A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
СҚО кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін қаржылық қолдау

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы қаулысына сәйкес «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы бекiтiлдi. 2015 жылға кәсiпкерлерге банк кредиттерiн субсидиялау және кепiлдендiру, қайтарымсыз грант беру, бизнестi жүргiзу жөнiндегi сервистiк қызметтер, оқудан өту түрiндегi қолдау ұсынуға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлiндi.

01.07.2015 жылғы жағдай бойынша Өңiрлiк үйлестiру кеңесi Бағдарлама шеңберiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiне мыналарды көрсету жөнiндегi 80 өтiнiмiн құптады:

«Моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық елдi мекендер кәсiпкерлерiнiң жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бiрiншi бағыты бойынша

  • 575,7 млн. теңгеге 12 кредиттiң пайыздық ставкасын субсидиялауға.

«Экономиканың басым секторларында және өңдеушi өнеркәсiп салаларында қызметiн жүзеге асыратын кәсiпкерлердi салалық қолдау» екiншi бағыты бойынша

  • 1,3 млрд. теңгеге 34 кредиттiң пайыздық ставкасын субсидиялауға;
  • 61,7 млн. теңгеге 6 кредиттi кепiлдендiру;
  • ЖСҚ мен мемлекеттiк сараптама ұсыну шартымен 410 млн. теңгеге өндiрiстiк инфрақұрылымның 2 объектiсiн дамытуға.

«Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету» үшiншi бағыты бойынша

  • 190 млн. теңгеге 2 кредиттiң пайыздық ставкасын субсидиялауға.

«Кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржылай емес шараларын көрсету» төртiншi бағыты бойынша

  • «Назарбаев Университетi» БАҚ бизнес-мектебi негiзiнде шағын және орта бизнес топ-менеджментiн оқытуға 24 өтiнiм.

Салалық кесiндiде мыналарға ең мол бөлiгi келедi: автомобиль көлiгiмен жүк тасымалы — 12, тамақ өнiмдерiн өндiру — 8, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласында — 4, қонақ үй бизнесi саласында — 4, сауда саласында — 3 және қызмет көрсетудiң басқа түрлерi — 17.

БЖК 2020 шеңберiнде микрокредиттердi салалық бөлу

БЖК 2020 шеңберiнде микрокредиттердi салалық бөлу

Облыста қаржылық қолдауды екiншi деңгейлi банктердiң 17 филиалы жүзеге асырады. 2015 жылғы қаңтар-наурызда өңiр экономикасын дамытуға сомасы 19,5 млрд. теңгенiң кредиттерiн немесе бұрынғы жылдың сәйкес кезеңiне 85,5% бердi, соның iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 4,4 млрд. теңге. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi алған кредиттердiң үлес салмағы банктер берген қарыздың жалпы көлемiнен 22,6% құрады.

Мемқолдау «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасынан басқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының екiншi бағыты шеңберiнде ауылдағы кәсiпкерлерге микрокредиттер беру түрiнде көрсетiледi. Микрокредиттер сомасы 5 жылға 3 млн. теңгеге дейiн 5%-бен.

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау» АҚ-ның Солтүстiк Қазақстан филиалы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберiнде ауылдағы кәсiпкерлерге микрокредиттер беру мақсатында экономиканың басым секторларында жеке iс ашу немесе кеңейту үшiн 2015 жылғы қаңтар-мамырда 23 қарызгерге сомасы 53,4 млн. теңгенiң микрокредиттерiн бердi, одан жаңа бизнестi ашуға 10 қарызгерге 22,2 млн. теңге сомаға, қолданыстағы бизнестi кеңейтуге 13 қарызгерге 31,2 млн. теңге сомаға.

Салалық кесiндiде берiлген кредиттердiң ең мол бөлiгi мыналарға келедi: мал шаруашылығы — 12 кредит, қызмет көрсету саласында — 4, орман шаруашылығы — 3, құс шаруашылығы және өндiрiс 2-ден.

Кәсiпкерлiктi дамыту мақсатында облыстың 13 ауданында Бағдарлама шеңберiнде Кәсiпкерлiктi дамыту картасы әзiрлендi, онда бағдарламаға әлеуеттi қатысушылардың кәсiпкерлiк белсендiлiгiне байланыстырумен нақты аумақ үшiн қызметтiң басым түрлерi айқындалды.

Осы Бағдарламаға қатысушыларды микрокредиттеу өңiрде айқындалған кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Микрокредиттердi салалық бөлу

Микрокредиттердi салалық бөлу

Мақаланың шыққан күні: 27.07.2016 10:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.03.2017 17:10
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы