A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Облыс әкімінің, әкім орынбасарларының және аппарат басшысының арасындағы міндеттерді бөлу

Облыс әкімінің 2017 жылғы
«_» сәуірдегі № -ө өкіміне
қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің, әкім орынбасарларының
және аппарат басшысының арасындағы міндеттерді бөлу

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Қ.І. Ақсақалов

Әкім Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігін басқаратын және облыс аумағында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет етуін, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады.

Облыс әкімі дара басшылық қағидатында әрекет етеді.

Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының, діни конфессиялардың мәселелерін қадағалайды.

Жастар және әйелдер ұйымдары, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.

Мыналардың қызметтеріне тікелей басшылық етеді:

облыс әкімдігінің;

облыс әкімі орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының, аудан және Петропавл қаласы әкімдерінің;

облыс әкімі кеңесшілері мен көмекшілерінің, баспасөз қызметінің;

Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының;

облыстық бюджеттік комиссияның.

Мыналардың қызметін жалпы бақылауды жүзеге асырады:

облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің;

ішкі саясат басқармасының;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің муниципалды телерадиоарнасы» ЖШС-ның.

Мыналардың келісімді қызмет етуін қамтамасыз етеді:

облыстың атқарушы органдарының және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің, ішкі істер, әділет, кедендік бақылау, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің.

Мыналармен өзара әрекеттеседі:

облыстық мәслихатпен;

облыстық прокуратурамен;

облыстық сотпен;

Қазақстан Республикасының ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі істер департаментімен;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істері департаментімен;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментімен (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

облыстық сайлау комиссиясымен.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

«Издательство «Северный Казахстан» ЖШС-мен;

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ облыстық филиалымен.

Мына комиссияларға, үйлестіру кеңестеріне басшылық етеді:

облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға;

облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияға;

мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі;

облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияға;

діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі;

қадағалайтын салалар бойынша өзге де консультативтік-кеңесші органдарға.

Облыс әкімі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста облыс мүддесін қорғайды.

Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы және
экономика мәселелері жөніндегі бірінші орынбасары
А.С. Сапаров

Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ветеринария, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жер қатынастары, аграрлық ғылым, геология, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, балық, орман және аңшылық шаруашылығы, қаржы, салық саясаты, коммуналдық меншік және жекешелендіру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.

Қылмыс жасаушылықты ескерту жөніндегі жедел жұмыс мәселелері.

Қадағаланатын салалар бойынша Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министрдің Кеңсесімен, орталық атқарушы органдармен, ұлттық компаниялармен, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл жасайды.

Мыналардың қызметін жалпы бақылайды:

Облыс әкімі аппаратының ауыл шаруашылығын дамыту бөлімінің;

ауыл шаруашылығы басқармасының;

жер қатынастары басқармасының;

жер инспекциясы басқармасының;

ветеринария басқармасының;

табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының;

қаржы басқармасының.

Қадағаланатын салалар бойынша мыналарды бақылайды:

Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі, Үкімет, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуын;

мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Облыс аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуын;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын.

Мыналардың көрсеткіштерін жалпы бақылау:

республикалық деңгейде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясымен;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясымен;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясымен;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментімен;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясымен;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментімен;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалымен;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Фитосанитарлық диагностика және болжам республикалық әдістемелік орталығы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен;

«Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен;

«Қазақстанның аграрлық сараптамасы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалымен;

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігімен;

«Қазагроқаржы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалымен;

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қазагромаркетинг» АҚ филиалымен;

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалымен;

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Солтүстік Қазақстан болысы бойынша филиалымен;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан филиалымен;

«Қазақстан фермерлер одағы» республикалық ҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен;

Ғылыми негізделген агротехникалық технологияларды енгізу жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысының аграрлық кеңесімен.

Мына комиссияларға басшылық етеді:

мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі;

инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі;

қайта өңдеуші кәсіпорындардың тереңдетіп қайта өңделген өнім өндірісі үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу шығынын өтеу бойынша субсидия алуға &#1#1179;айта өңдеуші кәсіпорындардың тізімін қалыптастыру жөніндегі;

облыстық жер комиссиясына;

жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі;

заңды тұлғаларды және СҚО коммуналдық меншігінде тұрған жылжымайтын объектілерді оңтайландыру мәселесі жөніндегі;

қадағалайтын салалар бойынша өзге де консультативтік-кеңесші органдарға.

Облыс әкімінің құрылыс, көлік және
автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары
А.В. Федяев

Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзалаларды ескерту және жоюды ұйымдастыру, отын-энергетикалық кешен, энергетика және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.

Құрылыс, көліктің барлық түрі, жол, телекоммуникация мәселелері.

Төтенше жағдайларды ескерту және жою мәселелері.

Инженерлік коммуникация, тұрғын үй-коммуналдық сала, коммуналдық салада тарифтік саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау және су шаруашылығы іс-шараларын іске асыру, тұрғын үй және әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылым объектілерін жылыту маусымына дайындау, елді мекендерді абаттандыру мәселелері.

Қадағаланатын салалар бойынша Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министрдің Кеңсесімен, орталық атқарушы органдармен, Өңірлік даму министрлігімен, ұлттық компаниялармен, Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметімен, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл жасайды.

Мыналардың қызметін жалпы бақылайды:

облыс әкімі аппаратының инфрақұрылымдық даму бөлімінің;

құрылыс басқармасының;

сәулет және қала құрылысы басқармасының;

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының;

энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының;

мемлекеттік сәулет-бақылау және лицензиялау басқармасының;

жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының;

Қадағаланатын салалар бойынша мыналарды бақылайды:

Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі, Үкімет, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуын;

мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Облыс аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуын;

республикалық деңгейде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментімен;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментімен;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен;

Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметімен;

«Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы департаментімен;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы департаментімен;

Ресей Федерациясы ҚЖМ Оңтүстік Орал темір жолы ФМУК «Петропавл бөлімшесі» ЕК-мен;

«Қазақтелеком» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясымен;

«Қазпошта» АҚ облыстық филиалымен;

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен;

«Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ-мен;

«№ 1 Петропавл автобус паркі» ЖШС-мен;

«Троллейбус паркі» ЖШС-мен;

«Қызылжар су» ЖШС-мен;

«Солтүстік Қазақстан тарату электр желісі компаниясы» АҚ-мен;

«Солтқазэнерго» АҚ-мен;

«Горгаз-Сервис» ЖШС-мен;

«Солтсушар» РМК-мен;

«Есіл су» РМК-мен.

Мына комиссияларға басшылық етеді:

тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруды бақылау жөніндегі;

көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі;

қадағалайтын салалар бойынша өзге де консультативтік-кеңесші органдарға.

Облыс әкімінің индустрияландыру және
инновациялар мәселелері жөніндегі орынбасары
Р.Б.Ахметов

Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің өнеркәсіпті, жер қойнауын пайдалануды, инвестицияны, инновацияны, жергілікті қамтуды, техникалық реттеуді, кәсіпкерлікті, сауданы, туризмді дамыту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері (жобаларды іске асыру барысына мониторинг жасау, объектілерді уақытында пайдалануға беруді және жобалық қуатқа шығаруды қамтамасыз ету, Индустрияландыру картасына және Кәсіпкерлерді қолдау картасына енгізу үшін жобаларды іздестіру және іріктеу).

Әлеуметтік-саяси жағдайларды зерделеу және болжамдау, әлеуметтік қайшылықты ескерту және алып тастау тетіктерін қалыптастыру.

Көші-қон үдерісін және шетелдік азаматтардың облысқа келуін бақылау мәселелері.

Өндірістік аумақтық ұйымдастыру, өңір кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін арттыру, жаңғырту, өндірістің энергиялық тиімділігін арттыру және технологиялар трансферті ескерілген индустриялық-инновациялық даму мәселелері.

Өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысына мониторинг жасау, олардың қызметінің тиімділігін талдау және өндіріс өсімінің қолда бар резервін және өңірдің экспорттық әлеуетін анықтау. Өңіраралық кооперацияны дамыту.

Индустриялық-инновациялық саладағы халықаралық және шекара маңы ынтымақтастығы, жобаларды іске асыруға, соның ішінде өңірдің шикізат ресурсын тиімді игеру және оларды тереңдетіп қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құру мақсатында инвесторларды тарту мәселелері.

Ұлттық компаниялар мен жүйе құрушы кәсіпорындардың сатып алу көлемінде отандық тауар өндірушілердің өнімін (қазақстандық қамту) ұлғайту мәселелері.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттігін арттыру және олардың өнімін сыртқы нарыққа жылжыту мәселелері.

Қолданыстағы заңнама шеңберінде жер учаскелерін бөлу, жер қойнауын пайдалануға құқық беру, инфрақұрылыммен, қажетті қаражатпен қамтамасыз ету, техникалық және консультативтік көмек көрсету мәселерін шешуді қоса, жобаларды іске асыруға жағдай жасау, сондай-ақ инновациялар мен озық технологияларды енгізу, өнім мен қызметтің жаңа түрлерінің инновациялық әзірлемелерін шапшаңдатып игеруге жағдай жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мәселелері.

Кәсіпкерлікті дамыту, бизнес қауымдастықтың мемлекеттік органдармен өзара әрекет етуі, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру мәселелері.

Өңірде туризмді дамыту мәселелері (туризм инфрақұрылымын дамыту, туристік салаға инвестиция тарту, соның ішінде шетелдік инвестиция).

Облыс халқын басты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері.

Лицензиялау, стандарттау және сертификаттау мәселелері.

Мыналардың қызметін жалпы бақылайды:

облыс әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің;

индустриялық-инновациялық даму басқармасының;

кәсіпкерлік және туризм басқармасының;

Қадағаланатын салалар бойынша мыналарды бақылайды:

Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі, Үкімет, Премьер-Министр Кеңсесі, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуын;

мемлекеттік бағдарламалардың, облыс аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуын;

республикалық деңгейде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың көрсеткіштерін;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын.

Қадағаланатын салалар бойынша мыналармен өзара іс-қимыл жасайды:

Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министрдің Кеңсесімен, Инвестиция және даму, Ұлттық экономика, Сыртқы істер министрліктерімен, өзге де орталық мемлекеттік органдармен;

Қазақстан Республикасының шетелдегі және шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы елшіліктері және сауда өкілдіктерімен;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ-мен және «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Қазатомөнеркәсібі» АҚ, «Қазтелеком» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Самұрық Энерго» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС еншілес ұйымдарымен;

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазына капитал менеджмент» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазэкспорткепіл» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС еншілес ұйымдарымен;

өзге де ұлттық холдингтермен, даму институттарымен, ұлттық компаниялармен.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

Ұлттық банктің Солтүстік Қазақстан филиалымен, екінші деңгейдегі банк филиалдарымен, кредиттік серіктестіктермен және басқа да қаржылық ұйымдармен;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен;

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен;

Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаментімен;

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Интеллектуалдық меншік ұлттық институты» РМК филиалымен;

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалымен;

«Мұнай-газ жабдығының конструкторлық бюросы» ЖШС-мен;

«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамымен;

«Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік-жеке меншік әріптестік өңірлік орталығы» ЖШС-мен;

инвесторлармен;

өнеркәсіптік кәсіпорындармен, соның ішінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқаруындағы - «ПЗТМ» АҚ-мен, «ЗИКСТО» АҚ-мен, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-мен, «Мұнаймаш» АҚ-мен;

кәсіпкерлік субъектілерімен.

Мына комиссияларға және үйлестіру кеңестеріне басшылық етеді:

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жалпы таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі;

жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі;

жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі;

Кеден Одағының техникалық регламенттері жобаларын әзірлеу және бейімдеу жөніндегі;

қылмыстық жаза және басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі;

кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі;

облыстық азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі;

туризмді дамыту жөніндегі.

Қадағалайтын салалар бойынша өзге де консультативтік-кеңесші органдарға қатысады.

Облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары
А.Қ. Дүйсенова

Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің әлеуметтік саланы, білімді, ғылымды, облыстың жоғары және орта арнайы оқу орындарының, кәсіптік мектептерінің, денсаулық сақтау, демография, мәдениет, өнер, тілдер, дене шынықтыру және спорт саласының, жастар саясаты, ықпалдастық бірлестіктермен өзара қарым-қатынастар, дін мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.

Нашақорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері.

Саяси париялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастар ұйымдарымен, діни конфессиялармен, шығармашылық одақтармен, этномәдени орталықтармен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, ардагерлер және кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Геральдика, мемлекеттік нышандар, ономастика мәселелерін үйлестіреді.

Қадағаланатын салалар бойынша Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен, орталық атқарушы органдармен, Өңірлік даму министрлігімен, ұлттық компаниялармен, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл жасайды.

Мыналардың қызметін жалпы бақылайды:

облыс әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің;

білім басқармасының;

денсаулық сақтау басқармасының;

ішкі саясат басқармасының (жедел басқару);

мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының;

тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың;

дін істері басқармасының;

дене шынықтыру және спорт басқармасының;

«Қарасай-Ағынтай мемориалдық кешені» МКК-нің.

Қадағаланатын салалар бойынша мыналарды бақылайды:

Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі, Үкімет, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуын;

мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Облыс аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуын;

республикалық деңгейде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың көрсеткіштерін;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызмет комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментімен;

Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке төлем жасау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен;

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен;

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен;

«Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-мен;

«Қазтелерадио» филиалы радиотеле хабар тарату облыстық дирекциясымен;

Мына комиссияларға, үйлестіру кеңестеріне басшылық етеді:

адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi;

жастар саясаты мәселесі жөніндегі;

конфессияаралық және этносаралық келісім мәселелері жөніндегі;

отбасы және отбасы-демографиялық саясат істері жөніндегі;

ономастика комиссиясына;

кәмелетке толмағандар істері жөніндегі;

нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі штабқа;

халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесіне;

эвакуациялау комиссиясына;

қадағаланатын салалар бойынша өзге де консультативтік-кеңесші органдарға қатысуға.

Облыс әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі
жөніндегі орынбасары
А.Ж. Сақыпкереев

Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, экономикалық жоспарлау және бюджет пен бюджетаралық қатынастарды дамыту, демографияны, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау, көші-қон, еңбекті дамыту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.

Қадағаланатын салалар бойынша Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен, орталық атқарушы органдармен, Өңірлік даму министрлігімен, ұлттық компаниялармен, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл жасайды.

Мыналардың қызметін жалпы бақылайды:

облыс әкімі аппаратының экономикалық даму бөлімінің;

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының;

мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының;

экономика басқармасының.

Қадағаланатын салалар бойынша мыналарды бақылайды:

Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі, Үкімет, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуын;

мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Облыс аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуын;

республикалық деңгейде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың көрсеткіштерін;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен;

Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы -«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КАҚ филиалының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен;

БҰЗҚ;

кәсіподақтармен.

Мына комиссияларға, үйлестіру кеңестеріне басшылық етеді:

мүгедектер істері жөніндегі (үйлестіру кеңесі);

халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі;

шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі;

әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияға.

Қадағаланатын салалар бойынша өзге де консультативтік-кеңесші органдарға қатысуға.

Облыс әкімі аппаратының басшысы
М.Д. Қожахмет

Облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау, оларға қол қойылғаннан кейін орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдарды ақпараттандыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволардың қызметін үйлестіру.

Әкімнің кадр саясатын іске асыру жөніндегі, облыс әкімдігінің және әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі аппарат жұмысын ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастыру мәселелері бойынша мыналармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді:

құқық қорғау органдарымен;

облыстың атқарушы органдары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен;

мыналардың аппараттарымен:

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің;

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының;

Орталық сайлау комиссиясының;

облыстық мәслихаттың;

аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің.

Облыс әкімдігінің, облыс әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың өңірлік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.

Облыс әкімдігі жұмысының, аппарат, кадр жұмысы регламентін сақтау, әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін оқыту, марапаттау ісін дайындау, мемлекеттік құпияларды қорғау, жергілікті атқарушы органдарды ақпараттандыру, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, ресми тұлғалар мен делегациялардың сапары мен қабылдауын ұйымдастыру, электрондық үкімет бағдарламаларын іске асыру мәселелері.

Мыналардың қызметін жалпы бақылайды:

ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің;

персоналды басқару қызметінің;

жалпы бөлімнің;

бухгалтерлік есеп бөлімінің;

ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет бөлімінің;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» КМҚК-нің.

Қадағаланатын салалар бойынша мыналарды бақылайды:

мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Облыс аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуын;

республикалық деңгейде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың көрсеткіштерін.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментпен және облыстық Әдеп бойынша кеңесімен;

Ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан бойынша департаментімен;

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті Солтүстік Қазақстан облысыны&#118#1187; сот актілерін орындау департаментімен;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Петропавл отрядымен;

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп беру жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп беру жөніндегі басқармасымен;

облыстық сайлау комиссиясымен;

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпараттандыру министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясымен;

Халыққа қызмет көрсету орталығымен;

Солтүстік Қазақстан облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен (СҚО АТО) «ҰАТ» АҚ.

Мына комиссияларға басшылық етеді:

тәртіптік;

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бос қызмет орнына конкурстық іріктеу жөніндегі;

облыс әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті күзетуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі;

мемлекеттік қызмет өтілін айқындау жөніндегі;

қадағалайтын салалар бойынша өзге де консультативтік-кеңесші органдарға.

Мақаланың шыққан күні: 22.06.2016 12:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.05.2017 14:43
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Облыс әкiмiне өтiнiштердi қарау
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы