A- A A+
Өмiрбаян

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесi — Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагерi, белгiлi жазушы, қазақ әдебиетiнiң детективтi-шытырман оқиғалы жанрының негiзiн қалаушы. Шешесi — Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тiлдерi педагогикалық институтында қызмет еткен.

Қ.К.Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттiк халықаралық қатынастар институт бiтiрген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшiлiгiнде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжiң лингвистика институтында тағылымдамадан өттi. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы iстер министрлiгiнде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшiлiгiне жұмысқа жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы iстер министрлiгiнiң аппаратына оралады. 1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы iстер министрлiгiнде қызмет атқарып, кейiннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшiлiгiне жiберiлдi. Онда 1991 жылға дейiн екiншi хатшы, бiрiншi хатшы және кеңесшi лауазымдарында қызмет iстейдi.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары болып тағайындалады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары болды. 1994 жылы елiмiздiң Сыртқы iстер министрi болып тағайындалады. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары болды. 1999 жылғы қазанда Парламенттiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен Премьер-Министр болып тағайындалды. 2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы — Сыртқы iстер министрi болды. 2003-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi. Бұл қызметте жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерiсiне белсендi атсалысты.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентiнiң жоғары палатасының спикерi ретiнде ЕҚЫҰ Парламенттiк ассамблеясының вице-президентi болып сайланды.

2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлiмшесiнiң Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөнiндегi конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкiлi болып тағайындалды. Сонымен қатар Қарусыздану жөнiндегi конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң төрағасы болып сайланды.

2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды.

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президентi ретiнде ант қабылдады.

2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының және осы партияның саяси кеңесi бюросының мүшесi. Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мүшесi. Төтенше және Өкiлеттi Елшi. Саяси ғылымдарының докторы. Дүниежүзiлiк гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесi. Қауiпсiздiк жөнiндегi Мюнхен конференциясы «Ғұламалар кеңесiнiң» мүшесi. Шэньчжэнь университетiнiң (ҚХР) және Ресей Федерациясының Сыртқы iстер министрлiгi Дипломатиялық академиясының құрметтi профессоры. Қазақстанның халықаралық қатынастар жөнiндегi кеңесiнiң құрметтi президентi. Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебiнiң құрметтi деканы. Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша 2018 жылдың «Жыл адамы» лауреаттарының тiзiмiне енген. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисi федерациясын басқарды.

Халықаралық қатынастар мәселелерiне арналған 10 кiтаптың авторы.

Қазақстан Республикасының және шет елдердiң көптеген мемлекеттiк наградаларымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.

Саламатты өмiр салтын ұстанады. Көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттердi оқығанды ұнатады.

Ажырасқан.

Ұлы — Тимур.

Мақаланың шыққан күні: 22.06.2016 10:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.09.2019 10:27
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы