A- A A+
Пайдалы қазба және су ресурсы

Облысымызда пайдалы қазбалардың көптеген түрлерi анықталды және әртүрлi дәрежеде зерделендi. 286 кенорны барланды. Солардың iшiнде 34 — металдық, 2 — металдық емес, 217 — құрылыстық және технологиялық шикiзат және 33 — жер асты сулары, одан 6 минералды.

Облыс аумағы Солтүстiк Қазақстан уран кендi, алмасты және қалайы-сирек металды аймағының бөлiгi болып табылады. Онда минералды шикiзаттың қомақты қоры анықталды, олар Қазақстан Республикасы теңгерiмiнде келесiнi құрайды: қалайы бойынша — 65%, цирконий — 36,6%, уран — 19%, титан — 5%, вольфрам — 1,1%. Минералды шикiзат базасын кеңейту перспективасы бар, әсiресе облыстың оңтүстiк-батысында. Осында алтын, күмiс, техникалық және зергерлiк алмас, қалайы, титан, түстi және сирек металдар, қоңыр көмiрдiң бiрқатар маңызды кенорындары мен кен көрiнiстерi бар.

Пайдалануда құрылыс тасы мен құмының кейбiр кенорындары ғана болуда. Жақсытұз көлiнде ас тұзы барланды және өндiру жүргiзiледi. Тұз қоры мемлекеттiк теңгерiмге қойылды. Есiл ауданында алтын кенорыны бойынша өндiруге ауысумен барлау жүргiзiлдi және қорлар бекiтiлдi. 2014 жылғы желтоқсанда алтын өндiрiп алу мен барлау бойынша кешен құрастырумен Аулие алтын кенорынды кәсiптiк өңдеу бойынша "Аулие Голд Майнинг" ЖШС кәсiпорны iске қосылды. Уәлихан ауданында фасфорит-глаукониттi құмдарды өнеркәсiптiк бағалау мақсатында геологиялық барлау жұмысы жүргiзiлуде. Айыртау ауданында Баян волбфрам кенорнында өнеркәсiптiк әзiрлеу мақсатында геологоiздеу жұмыстары өткiзiлп жатыр.

Обухов титан-цирконий кенi, Сырымбет қалайы кенорындарын өнеркәсiптiк әзiрлеу жүргiзiлiп жатыр.

Су ресурстары

Облыстың су ресурстары Есiл өзенiнiң ресурстарынан Аққанбұрлық және Иманбұрлық, Сiлетi, Шағалалы, Қамысақты, Ащысу, Қарасу өзендерi және басқа да суағарлар құйылып тұрады, 2395 су қоймасы бар, 491 су қоймасы балық шаруашылығы тiзбесiне енгiзiлген, оның 332-i жалға алынған.

1. Жер үстi сулары. Өңiрдiң негiзгi су көзi — Есiл өзенi, облыс аумағындағы ұзындығы 690 км құрайды. Мұз қату қараша айының екiншi жартысында басталады, мұз қату ұзақтығы — 5 ай. Есiл судың жоғары минералдануы бар өзендерге жатады, бұл су жинау бассейнi климатының құрғақтығына және өзенге құятын жер асты суларының жоғары тұздылығына байланысты. Судың жалпы минералдануы сабалық кезеңдерде 500-800 мг/л жетедi, су қатты. Оттегi режимi қанағаттанарлық.

Өзеннiң су режимi көктемгi су тасқыны мен ұзақ сабамен сипатталады. Өзеннiң жоғарғы және орта ағысындағы су тасқыны ұзақтығы 1-1,5 айды құрайды және ағыс бойынша 2-3 айға дейiн төмендейдi. Көктемгi су тасқыны үлесiне жылдық ағынның 86-95% келедi.

Есiл өзенiнiң жоғарғы ағысы Петропавл қаласын, Солтүстiк Қазақстан облысының ауылдық елдi мекендерiн сумен жабдықтау, саяжай алқаптарын суару және т.б. Есiл Обь өз. жүйесiне жатады. Есiл теңiз деңгейiнен 560 м биiктiкте Нияз қ. (Сарыарқа) бастау алады, Ертiс өзенiне құяды. Өзеннiң ұзындығы 2450 км, бұл әлемдегi ең ұзын екiншi реттi ағын; су жинау алаңы 177000 км2, өзеннiң бастауынан сағаға дейiн құлауы — 513 м, орташа еңiсi — 21 см/км. Есiл өзенiнiң ағысы Қазақстандық ұсақ шоқылық шегiнде қалыптасады.

Есiл жылдық ағынның 80%-дан астамын беретiн қармен қоректенетiн өзендердiң түрiне жатады. Өзен режимi көктемгi су тасуымен ерекшеленедi, оның басы әдетте 10-12 сәуiрге, ал шыңы — сәуiрдiң үшiншi онкүндiгiне келедi.

Облыс шегiнде өзен арнасы Петропавл және Сергеевка су қоймаларымен реттелген. Жоба бойынша екi су қоймасының жалпы толық сыйымдылығы 712,2 млн. м3 құрайды, оның iшiнде Сергеевка — 693 млн. м3, Петропавл — 19,2 млн. м3.

Сергеевка су торабы (Есiл өзенiнiң орташа ағысында Петропавл қаласынан 175 км жоғары орналасқан) ағысты көп жылдық реттеу су қоймасын құрайды, ең жоғары толық деңгейде — 138,0 м, ағысты жоғары қарай 100 км дейiн созады. Толық көлемi — 693 млн. м3, пайдалы көлемi — 635 млн. м3. Су қоймасын толтыру 1970 жылы су тасқынында жүзеге асырылды. Сергеевка су қоймасы бар су торабы 1969 жылдан берi бар.

Маусымдық реттеу су торабы бар Петропавл су қоймасы Петропавл қаласы маңындағы Есiл өзенiнiң орта ағысында орналасқан, 1973 жылы пайдалануға берiлген. Бұл су қоймасы Сергеевка су қоймасымен каскадта жұмыс iстей отырып, өңiрдiң тұтынушыларын шаруашылық — ауыз сумен және техникалық сумен жабдықтауға арналған бiрыңғай су шаруашылығы кешенiн құрады.

Солтүстiк Қазақстан облысы көлдерге бай. Облыс аумағында аймақтың ландшафтының ажырамас бөлiгiне әсер ететiн 2148 көл бар. Көлдердiң су айдындарының жалпы ауданы 275 мың га жетедi, су көлемi — 4,5 млрд. м3. Көлдердiң басым тереңдiгi 1,5-3,0 метрдi құрайды. Ең iрi көлдер: Сiлетi теңiз к. (алаңы — 68000 га), Teкe к. (22200 га), Шағалалы теңiз к. (20572 га), Үлкен Қарой к. (19700 га), Имантау к. (5423 га), Жақсы Жаңғызтау к. (4128 га), Үлкен Торанғұл к. (3475 га).

Ағынсыз көлдердiң болуы су жинайтын алаңдардың немесе су жинағыштардың болуымен ұсталады. Баланстың кiрiс бөлiгi — бұл көбiнесе атмосфералық жауын-шашын, су айдындарына түсетiн (жылына 350 мм жуық) және су жинау алаңынан көлге ағатын су, сирек жер асты ағыны қосылады. Баланстың шығыс бөлiгi ашық су бетiнен буланудан қалыптасады (жылына 650-700 мм-ге жуық буланады). Осылайша, су жинау көл экожүйесiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Су жинау алаңдары әртүрлi, бiрақ негiзiнен көл акваториясынан 3-5 есе асып түседi, бұл жазықтарға тән.

2. Жер асты сулары. Солтүстiк Қазақстан облысында жер асты суларының 20 жуық саны есептелуде, олар бұрғылау және скважиналарды орналастыру жолымен елдi мекендердi сумен қамтамасыз етудiң баламалы көздерi ретiнде пайдаланады.

Есiл өзенi су тарту алаңының ауданында жер асты суларының болжамдық көлемi 85,1 млн. м3/жылына құрайды.

Жалпы облыстың 87,3% тұрғыны орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етiлген, соның iшiнде топты су құбырларынан су құбыры ауыз суымен — 69%, жер асты көздерiнен — 18,3%. Орталықтандырылмаған сумен жабдықталумен облыс тұрғындарының — 12,5% пайдаланады, 0,2% тасымалданатын сумен пайдаланады.

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2016 10:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2020 16:46
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов Казахстана Стратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы