A- A A+
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi

Мекен-жайы: 150007, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесi, 57 «В» үй, 309 кабинет.

Телефон: 8(7152) 53-42-32

Сенiм телефоны: 8(7152) 53-42-32

E-mail: dzpp.sko@mail.ru

Мияшева Ләзiм Ысмағұлқызы — департамент басшысы

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша қабылдау және кеңес беру:

дүйсенбi–жұма сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн, сағат 14.30-дан 18.30-ға дейiн.

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi» РММ (бұдан әрi — Департамент) облыс аумағында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, салааралық үйлестiрудi, бақылау-қадағалау, iске асыру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлiгiнiң Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң (бұдан әрi — Комитет) аумақтық бөлiмшесi болып табылады.

Департаменттiң мiндеттерi:

  1. облыс аумағында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;
  2. мемлекеттiк органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету бойынша қызметiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
  3. өз құзыретiнiң шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

Департаменттiң функциялары:

  1. мемлекеттiк органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкiметтiк емес ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiмен реттелетiн саладағы мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;
  2. өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
  3. реттелетiн саладағы мемлекеттiк және өзге де бағдарламалардың, жобалардың, стратегиялық жоспарлардың iске асырылуын қамтамасыз ету;
  4. Қазақстан Республикасының реттелетiн саладағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу;
  5. тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;
  6. мемлекеттiк органдар қабылдаған реттелетiн саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актiлердiң күшiн жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзу;
  7. реттелетiн саладағы, бюджеттi жоспарлау және орындау, бухгалтерлiк есеп және мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша республикалық және өңiрлiк семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткiзуге қатысу;
  8. құзыретiнiң шегiнде Комитет Департаментiнiң аумақтық басқармаларының қызметiн жалпы ұйымдастыру, үйлестiру және бақылау;
  9. өз құзыретiнiң шегiнде тиiстi аумақта бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
  10. өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерiн қарау үшiн жеке, лауазымды, заңды тұлғаларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына шақыру;
  11. Қазақстан Республикасының заңнамасымен ведомствоға жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.

Департаменттiң құқықтары мен мiндеттерi:

  1. тиiстi аумақтағы мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, реттелетiн саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
  2. реттелетiн саладағы жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру;
  3. жеке және заңды тұлғалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы органдардың лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған кезде сотқа жүгiну;
  4. реттелетiн саладағы аумақтық бөлiмшелер мен ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға өз құзыретiнiң шегiнде консультациялық көмек көрсетудi ұйымдастыру;
  5. реттелетiн саладағы мәселелер бойынша бiлiмдi насихаттау;
  6. өз құзыретiнiң шегiнде консультативтiк-кеңесшi және сараптау комиссияларын құру;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жағдайларды қоспағанда, өзiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде алынған коммерциялық, қызметтiк, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
  8. реттелетiн саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргiзу;
  9. жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларымен реттелетiн саладағы қызметтiң түпкiлiктi нәтижелерiне қол жеткiзуге бағытталған меморандумдар (келiсiмдер) жасасу;
  10. қолданыстағы заңнамалық актiлермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Мақаланың шыққан күні: 14.02.2020 09:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2020 09:44
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Ақпан 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы