A- A A+
«2014 жылдың үздік кәсіпкері» өңірлік конкурсын өткізу тәртібі

1. Жалпы тәртiп

1. Осы конкурс өткiзу тәртiбi бойынша шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi арасында «2014 жылдың үздiк кәсiпкерi» өңiрлiк конкурсын (бұдан әрi — Конкурс) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн регламенттейдi.

2. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi шығыстар 289.008.000. «Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде облыстық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

3. Конкурсты өткiзу операторы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес баға ұсыныстары әдiсiмен айқындалады.

4. Конкурстың мақсаттары:

1) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi өнiммен молықтыруға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң дамуына ықпал жасауға бағытталған қызметiнiң беделiн көтеру және ынталандыру;

2) Қазақстан Республикасындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң үздiк өкiлдерiн анықтау және айқындау.

3) шағын кәсiпкерлiк саласындағы қазiргi заманғы басқару әдiстерiн кеңiнен енгiзудiң алғышарттарын жасау және оған жәрдемдесу болып табылады.

5. Конкурс келесi номинациялар бойынша шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi арасында өткiзiледi:

1) жас үздiк кәсiпкер;

2) өңдеу өнеркәсiбi саласындағы үздiк кәсiпкер;

3) қызмет көрсету саласындағы үздiк кәсiпкер;

4) үздiк кәсiпкер әйел.

2. Конкурстық комиссия және комиссияның жұмыс органының жұмысын ұйымдастыру

6. Конкурсты өткiзу үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы кәсiпкерлiк және туризм басқармасы басшысының басқаруымен Конкурстық комиссия (бұдан әрi — Комиссия) құрылады.

7. Комиссияның жұмыс органы Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлiк және туризм басқармасы болып табылады.

8. Комиссия құрамына мемлекеттiк органдар және кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi кiредi.

9. Комиссия құрамына кiретiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгi өкiлдерiнiң саны Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде 40%-ын құруға тиiс.

10. Комиссия құрамына жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң әрқайсысынан бiр өкiл ғана кiре алады.

11. Комиссия төрағасынан, оның орынбасарынан, хатшы және комиссия мүшелерiнен тұратын Комиссияның сандық құрамы кемiнде жетi адамнан кем болмауға тиiс.

12. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады.

13. Комиссия мәжiлiстерi қажеттiлiкке қарай өткiзiледi.

14. Комиссия мәжiлiстерi Комиссия мүшелерi құрамының кемiнде 2/3 бөлiгi болған кезде заңды болып саналады.

15. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.

16. Қажет болса Комиссия конкурсанттардан қажет қосымша ақпаратты талап ете алады.

17. Ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығына күмән келтiрiлген жағдайларда комиссия салық органдары, статистика және басқа қызметтерден ақпараттың расталуын сұрауға құқылы.

18. Ұсынылған мәлiметтер ақиқатқа сәйкес келмегенде комиссия конкурсанттың өтiнiм-сауалнамасын қабылдамайды.

19. Комиссия 2 Қосымшада көрсетiлген талаптарды бұза отырып, ұсынылған өтiнiмдердi қарастырмайды.

20. Комиссияның жұмыс органына келесi функциялар жүктеледi:

1) бұқаралық ақпарат құралдарында конкурстың өтетiнi туралы хабарлау;

2) Конкурсқа қатысушылардан түсетiн материалдарды қабылдау және жеңiмпаздарды iрiктеу жөнiндегi комиссияға қарау үшiн ұсыну;

3) Конкурсқа одан әрi қатысуға жiберiлмеген конкурсқа қатысушылар туралы сараптамалық қорытынды жобаларын дайындау;

4) жеңiмпаздарды айқындау туралы хаттамалық шешiмдердiң жобасын дайындау;

5) Конкурсқа қатысушыларға Комиссия қабылдаған шешiм туралы хабарлау;

6) жеңiмпаздарды марапаттау және номинацияларды беру рәсiмiн ұйымдастыру.

21. Комиссияға келесi функциялар жүктеледi:

1) Конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарау және жеңiмпаздарды айқындау;

2) Конкурсқа одан әрi қатысуға жiберiлмеген конкурсқа қатысушылар туралы сараптамалық қорытынды жобаларын қарау және солар бойынша шешiм қабылдау.

3. Конкурсқа қатысу тәртiбi

22. Конкурсқа қатысуға жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын Қазақтан Республикасының резидентi — шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын ұйымдар (бұдан әрi — қатысушы) жiберiледi.

23. Қайта құру, тарату немесе банкроттық сатыда тұрған, бюджет алдында 3 айдан артық берешегi бар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.

24. Конкурсқа қатысу үшiн қатысушының қызметi туралы ақпаратты қамтитын қатысушылар белгiлi бiр номинация немесе номинациялар бойынша «2014 жылдың үздiк кәсiпкерi» өңiрлiк конкурсына қатысуға өтiнiм-сауалнама (1-қосымша) (бұдан әрi — өтiнiм) толтыруы және Комиссияға өтiнiмде көрсетiлген барлық ақпаратты растайтын құжаттар пакетiн (2-қосымша) ұсынуы керек.

25.Қатысушы бiрнеше номинацияға қатысуға өтiнiм бере және жеңiмпаз атана алады.

26. Өтiнiм ұсынған әрбiр қатысушыға құжаттар пакетiн берген күнгi тiркеу нөмiрi берiледi.

27. Конкурстық материалдарда қамтылған ақпарат құпия сипатта болады және Конкурс нәтижесiн қорытындылау кезiнде қызметтердi бағалау үшiн пайдаланудан басқаға қолданылмайды.

4. Конкурсты өткiзу тәртiбi

28. Конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

29. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм барлық қажеттi құжаттарымен берiледi.

30. Комиссия өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы күнiнен бастап күнтiзбелiк 20 күннен аспайтын мерзiмде ұсынылған өтiнiмдердi қарастырады.

31. Әр номинацияға кемiнде 2 конкурсант қатысу шартымен Номинациялар бойынша конкурс өткiзiледi.

32. Конкурсанттарды бағалау номинациялар бойынша жалпы және арнайы өлшемдер негiзiнде (3-қосымша) Комиссия мүшелерiнiң әрқайсысымен айқындалады.

33.Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады.

34. Ең көп дауыс санын алған конкурсант — Жеңiмпаз, жеңiмпаздан кейiн ең көп дауыс санын алған конкурсант Лауреат болып танылады.

35. Конкурстық комиссия әр номинация бойынша Конкурстың бiр Жеңiмпазы мен бiр Лауреатын айқындайды.

36. Конкурсты өткiзу нәтижелерi бойынша Комиссияның жұмыс органы ақпаратты сайтта жайғастырады.

5. Жеңiмпаздарды марапаттау тәртiбi

37. Комиссия мәжiлiс хаттамасының негiзiнде жеңiмпаздарды марапаттау туралы шешiм қабылдайды.

38. Конкурс Жеңiмпаздары мен Лауреаттары облыс әкiмi/облыс әкiмiнiң орынбасары қол қойған дипломдар және жүлделермен марапатталады.

39. Конкурс Жеңiмпаздары мен Лауреаттары салтанатты марапаттау рәсiмiне шақырылады.

40. Конкурс Жеңiмпаздары мен Лауреаттарының тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Қосымша (ZIP 17 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 27.07.2016 10:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.07.2016 10:08
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы