A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының автоматтандыруға жататын функцияларының тізбесі

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi
аппараты басшысының 2018 жылғы
14 желтоқсандағы № 102 бұйрығына
қосымша

Солтүстiк Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органдарының автоматтандыруға жататын функцияларының тiзбесi

1. Облыстың атқарушы органдарының жұмысын үйлестiру, зерделеу және талдау, әкiмге олардың қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзу
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерiн өткізуді үйлестіру
3. Облыс әкiмiнiң халыққа есеп беру кездесулерiн өткізуді ұйымдастыру
4. Норма шығаруды жетiлдiру жұмысын ұйымдастыру
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекiтiлген Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, түзету және қажеттi сараптама жүргiзу, сондай-ақ бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау, қарау, iрiктеу, мониторингiлеу және iске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес iшкi бақылау қызметiн ұйымдастыру
6. Жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатқа жасалған ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау үшiн құжаттарды әзiрлеу
7. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру
8. Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда, оларды зерттеп-қарауды жүргiзу
9. Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
10. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасау
11. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
12. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
13. Жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк номерлер беру
14. Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқордың жүргiзiлуiн ұйымдастыру
15. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешiм шығару
16. Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттiлiктi айқындау және процессингтiк орталыққа ақпарат беру
17. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн әзiрлеу
18. Облыстың аумағында орналасқан екi және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантиндi немесе шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлеу
19. Ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну
20. Жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу
21. Өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ-ның мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, БАҚ-ның заңнаманы сақтау жөніндегі қызметіне мониторинг жасау, телерадиохабарларды тарату саласында заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, өңірлік және шетелдік БАҚ-ны есепке алу
22. Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап-қорыту және жіктеу
23. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдары саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру
24. Жердi пайдалану және қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру
25. Орындалуы міндетті анықталған жер заңнамасын бұзушылықты жою жөніндегі ұйғарымды беру
26. Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жердi анықтау және мемлекеттiк меншiкке қайтару
27. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердің болуы, жай-күйі және оның пайдаланылуы туралы мәліметті мемлекеттік органдарға уақытында беруі
28. Жеке және заңды тұлғалардың жер мәселелерi жөнiндегi ауызша және жазбаша арыздарын қарау
29. Өз құзыретi шегiнде мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту
30. Өз құзыреті шегінде жер учаскелерін сату-сатып алу шартын, жалға беру және уақытша өтеусіз жер пайдалану шартын жасау және жасалған шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру
31. Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 71-бабына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзуге жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау
32. Облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндiру жөнiндегi; бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi; барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн), магистральдық құбыр жолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөнiндегi объектiлердi салу (реконструкциялау) үшiн, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес iске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшiн, магистральдық құбыр жолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау
33. Мемлекеттік облыстық коммуналдық меншікті мақсатты және тиімді пайдалануға және сақтауға мониторинг жасау
34. Кәсіптік жарақаттардың, кәсіби аурулардың, кәсіби уланудың себептерін талдау және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу
35. Жұмыс берушілерде қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басшылық қызметкерлер мен жауапты адамдардың білімін тексереді
36. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жұмысын жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру
37. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасау, тіркеу және сақтау
38. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және құрылыстарын салуға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету
39. Әлеуметтік қызметтерді көрсететін, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастыру
40. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы, тұрғын үй көмегі, үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін бақылау
41. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоратив ішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ аталған рұқсатты тоқтата тұру және кері қайтарып алу
42. Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға қатысу
43. Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру
44. Іс қағазын жүргізудің жай-күйін, ұйымдарда құжаттарды сақтауды бақылауды және ұйымдастыру-әдістемелік басқаруды жүзеге асырады
45. Тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмысын орындауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады
46. Коммуналдық меншіктегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау, жинау және пайдалануды ұйымдастыру
47. Тарихи-мәдени мұра объектілерін сәйкестендіру, есепке алу, қорғау жұмысын жүргізу
48. Тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, күзету, пайдалану, тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету
49. Мемлекеттік меншіктегі жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдалануға беру туралы мәселені шешу
50. Коммуналдық меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану
51. Тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша қорғау міндеттемесін ресімдеу және меншік иелері мен қолданушылардың оны орындауын бақылау
52. Облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының театр, музыка және кино өнерiн, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кiтапхана және музей iсiн дамыту қызметiн қолдайды және үйлестiреді, облыстың мәдениет және архив ісі саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді
53. Тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды қарастырады
54. Тиiстi аумақта орналасқан мәдениет мекемелерiнiң қызметiне мониторинг жасауды жүзеге асырады және уәкiлеттi органға белгiленген нысандағы ақпаратты, статистикалық есептердi ұсынады, облыстың мемлекеттiк архивтерінде сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізуді және сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады
55. Коммуналдық меншіктегі деректі тарих және мәдениет ескерткіштерін, оларды сақтау мен пайдалануды қорғауды жүзеге асырады
56. Ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларын конкурстық іріктеуді, тағайындауды және аттестаттауды жүзеге асырады
57. Мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiне байланысы бар қоршаған орта объектiлерiн қорғауды және пайдалануды жүзеге асырады
58. Ұйымдардағы іс қағазын жүргізудің жай-күйін, құжаттардың сақталуын бақылауды және ұйымдастыру-әдістемелік басқаруды жүзеге асыру
59. Облыс деңгейінде жүзеге асырылатын балаларға қосымша бiлiм беруді қамтамасыз ету
60. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру
61. Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-тексеруді қамтамасыз ету және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету
62. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өмірлік қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру, өзге де көмекті көрсету жөніндегі шараларды қабылдау
63. Балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету
64. Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету
65. Мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру
66. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беретін мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
67. Өмірлік қиын жағдайдағы және тұрмысы қолайсыз отбасылардағы кәмелетке толмаған балалардың өңірлік есебін жүргізеді
68. Автовокзалдар мен автостанциялардың тiзiлiмiн жүргiзу
69. Жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу
70. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру
71. Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының, елді мекен көшелерінің желiсiн басқару
72. Жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу
73. Өз қызметі туралы ақпаратты еркін таратады
74. Ана тілдерін дамыту мәселелері жөніндегі ұлттық-мәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіру
75. Тілдік заңнаманы іске асыру туралы есептерді, талдамалық баяндамаларды дайындауды жүзеге асыру
76. Облыстың жеке және заңды тұлғаларына деректемелер мен көрнекі ақпаратты ресімдеуге әдістемелік көмек көрсету жөніндегі рейдтік және басқа да іс-шараларды өткізу
77. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады
78. Орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды
79. Бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауызсумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитариялық қорғаныш аймақтарын белгiлеу жөнiндегi қаулы жобасын әзiрлейдi және жергiлiктi атқарушы органға ұсынады
80. II, III және IV санат объектiлерiнің шаруашылық және өзге де қызмет түрлерiн жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзедi
81. Екi және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшiн аулау, сондай-ақ сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрiн қоспағанда, жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат бередi
82. Орман қоры аумағында орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
83. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру
84. Өртке қарсы насихаттауды, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау мәселелерін үнемі жариялап отыруды, өртке қарсы ережені орындауды ұйымдастыру
85. Қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiн, күзетiлуiн, қорғалуын, пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады
86. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады
87. Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекiтедi, сондай-ақ ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни iс-шаралар өткiзуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келiседi
88. Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм қабылдайды
89. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзушылыққа қатысты өтiнiштерiн қарайды
90. Дiни бiрлестiктердi құруға бастамашы болған азаматтардың тiзiмдерiне тексеруді жүргiзудi қамтамасыз етедi
91. Астықтың сандық және сапалық жай-күйін бақылау
92. Агенттің, қоғамның Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнаманы сақтау жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру
93. Астық қабылдау кәсіпорындарын бақылау, оның ішінде: астық қабылдау кәсіпорындарының ережені сақтауын бақылау: астық қабылдау кәсіпорындарының зерртеп-тексеру актілерін ресімдеуі; астық қабылдау кәсіпорындарын бекітілген кестеге сәйкес жаңа жиналған астықты қабылдауға әзірлігі мәніне жыл сайынғы зерртеп-тексеру; астықтың сандық және сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астық қолхаттарын беру, айналым жасау және өтеу
94. Шығарылатын өнім ассортименті бойынша өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру
95. Агроөнеркәсiп кешені саласындағы дайындау ұйымдарының қызметіне мониторинг жасау
96. Инвестициялар мен екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін агроөнеркәсіп кешені саласына тарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу
97. Агроөнеркәсiп кешені мен ауыл аумақтарын дамыту мәселесі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға агроөнеркәсiп кешені мен ауыл аумағын дамыту және оның жай-күйі туралы ақпаратты беру
98. Астық нарығына қатысушыларда факт жүзінде астықтың болуы мен сапасын және оның есеп дерегіне сәйкестігін тексеру
99. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін астық қолхаттары тізілімінің дерегіне сәйкес астықтың сандық және сапалық есебін жүргізу және сақтаулылығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы мәніне тексеру
100. 0,07 мега Паскальдан астам қысымда немесе судың 115 градус Цельсиядан астам қызу температурасымен жұмыс істейтін қауiптi техникалық қондырғыны, жүк көтеретiн тетiктерді, экскалаторларды, арқан жолдарды, фуникулерлерді, лифтілерді пайдалану қауiпсiздiгiн бақылау
101. Тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйесi объектiлерiн қауiпсiз пайдалану талаптарын сақтауды бақылауды жүзеге асыру
102. Білім беру және тәрбиелеу жүйесіндегі ұйымдарға мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету
103. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады
104. Спортшыларға спорт разрядтарын беру: Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, 1-разряды бар спортшы
105. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру
106. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры дерегінің базасына енгізу үшін ақпаратты және (немесе) мәліметті белгіленген тәртіпте беру
107. Облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу
108. Халықты жоспарланған аумақта құрылыс салу не басқа да қала құрылысы өзгерiстерi туралы ақпараттандыру
109. Объектiлердi салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруын және жүзеге асыруын бақылау
110. Рұқсат беруді бақылауды жүзеге асыру
111. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау
112. Статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отыра, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асыру
113. Халықты әлеуметтiк маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың таралуы туралы хабардар ету
114. Гигиеналық оқытуды, салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастыру
115. Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды беру
116. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитарлық көлік сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын күрделі жөндеу бойынша қызметтерді ұйымдастыру
117. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін аттестаттау
118. Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерге әдістемелік және консультациялық көмек көрсету
119. Туроператорлық қызметтi лицензиялау
120. Туристiк қызметтi және туристік маршруттар мен соқпақтарды жүзеге асыратын адамдардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу
Мақаланың шыққан күні: 28.03.2018 18:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.02.2019 12:55
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы