A- A A+
Облыс әкімінің аппараты туралы ереже

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы «02» маусымдағы
№201 қаулысымен
бекiтiлдi

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi облыс әкiмiнiң қызметiн, ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы және штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

8. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң орналасқан жерi: 150011 Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

12. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлерде кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

13. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

14. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң филиалдары мен өкiлддiктерi жоқ.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

15. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы — облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз ету.

16. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мiндеттерi:

1) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

2) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қызметiн ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;

3) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

17. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары:

1) облыс әкiмiне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына облыс өңiрлерiндегi қоғамдық-саяси және әлеуметтiк-экономикалық ахуалды жүйелi талдау негiзiнде ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;

2) жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларды, iс-шараларды, нысаналы кешендi бағдарламаларды әзiрлеу, өңiрлiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау, жергiлiктi мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қызметiне жәрдем көрсету;

3) орталық мемлекеттiк органдарға өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық стратегиясы, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясаты мәселелерi жөнiнде ұсыныс әзiрлеу;

4) облыс әкiмдiгiнiң, консультативтiк-кеңесшi органдардың, штабтардың, комиссиялардың отырыстары, кеңестер, жиналыстар, кездесулер және әкiмнiң қатысуымен болатын өзге-де iс-шаралар регламентiне сәйкес өтетiн облыс әкiмiнiң қызметiн ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз ету;

5) әкiмнiң қызметiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;

6) облыстық атқарушы органдарының жұмысын үйлестiру, зерделеу және талдау, әкiмге олардың қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзу;

7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен, Премьер-Министрдiң Кеңсесiмен, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты және Мәжiлiсiнiң депутаттарымен, орталық мемлекеттiк органдар аппараттарымен өзара iс-қимылды, жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдармен байланысты жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен Үкiметi қаулыларының және әкiмдiк қаулыларының, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын бақылау жұмысын ұйымдастыру;

9) облыс әкiмдiгiнiң қаулылары, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерi жобаларының заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексеру, норма шығаруды жетiлдiру, облыс әкiмi, облыс әкiмiнiң орынбасарлары мен аппарат басшысының басқарушылық қызметiн заңдық қамтамасыз ету;

10) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу;

11) заңнамаға қайшы және ескiрген құқық нормаларын анықтау, оларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақытында қабылдау үшiн облыс әкiмдiгiнiң қабылданған қаулыларына, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне тұрақты мониторингтi жүзеге асыру;

12) облыс әкiмiнiң облыстық мәслихатпен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;

13) облыс әкiмдiгi мен әкiмi актiлерiнiң орындалуын бақылау;

14) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы, оны iске асыру үшiн қабылданған Президент жарлықтарының және Үкiмет қаулыларының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес кадрлық жұмысты жүргiзу;

15) саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi бос қызмет орындарына тағайындауды және орналастыруды келiсуге ұсыну мәселелерi жөнiнде ұсыныс дайындау;

16) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары, облыс әкiмiнiң құрмет грамоталары және алғысхаттарымен марапаттауға ұсыну үшiн тиiстi құжаттарды дайындау, марапаттау құжаттарын ресiмдеу, марапатталғандар туралы дерек банкiн қалыптастыру;

17) мемлекеттiк, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен құқықтық тәртiптi қолдау, құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау, азаматтарды әскери қызметке шақыру, терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi өзара iс-қимылды қамтамасыз ету;

18) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қызметiн қаржы-шаруашылық және көлiктiк қамтамасыз ету;

19) қызмет кабинеттерiн, отырыс залдарын нормативтiк талаптарға сәйкес техникалық жабдықтау;

20) мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды, құпия iс жүргiзудi сақтауға жағдай жасау;

21) ресми делегациялардың келу сапарлары мен оларды қабылдауларды, мерекелiк iс-шаралар мен кездесулердi дайындау;

22) облыстың атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметтi көрсетуiнiң сапасына мониторинг жасау;

23) қызметтiк құжаттар мен азаматтардың өтiнiштерiн есепке алу және қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, олардың өтiнiштерi бойынша талдау жасау;

24) облыс әкiмдiгi мен әкiмi шығарған актiлердi тiркеу және еспке алу;

25) электрондық көрсетiлетiн қызметтi және электрондық үкiметтi енгiзу және дамыту;

26) облыс әкiмiнiң облыс әкiмдiгi отырыстары барысында, облыс аудандары мен Петропавл қаласы халқымен есеп беру кездесулерi, селекторлық және жұмыс отырстары, жұмыс сапарлары барысында берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

27) құжатпен жұмыс iстеу нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру;

28) iс жүргiзудiң бiрыңғай тәртiбiн қамтамасыз ету, құжатпен жұмысты ұйымдастыру, оларды орындауды бақылау және ведомстволық архивке тапсыруға дайындау;

29) электронды құжат айналымы жүйесiнiң жұмыс iстеуi және құжат айналымының көлемiн қысқарту;

30) бюджет саясаты және бюджетаралық қатынас, экономикалық, қаржы және салық саясаты мәселелерi жөнiнде ұсыныс даярлау;

31) Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн және облыстың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалауды iске асыру;

32) комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметiн қамтамасыз ету;

33) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, облыс әкiмi орынбасарларының және аппараттың қызметiнде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету;

34) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аппараттың мүлiктiк және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерiн құқықтық тәсiлдермен қорғау;

35) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсiндiру;

36) норма шығаруды жетiлдiру жұмысын ұйымдастыру;

37) бекiтiлген нормалар, нормативтер мен сметалар, мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мүлiктер мен мiндеттемелердiң болуын және қозғалысын есептеудi, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалануды қамтамасыз ету, шаруашылық қызметтiң терiс нәтижелерiнiң алдын алу;

38) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру жұмысын үйлестiру;

39) мемлекеттiк қызмет үшiн кадрлық әлеуеттi қалыптастыру;

40) Солтүстiк Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қызметiн қамтамасыз ету;

41) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындау;

42) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 05 желтоқсандағы №129 бұйрығымен бекiтiлген инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, түзету және қажеттi сараптама жүргiзу, сондай-ақ бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау, қарау, iрiктеу, мониторингiлеу және iске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес iшкi бақылау қызметiн ұйымдастыру.

18. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтары және мiндеттерi:

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде заңнамада белгiленген тәртiпте мыналарға құқылы:

1) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдар және ұйымдармен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтiк хат алмасу жүргiзуге;

2) облыстың атқарушы органдарынан, төмен тұрған деңгейдегi әкiмдерден олардың қызметi жөнiнде қажеттi құжаттар, ақпараттар, түсiндiрулер сұратуға және алуға, аппарат құзiретiне жататын тапсырмалар беруге, облыстың атқарушы органдарының, төмен тұрған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi әкiм аппараттарының қызметкерлерiн облыс әкiмi мен әкiмдiгi құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешу бойынша қатысуға тартуға;

3) облыс әкiмдiгi мен мәслихатының отырыстарына, облыстық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқа отырыстарына қатысуға;

4) қолданыстағы заңнамалық актiлерде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн ұйымдастыру

19. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылық етудi «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

20. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

21. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

22. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының өкiлеттiгi мен мiндеттерi:

1) облыс әкiмi аппаратының қызметiн ұйымдастырады және басқарады, сондай-ақ аппаратқа жүктелген функциялар мен мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi;

2) аппаратта мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

3) ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерiнiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;

4) аппарат қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауап бередi;

5) аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады және бағыт бередi, олардың өзара iс-қимылын үйлестiредi;

6) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 25 қарашадағы Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң бос әкiмшiлiк лауазымына орналасу жөнiнде конкурс ұйымдастырады;

7) аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын және аппарат қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, аппарат кадрларының резервiн қалыптастырады және облыс әкiмi аппаратының аттестациялық комиссиясын құрады және басқарады;

8) облыс әкiмдiгiне бекiту үшiн Аппарат туралы ереженi, құрылымды және штат санының лимитiн ұсынады, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу есебiнен үстемақылар, мемлекеттiк қызметшiлердi материалдық көтермелеудi (сыйлықақы) белгiлейдi;

9) аппараттың құзыретi шегiнде қызметтiк құжаттамаларға қол қояды;

10) облыс әкiмiнiң аппаратындағы iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi;

11) облыс әкiмiне бекiту үшiн штат кестесiн ұсынады;

12) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын және басқа да құжаттарды келiседi және облыс әкiмдiгi мен әкiмiне қарауға ұсынады;

13) облыс әкiмiнiң тиiстi орынбасарларымен келiсiлгеннен кейiн аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмыс жоспарларын бекiтедi;

14) аппараттың iшкi бақылау қызметiнiң бақылау iс-шараларының жоспарын бекiтедi;

15) қолданыстағы заңнамаға сәйкес аппарат қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;

16) аппараттың шығыстар сметасын бекiтедi, бюджетте қарастырылған ақшалай қаражатқа билiк етедi;

17) аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi, Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жинағын бекiтедi;

18) облыс әкiмiне перспективалы жоспарлау және аппараттың ағымдағы жұмысын ұйымдастыру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;

19) жеке құрам бойынша бұйрық шығарады, аппарат қызметкерлерiн iссапарларға жiбередi;

20) мемлекеттiк қызметшiлердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;

21) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығының жұмыс жоспарын бекiтедi;

22) аппаратты мемлекеттiк органдарда, басқа даұйымдарда сенiмхатсыз ұсынады;

23) облыс әкiмi жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiктерiн атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

23. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

24. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы бағынады және оның тiкелей басқаруымен жұмыс iстейдi.

25. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымын бiрiншi басшы, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлiмшелер (бөлiмдер), функциялық мақсаттағы секторлар, облыс әкiмiнiң көмекшiлерi, кеңесшiлерi және инспекторлары, оның орынбасарларының бас мамандары, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң өзге де лауазымды тұлғалары құрайды.

26. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерi мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылады, оларды аппараттың бiрiншi басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

27. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi оның құрылымдық бөлiмшесi — бухгалтерлiк есеп бөлiмi жүзеге асырады.

28. Аппарат қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарты және мөлшерi Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

29. Аппараттың зейнет жасына жеткен қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi

30. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

31. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

32. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қайта ұйымдастыру және тарату

33. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

34. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкiн таратылғаннан кейiн бөлу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi және өзара қатынас

35. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мен құрылтайшы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

36. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

37. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi сенбi және жексенбi — екi демалыс күнiмен бес күндiк жұмыс аптасында сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн, демалуға және тамақ iшуге арналған үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.

Мақаланың шыққан күні: 22.06.2016 12:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.03.2017 10:17
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы