A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық мүлкiн мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру ережесiн бекiту туралы» облыс әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 378 қаулысы

Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық мүлкiн мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру ережесiн бекiту туралы

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 378 қаулысы. Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2011 жылғы 14 желтоқсанда N 1789 тiркелдi


«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 Заңының 74-бабы 3-тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi қаулы етедi:

  1. 1. Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық мүлкiн мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
  2. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.М.Чженге жүктелсiн.
  3. 3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылдың 15 желтоқсаннан бастап пайда болатын құқықтық қатынастарға қатысты болады.

Облыс әкiмiнiң м.а. А. Чжен

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2011 жылғы
14 желтоқсандағы № 378
қаулысымен бекiтiлдi

Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық мүлкiн мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру ережесi

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық мүлкiн мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берудiң негiзгi қағидаттарын, тәртiбi мен ережелерiн айқындайды.

1. Жалпы ережелер

Осы Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық мүлкiн мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру Ережесiнде қолданылатын негiзгi ұғымдар.

1) теңгерiм ұстаушы — жедел басқару немесе шаруашылық жүргiзу құқында мемлекеттiк коммуналдық мүлкi бар мемлекеттiк мекеме, мемлекеттiк кәсiпорын;

2) мемлекеттiк тұрғындық емес қор — коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелерге шаруашылық жүргiзу немесе шұғыл басқару құқында бекiтiлген, тұрғын үй қорына енгiзiлмеген ғимараттар, үй-жайлар және үймереттер;

3) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты — жалға берушi (жалдауға берушi) Жалға алушыға (жалдауға алушыға) Объектiнi ақысын төлеп, уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенетiн азаматтық-құқықтық шарт;

4) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру — коммуналдық мүлiктi Жалға алушыға (жалдауға алушыға) ақылы түрде уақытша иеленуге және пайдалануға беруi;

5) Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық мүлкi — әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң мүлкi: коммуналдық заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу немесе шұғыл басқару құқында бекiтiлген ғимараттар, үй-жайлар, үймереттер, жабдықтар, көлiк құралдары, басқа да мүлiк, соның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерi;

6) коммуналдық заңды тұлға — мүлкi коммуналдық меншiкте тұрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелер;

7) жалға берушi (жалдауға берушi) — мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартындағы тарап — облыстың (ауданның, Петропавл қаласының) мемлекеттiк коммуналдық меншiгiн басқаруға, соның iшiнде коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруге облыстың (ауданның, Петропавл қаласының) әкiмдiгiмен уәкiлеттi етiлген атқарушы орган, бұдан әрi — Жалға берушi;

8) жалға алушы (жалдауға алушы) — мүлiктiк жалдау (жалға алуға) беру шартындағы тарап — белгiлi мерзiмге, белгiлi ақыға және шартта белгiленген жағдайларда коммуналдық мүлiктi уақытша иеленуге және пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар, бұдан әрi — Жалға алушы;

9) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру объектiсi — жылжымалы және жылжымайтын мүлiк (заттар), бұдан әрi — Объект;

10) уәкiлеттi орган — облыстық (аудандық, Петропавл қаласының) әкiмдiктерiмен облыстық (аудандық, Петропавл қаласының) коммуналдық меншiгiн басқаруға уәкiлеттi етiлген және сәйкес жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган.

2. Тарихи-мәдени мұра, жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiш-ғимараттары болып табылатын тарих және мәдениет ескерткiш-ғимараттары тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органының, облыс, аудандар, Петропавл қаласы жергiлiктi атқарушы органдарының оларды пайдалану және қолдану жағдайларына мiндеттi келiсiмi бар болған кезде мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берiледi.

Мемлекеттiк меншiк болып табылатын тарих және мәдениет ескеркiштерiн мүлiктiк жалдауға беру туралы шарт жасаудың ерекшелiктерi «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңында айқындалған.

3. Объектiлердi нысаналы тағайындалымы бойынша мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде жалдық ақысының мөлшерлемесi осы Ереженiң қосымшасына сәйкес Жалдық ақысының есептеу мөлшерлемесi мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерiне сәйкес анықталады.

4. Коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берудi Объектiнiң теңгерiм ұстаушысының келiсiмiмен уәкiлеттi орган (Жалға берушi) (жалдауға берушi) жүзеге асырады.

5. Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру ақысына коммуналдық қызмет төлемдерi, ағымдағы және күрделi жөндеуге аударымдар (егер күрделi жөндеу мiндеттерi мүлiктiк жалдауға жалға алуға) беру шарты бойынша жалға алушыға (жалдауға алушыға) жүктелмесе), Объектiге қызмет көрсету төлемдерi енгiзiлмейдi. Бұл төлемдердi Жалға алушы (жалдауға алушы) ведомстволық күзетке, пайдаланушы, коммуналдық, санитарлық және басқа да қызметтерге тiкелей төлейдi.

Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты көрсетiлген төлемдер теңгерiм ұстаушы арқылы төленуi мүмкiн.

6. Жалға алынған Объектiнi пайдаланғаны үшiн төлем шартқа сәйкес мерзiмде енгiзiлетiн төлемдердiң тұрақты сомасында белгiленген ұлттық валютада ақшалай жасалады.

7. Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты шарт талаптарын дұрыс орындаған жағдайда мерзiмiн ұзарту құқымен шартта белгiленген мерзiмге жасалады.

2. Коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берудi ұйымдастыру

8. Объектiлердi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру өтiнiштерi Жалға берушiге (жалдауға берушiге) берiледi.

9. Түскен өтiнiштердi қарастыру және олар бойынша шешiм қабылдау өтiнiш берiлген сәттен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде жүргiзiледi.

10. Объектiлердi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы түскен өтiнiштер келесi құжаттар бар болғанда қаралады:

1) Объектiнi жалға беру мақсаттары, жал объектiсiнiң сәйкестендiру мәлiметтерi, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне арналған инженерлiк желiлердiң бар болуы, автокөлiктiң, жабдықтардың және басқа мүлiктiң техникалық сипаттамасы көрсетiлген Объектiнi жалға беруге келiсiмi туралы Объектiнiнiң Теңгерiм ұстаушысының анықтамасы;

2) заңды тұлғалар үшiн жарғысының (ережесiнiң) түпнұсқасы мен көшiрмесi; мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесi; өкiлдiң құзыретiн растайтын сенiмхаттың түпнұсқасы (жеке куәлiк, төлқұжатты ұсынған жағдайда ғана жарамды);

3) жеке тұлғалар үшiн төлқұжат немесе жеке тұлғаны куаландыратын басқа да құжаттың түпнұсқасы мен көшiрмесi; жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы мен көшiрмесi.

Жалға берушi (жалдауға берушi) жарғының (ереженiң), заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмелерiн және жеке тұлғалар үшiн төлқұжат немесе жеке тұлғаны куаландыратын басқа да құжаттың және жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерiн тексерiп, растағаннан кейiн осы құжаттарды өтiнiш иелерiне қайтарады.

11. Өтiнiштер мен ұсынған құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша Жалға берушi төмендегi шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) Жалға алушының (жалдауға алушының) өтiнiшiнде және теңгерiм ұстаушының анықтамасында көрсетiлген мәнiне (нысаналы тағайындалымы) сәйкес Объектiнi мүлiктiк жалдауға (жалға) беру туралы (мақсатқа сай пайдалану);

2) Жалға алушының (жалдауға алушының) осы объект бойынша тендерлiк iрiктеу жүргiзуi туралы — Объектiге өтiнiш иелерiне қойылатын талаптарды қанағаттандырылатын екi және одан артық өтiнiштер бар болған жағдайда;

3) себебiн жазбаша жазып беру арқылы Объектiнi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы, құжаттардың толық пакетi ұсынылмаған, ұсынылған құжаттардың 10 тармақта көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда;

12. Тендер өткiзу туралы шешiм қабылдау кезiнде Жалға берушiмен (жалдауға берушiмен) құрамында Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң), теңгерiм ұстаушының, теңгерiм ұстаушының мемлекеттiк басқару органының, мүдделi ұйымдар өкiлдерi бар комиссия құрады. Комиссияның төрағасы Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) өкiлi болып табылады.

13. Тендер өткiзу туралы шешiм қабылдау кезiнде жалға берушi (жалдауға берушi):

1) тендердiң өткiзiлу күнi мен орнын, оның жағдайларын, тендер жеңiмпазын таңдау критерийлерiн белгiлейдi;

2) тендерлiк комиссияны құрады;

3) тендерлiк құжаттаманы бекiтедi;

4) кепiлдiк жарналарды қабылдайды;

5) тендерлiк комиссия отырысының хаттамаларын бекiтедi;

6) тендер жеңiмпазымен жалдау шартын жасауды қамтамасыз етедi;

7) тендер аяқталғаннан кейiн тендердың қатысушыларына, осы Ереженiң 34, 37 тармақтарында белгiленген жағдайлардан басқа жағдайда, кепiлдiк жарналарын қайтарады.

14. Комиссияның құрамы Жалға берушiнiң (Жалдауға берушiнiң) бұйрығымен бекiтiледi.

15. Тендерлiк комиссияның ұйымдастырушылық қызметiн тендерлiк комиссия хатшысы қамтамасыз етедi. Тендерлiк комиссия хатшысы тендерлiк комиссия мүшесi болып табылмайды және тендерлiк комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие емес.

Тендерлiк комиссия хатшысы Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) лауазымдық тұлғалары қатарынан белгiленедi.

Тендерлiк комиссия хатшысы: тендерлiк комиссия отырысының күн тәртiбiн құрады, тендерлiк комиссияны қажеттi құжаттармен қамтамасыз етедi, тендерге қатысуға өтiнiштердi қабылдайды, оларды тiркеудi жүзеге асырады, тендерлiк комиссия отырысының өтуiн ұйымдастырады; тендерлiк өтiнiштерi бар конверттердi ашу хаттамасын, тендерге қатысуға рұқсат туралы хаттаманы, тенжеңiмпазын немесе тендер нәтижелерi бойынша басқа да шешiмдi айқындайтын тұжырымдама бар тендер нәтижелерi туралы хаттаманы, сондай-ақ тендерлiк комиссия отырысының басқа да хаттамаларын ресiмдейдi және оларға қол қояды; тендер құжаттары мен материалдарының сақтаулылығын қамтамасыз етедi.

16. Комиссия Жалға берушi (жалдауға берушi) бекiткен мерзiмде және оған берген объект туралы оған берiлген мәлiметтер негiзiнде:

1) оның негiзгiлерiнiң бiрi жалдау ақысының ең төменгi мөлшерлемесi болып табылатын, ол дәл осындай Солтүстiк Қазақстан облысының объектiлерiн нысаналы тағайындалымына сәйкес мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде белгiленетiн жалдау ақысының мөлшерлемесiнен кем болуы мүмкiн емес тендерлiк шарттарды әзiрлейдi;

2)тендерлiк құжаттама мен тендердi жариялауға құжаттарды дайындайды;

3)тендер өткiзедi;

17. Тендер шарттары Жалға берушiмен (жалдауға берушiмен) бекiтiледi.

18. Жалға берушi (жалдауға берушi) тендер өткiзудiң жарияланған мерзiмiнен 15 күнтiзбелiк күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық хабардың қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануын қамтамасыз етедi.

19. Тендер өткiзу туралы ақпараттық хабар (хабарлама) келесi деректерден тұруы тиiс:

1) оның атауын, орналасқан жерiн, қысқаша сипаттамасын, сондай-ақ Теңгерiм ұстаушының және Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) атауы мен мекенжайын қоса отыра, Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берiлетiн объект туралы мәлiмет;

2) жалдауға (жалға алуға) беру шартының мерзiмi;

3) жалдық ақының алғашқы ставкасының мөлшерi (ол Жалға берушiмен бекiтiлген есептiк ставкасынан төмен болмауы тиiс);

4) тендер шарттары мен жеңiмпазды таңдау критерийлерi;

5) тендердiң өткiзiлетiн орны мен уақыты, датасы;

6) кепiлдiк жарнаны енгiзудiң көлемi, мерзiмi және тәртiбi;

7) тендерге қатысу үшiн өтiнiмдердi қабылдау мекенжайы мен мерзiмi;

8) тендерге қатысуды ресiмдеу тәртiбi туралы деректеме;

9) тендерге қатысуға қажеттi құжаттар тiзбесi;

10) мүлiктiк жалға беру шартын жасау мерзiмi;

11) тендерлiк құжаттаманы алу және тендер объектiсiмен танысу мекенжайы, мерзiмi және шарттары;

20. Тендерлiк құжаттаманы дайындаудың нақты тәртiбiн, құрамын және шарттарын Жалға берушi (жалдауға берушi) белгiлейдi.

21. Тендерлiк құжаттама тендерге қатысушының жазбаша сұрауы бойынша тендер комиссиясы белгiлеген тәртiпте тендерге қатысушы жүгiнген күннен 3 күнтiзбелiк күн кешiктiрмей жиынтықта ұсынылады.

22. Тендерлiк құжаттама мынадай негiзгi бөлiмдерден тұруы тиiс:

1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;

2) өтiнiмнiң және онымен бiрге ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптар;

3) тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбi;

4) тендер жеңiмпазын таңдау критерийлерi;

5) мүлiктiк жалға беру шартының жобасы;

6) тендерге қатысуға өтiнiмнiң үлгiсi.

23. Тендерге қатысушыларды тiркеу Объектiнi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру жөнiнде тендер өткiзiлетiнi жөнiндегi хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және тендер өткiзуге жиырма төрт сағат қалғанда аяқталады.

24. Тендерге қатысатын талапкерлер Жалға берушi (жалдауға берушi) бекiткен мерзiмде мыналарды ұсынуы керек:

1) талапкердiң тендерге қатысуға келiсiмiнен және оның тендер талаптарын орындау және жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасау бойынша мiндеттерiнен тұратын тендерге қатысу өтiнiмi,

2) тендер шарттары жөнiнде желiмделген конвертке салынған ұсыныстар;

3) заңды тұлғалар — жарғының түпнұсқасы және көшiрмесi, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң түпнұсқасы және көшiрмесi;

4) ықтимал қатысушы өкiлiнiң құзыретiн куәландыратын құжат (сенiмхат) (жеке куәлiк, төлқұжатты ұсынған жағдайда ғана жарамды);

5) шетел заңды тұлғалары мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасы нотариалды расталған құрылтай құжаттарын ұсынады;

6) жеке тұлғалар — төлқұжат немесе жеке тұлғаны куәландыратын басқа да құжаттың түпнұсқасы мен көшiрмесi; жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы мен көшiрмесi;

7) кеплiдiк жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының (жеке тұлғалар үшiн түбiртектiң) түпнұсқасы мен көшiрмесiн;

8) бюджет алдындағы қарызының жоқтығы туралы мәлiмет;

9) ақпараттық хабарда (хабарламада) көрсетiлген өзге де құжаттар.

Жалға берушi (жалдауға берушi) жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмелерiн және жеке тұлғалар үшiн төлқұжат немесе жеке тұлғаны куәландыратын басқа да құжаттың және жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерiн тексерiп, растағаннан кейiн осы құжаттарды өтiнiш иелерiне қайтарады.

25. Өтiнiм тендерлiк құжаттамада белгiленген талаптар мен шарттарға сәйкес дайындалуы тиiс. Өтiнiмдер қос конвертте қабылданады.

Сыртқы конверте мыналар болуы тиiс:

1) өтiнiмнiң өзi;

2) заңды тұлғалар үшiн жарғының, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi; төлқұжаттың немесе басқа да жеке басты куәландыратын құжаттың, жеке тұлғалар үшiн жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

3) кепiлдiк жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi;

4) ақпараттық хабарда көрсетiлген өзге де құжаттар.

Iшкi конвертте үмiткердiң жеке ұсыныстары болуы тиiс.

Өтiнiм беру кезiнде iшкi конверт жабық, әрi үмiткер оған мөр басқан болуы тиiс.

26. Тендерлiк комиссия өтiнiмдердi қабылдау кезiнде iшкi конверттегiнi қоспағанда, қажеттi құжаттардың түгелдiгiн тексередi. Егер құжаттар осы Ереженiң 25-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмесе, тендерлiк комиссия хатшысы сол күнi талапкерге бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiмдi қабылдау мен тiркеуден бас тартатыны туралы жазбаша хабарлайды.

27. Барлық қажеттi құжаттар болған кезде тендерлiк комиссия хатшысы қабылдау күнiн және сағатын көрсете отырып, өтiнiмдi тiркеуге мiндеттi. Бұл ретте iшкi конверт ашылмайды.

28. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлға оның өтiнiмi тiркелгеннен кейiн тендердiң қатысушысына айналады.

29. Тендерге қатысушы қосымша мәлiметтердi, тендерге шығарылған объектi бойынша нақтылауды жүгiнген сәттен бастап 3 күнтiзбелiк күн iшiнде тегiн алуға құқылы.

Қосымша мәлiметтердi, нақтылауларды Жалға берушi (жалдауға берушi) тендер өткiзiлетiнi туралы ақпараттық хабарлама (хабарландыру) жарияланған күннен бастап тендерге қатысушының өтiнiмiн тiркеу күнiнен барлық қатысушылардың өтiнiмдерiн қабылдау және тiркеу аяқталған күнге дейiн тендерге қатысушыға ұсынады.

30. Өтiнiмдердi қабылдау мен тiркеу аяқталған күнi тендерлiк комиссия өтiнiмдер қабылдау мен тiркеудiң аяқталғаны туралы хаттамаға қол қояды.

31. Өтiнiмдердi қабылдау және тiркеу аяқталғаны туралы хаттамада мынадай мәлiметтер болуы тиiс:

1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;

2) тiркеуге алынған өтiнiмдер саны мен тiзбесi;

3) қайтарылып алынған өтiнiмдер (олар болған жағдайда) саны мен тiзбесi.

32. Тендерге қатысушылар кепiлдiк жарнаны тендердiң өткiзiлуi туралы хабарламада (хабарландыруда) көрсетiлген мөлшерде, мерзiмде және тәртiпте Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) депозиттiк шотына енгiзедi.

Кепiлдiк жарнаның мөлшерi тендер өткiзу туралы ақпараттық хабар (хабарлама) жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi.

33. Тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарна тендерлiк комиссиямен Объектiге айлық жалдық төлем мөлшерiнде Жалға алушының (жалдауға алушының) қызмет түрi мен Жалға алушының (жалдауға алушының) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретiн коэффициенттердi ескерусiз белгiленедi;

34. Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасаушы және тендердi жеңiп алған тендерге қатысушының кепiлдiк жарнасы мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты бойынша тиесiлi төлем есебiне жатқызылады;

35. Жалға берушi (жалдауға берушi) осы Ереженiң 34-тармағында белгiленген жағдайлардан басқа жағдайларда, тендер аяқталған соң қатысушыларға кепiлдiк жарналарын қайтарады.

36. Кепiлдiк жарна тендер қатысушысының келесi мiндеттемелерiн қамтамасыз етуi болып табылады:

1) тендерде жеңген жағдайда тендер нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;

2) тендер нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасау.

37. Жалға берушi (жалдауға берушi) кепiлдiк жарнаны қайтармайды:

1) тендер қатысушысы тендерге қатысудан оның өткiзiлетiн мерзiмiне кемiнде бiр тәулiк қалғанда жазбаша бас тартқан жағдайда;

2) жеңiмпаз Жалға берушiмен (жалдауға берушiмен) тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн тиiстi шарт жасаудан бас тартқан жағдайда;

38. Қалған барлық басқа жағдайларда кепiлдiк жарна тендер аяқталған күннен кейiнгi 10 банктiк күн мерзiмiнен кешiктiрiлмей, егер тендер өткiзiлгеннен кейiн Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) шотына ақша түссе, түскен күннен кейiн 10 банктiк күнде қайтарылады.

39. Тендерге қатысушы қанша мөлшерде болса да кепiлдiк жарна енгiзуге құқылы, бұл ретте бiр кепiлдiк жарна бiр объект бойынша тендерге қатысуға құқық бередi.

40. Егер өтiнiмдер қабылдау мерзiмiнiң аяқталу сәтiнде бiр ғана өтiнiм тiркелген болса (екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда), тендер өткiзiлмедi деп танылады.

41. Тендерге қатысушы мыналарға:

1) тендерге өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхат негiзiнде өзiнiң өкiлi арқылы қатысуға;

2) тендерге шығарылатын объект бойынша қосымша деректердi, нақтылауларды тегiн алуға;

3) объектiнi алдын ала қарауға;

4) құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгiнуге;

5) Жалға берушiнi (жалдауға берушi) ол туралы жазбаша хабардар етiп, тендерге қатысу өтiнiмiн тендер басталғанға дейiн үш тәулiк бұрын қайтарып алуға құқылы.

42. Тендерлiк комиссия тендер өткiзiлетiн күнi отырыста тендерге қатысушылардың ұсынысы бар конверттi ашады және ұсыныстарды жариялайды. Комиссия конверттi ашар алдында оның тұтастығын тексередi, ол iшкi конверттердi ашу хаттамасында тiркеледi.

43. Тендерлiк комиссия ұсынылған ұсыныстардың ақпараттық хабарландыруда берiлген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Егер ұсынылған ұсыныстар талаптарға сәйкес келмесе, онда көрсетiлген ұсыныстар бұдан әрi қарастыруға жатпайды және осындай өтiнiм ұсынған тұлға тендер қатысушысы мәртебесiнен айырылады, ол iшкi конверттердi ашу хаттамасында тiркеледi.

Тендерлiк комиссия хатшысы тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде хабарламаны ұсыныстары бұдан әрi қарауға жатпайтын қатысушыларға бас тарту себептерiн көрсетiп, олардың өтiнiмдерiнен бас тарту туралы хабарлама жiберудi қамтамасыз етедi.

Қатысушы тендерге қатысуға рұқсат беру туралы тендерлiк комиссияның шешiмiне «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңында белгiленген тәртiпте шағымдана алады.

44. Конверттердi ашып, ұсыныстар жарияланғаннан кейiн тендерлiк комиссия ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн жиналысқа шығады.

Тендерге қатысушылардың (олардың өкiлдерi) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезiнде қатысу құқығы жоқ.

45. Тендер объектiсiн пайдалану үшiн ең жоғары ақы ұсынған, тендердiң басқа да шарттарын орындау жөнiнде өзiне мiндеттемелер алған және ұсыныстары тендерлiк құжаттамадағы барлық талапқа жауап беретiн тендердiң қатысушысы тендер жеңiмпазы деп танылады.

46. Тендерлiк комиссия шешiмi қатысқан комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең түскен жағдайда — тендерлiк комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

47. Комиссия тендер аяқталған күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей тендер нәтижелерiн барлық қатысушыларға жариялайды.

48. Тендерлiк комиссияның отырысына тендерлiк комиссияның кемiнде 2/3 мүшесi қатысса заңды болып табылады.

49. Егер жеңiп алушы тендер жеңiмпазы ұсыныстарына сәйкес Объектiнi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасаудан бас тартса, Жалға берушi (жалдауға берушi) қалған тендерге қатысушылардың арасынан жеңiп алушыны анықтауға (егер қалғандардың саны кемiнде екеу болса), немесе жаңа тендер өткiзу туралы шешiм қабылдауға хақылы.

50. Тендерлiк комиссияның тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтайтын тұжырымы немесе өзге шешiмi тендерлiк комиссия мүшелерi, тендерлiк комиссия хатшысы қол қоятын және Жалға берушi (жалдауға берушi) бекiтетiн хаттамамен ресiмделедi.

Комиссия мүшесi өзiнiң дербес пiкiрiн хаттамаға жазбаша баяндауға немесе хаттамаға қоса беруге құқылы.

Тендер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға тендердi жеңiп алушы тұлға да қол қояды.

51. Хаттамада мыналар:

1) тендерлiк комиссия құрамы;

2) объектiнiң атауы, қысқаша сипаттамасы;

3) тендер шарттары;

4) тендерге қатысушылар туралы мағлұмат және олардың ұсыныстары;

5) тендерге қатысушылардың тiзiмi;

6) ұсынылатын жалдық ақы мөлшерлемелерi;

7) тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазы туралы мәлiмет немесе жеңiмпаздың болмау себептерiн көрсете отырып, өзге шешiм;

8) жеңiмпаз тендердi жеңiп алған шарттар;

9) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты бойынша тараптардың мiндеттемелерi болуға тиiс.

52. Тендер қорытындысы туралы хаттама көшiрмесi тендер жеңiмпазына берiледi және оның мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасауға құқығын куәландыратын құжат болып саналады.

53. Тендер нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде тендер жеңiмпазы ұсыныстарына жауап беретiн жеңiмпазбен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты жасалады.

3. Мүлiктiк жалдауға (жалға) беру шарты

54. Тендер қорытындысы бойынша немесе Жалға берушi (жалдауға берушi) жалға беру объектiсiн тағайындалым бойынша мүлiктiк жалдауға (жалға) беру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күн iшiнде Жалға алушымен (жалдауға алушымен) мүлiктiк жалдауға (жалға) беру шартын жасайды, содан кейiн 10 күнтiзбелiк күннен асырмай Теңгерiм ұстаушы Объектiнi Жалға алушыға (жалдауға алушыға) қабылдау-тапсыру актiсi бойынша бередi.

55. Жалдауға (жалға алуға) беру шарты (бұдан әрi — Шарт) мiндеттi түрде келесi ережелерден тұруы тиiс:

1) объектiнiң техникалық сипаттамасы (жалпы және пайдалы алаңы, инженерлiк желiлердiң бар болуы және жағдайы, жылжымайтын мүлiк объектiлерi үшiн жөндеу жүргiзу қажеттiлiгiнiң болуы немесе болмауы, жалдау объектiсiнiң сәйкестендiру деректерi);

2) мүлiктiк жалдауға (жалға) берiлген коммуналдық мүлiктi Жалға алушыға (жалдауға алушыға) беру мерзiмi және шарттың әрекет ету мерзiмi;

3) жалданған мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлем енгiзудiң тәртiбi, мөлшерi және мерзiмi;

4) Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) құқықтары:

Теңгерiм ұстаушының келiсiмi бойынша Жалға алушыға (жалдауға алушыға) Объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға жазбаша рұқсат беру;

Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң коммуналдық заңды тұлғаларын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның және Теңгерiм ұстаушының келiсiмiмен Жалға алушыға (жалдауға алушыға) Объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды күрделi жөндеуге немесе қайта құруға жазбаша рұқсат беру;

Объектiнi күрделi жөндеу мiндеттерi коммуналдық мүлiктi Жалға алушыға (жалдауға алушыға) жүктелген жағдайда Объектiнi күрделi жөндеу құнын мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты бойынша төлем есебiне аударылады. Коммуналдық мүлiкке күрделi жөндеу жасау өндiрiсiнiң құны мен басқа да шарттары коммуналдық мүлiктi Жалға берушiмен (жалдауға берушiмен) жазбаша келiсiлуi тиiс.

Тараптардың келiсiмi бойынша Шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;

Объектiнiң мақсатқа сай пайдалануын, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шарт талаптарының орындалуын тексерудi жүзеге асыру.

5) Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) мiндеттерi:

Теңгерiм ұстаушының Объектiнi Жалға алушыға (жалдауға алушыға) қабылдау-тапсыру актiсi бойынша тапсыруын және Объектiнi мүлiктiк жалдауға (жалға) беру туралы Шарт жасалған күннен 10 күнтiзбелiк күн iшiнде бекiтудi қамтамасыз ету;

Жалға алушыға (жалдауға алушыға) Шартта белгiленген тәртiпте Объектiнi иеленуге және пайдалануына бөгет болмау;

Шарт жағдайларының немесе жалдау ақысының мөлшерi өзгерген жағдайда ол туралы Жалға алушыға (жалдауға алушыға) жазбаша түрде, жалдық ақысын енгiзудiң келесi мерзiмiне дейiн бiр ай бұрын хабарлау;

Жалға алушыға (жалдауға алушыға) мерзiмi өткен төлемдер үшiн өсiмақы мен айыппұлдар туралы жалдау ақысын енгiзудiң келесi мерзiмiне дейiн 10 күн бұрын хабарлама жiберу;

Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) жазбаша келiсiмiмен Жалға алушы (жалдауға алушы) жүргiзген Объектiнiң ажырағысыз жақсартуларының құнын сәйкес бюджет қаражаты есебiнен өтеу;

6) Жалға алушының (жалдауға алушының) құқықтары:

Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) жазбаша келiсiмiмен жал ақысын алдын ала төлеу;

Теңгерiм ұстаушының жазбаша келiсiмi бойынша Жалға берушiге (жалдауға берушiге) Объектiнi қосалқы жалға беру жөнiнде жүгiну;

Жалға алушы (жалдауға алушы) Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) жазбаша келiсiмен жүргiзген Объектiнiң ажырағысыз жақсартулары құнының өтемақысын тиiстi бюджет қаражаты есебiнен алу;

Объектiге күрделi жөндеудi жүзеге асыру мiндеттерiн қабылдаған жағдайда Объектiнi күрделi жөндеу жұмысының құнын мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты бойынша төлем есебiне алу. Коммуналдық мүлiктi күрделi жөндеу өндiрiсiнiң құны мен жағдайлары коммуналдық мүлiктi Жалға берушiмен (жалдауға берушiмен) жазбаша келiсiлуi тиiс.

Жалға берушiге (жалдауға берушiге) Шартты ұзарту, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе бұзу туралы ұсыныстар енгiзу.

7) Жалға алушының (жалдауға алушының) мiндеттерi:

Объектiнi Шарт талаптарына сәйкес пайдалану;

Теңгерiм ұстаушыдан Объектiнi қабылдау-тапсыру актiсi бойынша қабылдау және 10 күндiк мерзiмде Жалға берушiге (жалдауға берушiге) бекiтуге ұсынуды қамтамасыз ету;

Жалдық ақыны, сондай-ақ басқа да төлемдердi (өсiмақы, айыппұл) Шартта белгiленген көлемде, мерзiмде және тәртiпте енгiзу;

Тоқсан сайын Жалға берушiмен (жалдауға берушiмен) жал ақысын (өсiмақы, айыппұл) енгiзгеннен кейiн 3 күнтiзбелiк күн iшiнде төлем тапсырмаларының (түбiртек) көшiрмелерiмен есептердi салыстыру;

Объектiнi тиiстi тәртiпте ұстау, Объектiге немесе онда орналасқан коммуникацияларға зақым келтiретiн iс-әрекеттер жасамау;

Объектiге iргелес аумақты санитарлық нормаларға сәйкес ұстау;

Объектiнi дұрыс жағдайда ұстау, өз есебiнен жөндеу жұмыстарын жүргiзу және егер басқасы заңнамада немесе Шартта белгiленбесе, Объектiнi ұстау бойынша шығыстарды көтеру;

Объектiнiң жеке бөлшектерi, инженерлiк жабдықтар не Жалдаушының кiнәсiнен, не табиғи тозудан iстен шығып қалған жағдайда жөндеу жұмыстарын өз есебiнен жүргiзу;

Объектiге және оған iргелес жер учаскелерiне Жалға берушi (жалдауға берушi) мен Теңгерiм ұстаушының, санитарлық бақылау қызметтерiнiң және ғимараттарды пайдалану мен iске қосу тәртiбiне қатысты заңдар мен басқа да нормалардың сақталуын бақылайтын мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн бөгетсiз жiберу, анықталған бұзушылықтарды олар белгiлеген мерзiмде жою;

Объектiнi кiшi жалға (қосалқы жалға) беру, Шарт бойынша өз мiндеттерi мен құқықтарын басқа тұлғаға беру (қайта жалдау), Объектiнi өтеусiз беру Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) жазбаша келiсiмi бойынша ғана жасалады. Қайта жалға беруден басқа, көрсетiлген жағдайларда Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) алдында Шарт бойынша жауапты Жалға алушы (жалдауға алушы) болып қалады;

Шарт бойынша өз құқықтарын кепiлдiкке бермеу немесе оларды үлес ретiнде шаруашылық серiктестiктерге, акционерлiк қоғамдарға немесе жарна ретiнде өндiрiстiк кооперативке бермеу;

Жалға алу Шартының мерзiмi өткенге дейiн бiр ай бұрын Шарт мерзiмiн жаңа уақытқа ұзарту туралы Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) атына жазбаша өтiнiш беру. Мұндай өтiнiштiң болмауы Жалға берушiге (жалдауға берушiге) Объектiнi басқа Жалға алушыға (жалдауға алушыға) мүлiктiк жалға (жалдауға) беруге негiз бола алады;

Шарт бұзылған жағдайда Объектiнi Теңгерiм ұстаушыға қабылдау-тапсыру актiсi бойынша қайтару, ал оны Тараптар келiсiмi бойынша Шарт әрекетiн тоқтату келiсiмiнен бiр күн кешiктiрмей Жалға берушiге (жалдауға берушiге) бекiтуге ұсыну;

Объектiнi қабылдау-тапсыру актiсiне қол қойып, қанағаттанарлық жағдайда шартта белгiленген мерзiмде қайтару;

Объект зақымдалған және/немесе Объектiнi жұмысқа жарамсыз немесе қанағатсыз техникалық жағдайда (нормативтi көрсеткiштерден тыс тозумен) қайтарған кезде өз қаражаты есебiнен талап етiлген жөндеу жұмыстарын жүргiзу немесе Жалға берушiге (жалдауға берушiге) немесе теңгерiм ұстаушыға шығынды өтеу.

8) шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға негiздер және жағдайлар:

Жалға алушының (жалдауға алушының) заңды тұлға ретiнде таратылуы;

Жалға алушының (жалдауға алушының) Жалдау шартының талаптарын бұзуы;

Егер Жалға алушы (жалдауға алушы) Объектiнi қасақана немесе абайсызда едәуiр нашарлатса;

Егер Жалға алушы (жалдауға алушы) жалдық төлемдi белгiленген мерзiмнен 30 және одан артық күнтiзбелiк күн iшiнде енгiзбесе;

Жалға алушыға (жалдауға алушыға) оның жазбаша келiсiмi бойынша басқа Объектiнi жалға беру;

Теңгерiм ұстаушының Жалға берушiге (жалдауға берушiге) жазбаша өтiнiшi бойынша, бұл жағдайда Жалға берушi (жалдауға берушi) Жалдаушыны Шарт бұзылғанға дейiн кемiнде 10 күн iшiнде ескертедi;

заңнамалық актiлерде немесе Шартта көзделген жағдайларда Жалға берушiнiң (жалдауға берушiнiң) жазбаша талабы бойынша;

Объектiнi (толықтай немесе оның бөлшектерiн) Шартқа сәйкес (нысаналы тағайындалымы бойынша емес) пайдаланбау;

жалға алынған Объектiнi мемлекеттiк ұйымдарды орналастыру үшiн Теңгерiм ұстаушының қажеттiлiктерiне алу туралы шешiм қабылдаған жағдайда, соның iшiнде Объектiнi жекешелендiруге беру туралы шешiм қабылданғанда;

Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Шартта көзделген басқа жағдайларда.

Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берiлген коммуналдық мүлiктi нысаналы тағайындалымы бойынша пайдаланбау шартты едәуiр бұзу болып табылады және шартты бұзуға негiз бола алады.

56. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткiштерiн жалға беру кезiнде мүлктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жеке және заңды тұлғалар арасында жасалады. Сот шешiмi бойынша пайдалануында тарих және мәдениет ескерткiшi бар тұлғаны оны пайдалану құқығынан айырған жағдайда, егер тарих және мәдениет ескерткiшiне жойылу немесе бұзылу қаупi төнiп тұрса шарт бұзылған болып есептеледi.

57. Төлем барлық жалға алынған мүлiк үшiн толығымен және оның әр құрамдас бөлiгi үшiн кесiмдi төлем сомасында мерзiмдi түрде немесе бiржола енгiзiлетiн жағдайда төленедi, ол Шартта мазмұндалады.

58. Ғимараттардағы үй-жайлар бөлiгiне жалдық ақыны төлеу кезiнде Жалға алушының (жалдауға алушының) осы алаңдарды пайдалану үлесiне ортақ пайдалану орындарына қол жетiмдiлiгi мөлшерлес келетiнiн ескеру қажет.

59. Бiлiм мекемелерi үшiн демалыс кезеңiне, сондай-ақ толық емес жұмыс күнiне төлем нақты атқарылған уақыт үшiн жасалады.

60. Мүлiктi пайдаланғаны үшiн жалдық ақы мөлшерлемесi Уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiлген Жалдық ақының есептеу мөлшерлемесi мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерi және/немесе ең төменгi айлық есептеу көрсеткiшiнiң көлемi өзгерген жағдайда өзгертiледi.

61. Жалдық төлем тиiстi (облыстық, аудандық, Петропавл қаласының) бюджетке аударылады.

62. Бiр жылдан артық мерзiмге жасалған мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты мемлекеттiк тiркелуге жатады.

63. Жалдауға беру шарты мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде төрт данада жасалады, оның екеуi Жалға берушiде (жалдауға берушiде) сақталады, ал екеуi — Жалға алушыға (жалдауға алушыға) берiледi.

64. Объектiнiң Жалға алушы (жалдауға алушы) жүргiзген бөлiнетiн жақсартулары, егер басқасы Шартта көзделмесе, оның меншiгi болып табылады.

65. Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарттарының жағдайларын бұзғаны үшiн тараптар қолданыстағы заңнамаға және Шартқа сәйкес жауапкершiлiк тартады.

66. Айыппұл санкцияларын төлеу кiнәлi тарапты Шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.

67. Тараптар азаматтық кодексте немесе Шарт талаптарында көзделген жағдайларда жауапкершiлiктен босатылады.

4. Объектiнi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру тәртiбi

68. Объектiнi берудi Теңгерiм ұстаушы Жалға берушiге (жалдауға берушiге) қабылдау-тапсыру актiсi бойынша жүргiзедi, онда мыналар көрсетiледi:

1) актiнiң жасалған датасы мен орны;

2) оларға сәйкес өкiлдер тараптардың мүдделерiн қорғауға уәкiлеттi құжаттардың атаулары мен деректемелерi;

3) оған сәйкес жал Объектiсi берiлетiн Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру Шартының қол қойылған датасы мен номерi;

4) анықталған ақаулардың тiзiмi көрсетiлген берiлетiн объектiнiң техникалық жағдайы (жылжымайтын мүлiк объектiлерi үшiн — объектiнiң бар болуы және жағдайы (қанағаттанарлық, жөндеу жұмыстарының қажеттiлiгi), инженерлiк желiлердiң бар болуы және жағдайы; автокөлiк құралдары үшiн және басқа да мүлiк үшiн — қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз жағдайы, жөндеу жұмыстарының қажеттiлiгi);

5) тараптардың мөрлерiмен расталған өкiлдердiң қолы.

69. Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартының әрекетi аяқталғаннан кейiн Жалға алушы (жалдауға алушы) Шарттың аяқталу күнiнен кешiктiрмей Теңгерiм ұстаушымен жалдау Объектiсiн қайтару туралы қабылдау-тапсыру актiсiне қол қоюға мiндеттi.

70. Объектiнi қабылдау-тапсыру актiсi Шарттың ажырағысыз бөлiгi болып табылады және мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде алты данада жасалады.

Қабылдау-тапсыру актiсiнiң барлық данасы бiрдей заңдық күшке ие және Жалға берушiге (жалдауға берушiге), Теңгерiм ұстаушыға және Жалға алушыға (жалдауға алушыға) екi данадан берiледi.

71. Қабылдау-тапсыру актiсi Жалға берушiмен (жалдауға берушiмен) бекiтiледi.

72. Жалға берушi (жалдауға берушi) Объектiнiң Теңгерiм ұстаушымен Жалға алушыға (жалдауға алушыға) Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартына қол қойылғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде берiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

5. Дауларды шешу

73. Осы Ережемен реттелмейтiн мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

74. Объектiнi Шарт бойынша мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде туындаған даулар тараптардың өзара келiсулерi бойынша немесе сот тәртiбiнде қаралады.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 378
қаулысымен бекiтiлген
Солтүстiк Қазақстан облысының
коммуналдық мүлкiн мүлiктiк жалдауға
(жалға алуға) беру ережесiне қосымша

Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық мүлкiн мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiндегi жалдау ақысының есептiк ставкасы және қолданылатын коэффициенттер мөлшерi

1. Мемлекеттiк коммуналдық меншiктiң жылжымайтын мүлiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру (жалдау) ақысының есебi

Жылдық жалдау ақысы 1 шаршы метр үшiн төмендегiдей анықталады:

Ап = С х К1 х К2 х К3хК4хК5хК6;

мұнда: Ап — үй-жайды пайдаланғаны үшiн жылына жалдау ақысының ставкасы;

С — мүлiктiк жалдаудың базалық мөлшерлемесi мемлекеттiк үй-жайдың 1 шаршы метрi жылына 1,5 айлық есептеу көрсеткiшiне теңестiрiледi;

№ р/с Коэффициент түрi Коэффициент мөлшерi
1 Құрылым түрiн ескеретiн К1 коэффициентi:  
  әкiмшiлiк 1
  өндiрiстiк 0,8
  қойма, қазандық 0,6
2 Инженерлiк желiлер мен коммуникациялардың болуын ескеретiн К2 коэффициентi:  
  Барлық инженерлiк-техникалық коммуникациялары бар үй-жайлар үшiн;
Қандай да бiр коммуникациялар болмаған жағдайда әр түрi үшiн 0,1 кемидi
1,0
3 Үй-жайдың жайлылығын ескеретiн К3 коэффициентi:  
  Ғимарат немесе ғимараттағы үй-жай 1,0
  Ғимараттың цокольдiк қабаты немесе жартылай жертөле 0,7
  Жертөле үй-жайы 0,4
4 Жалдаушының қызмет түрiн ескеретiн К4 коэффициентi:  
  Сауда-коммерциялық және жабдықтаушы-өткiзу қызметi (өндiрiстiк, азық-түлiктiк және аралас тауарлар, дәрiхана және дәрiханалық пункттер); банктiк қызметтер; полиграфиялық қызметтер; брокерлiк қызмет; сақтандыру және инвестициялық компаниялар; нотариалдық және адвокаттық кеңселер; зейнетақы қорлары 3,0
  Коммуникациялық қызметтер, оның iшiнде: байланыс қызметтерi, автоматтандырылғн телефон станциялары, почталар 0,7
  Айырбастау пункттерi 5,0
  Қызметтер көрсету:
- тұрмыстық және мәдени-демалыс қызметтерi, тренажер залдары, фитнес-клубтар, техникалық қызметтер көрсету станциялары, шеберханалар
- жерлеу қызметтерi, кiтаптарды жалға беру
2,0
 
 
1,0
  Қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет:
- дәмхана, мейрамханалар
- буфеттер мен асханалар
- бiлiм мекемелерiндегi буфет пен асханалар
3,0
2,0
0,5
  Бiлiм (мектептен тыс, оқушыларға арналған үйiрме қызметi, компьютерлiк сыныптар), балалар мен жасөспiрiмдерге арналған дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет саласында қызмет көрсету 1,0
  Өндiрiстiк қызмет 2,0
  Гараждар ретiндегi үй-жайлар, қойма, сақтау камералары 2,0
  Оқу қызметi 3,0
  Өзге де қызмет түрлерi 1,0
5 Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретiн К5 коэффициентi:  
  - жеке меншiк нысанындағы құрылымдарға арналған (серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар, ұлттық компаниялар)
 
- қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктер, үкiметтiк емес ұйымдар үшiн,
- сауда-саттық қызметтi есептемегенде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп қызметiн ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсетудi ұйымдастыру үшiн
2,0
 
 
1,0
 
0,9
 
6 Аумақтық орналасуын ескеретiн К6 коэффициентi:  
  Петропавл қаласы:
- Орталық аудан
- Өндiрiстiк аудан
- Оңтүстiк аудан
- Солтүстiк аудан
- Сол жағалау ауданы
1,5
1,2
1,2
1,2
1,2
  Аудан орталықтары 1,0
  Ауылдық елдi мекендер 0,5

 

2. Көлiк құралдарын, құрылыс, жұмыс және ауыл шаруашылығы машиналарын, жабдықтарды, инженерлiк желiлердi, коммуникацияларды және мемлекеттiк тұрғын үй емес қор объектiлерiн қоспағанда басқа да мемлекеттiк коммуналдық меншiк мүлкiн мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру төлемiн есептеу.

Көлiк құралдарын, құрылыс, жұмыс және ауыл шаруашылығы машиналарын, жабдықтарды, инженерлiк желiлердi, коммуникацияларды және мемлекеттiк тұрғын үй емес қор объектiлерiн қоспағанда басқа да мемлекеттiк коммуналдық меншiк мүлкiн мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берiлгенi үшiн жылдық жалға алу төлемi анықталады:

Ар = С х К1 х К2,

мұнда Ар –жалға алу төлемiнiң жылдық ставкасы;

С — жалға алудың жылдық базалық ставкасы, С=(Sбал. х Nамор.) тең деп қабылданатын,

мұнда: Sбал. — берiлетiн объектiнiң бастапқы (теңгерiмдiк) құны;

Nамор. — жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексiне сәйкес тiркелген активтер тозуының шектi нормалары негiзiнде айқындалады

№ р/с Коэффициенттер түрi Коэффициент мөлшерi
1 Пайдалану мерзiмiн ескеретiн К1 коэффициентi  
  Көлiк құралдарын, құрылыс, жұмыс және ауыл шаруашылығы машиналары:
- 1 жылдан 5 жылға дейiн пайдаланғанда
- 5 жылдан артық пайдаланғанда
 
 
1,2
1,0
  Жабдықтар, инженерлiк желiлер, коммуникациялар және т.б.
- 1 жылдан 7 жылға дейiн пайдаланғанда
- 7 жылдан артық пайдаланғанда
1
1
1,2
1,0
2 Пайдалану жағдайын ескеретiн К2 коэффициентi  
  Жұмыс машиналары, қондырғылар, инженерлiк желiлер, коммуникациялар және т.б.
- облыс орталығының аумағында пайдаланған жағдайда
- облыстың қалған аумағында пайдаланған жағдайда
 
 
1,4
 
1,0
Мақаланың шыққан күні: 09.03.2017 11:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.03.2017 11:23
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы