A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«2011 жылы облыстық мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар туралы» облыс әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 16 наурыздағы N 67 қаулысы

2011 жылы облыстық мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар туралы

Солтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 16 наурыздағы N 67 қаулысы. Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2011 жылғы 13 сәуiрде N 1774 тiркелдi


 

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi № 477 Орман кодексiнiң 15-бабы 3) және 11) тармақшаларына сәйкес облыс әкiмдiгi қаулы етедi:

1. 2011 жылы облыстың мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар қоса берiлген Жоспарға сәйкес iске асырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.С.Сапаровқа жүктелсiн.

3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi  С. Бiләлов
келiсiлдi:
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлiгi
Солтүстiк Қазақстан облысының
төтенше жағдайлар департаментi
бастығының м.а. А. Швецов
Қазақстан Республикасы Көлiк
және коммуникация министрлiгi
Автомобиль жолдары комитетi
Солтүстiк Қазақстан облыстық
департаментiнiң директоры А. Жанкин
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетi Солтүстiк Қазақстан
облыстық орман және аңшылық
шаруашылығы аумақтық
инспекциясының бастығы Ж. Бәшiров

Облыс әкiмдiгiнiң 2011 жылғы
16 наурыздағы № 67 қаулысына
қосымша

2011 жылы облыстың мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар жоспары

р/с № Iс-шаралар Орындауға жауаптылар Орындалу мерзiмi
1 Өрт–химиялық стансаларды, өртке қарсы жасақтарды, тiрек пункттерiн қажеттi персоналмен, өртке қарсы керек-жарақтармен, техникамен, жанар-жағармай материалдарымен толықтырылуын қамтамасыз ету. «Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Тұрақты
2 Орман өрттерiн байқау және сөндiру құралдарының толық дайындығын қамтамасыз ету. «Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Тұрақты
3 Өрт қауiптiлiгi кезеңiнде мемлекеттiк орман мекемелерi мен «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы өңiрлiк бөлiмшелерiнiң дайындықтарына ұдайы тексерiс жүргiзу. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша), «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментi» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша), «Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Тұрақты
4 Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандарда өрт қауiпсiздiгi тәртiбiн бұзуға кiнәлi тұлғаларға жауапкершiлiк шараларын түсiндiре отыра, орман өртiнiң алдын алу бойынша кеңiнен түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру. «Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Тұрақты
5 Барлық өрт қауiптiлiгi кезеңiнде мемлекеттiк орман мекемелерiнiң техникалық құралдарды ормандарды өртке қарсы қорғауға байланысты жұмыстарға пайдалануын қамтамасыз ету. «Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi. Өрт қаупi маусымы
ның аяқ
талуына дейiн
6 Жоғарғы өрт қауiптiлiгi кезеңiнде көлiк құралдарының кiруiн, табиғат ескерткiштерi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қылқанды екпелерге жеке тұлғалардың баруын шектеу, кiретiн жерлерге уақытша бiрiккен жол полициясы мен мемлекеттiк орман күзетiнiң бекеттерiн қою. Солтүстiк Қазақстан облысының аудан және Петропавл қаласының әкiмдерi, «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi» мемлекеттiк мекемесi, «Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Жоғарғы өрт қауiп
тiлiгi кезеңi
7 Жоғарғы өрт қауiптiлiгi кезеңiнде мемлекеттiк орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша), «Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Жоғарғы өрт қауiп
тiлiгi кезеңi
8 Шаруа қожалықтарымен және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарымен ауыл шаруашылық алқаптарында, жайылымдарда және пiшендерде, орман қорына жақын орналасқан аумақтарда сабандарды, қалдықтарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын күйдiруге бақылауды қамтамасыз ету. Солтүстiк Қазақстан облысының аудан әкiмдерi, «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментi» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Тұрақты
9 «Қоршаған ортаға орман өртiнiң әсер етуi» тақырыбына жалпы мектеп жиналысын және сынып сағаттарын өткiзу. Солтүстiк Қазақстан облысының аудан және Петропавл қаласының әкiмдерi, «Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi. Кесте бойынша
10 Орман және дала өртiмен қамтылған аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау мәселелерiн пысықтау. Солтүстiк Қазақстан облысының аудан әкiмдерi, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментi» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Кесте бойынша
11 Аудандық кеңестерде мүмкiндiгiне қарай облыс ормандарын өрттен сақтау мәселелерiн қарастыру. Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қаласы және аудан әкiмдерi, «Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, «Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Қажеттi
лiгiне қарай
12 Орман пайдаланушылардың шарттық мiндеттемелердi, өрт қауiптiлiгi кезеңiнде өртке қарсы iс-шаралардың жедел жоспарын орындаулары бойынша және өрт сөндiргiш құралдарының бар-жоғына бақылауды қамтамасыз ету. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша), «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментi» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Тұрақты
13 Масақтылардың пiсуiне дейiн ауыл шаруашылық өндiрушiлерi орман және тезектi массивтерге, дала жолақтарына, автокөлiк және темiр жолдарға жататын қажеттi енiмен алқаптарды жыртуды және шабуды қамтамасыз ету. Солтүстiк Қазақстан облысының аудан әкiмдерi, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментi» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Ағымдағы жылдың тамыз–
қазан айлары
14 Автомобиль жолдары жиегiндегi өртке қарсы минералдандырылған алқаптар мен жел қорғаушы орман алқаптарын тиiстi өртке қарсы жағдайда ұстау. «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық департаментi» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша), «Солтүстiк Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi. Тұрақты
15 Орман қорына жақын және мемлекеттiк орман қоры аумағында орналасқан объектiлерге өрт-техникалық тексерiс жүргiзу. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментi» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша). Ағымдағы жылдың мамыр айы
Мақаланың шыққан күні: 09.03.2017 12:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.03.2017 12:26
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы