A- A A+
Пайдалы қазба және су ресурсы

Пайдалы қазбалар

Облысымызда пайдалы қазбалардың көптеген түрлерi анықталды және әртүрлi дәрежеде зерделендi. 286 кенорны барланды. Солардың iшiнде 34 — металдық, 2 — металдық емес, 217 — құрылыстық және технологиялық шикiзат және 33 — жер асты сулары, одан 6 минералды.

Облыс аумағы Солтүстiк Қазақстан уран кендi, алмасты және қалайы-сирек металды аймағының бөлiгi болып табылады. Онда минералды шикiзаттың қомақты қоры анықталды, олар Қазақстан Республикасы теңгерiмiнде келесiнi құрайды: қалайы бойынша — 65%, цирконий — 36,6%, уран — 19%, титан — 5%, вольфрам — 1,1%. Минералды шикiзат базасын кеңейту перспективасы бар, әсiресе облыстың оңтүстiк-батысында. Осында алтын, күмiс, техникалық және зергерлiк алмас, қалайы, титан, түстi және сирек металдар, қоңыр көмiрдiң бiрқатар маңызды кенорындары мен кен көрiнiстерi бар.

Пайдалануда құрылыс тасы мен құмының кейбiр кенорындары ғана болуда. Жақсытұз көлiнде ас тұзы барланды және өндiру жүргiзiледi. Тұз қоры мемлекеттiк теңгерiмге қойылды. Есiл ауданында алтын кенорыны бойынша өндiруге ауысумен барлау жүргiзiлдi және қорлар бекiтiлдi. 2014 жылғы желтоқсанда алтын өндiрiп алу мен барлау бойынша кешен құрастырумен Аулие алтын кенорынды кәсiптiк өңдеу бойынша «Аулие Голд Майнинг» ЖШС кәсiпорны iске қосылды. Уәлихан ауданында фасфорит-глаукониттi құмдарды өнеркәсiптiк бағалау мақсатында геологиялық барлау жұмысы жүргiзiлуде. Обухов титан-цирконий кенi, Сырымбет қалайы кенорындарын өнеркәсiптiк әзiрлеу жүргiзiлiп жатыр.

2015 жылғы 29 қыркүйекте «Солтүстiк» ӘКК» ҰК» АҚ мен ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментi арасында Тайынша ауданындағы «Донецкое» кенiшiнде қалайыны барлауға келiсiм-шарт жасалды.

Бүгiнгi күнi Уәлиханов ауданының аумағында «Қондыбай» (бұрынғы Черниговское) елдi мекеннiң жанында «Қостанай iздестiру-түсiру экспедициясы» ЖШС пайдалы қазбаларды, соның iшiнде қаттыларды, көмiр-су тектiлердi және стратегиялық мақсаттағыларды айқындау бойынша зерттеулерге кiрiстi.

Су ресурстары

Облыстың су ресурстары Аққанбұрлық, Иманбұрлық салаларымен бiрге Есiл өзенi ресурстарынан, Селетi, Чаглинка, Қамысақты, Ащысу, Қарасу өзендерi және басқа да ағынды сулардан құралады, 2328 көл бар. 395 су айдыны балық шаруашылығына тиесiлi, олардан 251-сi жалға берiлген.

1. Жер үстi сулары. Облыстың негiзгi су көзi — Есiл өзенi, облыс аумағында 690 шақырымға созылған. Ортакөпжылдық жылдық өзен ағысы 2,23 км3 құрайды. Мұз басу қараша айының екiншi жартысында басталады, мұз басудың ұзақтығы — 5 ай. Есiл суы жоғары минералдандырылған өзендерге жатады, бұл су жинау бассейнi климатының құрғақтығымен және өзендi жабдықтайтын жер асты суларының тұздылығы жоғары болғандықтан. Судың жалпы минералдылығы сабалық кезеңдерде 500-800 мг/л құрайды, су кермек. Оттегi режимi қанағаттанарлық.

Өзеннiң су режимi көктемгi тасқын және ұзақ мерзiмдi сабаға түсуiмен сипатталады. Су тасудың ұзақтығы өзеннiң жоғарғы және орта ағысында 1-1,5 ай және төменгi ағыс бойынша 2-3 айға дейiн артады. Жылдық ағыстың 86-95%-ы көктемгi су тасу үлесiнде.

Есiл өзенiнiң үстiңгi ағысы Петропавл қаласын, Солтүстiк Қазақстан облысының елдi мекендерiн сумен қамтамасыз ету және саяжай алқаптарын суаруға және басқаларға пайдаланылады. Есiл өзенi Обь өзенi жүйесiне жатады. Есiл Нияз каласынан (Сарыарқа) теңiз деңгейнен 560 м биiктiкте бастау алады, Ертiс өзенiне құяды. Өзен ұзындығы 2450 км, бұл әлемдегi екiншi реттегi ең ұзын сала; су жинау алаңы 177000 шаршы километр, өзеннiң басынан сағасына дейiн құлашы — 513 м, орташа еңiсi — 21 см/км. Есiл ағысының құрылуы Қазақстан ұсақ шоқысы шегiнде орын алады.

Есiл өзенi тек қана қармен қоректенетiн, жылдық ағыстың 80 пайыздан астамын беретiн өзен түрiне жатады. Өзеннiң режимi айқын көктемгi су тасумен ерекшеленедi, оның басталуы әдетте 10-12 сәуiрге, ал шарықтау шегi — сәуiрдiң үшiншi онкүндiгiне тура келедi.

Облыс шегiнде өзен арнасы Петропавл және Сергеевка су қоймаларымен реттелген. Жоба бойынша екi су қойманың жалпы толық сыйымдылығы 712,2 млн. м3 құрайды, олардан Сергеевка — 693 млн. м3, Петропавл — 19,2 млн. м3.

Сергеевка су торабы (Есiл өзенiнiң ортаңғы ағысында, Петропавл қаласынан 175 км жоғары орналасқан) көп жылдық ағысты реттеушi су қоймасын құрайды, ең үлкен толық деңгейi — 138,0 м, ағыс бойынша шамамен 100 шақырым жоғары созылған. Толық көлемi — 693 млн. м3, пайдалы — 635 млн. м3. Су қоймасын толтыру 1970 жылғы су тасқыны кезiнде жүзеге асырылды. Сергеевка су қоймасы бар су торабы 1969 жылдан берi бар.

Петропавл маусымдық реттеу су қоймасы бар су торабы Есiл өзенiнiң орта ағысында, Петропавл қаласының маңында орналасқан, қолдануға 1973 жылы берiлген. Аталған су қоймасы Сергеевка су қоймасымен каскадта жұмыс iстей отырып, бiрыңғай су шаруашылық кешенiн құрайды, ол өңiр тұтынушыларын шаруашылық-ауыз сумен және техникалық сумен жабдықтауға арналған.

Солтүстiк Қазақстан облысы көлге бай. Мұнда өңiр ландшафтысының ажырамас бөлiгi болып табылатын 2328 көл бар. Көлдер су айдынының жалпы көлемi 275 мың га жетедi, су көлемi — 4,5 млрд. м3 жуық. Көлдердiң басым тереңдiгi 1,5-3,0 метр құрайды. Ең iрi көлдер: Сiлетi-Теңiз көлi (алаңы 68000 га), Теке көлi (22200 га), Шағлы-Теңiз көлi (20572 га), Үлкен Қараой (19700 га), Имантау көзi (5423 га), Жақсы Жаңғызтау көлi (4128 га), Үлкен Тараңғұл көлi (3475 га).

Ағынсыз көлдердiң бар болуы су жинау алаңдарының болуымен немесе су жинаумен белгiленедi. Баланстың кiрiс бөлiгi — көбiнесе су айдынына түсетiн атмосфералық жауын-шашындар (жылына 350 мм-ге жуық), және көлге су жинайтын алаңнан құйылатын судан, анда-санда жер асты саласы қосылады. Баланстың шығыс бөлiгi ашық су бетiнiң булануынан құралады (жылына 650-700 мм жуық буланады). Сонымен, су жинау көл экожүйесiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Су жинау алаңдары әртүрлi, бiрақ негiзiнен олар көл айдынынан 3-5 есе асып кетедi, бұл жазық жерлерге тән.

2. Жер асты сулары. Солтүстiк Қазақстан облысында жер асты суларының 20 жуық саны есептелуде, олар бұрғылау және скважиналарды орналастыру жолымен елдi мекендердi сумен қамтамасыз етудiң баламалы көздерi ретiнде пайдаланады.

Есiл өзенi су тарту алаңының ауданында жер асты суларының болжамдық көлемi 85,1 млн. м3/жылына құрайды.

Жалпы облыстың 87,3% тұрғыны орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етiлген, соның iшiнде топты су құбырларынан су құбыры ауыз суымен — 69%, жер асты көздерiнен — 18,3%. Орталықтандырылмаған сумен жабдықталумен облыс тұрғындарының — 12,5% пайдаланады, 0,2% тасымалданатын сумен пайдаланады.

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2016 10:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.08.2017 09:45
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
25%
Денсаулық сақтау - 51
23%
Мәдениет - 19
8%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы