A- A A+
Облыстағы банк секторы қызметінің 2018 жылғы қаңтар-тамыз айы бойынша қысқаша қорытындысы

 «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

Солтүстік Қазақстан облысы банк секторының 2018 жылдың 1 қыркүйектің жағдайы бойынша 14 аймақтық екінші деңгейдегі банктердің филиалдары және олардың 43 құрылымдық бөлімшесі қызмет көрсетті.

Несие нарығы. Облыста несие беру көлемі 2018 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша 2017 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 11,8% артып, 116,0 млрд. теңгені құрады. ҚР бойынша жалпы көлемдегі облыстың несие салымының үлесі 0,89% құрайды.

Облыста жеке тұлғалардың несие салымының көлемі әдеттегідей, заңды тұлғалардан басым. Заңды тұлғалардың несие салымы 37,3 млрд. теңгені құрайды, 2017 жылдың тамыз айындағыдан (2017 ж. тамызда — 35,0 млрд. тг.) 6,6% көтерілді, жеке тұлғалар бойынша — 78,7 млрд. теңге, 2017 жылдың сәйкес кезеңінен 14,4% (2017 ж. тамызда — 68,8 млрд. теңге) өскен. Жалпы несие салымдарының көлемінде жеке тұлғалар несиелерінің үлес салмағы 67,8% құрады.

Есепті кезеңде екінші деңгейдегі банктер берген несиенің жалпы көлемі 89,5 млрд. теңгені құрады, ол 2017 жылғы сәйкес кезеңінен 8,0% артты.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектіні несиелеуге 28,7 млрд. теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңінен 10,3% төмен. Берілген несиелердің жалпы көлемінің шағын бизнеске берген несиелердің үлес салмағы 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 38,6% құраса, 2018 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 32,1% құрады.

Тұтыну және ипотекалық несиелер нарығында алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда несие беру көлемінің көбейгендігі байқалды. Осылайша, тұтынушылар несиесі — 30 465,0 млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен (2017 ж. 01.09. — 24 844,2 млн. теңге) 22,6% көп берілген. Тұрғындарға берілген ипотекалық несие алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінен (2017 ж. 01.09. — 5 027,0 млн. теңге) 8,7% артты, 5 463,0 млн. теңгені құрады.

Депозит нарығы. 2018 жылғы 1 қыркүйек жағдай бойынша банктердің филиалдарымен тартылған заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражатының көлемі 156,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,7% артты.

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негізгі көзі тұрғындардың салымдарынан құралып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттері 148,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,8% (2017 ж. 01.09. жағдайында — 128,9 млрд. теңге) өсті. Жеке тұлғалар депозиттерінің үлесіне депозиттердің жалпы сомасының 94,8% келеді. Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша көрсеткіш 10,8% көбейді, 8,2 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 2017 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 24,9% көбейген және 115,0 млрд. теңгені құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 41,2 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 73,6% құрады. Депозиттер бойынша долларлану деңгейі 26,4% дейін төмендеді (2017 ж. 01.09. жағдайында — 32,4%).

Тұрғындардың бір адам басына шаққандағы салымы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6% өсіп, 264,0 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2018 жылғы 1 қыркүйектің жағдайында уәкілетті ұйымдардың, «Қазпошта» АҚ филиалының және ЕДБ филиалдарының 103 айырбастау пункттері қызмет көрсетті, қаңтар-тамыз айында 25,9 млн. АҚШ доллардың, 2,97 млн. еуроның және 5 748,9 млн. ресей рублінің таза сатылымдары жүргізілді. 2017 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда айырбастау пунктерінің ресей рублін сатып алу бойынша — 21,5% және сатылуы бойынша 40,9% артқаны байқалды. АҚШ долларын сату және сатып алу, яғни 4,1% және 7,8% сәйкес төмендеген. Айырбастау пунктерінің еуроны сатып алуы 14,1% төмендеп, сатуы 8,9% түсті.

Облыстың төлем карточкаларының нарығы. Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желісі 2018 жылғы 1 тамыздағы жағдай мынадай түрде беріледі: 300 банкомат (2017 ж. 01.08. жағдайында — 297), 2 880 POS-терминал (саны 237 түсті). Төлем карточкаларын пайдаланушыларға және карточка ұстаушыларға саудалық — қызмет көрсету кәсіпорындары қарқынды дамуда, бұл дегеніміз, олардың саны 1 394 (15,9% түсті), ал карточка ұстаушылардың саны 2,4% өсіп, яғни 342,4 мың адам болғанын көрсетеді.

Микроқаржылық ұйымдардың қызметтері. 2018 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша облыс аумағында 3 микроқаржылық ұйым (бұдан әрі — МҚҰ) қызмет атқарады.

МҚҰ несие портфелінің көлемі 2018 ж. 01.07. жағдайы бойынша 1 050 036 мың теңгені құрайды (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда — 3,5% өскен).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Солтүстік Қазақстан филиалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 5 түрін көрсетеді:

  1. Валюталық операцияларды тіркеу;
  2. Шетел банкіндегі банк шоттарын ашу жөніндегі немесе валюталық операциялар туралы хабарламаларды растау;
  3. Уәкілеттік ұйымдарда шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру;
  4. Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу;
  5. Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтері «Уәкілеттік ұйымдарда шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру» және «микроқаржылық ұйымдардың есептік тіркеуі» «электронды үкімет: www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы ақпарат «Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері» тарауында Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында, сонымен қатар «Бизнес» тарауының «Мемлекеттік органдар бойынша көрсетілетін қызметтер» кіші тарауында www.egov.kz веб-порталына орналастырылады.

*2018 ж. 01.09. мәліметтер 2018 ж. қазанда жарияланатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 03.10.2018 14:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2018 14:32
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы