A- A A+
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі

Мекенжайы: T01M2E9 (150009),Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавлқ., Н. Назарбаев көш, 236;

Қабылдау бөлмесiнiң телефоны: +7 (715-2) 52-14-37;

Кеңсе телефоны: +7 (715-2) 52-14-50;

Жедел желi телефоны: +7 (715-2) 52-14-46;

Сенiм телефоны: +7 (715-2) 52-04-05;

E-mail: skodooz@mz.gov.kz

Департаменттiң ресми сайты: http://kkkbtu.dsm.gov.kz/ru/kategorii/severo-kazahstanskaya-oblast-0

Т.А.Ә. Лауазымы Байланыс телефоны
Басшылық
Касмакасов Серикбай Халимович Департамент басшысы 52-14-37
Горлова Татьяна Леонидовна Басшының орынбасары 34-04-42
Елеусизов Жумабек Тайевич Басшының орынбасары 52-04-40
Баспасөз қызметі
Сагандыкова Айнаш Жумангалиевна Бас маман 52-14-40
Персоналды басқару қызметі
Сулейменова Самал Абельмажиновна Бөлім басшысы 34-04-45
Техникалық регламенттерді бақылау бөлімі
Беляева Наталья Яковлевна Бөлім басшысы 34-04-48
Жұмыс орындарында және коммуналдық мақсаттағы объектілерде инфекциялық емес ауруларға бақылау және қадағалау бөлімі
Джаксылыкова Гульнара Турлубековна Бөлім басшысы 34-04-47
Балалар, білім беру және тағам объектілерінде инфекциялық емес ауруларға бақылау және қадағалау бөлімі
Сеитова Гульнара Мейрамовна Бөлім басшысы 52-14-43
Жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі
Таласбаева Кулпаш Темирбулатовна Бөлім басшысы 52-14-38
Аса қауіпті инфекцияларды (АҚИ) және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімі
Гайсина Юлия Викоровна Бөлім басшысы 52-14-49
Медициналық ұйымдарды және ауруханаішілік инфекцияларды(АІИ) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі
Абишева Жания Секеновна Бөлім басшысы 52-12-66
Халыққа қызмет көрсету сапасын үйлестіру бөлімі
Барменбаев Самат Маратович Бөлім басшысы 52-14-49
Сектораралық ынтымақтастықты үйлестіру бөлімі
Остапенко Светлана Васильевна Бөлім басшысы 52-14-46
Медициналық қызметті бақылау бөлімі
Оспанов Данияр Уразбаевич Бөлім басшысы 34-04-49
Медициналық қызметтің сапа тәуекелін бағылау бөлімі
Кушбасов Арман Сайлаубаевич Бөлім басшысы 34-04-49
Мемлекеттік қызмет көрсету және цифрландыру бөлімі
Стригалева Светлана Дмитриевна Бөлім басшысы 52-14-36
Фармацевтикалық инспекторат бөлімі
Такеева Айгуль Кайржановна Бөлім басшысы 52-14-42
Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі
Жумагазина Гульжанат Болатовна Бөлім басшысының м.а. 52-14-42

 

Аумақтық басқарманың атауы Басшының Т.А.Ә. Телефон нөмірі Сенім телефоны Электрондымекен-жай
1 Айыртау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Саумалкөл а., МКР 22В-үй, 150100 Ланочкин Роман Витальевич — басшының м.а. 8 (715-33) 2-71-86 (ф) 8 (715-33) 2-71-86 airtau_uooz@mz.gov.kz
2 Ақжар аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердіңсапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Талшық а., Абылай хан к-сі, 7-үй, 150200 Кажкенова Сауле Камидуловна 8 (715-46) 2-14-80 (ф) 8 (715-46) 2-14-80 akzhar_uooz@mz.gov.kz
3 Аққайың аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Смирново а., Киров к-сі, 17-үй, 150300 Козубаева Асель Ермековна — басшының м.а. 8 (715-32) 2-22-32 (ф), 2-16-70 8 (715-32) 2-22-32 akkain_uooz@mz.gov.kz
4 Есіл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Явленка а., Гагарин к-сі, 4-үй, 150500 Степовой Владимир Алексеевич 8 (715-43) 2-15-71 (ф), 2-24-59 8 (715-43) 2-15-71 esil_uooz@mz.gov.kz
5 Жамбыл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Пресновка а., Е. Шайкин к-сі, 49-үй, 150600 Умаров Акжаик Тулюгенович 8 (715-44) 2-14-86 (ф), 2-21-11 8 (715-44) 2-21-11 zhambyl_uooz@mz.gov.kz
6 Мағжан Жұмабаев ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Булаев қ., Мир к-сі, 12-үй, 150800 Юрченко Сергей Александрович — басшының м.а. 8 (715-31) 2-81-51 (ф), 2-81-50 8 (715-31) 2-81-51 m.zhumabaev_uooz@mz.gov.kz
7 Қызылжар аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Бескөл а., Ульянов к-сі, 1А-үй, 150700 Ибраев Джангильды Берикович 8 (715-38) 2-13-08 (ф), 2-23-85, 2-18-14 8 (715-38) 2-13-08 kyzylzhar_uooz@mz.gov.kz
8 Мамлют аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Мамлют қ., Школа-интернат к-сі, 17А-үй, 150900 Биккина Зейняп Халиулловна 8 (715-41) 2-07-15 (ф), 2-07-14 8 (715-41) 2-07-15 mamlyut_uooz@mz.gov.kz
9 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Новоишим а., Әуелбеков к-сі, 30А-үй, 150400 Шарипова Галина Сериковна 8 (715-35) 2-06-31 (ф), 2-06-70 8 (715-35) 2-06-31 g.musrepov_uooz@mz.gov.kz
10 Тайынша аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Тайынша қ., Почтовый тұйық көшесі, 16-үй, 151000 Сабирова Жанна Саткановна 8 (715-36) 2-12-91 (ф), 2-23-92, 2-14-43 8 (715-36) 2-12-91 tainsha_uooz@mz.gov.kz
11 Тимирязев аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Тимирязев а., Жеңіс к-сі, 2А-үй, 151100 Селеух Арман Маралович — басшының м.а. 8 (715-37) 2-18-37 (ф), 2-18-34 8 (715-37) 2-18-37 timiryazev_uooz@mz.gov.kz
12 Уәлиханов аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Кішкенекөл а., Мәліков к-сі, 76-үй, 151200 Сагиндыкова Асем Галимовна — басшының м.а. 8 (715-42) 2-17-34 (ф) 8 (715-42) 2-17-34 ualihanov_uooz@mz.gov.kz
13 Шал ақын ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Сергеевка қ., Аютас тұйық көшесі, 42-үй, 151300 Мусина Самал Койшубаевна 8 (715-34) 2-10-16 (ф), 2-08-79 8 (715-34) 2-10-16 shalakyn_uooz@mz.gov.kz
14 Петропавл қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Петропавл қ., Мир к-сі, 199-үй, 150009 Жуматаев Асет Тургумбекович 8 (7152) 51-93-70 (ф), 51-88-36, 51-88-58, 51-88-60, 51-88-61, 51-88-63, 51-88-64, 51-88-65 8 (7152) 51-93-70 petropavl_uooz@mz.gov.kz

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Департамент) қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы, дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттарда белгiленген, сондай-ақ тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы (бұдан әрi — реттелетiн сала) талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау салаларында басшылықты жүзеге асыратын, құзыретiнiң шегiнде облыс аумағында реттеушi, iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң (бұдан әрi — Комитет) аумақтық бөлiмшесi болып табылады.

2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, Департаменттiң мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.

7. Департаменттiң құрылымы және штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 150009, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Нұр-Сұлтан Назарбаев көшесi, 236.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау департаментi" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Департаменттiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Департаментке Департаменттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге жол берiлмейдi.

Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер заңнамада өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2-тарау. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Мiндеттерi:

1) қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы, дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласында техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау мәселелерi бойынша реттеушi, iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

2) тиiстi аумақта реттелетiн саладағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;

3) өз құзыретiнiң шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

14. Функциялары:

1) тиiстi аумақта өз құзыретi шегiнде реттелетiн салада мемлекеттiк саясатты iске асыру;

2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау;

3) жобаларды мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық сараптауға қатысу және жүргiзу, оның нәтижелерi бойынша, сондай-ақ тексеру және (немесе) профилактикалық бақылау нәтижелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;

4) өз құзыретiнiң шегiнде лицензиаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

5) реттелетiн салада мемлекеттiк қызметтердi көрсету, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (керi қайтару);

6) медициналық көрсетiлетiн көмектiң деңгейi мен сапасына азаматтардың қанағаттанушылық дәрежесiн айқындау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;

8) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

9) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық қызметтердi көрсету саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есiрткi заттардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

10) дәстүрлi медицина, халық медицинасы (емшiлiк) қызметтерiн көрсету субъектiлерiнiң қызметiн бақылау;

11) медициналық көрсетiлетiн қызметтер сапасына сырттай сараптама жүргiзу;

12) өз құзыретiнiң шегiнде мониторингтi жүзеге асыру;

13) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың қауiпсiздiгi мен сапасын сараптау және бағалау бойынша монополиялық қызметтi жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеуге қатысу;

14) фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру;

15) Департаменттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

16) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

17) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтiң және халық тұрмысының ерекше шарттары бар шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi енгiзу;

18) «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру рәсiмдерiн лицензиялауды жүзеге асыру және хабарламаларды қабылдау;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсiпкерлiк және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндiруге, қолдануға және өткiзуге тыйым салу;

20) адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi деп танылған жағдайда шикiзаттың, өнiмнiң, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетiктердiң, процестердiң, құрал-саймандардың жаңа түрлерiн өндiруге, қолдануға және өткiзуге тыйым салу;

21) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

22) республиканың аумағын инфекциялық, паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан санитариялық қорғау бойынша iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу;

23) тиiстi аумаққа инфекциялық, паразиттiк аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшiн әлеуеттi қауiптi заттар мен өнiмдердiң әкелiнуi мен таралуын болдырмау мақсатында автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде санитариялық-эпидемияға қарсы (санитариялық-профилактикалық) iс-шараларды, халықтың денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн жолаушыларды, экипаждарды, пойыз бригадаларын, көлiк құралдарын, жүктердi санитариялық-карантиндiк бақылауды ұйымдастыру және өткiзу;

24) тиiстi аумақта йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

25) тиiстi аумақта инфекциялық және паразиттiк ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;

26) тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

27) Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру, үйлестiру және жүзеге асыру;

28) реттелетiн салада Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;

29) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерiн қарау үшiн жеке, лауазымды тұлғаларды, заңды тұлғалардың заңды өкiлдерiн шақыру;

30) балалар тағамы өнiмдерiн, тағамдық және тағамға биологиялық активтi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, сумен және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу;

31) инфекциялық және паразиттiк аурулардың таралуының әлеуеттi көздерi болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурумен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды зертханалық тексеру нәтижелерiн алғанға дейiн жұмыстан шеттете отырып, оларды медициналық тексеруге жiберу;

32) инфекциялық және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды көрсетiмдерi бойынша емделуге жатқызуға жiберу;

33) ауру таралмаған немесе аурудың таралу деңгейi төмен аумақты немесе оның бөлiгiн айқындау;

34) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетiн салада тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында бақылауды жүзеге асыру;

35) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында радиациялық бақылауды жүзеге асыру;

36) инфекциялық және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ мiндеттi медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы қабылдау;

37) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi және гигиеналық нормативтердi бұзушылықтар жойылғанға дейiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан объектiлердi пайдалануды тоқтата тұру;

38) халықты мiндеттi түрде вакцинациялауды, үй-жайларда және көлiк құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттiк аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзудi талап ету;

39) санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемiн белгiлеу және өзгерту;

40) реттелетiн саладағы мәселелер бойынша республикалық және өңiрлiк семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткiзуге қатысу;

41) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуеттi қауiптi химиялық, биологиялық заттардың тiзiлiмiн жүргiзу;

42) «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қозғау, қарау;

43) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуына тергеп-тексеру жүргiзу;

44) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттаманың жобаларын; санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптарға тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн, әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезiнде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгiн келiсу;

45) құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;

46) Департаменттiң аумақтық басқармаларының қызметiн үйлестiру және бақылау;

47) аккредиттеу стандарттарына ұйымдар қызметiнiң сәйкестiгiн тану мақсатында медициналық ұйымдарды акредиттеудi ұйымдастыруға қатысу және өткiзу;

48) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

49) тиiстi аумақта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету;

50) құзыретiнiң шегiнде реттелетiн саладағы құжаттарды және нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысу;

51) реттелетiн саладағы мемлекеттiк және өзге де бағдарламалардың, жобалар мен стратегиялық жоспарлардың iске асырылуын қамтамасыз ету;

52) реттелетiн саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу;

53) тиiстi аумақта денсаулық сақтау ұйымдарының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн үйлестiру;

54) тиiстi аумақта құзыретiнiң шегiнде өнiмге, тауарларға, процестерге, көрсетiлетiн қызметтерге арналған мемлекеттiк және халықаралық стандарттардың жобаларын, жобалау нормаларын келiсу;

55) өз құзыретiнiң шегiнде тамақтан уланулар, инфекциялық, паразиттiк және басқа да аурулар кезiнде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу;

56) реттелетiн салада кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша ұсыныстар енгiзу;

57) Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiтетiн тәртiппен шектеу iс-шараларын, оның iшiнде жекелеген объектiлерде карантин белгiлеу;

58) салауатты өмiр салтын қалыптастыруды және салауатты тамақтануды ұйымдастыру;

59) реттелетiн салада түсiндiру жұмысын ұйымдастыру;

60) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

15. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) реттелетiн саладағы мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардан, лауазымды тұлғалардан, жеке және заңды тұлғалардан заңнамада белгiленген тәртiппен ақпарат сұрату және алу;

2) жеке және заңды тұлғалар Департаменттiң және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды тұлғалары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған кезде сотқа жүгiну;

3) реттелетiн салада құзыретiнiң шегiнде аумақтық бөлiмшелерге, жеке және заңды тұлғаларға әдiснамалық және консультациялық көмек көрсету;

4) реттелетiн саладағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүзеге асыру;

5) өз құзыретiнiң шегiнде консультациялық-кеңесшi және сараптама комиссияларын (жұмыс топтарын) құру;

6) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi қалыптастыру;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде алынған коммерциялық, қызметтiк, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

8) реттелетiн салада Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргiзу;

9) заңнамада белгiленген тәртiппен тексерулер мен сараптамалар жүргiзуге басқа ұйымдардан мамандарды тарту;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтау;

11) дәрiлiк заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру.

3-тарау. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру

16. Департаментке басшылықты Басшы жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

17. Департаменттiң басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

19. Департамент басшысының өкiлеттiктерi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент қызметкерлерiн iссапарға жiберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту мәселелерiн шешедi;

3) Департамент қызметкерлерiнiң мiндеттерiн, өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды, сондай-ақ Департаменттiң "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарды бекiтедi;

4) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша бұйрықтарға қол қояды;

5) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттiң мүддесiн бiлдiредi;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн атқаруды заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

20. Департаменттiң басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзiнiң орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды.

4-тарау. Департаменттiң мүлкi

21. Департаменттiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкiнiң болуы мүмкiн.

Департаменттiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату

24. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 30.10.2019 23:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2019 17:48
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы