A- A A+
Облыс бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған Солтүстік Қазақстан облысы атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібі

Облыс бюджетiнiң қаражаты есебiнен
қамтылған Солтүстiк Қазақстан
облысы атқарушы органдарының
қызметтiк куәлiгiн беру тәртiбiн
және оның сипаттамасын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналар бекiтiлсiн:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Облыс бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылған Солтүстiк Қазақстан облысы атқарушы органдарының қызметтiк куәлiгiн беру тәртiбi;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Облыс бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылған Солтүстiк Қазақстан облысының атқарушы органдары қызметтiк куәлiгiнiң сипаттамасы.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелсiн.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысының
әкiмi Е.Сұлтанов

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2016 жылғы ________
___ № қаулысына
1-қосымша

Облыс бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылған Солтүстiк Қазақстан облысы атқарушы органдарының қызметтiк куәлiгiн беру тәртiбi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Облыс бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылған Солтүстiк Қазақстан облысы атқарушы органдарының қызметтiк куәлiгiн беру тәртiбi Облыс бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылған Солтүстiк Қазақстан облысы атқарушы органдарының (бұдан әрi — облыстың атқарушы органдары) қызметтiк куәлiгiн беру тәртiбiн айқындайды.

2. Облыстың атқарушы органдары мемлекеттiк қызметкерлерiнiң қызметтiк куәлiктерi олардың облыс әкiмiнiң өкiмiмен немесе облыстың атқарушы органдары басшыларының бұйрықтарымен тағайындалған факт жүзiнде атқарып отырған қызметiн растайтын ресми құжат (бұдан әрi — Куәлiк) болып табылады.

3. Әрекет ету мерзiмi өтiп кеткен, түзетiлген, тазартылып, тиiсiнше ресiмделмеген куәлiк жарамсыз болып саналады.

2. Куәлiктi беру тәртiбi

4. Куәлiктерге лауазымды адам қол қояды және ол олардың иелерiне облыстық, аудандық (қалалық) атқарушы органдардың барлық құрылымдық бөлiмшелерiне кедергiсiз кiру құқығын бередi.

5. Куәлiктер мына жағдайларда берiледi:

1) облыс әкiмiнiң қолы қойылған — облыс әкiмiнiң орынбасарларына, облыс әкiмi аппаратының басшысына, облыс әкiмi аппараты басшысының орынбасарларына, облыс әкiмi аппаратының бөлiм меңгерушiлерiне, облыс әкiмiнiң көмекшiсi мен кеңесшiсiне, аудан және Петропавл қаласының әкiмдерiне, облыстың атқарушы орган басшыларына;

2) облыстың атқарушы орган басшыларының қолы қойылған — облыстың атқарушы орган қызметкерлерiне.

6. Куәлiк беру облыстың тиiстi атқарушы органы персоналды басқару қызметiнiң жауапты қызметкерiндегi арнайы журналға қол қоя отыра жүзеге асырылады.

7. Қызметке тағайындау туралы облыс әкiмiнiң өкiмi немесе облыстың атқарушы органы басшысының бұйрығы Куәлiк беруге негiз болып табылады.

8. Iлгерiде жаңа қызметке тағайындау немесе қызметтен босату болған жағдайда, бұрын берiлген Куәлiктер үш күндiк мерзiмде облыстың тиiстi атқарушы органының персоналды басқару қызметiне қайтарылуы тиiс.

9. Куәлiктiң әрекет ету мерзiмi — берiлген күннен бастап 3 (үш) жыл.

10. Куәлiктiң әрекет ету мерзiмi аяқталған кезде, мемлекеттiк қызметкер атқарып отырған қызмет сақталған жағдайда, ол 2 (екi) жылға ұзартуға жатады.

11. Облыстың атқарушы органдарының басшылары бағыныстағы қызметкерлерде Куәлiктiң болуын тоқсанына 1 (бiр) рет тексерiп тұруды қамтамасыз етедi.

12. Куәлiк жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, оның иесi 1 (бiр) күн iшiнде болған оқиға жайлы облыстың атқарушы органы басшысына жазбаша нысанда баяндайды.

13. Куәлiк бланкiсi қатаң есепке қойылатын бланк болып табылмайды.

14. Куәлiк бланкiлерiн берудiң есебiн облыстың атқарушы органының персоналды басқару қызметi номерленген, тiгiлген және облыстың атқарушы органының мөрi қойылған арнайы басталған есеп журналында (бұдан әрi — есеп журналы) жүргiзедi.

Есеп журналында келесi мәлiметтер көрсетiледi:

1) реттiк тiркеу номерi;

2) берiлген күнi;

3) алушының аты-жөнi;

4) лауазымы;

5) алушының жеке басын куәландыратын құжат мәлiметтерi;

6) Куәлiк берген қызметкердiң қолы;

7) алушының қолы;

8) өзге де мәлiметтер (қайтару, жоғалту және т.б.).

15. Куәлiктерге номер оның есеп журналындағы реттiк номерiне сәйкес берiледi.

Есеп журналындағы нумерация ретiмен қойылады.

16. Куәлiктердiң таза және бүлiнген бланкiлерi, қайтарылған Куәлiктер және есеп журналы отқа күймейтiн сейфте сақталады.

17. Куәлiктердiң пайдаланылған, бүлiнген бланкiлерi, сондай-ақ тапсырылған Куәлiктер қажеттiгiне қарай, тиiстi акт жасала отыра, жиналуына қарай әлсiн-әлсiн жойылып тұрады.

Жою актiсiн облыстың атқарушы органының басшысы бекiтедi.

18. Қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда, Куәлiк бұл туралы есеп журналына белгi соғыла отыра тапсырылады.

19. Жұмыстан босатылған кезде Куәлiк жоғалған жағдайда, Куәлiк берудiң есебiн жүргiзетiн адам Куәлiк иесiнiң түгендеу парағына тиiстi белгi қояды.

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2016 жылғы ________
№ ___ қаулысына
2-қосымша

Облыс бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылған Солтүстiк Қазақстан облысының атқарушы органдары қызметтiк куәлiгiнiң сипаттамасы

1. Қызметтiк куәлiктiң мұқабасы мөлшерi 19 х 6,5 сантиметр (ашылған күйде) болатын қызыл немесе қою қызыл түстi сапасы жоғары экобылғарыдан немесе былғары алмастырғыштан жасалады.

2. Куәлiктiң беткi жағының дәл ортасына алтын жалатылған жазумен жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, төменiрек типографиялық қарiппен «КУӘЛIК УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген сөз жазылған.

3. Куәлiктiң iшкi жағындағы ақшыл аяда шеңбер iшiнде күн мен қалықтап тұрған қыранның жасырын нысанын пайдалана отыра, көгiлдiр түстi қорғағыш тангир жапсырылған. Жоғарғы бөлiгiнде «Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi», «Акимат Северо-Казахстанской области» деген сөздер жазылған.

4. Сол жақта: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, елтаңбаның астында көкшiл түстi «ҚАЗАҚСТАН» деген және қазақ тiлiндегi мәтiн орналасқан. Төменде куәлiктiң әрекет ету мерзiмi көрсетiлген.

5. Оң жақта: мөлшерi 2,5 х 3,5 сантиметр болатын фотосурет (анфас, түрлi-түстi), сәйкесiнше облыс әкiмiнiң, облыстың атқарушы органы басшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған орыс тiлiндегi мәтiн.

Мақаланың шыққан күні: 06.03.2017 10:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.03.2017 10:22
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы