A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Облыс әкімдігінің регламенті
  1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 394 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 324 қаулысы (ZIP 5 Kb)
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 394 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 151 қаулысы (ZIP 5 Kb)

Облыс әкімдігінің
2010 жылғы 22 маусымдағы
№ 151 қаулысына қосымша

 

Облыс әкімдігінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 394 қаулысымен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің регламенті

1. Жалпы ережелер

1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің осы Регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президенті актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды іске асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына және басқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2. Регламент мына тәртіптерді реттейді:

1) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің (бұдан әрі - әкімдік) қызметі;

2) әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу;

3) әкімдік және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің(бұдан әрі – облыс әкімі) актілері жобаларын дайындау және ресімдеу;

4) заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау және тексеру ұйымдастыру.

3. Регламент мақсаты мыналар болып табылады:

1) әкімдік қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдері жобаларын сапалы дайындауды қамтамасыз ету;

2) барлық жергілікті атқарушы органдардың және облыстың лауазымды тұлғаларының үйлесімді әрекеттерін қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс әкімдігінің, әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың өзара байланысты жауапкершілігін белгілеу.

4. Әкімдік Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне енеді, Солтүстік Қазақстан облысының даму мүддесі мен сұраныстарын астастыра отырып, жалпы мемлекеттік атқарушы билік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.

5. Әкімдікті облыс әкімі басқарады. Әкімдік құрамын, облыс әкімі облыс әкімінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі-атқарушы органдар) бірінші басшыларынан қалыптастырады.

Әкімдік мүшелерінің саны облыс әкімімен айқындалады.

Әкімдіктің дербес құрамы облыс әкімінің ұсынымы бойынша облыстық мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.

6. Әкімдіктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.

7. Облыс әкімінің аппараты (бұдан әрі – аппарат) әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдауды, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асырады.

8. Әкімдіктің іс қағаздарын жүргізу және әкімдікке түсетін хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленетін және облыс әкімі (бұдан әрі – әкім) бекітетін тәртіппен іске асырылады. Кіріс хат-хабарларды қабылдау және шығыс хат-хабарларды жөнелту электрондық құжат айналымы жүйесі, сондай-ақ өзге де тәсілдер арқылы іске асырылады.

9. Белгіленген үлгідегі бланкілер тек мемлекеттік тілдегі хат-хабарларды ресімдеген кезде ғана қолданылады. Қажет болған жағдайда ақпараттың орыс тіліндегі нұсқасы бланкілерді қолданусыз қоса беріледі.

2. Жұмысты жоспарлау

10. Әкім орынбасарлары мен аппарат басшысы әкімдікке және әкімнің қарастыруына енгізілген осы Регламентпен белгіленген нормативтік құқықтық актілер жобалары өту тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

11. Әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелердің жыл сайынғы тізбесін әкімдік мүшелері және аппараттың құрылымдық бөлімшелер басшылары, жергілікті атқарушы органдар ұсыныстары бойынша ұйымдастыру-инспекторлық бөлім жасайды. Тізбе облыс әкімі орынбасарымен, облыс әкімі аппаратының басшысымен, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-инспекторлық бөлім меңгерушісімен, мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісімен келісіліп, 10 желтоқсанға дейін облыс әкімімен бекітіледі.

12. Бекітілген тізбе әкімдік мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, атқарушы органдар басшыларына, аудандар (қалалар) әкімдеріне және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады.

13. Әкім тиісті атқарушы органның бірінші басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негізінде жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа да мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

3. Әкімдік мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі

14. Әкімдіктің отырыстарына дайындықты және өткізуді облыс әкімі аппаратының ұйымдық-инспекторлық бөлімімен және жалпы бөліммен іске асырылады;

15. Әкімдік мәжілістері айына бір реттен кем өткізілмейді және оны облыс әкімі шақырады. Қажет болған жағдайда облыс әкімі әкімдіктің шұғыл отырысын шақырады.

16. Әкімдіктің мәжілістерінде әкім, ал ол болмаған жағдайда, әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.

17. Әкімдіктің мәжілістері, әдетте, ашық болып табылады және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.

Қажетті болған жағдайда, жекелеген мәселелер әкімдіктің жабық мәжілістерінде қаралуы мүмкін, сондай-ақ әкімдіктің көшпелі отырыстары өткізілуі ықтимал.

18. Әкімдік мәжілісі, егер оған әкімдік мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды саналады.

19. Әкімдік отырысында мәселені қараудың нәтижелері бойынша қаулы қабылданады.

Қаулы әкімдіктің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

20. Әкімдік отырыстарына облыс әкімімен келісілген тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, аудандардың, қалалардың әкімдері, сондай-ақ орталық мемлекеттік атқарушы органдары аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге лауазымды тұлғалар кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.

21. Аппараттың және атқарушы органдардың әкімдік отырыстарында қаралуға тиісті мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып іске асырылады:

1)қолы осы органның ресми орнын растайтын, құжатты енгізетін органның бірінші басшысы, болмаса оны алмастыратын тұлға (бұдан әрі – бірінші басшы) әкімдік мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына алдын ала бұрыштама қояды;

2) әдетте, қаулы жобасы мен анықтама мәтіні 5 парақтан аспауы тиіс;

3) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша жоба және анықтама тақырыптары бірдей болуы тиіс;

4) әкімдік мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған жағдайда, қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;

5) талқыланатын мәселелер бойынша әкімдік мәжілісіне шақырылғандардың тізімін айқындауды және нақтылауды қаулы жобасын әзірлеушілер іске асырады.

22. Облыс әкімі аппаратының басшысы әр айдың бесі күніне дейінгі мерзімде жалпы бөлім ұсынған облыс әкімдігі мәжілісінің күн тәртібін облыс әкіміне бекітуге ұсынады. Әкімдік мәжілісінің күн тәртібін облыс әкімі бекіткеннен кейін жалпы бөлім ай сайын онына дейінгі мерзімде жалпы бөлім меңгерушісі бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес күн тәртібін әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға таратуды қамтамасыз етеді.

Облыс әкімдігінің кезектен тыс мәжілісін өткізу кезінде жалпы бөлім облыс әкімі бекіткен күн тәртібін мәжіліске үш күн қалғанда жалпы бөлім меңгерушісі бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға таратуды қамтамасыз етеді.

Тиісті органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда, аппарат басшысы бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын тұлғаға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

Шұғыл түрде әкімдік мәжілісін өткізген кезде қаралатын мәселелер жөніндегі материалдар аппаратқа ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін, болмаса үштен екі бөлігі қағидатын сақтай отырып, әкімдік мүшелеріне сауалдама жүргізу жолымен қабылданады.

23. Әкімдік мәжілісіне қатысатын лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы және мән-жайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер (қажет болған жағдайда – олардың сөйлеген сөздерінің, ескертулерінің негізгі мазмұны) және әкімдік мүшелері қабылдаған қаулы көрсетілетін хаттама жүргізіледі. Мәжілістерде қарастырылатын мәселелерді талқылау электронды ақпарат тасымалдаушыларға жазылады.

Жалпы бөлім әкімдіктің мәжілісі аяқталған күннен бастап бес күн мерзімде хаттаманы ресімдейді, оған аппарат басшысы, әкімдікте мәселелерді қарау құзыретіне енетін облыс әкімінің орынбасары бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.

Әкімдік мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбелік жылға реттік нөмірлер беріледі. Қаулыларда көрсетілген және облыс әкімдігі мәжілісінің барысында берілген тапсырмалар тікелей орындаушыларға, басқа да мүдделі органдар мен лауазымды тұлғаларға жіберіледі. Таратудың тізбесін жалпы бөлім меңгерушісі бекітеді.

Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары жалпы бөлімнің шешім шығару жөніндегі секторында сақталады.

Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.

4. Облыс әкімдігінің және әкімнің актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі, шығарылған актілер мониторингі

24. Тиісті қаулы қабылдау үшін әкімдік атына жіберілетін ұсыныстар атқарушы органдармен мына мәселелер бойынша енгізіледі:

1) әкімдік құзыретіне енетін;

2) жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелері қызметін үйлестіруді талап ететін;

25. Аппарат және жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 719 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу және келісудің кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 16 тамыздағы №773 қаулысына, осы Регламентке сәйкес әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі – жобалар) дайындауды іске асырады.

Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Жобаның келісу парағында «ескертулермен» деген белгі болған жағдайда, бірінші басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған келіспеушіліктер туралы қажетті түсіндірмелермен анықтама қосылады.

Жазбаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, қаралып отырған мәселелердің мән-жайы құзыретіне кіретін әкімнің орынбасары, аппарат басшысы болмаса оның орынбасарларымен кеңес шақырылуы мүмкін.

Келіспеушіліктер жойылған жағдайда сәйкес орган белгіленген мерзімде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, ақтық шешім қабылдау үшін облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы ол туралы облыс әкіміне болмаса, оның алмастыратын тұлғаға хабарлайды.

26. Жобалардың уақытылы, сапалы әзірленуіне және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің бірегейлігіне оны әзірлеуді іске асырушы органның бірінші басшысы дербес жауапкершілік тартады.

27. Жобалар міндетті түрде мыналармен келісіледі:

1) құзыретіне орай мүдделі атқарушы органдармен қаралатын мәселелердің мән-жайын ескере отырып, атқарушы органдармен;

2) облыстық бюджетті қаржыландыру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджеттік бағдарламаны іске асыру, тауарларды, жұмысты және қызметті, коммуналдық меншікті мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша – облыстық қаржы басқармасымен:

3) бюджеттік жоспарлау, экономикалық мақсаттылығы және ел мен өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына және бағдарламасына сәйкестігі, қаржыландыру жобасының қамтамасыз етілу мәселелері бойынша – облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен;

4) нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында тіркеген жағдайда жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде бірегейлігі мәселесі бойынша – тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен.

28. Жобаны әзірлеуші жобаның барлық мүдделі атқарушы органдармен келісілуін ұйымдастырады.

Бұл ретте атқарушы органдарда келісу мерзімі бір мезгілде есептеледі және жобалардың түскен және тіркелген сәтінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Әкім және аппарат басшысы келісудің өзге мерзімдерін белгілей алады.

Әкімнің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдар басшылары немесе кеңестегі (мәжілістегі) олардың орынбасарлары жобаға бұрыштама қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген лауазымды тұлғалар жобаға өздерінің бұрыштама қойғандығы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды.

Жобаны келісуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеулермен келісуден бас тартуға тиіс емес.

29. Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелері бойынша әзірлеушіге бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуы тиіс:

1) жоба ескертулерсіз келісілген (жоба бұрыштамасы бар);

2) жоба ескертулермен келісілген (жобадағы қоса берілуге тиіс ескертулермен бұрыштама);

3) жобаны келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).

30. Келісудің мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші жобаның түпкілікті нұсқасына мүдделі органдардың барлық ұсыныстарын жинақтайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте түпкілікті нұсқаны дайындау үдерісінде әзірлеуші өзі келіскен, атқарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде жояды.

Қажет болған жағдайда, әкімнің, әкім орынбасарларының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.

31. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, әлеуметтік экономикалық салдарын, ол қабылдаған жағдайда, оны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржылық шығыстар негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімдіктің және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға қоса береді.

Мемлекеттік органның басшысы–жобаны әзірлеуші екі парақтан аса көлемдегі жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына алдын ала қол қоюы тиіс.

32. Жобаны әзірлеуші жобада бұрын бір мезгілде қабылданған актілерді қабылданатын актілерге сәйкес келтіру бойынша норма көздейді және нақты орындалу мерзімімен тапсырмалар тұжырымдайды.

33. Әзірленген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірге) жоба бойынша сараптама жүргізу және қорытынды дайындау үшін (бұдан әрі – тексеріс) аппаратқа енгізіледі.

Аппараттың жалпы бөлімінде тіркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған жағдайда, аппарат жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға хақылы.

Жоба тіркелгеннен кейін оның мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бірегейлігі аппарат жалпы бөлімінің шешімдер шығару жөніндегі секторында тексеріледі және құрылымдық бөлімшелерде тексерістен өтеді. Жобаға тексеріс жүргізу мерзімі 3 жұмыс күннен аспауы тиіс.

34. Аппарат оның мәтіндерінің сәйкестігін тексеру, тексеріс жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны төмендегі негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға хақылы:

1) жобаның мемлекеттік және орыс тілдерінде мәтіндерінің біргейлігінің болмауы;

2) оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкеспейтіндігі;

3) осы Регламенттің талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.

Басқа желеулер бойынша теріс қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.

35. Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес іске асырылады. Оларда мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, әкімнің орынбасарлары қажет болған кезде нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырады.

Жоба әкім орынбасарларының келісуін өткеннен кейін облыс әкімі аппараты басшысымен келісіледі.

36. Облыс әкімі әкімдік қаулыларына, әкім шешімдері мен өкімдеріне қол қояды. Оларға қол қойғаннан кейін көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларына түзетулер енгізуге жол берілмейді.

36-1. Облыс әкімі қол қойған облыс әкімдігінің қаулысы, әкімнің шешімі мен өкімдері оларды есепке алуды және тіркеуді іске асыратын жалпы бөлімге түседі.

36-2. Қол қойылған әкімдік қаулыларына, облыс әкімнің шешімдері мен өкімдеріне мыналардан тұратын тіркеу номерлері беріледі:

1) қаулылар мен шешімдер үшін – күнтізбелік жылдың басынан реттік номер, өкімдер үшін – сызықша арқылы «ө» әрпі көрсетіле отырып, күнтізбелік жылдың басынан реттік номер;

2) құпия немесе өте құпия мәліметтері бар қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін – сызықша арқылы құпия үшін «қ» әрпін және өте құпия қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін «өқ» әріптерін, құпия мәліметтері бар қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін реттік номер қоя отырып, құпия емес қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін реттік номер.

37. Жалпы бөлім меңгерушісі бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес аппараттың жалпы бөлімі әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің расталған көшірмелерін таратады.

Әділет органдарында тіркелуге жататын әкімдіктің және облыс әкімінің актілері тіркелгеннен кейін алушыларға жөнелтіледі.

Әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары жалпы бөлімнің шешімдер шығару жөніндегі секторында сақталады.

Құжаттардың уақытылы шығарылуына және алушыларға жөнелтілулеріне жалпы бөлім жауапкершілік тартады.

38. Техникалық қателер табылған жағдайда, әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылуы тиіс.

39. Әкімдікпен және әкіммен қабылданған актілердің бақылау даналарын есептеу, жүйелеу және жүргізу, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу жалпы бөлімнің шешімдер шығару жөніндегі секторымен іске асырылады.

40. Әкімдіктің және облыс әкімінің жалпы міндетті мәні бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттеріне қатысты барлық актілері әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуге және ресми жариялау құқығын алуға конкурста жеңімпаз болған газеттерінде міндетті жариялануға жатады.

Актілерді мемлекеттік тіркеуге таңдау және оларды(ZIP) мұрағаттық нысанын сақтаумен электронды пошта арқылы баспалық және электрондық түрде әділет органдарына жіберуді заңнамалық белгіленген тәртіпте аппараттың мемлекеттік-құқықтық бөлімі іске асырады.

Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген актілерді жариялауға жіберуді аппараттың мемлекеттік-құқықтық бөлімі заңнамада белгіленген тәртіпте іске асырады. Нормативтік құқытық актілерді ресми жариялау кезінде мемлекеттік тіркеу номері мен датасын көрсету міндетті болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілер күшін жойды деп танылған жағдайларда мемлекеттік-құқықтық бөліммен бір апталық мерзімде әділет департаментіне және актіні растайтын көшірмесінің қосымшасымен жариялау үшін ресми баспалық баспасөздерге хабарланады.

41. Нормативтік құқықтық актілердің мониторинг жүргізілуінің толықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-құқықтық бөлім тоқсан сайын әділет органдарына ай сайын, 10 күніне, есепті кезеңнен кейінгі, болмаса, қажет болған жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте басқа мерзімде әкімдік қаулылары мен әкім шешімдерінің тізбесін ұсынады.

42. Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкімдік және әкім қабылдаған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі тұлғаларға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртіппен жалпы бөлім іске асырады.

5. Заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдік пен облыс әкімі актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау және тексеріс ұйымдастыру тәртібі

43. Заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, әкімдіктің және облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілерінің орындалуын ұйымдастыру заңнамамен көзделген тәртіпте іске асырылады.

44. Заңнамалық актілер, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің, әкімнің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмалары және өз құзыреттері шегінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.

45. Заңнамалық актілер, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жауапкершілік, осылар орындауға жіберілген, атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

46. Әкімдіктің және облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмалар, белгіленген атқарылу мерзімін ескере отырып, төмендегі бақылау түрлеріне қойылады:

1) шұғыл – «аса шұғыл» белгісі барлары – үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жылдамдатылсын» - бес жұмыс күніне дейін;

2) қысқа мерзімді – он жұмыс күнінен бір айға дейін;

3) ортамерзімдік – бірден алты айға дейін;

4) ұзақ мерзімді – алты айдан астам.

Мерзімдері белгіленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнінен есептелетін орындаудың бірайлық мерзімі белгіленеді.

Атына тапсырма берілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өкілдері отырысқа қатысқан, тапсырманы орындауға мәжілістен кейін дереу, отырыс хаттамасы немесе облыс әкімі қол қойған тапсырмасын күтпестен кірісуге міндетті.

47. Бірнеше атқарушыға берілген тапсырмаларды орындауды, тапсырмада бірінші тұрған немесе оның қасында «(шақыру)» деген белгі тұрған лауазымды тұлға үйлестіреді.

48. Егер, тапсырманың белгіленген мерзімінде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (болмаса оның міндетін атқарушы тұлға) дер уақытында, алайда белгіленген мерзіміне дейін үш күннен кешіктірмей кідірудің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оны орындау мерзімін ұзарту туралы осы тапсырманы берген лауазымды тұлғаға жазбаша хабарлауы тиіс.

49. Әкімдіктің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімін ұзарту, соның ішінде оларды ортамерзімдік және ұзақмерзімдік бақылауға ауыстыруға облыс әкімінің немесе аппарат басшысының шешімі бойынша бер реттен асырмай жол берілмейді.

50. Әкімдіктің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімін екінші қайтара ұзартуға, облыс әкімінің немесе аппарат басшысының шешімімен айырықша жағдайларда, жергілікті атқарушы орган басшыларының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарай отырып, жол беріледі.

Аппаратқа әкімдіктің, облыс әкімінің оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімін ұзарту туралы екі реттен артық ұсыныс енгізілген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар басшыларын тәртіптік жазалау туралы мәселе қаралады.

51. Актілер мен тапсырмалар тармақтарын бақылаудан алу үшін мыналар негіз болып табылады:

1) толық және сапалы орындалуы;

2) туындаған объективті жағдайға қарай атқарудың мүмкін болмауы.

52. Аппаратпен, облыс әкімі айқындаған тәртіппен заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті қамтамасыз ету.

53. Аппараттың бақылау және ақпарат секторы облыс әкімін Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және облыс әкімінің заңнамалық актілерінің орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар ете отырып, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

54. Облыс әкімінің орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмаларын орындауға бақылауды сәйкесінше облыс әкімі орынбасарларының және аппарат басшысы орынбасарының бас мамандары, ұйымдық-инспекторлық бөлімнің меңгерушісі тапсырманы орындау құзыретіне енетін басқармалармен бірлесіп іске асырады.

Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы заңнамалық актілерді, Республика Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібінің өрескел бұзылу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.

Мақаланың шыққан күні: 22.06.2016 14:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.03.2017 10:31
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы