A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесi туралы ереже

Солтүстiк Қазақстан облыстық
мәслихатының 2016 жылғы 3 ақпан
№ 41/5 шешiмiмен бекiтiлген

Солтүстiк Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесi туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қоғамдық кеңес туралы ереже (әрi қарай — Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және «Қоғамдық кеңес туралы Үлгiлiк ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 Қаулысына сәйкес әзiрлендi.

2. Қоғамдық кеңес — коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бiрлесiп Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихат өз құзыретiндегi мәселелер бойынша құратын консультативтiк-кеңесшi, байқаушы орган.

3. Қоғамдық кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 Қаулысымен бекiтiлген Үлгiлiк ереженi басшылыққа алады.

4. Қоғамдық кеңестердiң ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешiмдердi қабылдайтын және уәждi жауаптар беретiн мемлекеттiк органдардың қарауы үшiн мiндеттi болып табылады.

5. Қоғамдық кеңестiң жұмыс тобы облыстық деңгейде — облыстық мәслихат хатшысы басқаратын, «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңның негiзiнде және Үлгiлiк ережеге сәйкес құрылатын — Қоғамдық кеңестiң құрылтайшы органы.

2. Қоғамдық кеңестiң мақсаты мен мiндеттерi

1. Қоғамдық кеңес қызметiнiң мақсаты азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пiкiрiн бiлдiру болып табылады.

2. Қоғамдық кеңестiң мiндеттерi:

1) азаматтық қоғамның мүдделерiн бiлдiру және облыстық деңгейде шешiмдердi талқылау мен қабылдау кезiнде жұртшылықтың пiкiрiн ескеру;

2) жергiлiктi атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара iс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жергiлiктi атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

3. Қоғамдық кеңестi қалыптастыру жөнiндегi жұмыс тобын құру тәртiбi

1. Солтүстiк Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесiн, оның құрамын Облыстық мәслихаттың хатшысы басқаратын жұмыс тобы қалыптастырады.

2. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттiк органнан өкiлдiк ету жұмыс тобы мүшелерiнiң жалпы санының үштен бiр бөлiгiнен аспауы тиiс. Аталған өкiлдiктiң дербес құрамын облыстық мәслихаттың хатшысы өзi дербес айқындайды.

3. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкiлдiк ету жұмыс тобы мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгiн құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негiзiнде қалыптастырылады.

4. Жұмыс тобының құрамы облыстық мәслихат хатшысының өкiмiмен бекiтiледi.

5. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобы мүшелерiн iрiктеу тәртiбi, оны өткiзу мерзiмдерi, құжаттар тiзбесi, өкiлеттiктер және жұмыс тобы қызметiнiң өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Үлгiлiк ереженiң негiзiнде әзiрленген осы Ережеде айқындалады.

4. Қоғамдық кеңестi қалыптастыру тәртiбi

1. Жұмыс тобы қоғамдық кеңестердi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi және конкурстық негiзде — коммерциялық емес ұйымдардың өкiлдерi, азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның iшiнде өзiн-өзi ұсынуы мүмкiн.

2. Қоғамдық кеңес өкiлеттiктерiнiң мерзiмi үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерiнiң санының құрамын жұмыс тобы айқындайды.

3. Жұмыс тобы конкурс туралы хабарландыруды мемлекеттiк органның атауын, пошта мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзiмдерiн, конкурсқа қатысу үшiн осы Заңның 10-бабына сәйкес құжаттар және өзге де мәлiметтер жiберiлетiн электрондық поштаның мекенжайын көрсете отырып, республикалық және (немесе) жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттiк органның интернет-ресурсында орналастырады.

4. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бiр заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бiр ғана өкiл сайлана алады.

5. Қоғамдық кеңестiң қалыптастырылған құрамы облыстық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) интернет-ресурста орналастырылуға жатады.

6. Жұмыс тобының отырысы оның тiзiмдiк құрамының үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып табылады.

7. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргiзедi.

8. Жұмыс тобының отырыстарында шешiмдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауыс беруi арқылы қабылданады.

9. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды.

10. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидаттар конкурсына қатысу үшiн келiп түскен құжаттарды талқылауды және әрбiр кандидат бойынша ашық дауыс берудi жүргiзедi.

11. Қоғамдық кеңестiң бiрiншi отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестiң төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкiл құрамы сайланады.

12. Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның төрағасының өкiлеттiктерi тоқтатылады.

5. Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар

1. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергiлiктi деңгейде қалыптастырылған жағдайда — тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгiленген тәртiппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиiс.

2. Конкурсқа қатысу үшiн:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестiң құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтiнiшi;

2) кандидаттың өмiрбаян деректерiн көрсете отырып, кәсiптiк және (немесе) қоғамдық қызметi туралы мәлiметтер ұсынылады.

3. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келмейтiн кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшiн конкурсқа жiберiлмейдi.

6. Қоғамдық кеңестiң ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкiлеттiктерi

1. Отырыс Қоғамдық кеңестiң жоғары органы болып табылады.

2. Қоғамдық кеңес қызметiне басшылықты жүзеге асыру үшiн оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестiң төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттiк органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, Қоғамдық кеңестiң жекелеген мүшелерi кiредi.

3. Қоғамдық кеңестiң төралқасы:

1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестiредi;

2) Қоғамдық кеңестiң отырыстарын өткiзуге дайындықты ұйымдастырады;

3) Қоғамдық кеңестiң қызметiн ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етедi.

7. Қоғамдық кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

1. Қоғамдық кеңестiң бiрiншi отырысын жұмыс тобының жетекшiсi ашады. Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестiң төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкiл құрамы сайланады. Қоғамдық кеңестiң Төрағасы оның мүшелерi арасынан — мемлекеттiк қызметте жұмыс iстемейтiн, белгiлi қоғам қайраткерлерi сайланады.

2. Қоғамдық кеңестер жұмысының негiзгi нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестiң отырысы оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде құқықты деп есептеледi. Кеңес отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен шешiм қабылдайды. Дауыстар тең түскен кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Қоғмадық кеңестiң шешiмдерi Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысы қол қоятын және мүдделi мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, азаматтарға жiберiлетiн хаттама арқылы рәсiмделедi. Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестiң отырысына оның шешiмiмен мемлекеттiк органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсiптiк және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкiн.

3. Қоғамдық кеңестiң отырыстары ашық болып табылады. Қоғамдық кеңестiң отырыстары қажеттiгiне қарай, бiрақ жарты жылда бiр реттен сирек болмайтындай өткiзiледi. Отырыс өткiзiлетiн күндi, уақытын, күн тәртiбiн Қоғамдық кеңес мүшелерiнiң ұсыныстарын есепке ала отырып, төраға анықтайды. Отырыс төрағасы отырыс хатшысын тағайындайды. Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртiбiне коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) өкiлдерi, азаматтар ұсыныс енгiзе алады. Кезектi отырыстың күн тәртiбi Қоғамдық кеңес мүшелерiне отырыс жұмысы басталғанға дейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жiберiледi. Қоғамдық кеңес отырысын өткiзер алдында оның мүшелерiн тiркеу жүргiзiледi. Қоғамдық кеңес оның отырыстарын жүргiзудiң Заңға қайшы келмейтiн, басқа мәселелерiн регламенттеуге құқылы.

4. Қоғамдық кеңестердiң мүшелерi өз өкiлеттiктерi шегiнде кеңесшi дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердiң қызметiне қатыса алады.

5. Қоғамдық кеңестiң қызметiн ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi облыстық мәслихат жүзеге асырады.

Мақаланың шыққан күні: 31.08.2017 11:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.08.2017 11:20
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы