн мәселелер бойынша аудандық, қалалық, әкiмдiктердiң жұмыстарын ұйымдастырады, бағыттайды;

    2) жұмылдыру даярлығы бойынша:

    • облыстың жұмылдыру жоспарларын әзiрлеуге қатысады, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде жұмылдыру даярлығы жөнiнде iс-шаралар өткiзедi;
    • бейбiт кезеңде және жұмылдыру жарияланған кезеңде әскери басқарманың жергiлiктi органдарымен өзара байланысты әрекеттер жасайды, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу жүргiзуге қатысады;
    • жұмылдыру органдары мамандарын, басқару органдарының лауазымды адамдарын оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады;

    3) азаматтық қорғау бойынша;

    • жергiлiктi ауқымдағы апаттар мен зiлзалалардың алдын алу мен жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;
    • өз құзiретi шегiнде лауазымды тұлғаларды, азаматтар мен ұйымдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
    • өрт қауiпсiздiгi бойынша өңiрлiк мақсатты бағдарламаны әзiрлеуге жәрдемдеседi және орындалуын қамтамасыз етедi;
    • төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
    • бекiтiлген бюджеттiк тағайындауға сәйкес, апаттар мен зiлзалалардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру, материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстардың жергiлiктi қорын құру және пайдалану бойынша жергiлiктi бюджеттi атқаруды қамтамасыз етедi;
    • қауiптi өндiрiстiк объектiлерде апаттар болған жағдайды қолдағы бар күш, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, оның бетiн қайтару, адамдардың өмiрiн сақтап қалу, олардың денсаулықтарын, құқықтары мен мүдделерiн, меншiктерiн қорғау, қоғамдық тәртiптi қолдау жөнiнде қажеттi көмек көрсетедi;
    • төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру бойынша ұсыныстар енгiзедi.

    4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша:

    • коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектiлерге (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақ үй кешендерi) орнатылған қауiптi техникалық құрылғына (лифт, эскалатор, фуникулер) пайдалануға беретiн ұйымдармен кондоминиум объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
    • тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйесi объектiлерiн қауiпсiз пайдалану талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
    • 0,07 мега/Паскальдан астам қысымда немесе судың115 градус цельсиядан астам қызу температурасы кезiнде, жүк көтеретiн тетiктермен, экскалаторлармен, арқан жолдармен, фуникулер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiндегi лифтермен жұмыс iстейтiн қауiптi техникалық қондырғыны пайдалану қауiпсiздiгiн бақылайды;
    • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң қауiптi техникалық қондырғыларын есепке қою және есептен шығаруды жүзеге асырады.
  • Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жастар саясаты мәселесi жөнiндегi басқармасы

    Мекен-жайы: 150008, Петропавл қаласы, Қ. Кiншенбаев көшесi, 22

    Телефон: +7 7152 53-36-07

    E-mail: ump@sko.kz

    Басқарма басшылығы

    Басқарма басшысының м.а. — Тухватулина Ирина Наильевна

    Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

    Басқарманың миссиясы жастардың бостандықтары мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, жастардың жұмыспен қамтылу мен еңбегi саласындағы кепiлдердi қамтамасыз етуге, жастардың кәсiби, рухани және дене дамуы үшiн жағдай жасауға, жастар және балалар бiрлестiктерiнiң дамуына жәрдемдесуге бағытталған өңiрдегi мемлекеттiк жастар саясатын тиiмдi iске асыру болып табылады.

    Басқарманың мiндеттерi:

    1. жастар саясаты мәселесi жөнiндегi мемлекеттiк басқару жүйесiнiң басқа да құжаттарын iске асыруға жағдай жасау;
    2. тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, салауатты өмiр салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыру және жастар арасында адамгершiлiк, азаматтық-құқықтық мәдениеттi тәрбиелеу;
    3. мәдениеттер және дiндер диалогының жаңа нысандарын iздеу жолымен iшкi саяси тұрақтылық пен этносаралық келiсiмдi нығайту;
    4. мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру бойынша ақпараттық-насихаттау және түсiндiрме жұмыстарын жүргiзу;
    5. жастар саясаты саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;
    6. жастар ұйымдары қызметiн талдау және мониторинг жүргiзу;
    7. Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында мемлекеттiк жастар саясаты бойынша республикалық iс-шараларды ұйымдастыруға және өткiзуге қатысу;
    8. Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында мемлекеттiк жастар саясаты бойынша республикалық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу;
    9. жастар ұйымдарына ұйымдастырушылық, консультациялық-әдiстемелiк және ақпараттық қолдау көрсету;
    10. ақпараттық (компьтерлiк, мәтiндiк) дерекқорды қалыптастыру, жинақтау және жалпылау, жiктеу iс-әрекетiн жүзеге асыру;
    11. саяси партиялардың жастар ұйымдарымен, жастар қанаттарымен және этномәдени бiрлестiктермен өзара iс-әрекеттi жүзеге асыру.

    Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген тәртiпте Басқарма өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi функцияларды жүзеге асырады:

    1. мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру;
    2. мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру бойынша мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарын әзiрлеу және облыстық мәслихатқа бекiтуге енгiзу;
    3. Солтүстiк Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органы жанындағы жастар саясаты жөнiндегi консультациялық-кеңестiк органдардың қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-техникалық және қаржылық қолдауды қамтамасыз ету;
    4. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiпте мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және iске асыру;
    5. бiлiм беру және тәрбиелеу жүйесiндегi ұйымдарға мемлекеттiк жастар саясаты саласында қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсету;
    6. жастар саясаты саласындағы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң функцияларын жүзеге асыру.

    Құқықтары мен мiндеттерi:

    1. мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажеттi ақпараттарды белгiленген тәртiппен сұрауға, Басқарманың құзырына кiретiн мәселелердi пысықтауға мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн тартуға, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу үшiн уақытша жұмыс топтарын құруға;
    2. жергiлiктi атқарушы органдардың iшкi саясат саласындағы қызметтерiн жетiлдiру бойынша облыс әкiмiне ұсыныстар енгiзуге;
    3. Басқарманың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындауын бақылауға сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өткiзетiн iс-шараларына қатысуға;
    4. өңiрлiк бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
    5. мирасқор ретiнде ведомствоға қарасты мекемелер құруға, оларға ие болу және олардың қызметтерiн үйлестiруге;
    6. лауазымды тұлғаларға және мемлекеттiк органдарға Басқарманың құзырына кiретiн мәселелер бойынша кеңестiк-әдiстемелiк, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге;
    7. Облыстық жастар бастамалары орталығына әдiстемелiк көмек көрсетуге, Басқарманың ведомствосына қарасты мекемесi құрылымын және шектi штат санын бекiту.
    8. Жеке қаржыландыру жоспарын бекiтуге;
    9. жылдық қаржылық есептi бекiтуге.
Мақаланың шыққан күні: 22.06.2016 17:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.05.2017 17:34
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Облыс әкiмiне өтiнiштердi қарау
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы