A- A A+
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері

2018 жылға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

«Мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 18-бабы 2-тармағына, «Iшкi мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау жүргiзу қағидаларын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысымен бекiтiлген Iшкi мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау жүргiзу қағидаларының 22-тармағына сәйкес:

  1. Қоса берiлiп отырған 2018 жылға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
  2. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы — iшкi аудит қызметiнiң меңгерушiсi М.Ә. Сүлейменоваға жүктелсiн.

Қ. Ақсақалов

2018 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (ZIP 14 Kb)

2017 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (ZIP 15 Kb)

2017 жыл қорытындысы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының iшкi аудит қызметi өткiзген мемлекеттiк аудит нәтижесi туралы есеп

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының iшкi аудит қызметi 2016 жылғы 13 маусымда құрылды, штат саны 4 бiрлiк, 100% жинақталған.

2017 жылы IАҚ 12 мемлекеттiк аудит объектiсiне аудиторлық iс-шара жүргiздi, ол бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бөлiмшелерi мен ведомствоға бағынысты ұйымдары жалпы санының 1,5% құрайды. Аудиторлық тексерiс қорытындысы бойынша жалпы сомасы 34861,5 млн. теңге бұзушылық анықталды, оның iшiнде қалпына келтiруге және бюджетке қайтаруға жататын сома 8 млн. теңге.

Аудит нәтижесi бойынша тәртiптiк жауапкершiлiкке 28 бақылау объектiсiнiң лауазымды тұлғасы, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке жалпы сомасы 1,8 млн. теңге айыппұл салумен 9 лауазымды тұлға тартылды.

Аудит объектiлерi жiберетiн жүйелi бұзушылықтар мен кемшiлiктер мына бұзушылықтар болып табылады:

  • бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп берудi жүргiзу бойынша — 33141,3 млн. теңге;
  • мемлекеттiк сатып алулар туралы заңнаманы 21,2 млн. теңге сомаға бұзу, бағалық ұсыныс сұрау тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткiзген кезде орналастырылған ақпаратта бағалық ұсынысты ұсыну мерзiмiн дұрыс айқындамауды көрсетумен, тауарларды жеткiзу мерзiмiн қате көрсетумен, жеткiзушiнi олардың шарттық мiндеттемелердi орындамау себебi бойынша; мемсатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа шағымданбауымен көрiнген
  • бюджет қаражатын негiзсiз есептен шығару — 250,5 мың теңге;
  • еңбекақы төлеудегi бұзушылықтар — 1698,5 мың теңге;
  • iссапар шығындарын төлеудегi бұзушылықтар — 139,9 мың теңге;
  • белгiленген нормативтер үстiнен жүргiзiлген шығыстар — 4903,6 мың теңге;
  • негiзгi қаражатты есептен шығарғаннан кейiн метталлаломды өткiзуден алынған пайда сомасын кiрiске аудармаған — 375,6 мың теңге;
  • уақытында тауарларды жеткiзбегенi, жұмыстырды орындамағаны және қызметтердi көрсетпегенi үшiн тұрақсыздық төлеттiрiп алуды қамтамасыз етпегенiнен — 91,5 мың теңге;
  • оларды өткiзу туралы актi болмаған кезде көрсетiлген қызметке ақы төлеу — 499,2 мың теңге.

Аудит белгiлеген бұзушылықтардың негiзгi себебi мыналар болды бөлiмшелер басшыларының жұмысына қатаң бақылау мен тиiстi ұйымдастырудың болмауы, аудит объектiлерi дауазымды тұлғаларының бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi, кадрлар ағымы, iшкi бақылау жүйесiнiң олқылығы, қызметкерлердiң бюджеттiк заңнама, мемлекеттiк сатып алулар туралы заңнаманың және Қазақстан республикасының өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамауы.

Аудиторлық iс-шаралар нәтижелерi бойынша мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң басшыларына Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұзуды жою және болашақта жол бермеу жөнiндегi ұсыныстармен анықталған бұзушылықтарды жоюға шешiм жолданды.

Жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы iшкi бақылау қызметi жұмысын күшейтуге, қаржылық тәртiптi, соның iшiнде белгiленген лимиттер мен нормативтердi, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнаманы, министрлiктiң ведомство iшiлiк бұйрықтарын қатаң сақтауға және қызметтiк және өндiрiстiк қызметте олардың талаптарын қатаң сақтауға, жеткiзушiлердi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талап арызбен сотқа уақытында жүгiнуге қатысты тұрақты зерделеу қажеттiлiгi туралы ұсыныс берiлдi.

Объектiлер өз кезегiнде мына шараларды қабылдады: тиiстi бюджет кiрiсiне бюджетке қайтаруға жататын сомасы 8 млн. теңге қаражат аударылды, бюджетке әкiмшiлiк айппұлмен салынған соманың 1,2 млн. теңге сомасы төледi, тәртiптiк жауапкершiлiкке 28 лауазымды тұлға тартылды.

Аудиторлар объектiлерде iшкi аудит жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы заңнамаларын қолдану бойынша консультативтiк және практикалық көмек көрсететiнiн атап өткен жөн.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының iшкi аудит қызметi өткiзген 2017 жылғы 9 айға мемлекеттiк аудит нәтижесi туралы есеп

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының iшкi аудит қызметi (бұдан әрi — IАҚ) 4 бiрлiк штат санымен 2016 жылғы 13 маусымда құрылды, есеп беру күнiндегi нақты саны 5 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде 4 қызметкердiң мемлекеттiк аудит сертификаты бар.

Үстiмiздегi жылғы 9 айда IАҚ 9 аудит объектiсiнде аудиторлық iс-шара жүргiзiлдi, ол бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бөлiмшелерi мен ведомствоға қарасты ұйымдары жалпы санының 1,2% құрайды, олармен 46186 млн. теңге қамтылды, сонымен бiрге жалпы сомасы 34594 млн. теңге бұзушылық анықталды. Соның iшiнде қалпына келтiруге және бюджетке қайтаруға жататын жалпы сома, 6,7 млн. теңгенi құрайды, соның iшiнде қалпына келтiрiлдi — 0,4 млн. теңге, қайтарылды — 6,3 млн. теңге.

Аудиторлық iс-шаралар нәтижесi бойынша анықталған бұзушылықты жоюға 9 өкiм жолданды.

Жол берген бұзушылықтары үшiн жалпы сомасы 1,7 млн. теңге айыппұл салумен мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiкке — 21 лауазымды тұлғасы, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке — 8 лауазымды тұлғасы тартылды.

Аудит объектiлерiнде жол берiлген жүйелi бұзушылықтар мен кемшiлiктер мына бұзушылықтар болып табылады:

  • бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есеп құру жөнiнде — 33138 млн. теңге;
  • бюджет қаражатын тиiмсiз пайдалануда — 793,6 млн. теңге;
  • мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзуда 16,1 млн. теңге сомаға, сотқа жеткiзушiнi шарт мiндеттемелерiн орындамау себебi бойынша мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен жүгiнбеуден, орындау мерзiмi күнтiзбелiк он бес күннен төмен шарт жасаудан көрiнген;
  • активтердi тиiмсiз пайдаланған — 2,8 млн. теңге;
  • еңбек ақы төлеуде бұзушылық — 1,2 млн. теңге;
  • штаттан тыс бiрлiктердi ұстау жөнiндегi шығыстар — 1,8 млн. теңге;
  • мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы көлемiн тым арттыру — 2,8 млн. теңге;
  • басқа да негiзделмеген шығыстар — 0,6 млн. теңге.

Аудит белгiлеген бұзушылықтардың негiзгi себебi бөлiмше басшыларының жұмысына қажеттi бақылау және тиiстi ұйымдастырудың жоқтығы, аудит объектiлерi лауазымдық тұлғалары бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi, кадрлар ағымы, iшкi бақылаудың әлсiреуi, қызметкерлердiң бюджеттiк заңнама, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалары талаптарын сақтамауы болды.

Аудиторлық iс-шаралар нәтижесi бойынша мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң басшыларына бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға жол бермеу жөнiндегi ұсыныстармен анықталған бұзушылықтарды жоюға өкiмдер жолданды.

Жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы тұрақты зерделеу қажеттiлiгi туралы, қаржылық тәртiптi, соның iшiнде белгiленген нормативтер мен лимиттердi, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы заңнаманы, министрлiктiң ведомствоiшiлiк бұйрықтарын қатаң сақтауға, олардың талаптарын қызметтiк және өндiрiстiк қызметте қатаң сақтауға, сотқа жеткiзушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен уақытында жүгiнуге қатысты ұсыныстар берiлдi.

Объектiлер өз кезегiнде мына шараларды қабылдады: қалпына келтiрiлдi — 0,4 млн. теңге, тиiстi бюджет кiрiсiне бюджетке қайтаруға жататын сомасы 6,3 млн. теңге қаражат аударылды, бюджетке сомасы 0,6 млн. теңге салынған әкiмшiлiк айыппұл төлендi, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 17 лауазымды тұлға тартылды.

Мемлекеттiк бюджет қаражатын және активтердi пайдалану кезiнде қаржылық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу мақсатында мемлекеттiк аудиторлар iшкi мемлекеттiк аудит өткiзген кезде объектiлерде Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын қолдану жөнiнде консультативтiк және практикалық көмек жүргiзедi.

Iшкi аудит қызметi құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы М. Сүлейменова

2017 жылға арналған мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң тiзбесi

2017 жылға арналған мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң тiзбесi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментiнiң 2016 жылғы қызметiнiң қорытындылары

2015 жылғы 28 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтiн және мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдарының өкiлеттiгi мен қызметiн ұйымдастыруды айқындайтын «Мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау туралы» жаңа Заңы қолданысқа енгiзiлдi.

Осы Заңға сәйкес мемлекеттiк аудит мынадай типтерге бөлiнедi: қаржылық есептiлiк аудитi, тиiмдiлiк аудитi; сәйкестiк аудитi. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментiнiң (бұдан әрi — Департамент) құзыретiне қаржылық есептiлiгiнiң және сәйкестiктiң жыл сайын аудитiн жүргiзу жатады.

Департаментпен 2016 жылы 107 аудиторлық iс-шара жүргiзiлiп (қаржылық есептiлiгiнiң аудитi және сәйкестiктiң аудитi), мемлекеттiк аудиттiң 79 объектiсi қамтылды.

Жүргiзiлген аудиторлық iс-шаралармен жалпы 19,6 млрд. теңге сомада бюджеттiк қаражат қамтылып, жалпы 13,5 млрд. теңге сомада бұзушылық анықталды, оның iшiнде: мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама бұзушылығы 10,1 млрд. теңге сомада, қаржылық бұзушылықтар — 9,5 млрд. теңге.

Департаментпен анықталған заңнама бұзушылықтарының жалпы сомасынан 128,9 млн. теңге қайтарылуға және қалпына келтiруге жатады. Қолданылған шаралармен 61,3 млн. теңге қалпына келтiрiлдi және қайтарылды, осы бағытта жұмыс жалғастырылуда.

Аудиторлық iс-шаралар қорытындылары бойынша және Департаментпен жiберiлген бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдардың негiзiнде бұзушылықтар жiберген 114 лауазымды тұлға тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды.

Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Кодексiне сәйкес бюджеттiк заңнама, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептеме туралы заңнама бойынша жiберiлген бұзушылықтары үшiн Департаментпен жалпы 27,7 млн. теңге сомада айыппұл түрiнде 284 әкiмшiлiк жаза салынып, есеп мерзiмiнде оның 22,5 млн. теңгесi немесе 81% бюджет кiрiсiне өтелдi, қалдық бойынша — 5,2 млн. теңге өтеу мерзiмi келген жоқ, ал түскен бар материалдар мәжбүрлi өтеуге тапсырылды.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар Жоспарын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес қазынашылық органдарымен өткiзiлетiн бюджеттiк төлемдердiң бақылауын жүргiзу бойынша өзара iс-қимыл Қағидасы әзiрленген және бекiтiлген (комплаенс-тәуекелдер (комплаенс-бақылау). Осы Қағида ҚР ҚМ Iшкi мемлекеттiк аудит комитетiнiң және ҚР ҚМ Қазынашылық комитетiнiң тәуекел бағытына жататын және әрекет ету шараларын қолдануға тiркелегн азаматтық-құқықтық келiсiмдерi мен жүргзiлiген төлемдердi таңдау арқылы Қазақстан Республикасының заңнамаларының нормаларын бұзу белгiлерiн анықтау бойынша өзара iс-қимылдарын қарастырады.

2016 жылы Қазынашылық комитетiмен тiркелген азаматтық-құқықтық келiсiмдерi бойынша комплаенс-бақылауға 767 шарт түсiп, олар Департаментпен толық талданды және зерделендi, нәтижесiнде 215 шарт бойынша заңнама бұзушылықтары расталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша Департаментпен аудит объектiлерiне алдағы уақытта бұзушылықтарды жiбермеу жөнiнде тиiстi ұсынымдар берiлдi.

Мемлекеттiк сатып алулардың камералдық бақылауын енгiзу 2016 жылдың жаңа енгiзiлiмi болып табылады.

Камералдық бақылау ақпараттық жүйелер деректерiн, сондай-ақ мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң қызметi туралы басқа да мәлiметтердi талдау және салыстырып тексеру негiзiнде мемлекеттiк аудит объектiсi бармай жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау жүргiзудiң мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттiк аудит объектiсiне камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттiк аудит объектiлерiне әкiмшiлiк жүктеменi төмендету болып табылады.

Мемлекеттiк аудит объектiлерiне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшiн камералдық бақылау тек салдарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоюға болатын бұзушылықтар бойынша жүргiзiледi.

Камералдық бақылаудың әрекет жасау шаралары:

  • камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жоюды мiндеттi түрде орындау үшiн хабарлама жiберiледi. Хабарламаны орындауды объектiмен ол алынған күннен он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады;
  • мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң кодтары мен қазынашылық органдарда ашық шоттары бойынша, сондай-ақ мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң банк шоттары (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтатылады;
  • әкiмшiлiк өндiрiстiң қозғалуы (ҚР ӘҚБтК 462).

Департаментпен 2016 жылы камералдық бақылаумен жалпы 80,8 млрд. теңге сомада 8939 тәртiбi (лоттар) қамтылды. Камералдық бақылау қорытындылары бойынша 1703 мемлекеттiк сатып алулары бойынша қамтылған сомадан 14,7 млрд. теңге сомасына немесе 19% бұзушылықтар анықталды.

Камералдық бақылау қорытындылары бойынша Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою туралы 899 хабарлама жiберiлiп, оның 896-сы бойынша мемлекеттiк сатып алулар тәртiптерiнiң жойылуы немесе мемлекеттiк сатып алулар қорытындыларының күшi жойылуы немесе қайта қарастырылуы жолымен жойылды.

Үш хабарлама бойынша («Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ, «СҚО Ақжар ауданы Талшық селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «СҚО Аққайың ауданы Шағалалы селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ) шарттық мiндеттемелердiң орындалуына байланысты бұзушылық толық көлемде жойылған жоқ. Осыған байланысты Департаментпен Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» кодексiнiң 462 бабына сәйкес осы мекемелердiң басшылары әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Камералдық бақылаудың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жолымен хабарламалардың мерзiмiнде орындамағаны үшiн 667 жағдайында 150 астам лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» кодексiнiң 207 бабының ескертудiң 2 бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiктен босатылды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес 2016 жылы Департаменттiң барлық қызметкерлерi мемлекеттiк аудитор бiлiктiлiгiнiң берiлуi бойынша сертификациядан табысты өткендiктерiн атап айтқым келедi.

Қорытындылай келе, Департаментпен 2017 жылға Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында орналасқан барлық мемлекеттiк мекемелерiнде қаржылық есептеменiң аудитiн өткiзу жоспарланған.

Камералдық бақылау жүйесiнiң жетiлдiрiлуi жалғастырылуда. Мемлекеттiк сатып алудың порталында веб-портал арқылы бұзушылықтарды жоюға хабарламаларды құру және жiберу мүмкiндiгi тестiленуде. Веб-портал арқылы хабарламаны жiберу онлайн тәртiбiнде хабарламалардың барлық мәртебесiн қадағалауға мүмкiндiк бередi: жеткiзiлдi, таныстырылды, орындалуда, орындалды.

Сонымен қатар, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы объектiге шықпай дистанциялық аудиттi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн электрондық мемлекеттiк аудит жүйесiн енгiзу жоспарлануда.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментiмен 2016 жылы өткiзiлген мемлекеттiк аудит қорытындылары жөнiнде ақпарат

2016 жылы Департаментпен 72 аудиторлық iс-шара жүргiзiлiп, жалпы 10 839,2 млн. теңге сомада бұзушылық анықталды, оның iшiнде: мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама бұзушылығы 7553,2 млн. теңге сомада, ағымдағы шығындар — 2 622,7 млн. теңге, трансферттердi және бюджеттiк субсидияларды ұсыну бойынша бұзушылық — 450,1 млн. теңге, бухгалтерлiк есептi енгiзу және қаржылық есептеменi құрастырудағы заңнама бұзушылығы — 213,2 млн. теңге.

Департаментпен анықталған заңнама бұзушылықтарының жалпы сомасынан 59,2 млн. теңге қайтарылуға және қалпына келтiруге жатады, қолданылған шаралармен 10,5 млн. теңге қалпына келтiрiлдi және қайтарылды.

Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Кодексiне сәйкес бюджеттiк заңнама, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептеме туралы заңнама бойынша жiберiлген бұзушылықтары үшiн Департаментпен жалпы 6,2 млн. теңге сомада айыппұл түрiнде 43 әкiмшiлiк жаза салынып, есеп мерзiмiнде оның 5,7 млн. теңгесi немесе 92% бюджет кiрiсiне өтелдi, қалдық бойынша — 0,5 млн. теңге өтеу мерзiмi келген жоқ, ал түскен бар материалдар мәжбүрлi өтеуге тапсырылды.

Өткен мерзiмде Департаментпен бұзушылықтарды жоюға жiберiлген ұйғарымдардың негiзiнде бақылау объектiлердiң 60 лауазымды тұлғасы тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды, жалпы 4 629,6 млн. теңге сомаға мемлекеттiк сатып алулардың 17-сiнiң қорытындылары күшiн жойды және қайта қарастырылды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 30 бабына сәйкес Департаментпен облыстың мемлекеттiк сатып алулардың камералдық бақылауы жүргiзiлуде.

Камералдық бақылауды әртүрлi ақпарат көздерiнен алынған мәлiметтердi салыстырып тексеру жолымен  мемлекеттiк аудит объектiсiне бармай тұрақты негiзде жүргiзедi.

Камералдық бақылау жүргiзудiң мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттiк аудит объектiсiне камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттiк аудит объектiлерiне әкiмшiлiк жүктеменi төмендету болып табылады.

Мемлекеттiк аудит объектiлерiне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшiн камералдық бақылау тек салдарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоюға болатын бұзушылықтар бойынша жүргiзiледi.

2016 жылдың өткен мерзiмiнде камералдық бақылаумен жалпы 72,9 млрд. теңге сомада тәртiбi (лоттар) қамтылып, оның 1668 тәртiбi 13,9 млрд. теңге сомада бұзушылықпен жүргiзiлген.

Камералдық бақылау қорытындылары бойынша Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою туралы 887 хабарлама жiберiлiп, оның 884-i орындалды, үш хабарлама бойынша шарттық мiндеттемелердiң орындалуына байланысты бұзушылық толық көлемде жойылған жоқ. Осыған байланысты Департаментпен Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» кодексiнiң 464 бабына сәйкес осы мекемелердiң басшылары әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Камералдық бақылаудың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жолымен хабарламалардың мерзiмiнде орындалуына байланысты 123 астам лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» кодексiнiң 207 бабының ескертудiң 2 бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiктен босатылды.

Мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттерiне мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы орналастырған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, Департаментке шағым жасалған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi шағымды қарау мерзiмi аяқталғанға дейiн он жұмыс күнi iшiнде тоқтатыла тұрады. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша Департаментпен мемлекеттiк сатып алу қорытындысының күшiн жою не күшiн жоюдан бас тарту туралы шешiм қабылданады.

Сонымен қатар, Департаментпен мерзiмiнде және қолданыстағы заңнама шеңберiнде заңды және жеке тұлғалардың 151 өтiнiшi қарастырылып, көбiнде өтiнiш берушiнiң дәлелдерi расталды. Өтiнiштердi қарау қорытындылары бойынша Департаментпен өкiлеттiгi аясында шаралар қолданылды.

Мемлекеттiк сатып алуларды өткiзуде бұзушылықтарды ескерту және алдын алу мақсатында Департаментпен тұрақты түрде камералдық бақылауды жүргiзу ерекшелiктерiн түсiндiру бойынша семинар-кеңестер жүргiзiлуде.

Мақаланың шыққан күні: 30.03.2017 17:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.03.2018 12:32
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Шілде 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы