A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атқарушы органдар қызметін бағалау

2015 жылы мемлекеттік органның қызметі тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытынды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

 

1. Жүктелген міндеттерді іске асыру дәрежесі, сондай-ақ, мемлекеттік орган қызметін ұйымдастыру тиімділігі туралы қорытынды

2015 жылдағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің (бұдан әрі – Әкімдік) қызметі тиімділігін бағалау нәтижелеріне сәйкес 74,33 баллды құрады (ЖАО арасындағы рейтингте 2 орында) және үш жыл бойы тиімділігі орташа деңгейде.

2014 жылмен салыстырғанда ведомствоның тиімділігі 3,45 баллға азайды, ал рейтингтегі орны сол деңгейде қалды.

5 бағыт кесіндісінде Әкімдікті бағалау нәтижелері:

2011

2012

2013

2014

2015

11 орын

11 орын

3 орын

2 орын

2 орын

66,67 балл

67,13 балл

73,07 балл

77,78 балл

74,33

Атқарушы органдар қызметін бағалау

 

Әкімдіктің жалпы тиімділігіне оң ықпалын тигізетін бағыттар стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, АТ қолдану, персоналды басқару болып табылады.

Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру бойынша 2 жыл ішінде Әкімдік қызметінің тиімділігі жоғары деңгейде тұр.

Персоналды басқару бойынша тиімділіктің артуы байқалады. Көрсеткіш 6,5 баллға өсті, ал тиімділік деңгейі орташа деңгейде қалды.

АТ қолдану бойынша қызмет орташа тиімді болуына қарамастан есепті кезеңде баға көрсеткіші 4,8 баллға азайды, ал рейтингтегі орна 2 тармаққа жақсарды (6 орыннан 4-ге дейін).

Мемқызметтер көрсету бойынша Әкімдіктің тиімділігі артты. Екі жыл бойы меморган орташа тиімді қызметті көрсетіп, 16 әкімдік арасында 4 орын алды.

Ең тиімсіз жұмыс бюджеттік қаражатты басқару бойынша жүргізіледі. Бағалауды енгізу кезінен Әкімдік тиімсіз қызметті көрсетіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда баллдардың ұлғаюы байқалады, 2014 жылмен салыстырғанда 16,1 баллға және 2014 жылмен салыстырғанда 21,5 баллға.

Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру (16-дан 1-і)

2015 жылы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру бойынша Әкімдік қызметі 94,4 баллды құрады (жоғары тиімді деңгей), 2014 жылмен салыстырғанда баллдарда оң қарқыны бар.

ЖАО арасында да рейтинг көрсеткіші оң қарқынға ие, 2014 және 2013 жылдармен салыстырғанда сәйкесінше 4 және 7 орынға жақсарды.

Есепті кезеңде Әкімдіктің Аумақты дамыту бағдарламасын (бұдан әрі – АДБ) талдау сапасы мен толықтығының жоғары деңгейі (99%) байқалады, бұл 2014 жыл деңгейінен (75%) жоғары. Сөйтіп, ағымдағы жағдайдың талдауында Әкімдіктің барлық жетекшілік ететін алалары бойынша толық көлемде соңғы үш жылдағы мәліметтер пайдаланады.

Бұл ретте, 2 сала (7-ден) бойынша АДБ ағымдағы жағдайын талдауда проблемалардың талдауы толық жасалмаған. Атап айтқанда, «Экономика» және «әлеуметтік сала» салалары бойынша проблемалар ішінара талданған.

2015 жылы АДБ стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру бойынша жоғары деңгей (97%) байқалады, бұл ЖАО арасындағы орташа мәннен жоғары (93%). Сөйтіп, АДБ 24 мақсатынан 20-на қол жеткізілді, 39 міндетінен 33-і іске асырылды.

Сондай-ақ, бағалау нәтижесі бойынша жоспарланған көрсеткіштердің 30%-дан артық асыра орындалғаны бойынша 14 факт белгіленді.

Бюджеттік қаражатты басқару (16-дан 13-і)

2015 жылы бюджеттік қаражатты басқару бойынша Әкімдік қызметінің тиімділігі 43,3 баллды құрады (тиімсіз деңгей), бұл 2014 жыл нәтижесінен 16,1 баллға жоғары.

Әкімдік ЖАО рейтингінде 3 орынға көтерілді.

Алынған балл меморган жұмысының келесі нәтижелерімен негізделген.

Есепті кезеңде бюджеттік қаражатты басқару бойынша Әкімдік қызметінде кейбір оң үрдістер байқалды.

Игерілмеген қаражаттың көлемі айтарлықтай қысқарды (2014 жылдағы 1,1 млрд. теңгеге қарағанда 308,4 млн. теңге). Қаражатты игеру көрсеткіші 4,7 пайыздық тармаққа жақсарды (2014 жылдағы 93,9%-ға қарағанда 98,6%).

Қайта бөлінген қаражат көлемі қысқарып, 2014 жылдағы 19,4%-ға қарағанда 1,5%-ды құрады.

Дебиторлық және кредиторлық қарыздар азайды. 2015 жыл нәтижесі бойынша дебиторлық қарыз 4,4% төмендеді (2014 жылғы 201,0 млн. теңгеге қарағанда 8,9 млн. теңге ). Кредиторлық қарыз 2,8 есе қысқарды (2014 жылғы 1,5 млрд. теңгеге қарағанда 531,5 млн. теңге).

Бюджеттік бағдарламаларға қол жеткізудің белгіленген нәтижелерінің көрсеткіштері жақсарды (2014 жылғы 72,6%-ға қарағанда 78,5%) және сәйкесінше Әкімдіктің бюджеттік бағдарламаларды орындауының жалпы тиімділігі жақсарды (2014 жылғы 64,2%-ға қарағанда 79,0%).

Сонымен қатар, мынадай жағымсыз үрдістер айқындалды.

Әкімдікпен бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының бастапқы құнынан 29%-ға ұлғайту жіберілген. Салыстыру ретінде 2014 жылы инвестжобалар қымбаттаған жоқ.

МҚБ органдарымен айқындалған бұзушылықтар үлесі (2014 жылғы 62,7%-ға қарағанда 42,5%) жоғары (шекті мінінен 15% жоғары) болып қалуда.

Өтеуге айқындалған 809,2 мың теңге мөлшеріндегі бұзушылықтар сомасы толық өтелмеген (0%).

Біршама жақсаруына қарамастан, бағдарламаларды атқару нәтижелілігі мен тиімділігі деңгейі төмен. Сөйтіп бағдарламалардың 37,5%-ы (32-ден 12-сі) бойынша ғана тікелей нәтижелерге 100% қол жеткізу қамтамасыз етілді.

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерін жоспарлау сапасы төмендеді.. сөйтіп, 32 бағдарлама ішінен 8 бағдарламада сапасыз жоспарланған көрсеткіштер айқындалған. Мәселен, 2014 жылы 29 бағдарламадан 1 бағдарламада ғана көрсеткіштер сапасыз болған.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету (16-дан 4-і)

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Әкімдік қызметі бағалау көрсеткіші 72,24 балл бола тұра, орташа тиімді деп бағаланды. Бұл ретте, орташа тиімділік деңгейінің сақталуына қарамастан, бағалау көрсеткішінің 10,64 баллға төмендеуі байқалады.

ЖАО арасындағы рейтинг көрсеткіші өткен кезеңмен салыстырғанда кері қарқынға ие, 2 орынға төмендеуі байқалады.

Әкімдік Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестріне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 170 түрін көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижесі бойынша Әкімдікте қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен неғұрлым жоғары қанағаттанушылығы байқалады (ықтимал 10 баллдан 8,8). Сондай-ақ, Әкімдіктің мемлекеттік қызметтерге қолжетімдіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету бөлігінде жоғары нәтиже байқалады (10 баллдан 8,9).

Сонымен қатар, өткен есепті жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызмет стандартының бұзушылықтары санының 2 еседен астам (12 фактіден 26-ға дейін) ұлғайғанына қарамастан, барлық айқындалған бұзушылықтар бойынша тәртіптік шаралар қабылданды.

Әкімдіктің орташа тиімді қызметінің тағы бір аспектісі мемлекеттік қызмет көрсету процесстеріне тартылған қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілерінің болмауы болып табылады.

«Электрондық үкімет» арқылы баламалы негізде мемлекеттік органмен (ведомстволық ұйыммен) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың төмен үлесі (өтініштердің жалпы санынан 1,2%) және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – орташа үлесі (71,37%) байқалады.

 

Персоналды басқару (16-дан 5-і)

2015 жылы персоналды басқару бойынша Әкімдік қызметінің тиімділігі орташа ретінде бағаланып, 78,72 баллды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда персоналды басқару сапасы 6,55 баллға жақсарды. ЖАО рейтингінде Әкімдік 4 орынға көтерілді.

Әкімдік қызметкерлерді оқыту бағытындағы нәтижелерін жақсартты. 2015 жылы біліктілікті арттыру семинарларымен және қайта даярлау курстарымен жалпы қамту 100%-ды құрады, 2014 жылы сәйкесінше 98,2% және 96,2% құраған.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес 2015 жылы Әкімдікте сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін бір қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды (2011-2014 жылдары – 0). Алайда, бұл ретте, Әкімдіктің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жалпы жұмысы жоғары бағаланды. Соның ішінде мемлекеттік органның сайтында жәке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияларды жариялау санының ұлғаюы есебінен. 2015 жылы басшылық буын қызметкерлерінің 92%-ы декларацияларын жариялады, 2014 жылы – 48%.

Қызметкерлердің өз жұмысымен қанағаттану деңгейі бойынша Әкімдік рейтингте үшінші орын алады. СҚО Әкімдігінің қызметкерлері жұмысын асыру орындау жағдайлары (22,1%) және жалақымен және сыйақымен қанағаттанбау жағдайлары (16,3%) туралы сирек айтады.

«Персоналдың сапалық құрамы» көрсеткіші бойынша СҚО Әкімдігі рейтингтің соңғы орнын алды. Есепті мәліметтерге сәйкес СҚО Әкімдігінде 1 мемлекеттік қызметшінің ғылым кандидаты атағы бар, 17 - магистр атағы.

Соңғы жылы кадрлардың тұрақсыздық деңгейі 2014 жылғы 17,1%-дан 2015 жылғы 11,7%-ға дейін 5,4%-ға төмендеді, алайда, ол шекті мәнінен жоғары - 9%.

2015 жылы Әкімдіктің мәліметтері бойынша өз қызметкерлері арасынан 49 қызметкердің лауазымы жоғарылады, бұл жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 23,6% (2014 жылы өз қызметкерлері арасынан қызметкерлердің 20,4%-ының лауазымы жоғарылады) құрайды.

Ақпараттық технологияларды қолдану (16-дан 4-і)

Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша Әкімдік қызметінің тиімділігі 82,99 баллды құрады және орташа тиімді деңгейде тіркелді.

ЖАО арасында жалпы рейтинг көрсеткіші оң қарқынды көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2 орынға жақсарды (2014 жылы 6 орын).

Сөйтіп, Әкімдікпен ұсынылған мәліметтерге сәйкес»электрондық үкіметтің» компонеттерімен АЖ барлық жоспарланған интеграциялары толық көлемде іске асырылды (100%).

Интернет-ресурстың тиімділігі көрсеткіші қалыпты жоғары деңгейде тұр - 97% (2014 жылы – 98%).

Бұдан басқа, МОИП анықтамалығының 100% өзектілігі, сондай-ақ, ведомствоаралық электрондық құжат айналымы үлесінің көрсеткіші (100%) қамтамасыз етілді.

Алайда, жоғарыда аталған оң өзгерістерге қарамастан, мынадай жағымсыз фактілер байқалады.

Автоматтандырылған функциялар үлесі 2014 жылғы 100%-дан 2015 жылғы 95%-ға дейін төмендеді, бұл бірінші кезекте автоматтандыруға жататын функциялардың жалпы санының ұлғаюына және АЖ-ға НТҚ жүргізілген талдауына байланысты болды.

Мақаланың шыққан күні: 07.03.2017 12:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.03.2017 14:52
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы