A- A A+
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері

2019 жылға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

«Мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 18-бабы 2-тармағына, «Iшкi мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бектiлiгiн Iшкi мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау жүргiзу қағидаларының 15-тармағына сәйкес:

  1. Қоса берiлiп отырған 2019 жылға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
  2. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысын әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы — iшкi аудит қызметiнiң меңгерушiсi М.Ә.Сүлейменоваға жүктелсiн.

Қ. Ақсақалов

2019 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (ZIP 15 Kb)

2018 жыл қорытындысы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының iшкi аудит қызметi өткiзген мемлекеттiк аудит нәтижесi туралы талдау ақпараты

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының iшкi аудит қызметi 2016 жылдың 13 маусымы 4 штат бiрлiгiмен құрылды, есеп беру күнiне факт жүзiнде 4 бiрлiк, толықтырылу — 100%.

2018 жыл iшiнде IАҚ 14 аудит объектiсiнде аудиторлық iс-шара өткiздi, бұл 25618,7 млн. теңгенi қамтыған бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерiнiң бөлiмшелерi мен ведомствоға бағынысты ұйымдарының жалпы санының 1,5%, бұл ретте жалпы 1740,9 млн. теңгеге бұзушылық анықталды. Оның iшiнде қалпына келтiрiлетiн сома — 3,9 млн. теңге және бюджетке өтелетiнi — 13,7 млн. теңге.

Есептi кезеңде барлығы 3,9 млн. теңге қалпына келтiрiлiп, 13,7 млн. теңге бюджетке өтелдi.

Аудиторлық iс-шаралар нәтижесi бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға 14 шешiм жiберiлдi.

Аудит нәтижесi бойынша тәртiптiк жауапкершiлiкке бақылау объектiсiнiң 58 лауазымды адамы, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке жалпы сомасы 144,3 мың теңге болатын 5 материал бойынша айыппұл салумен — 1 лауазымды адам.

Аудит объектiлерiнде жол берiлген жүйелi түрдегi бұзушылықтар мен қателiктер мыналар:

  • облыстың медицина ұйымдарының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi растайтын құжаттар пакетi толық болмаса да, дәрi-дәрмек, медицина мақсатындағы бұйымдарды және медицина техникасын жеткiзушiлермен шартқа отыруы — 218,6 млн. теңге;
  • медицина қызметкерлерiне ақтық нәтиже индикаторына қол жеткiзу бағаланатын көтермелеу туралы ұсыным жоқ бола тұра, кешендi жан басына шаққандағы нормативтiң ынталандырушылық компонентiн төлеу — 159 млн. теңге;
  • бухгалтерлiк есеп пен қаржы есептiлiгiн жүргiзу бойынша — 6,4 млн. теңге;
  • 45,7 млн. теңге сомаға мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзу, жеткiзушiлердiң шарт мiндеттемелерiн орындамауы себептi оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеуден, мемлекеттiк сатып алу порталында конкурс өткiзу туралы хабарландыруды уақытында орналастырмаудан, мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi арасында жекелеген тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзбеуден, шартта жеткiзушiлерге тауарды жеткiзу мерзiмiн кемiнде күнтiзбелiк 15 күн деп қоюдан көрiнген;
  • мемлекеттiк тапсырыс сомасын асыра көрсету — 8,4 млн. теңге;
  • бюджет қаражатын негiзсiз есептен шығару — 1,1 млн. теңге;
  • еңбекке төлем жасаудағы бұзушылық — 0,9 млн. теңге;
  • iссапар шығынын төлеудегi бұзушылық — 0,3 млн. теңге;
  • үстеме белгiленген нормативке жұмсалған шығын — 3 млн. теңге.

Аудит белгiлеген бұзушылықтардың негiзгi себебi — бөлiмше басшыларының дұрыс бақыламауы және жұмысты дұрыс ұйымдастырмауы, аудит объектiсi лауазымды адамдарының бiлiктiлiктерiнiң жетiспеушiлiгi, кадрлардың тұрақтамаушылығы, iшкi бақылау жүйесiнiң әлсiреуi, қызметкерлердiң бюджет заңнамасының, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларының талаптарын орындамауы.

Аудиторлық iс-шара нәтижесi бойынша мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң басшыларына iлгерiде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермеу және оларды жою жөнiндегi ұсыныстарымен бiрге анықталған бұзушылықтарды жою туралы шешiм жолданды.

Жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында iшкi бақылау қызметiнiң жұмысын күшейтуге, қаржы тәртiбiн, соның iшiнде белгiленген лимиттер мен нормативтердi, бухгалтерлiк есеп және қаржы есептiлiгi туралы заңнаманы, министрлiктiң iшкi ведомстволық бұйрықтарын қатаң сақтауға, қызметтiк және өндiрiстiк қызметтегi олардың талабын қатаң сақтауға, жеткiзушiлердi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз жеткiзушiсi деп тану туралы талап арызбен сотқа уақытылы жүгiнуге қатысты Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын ұдайы зерделеу қажеттiгi туралы ұсыныс берiлдi.

Өз кезегiнде объектiлер мына шараларды қабылдады: тиiстi бюджет кiрiсiне бюджетке өтеуге жататын қаражатты аударды — 13,7 млн. теңге, қалпына келтiрiлгенi — 3,9 млн. теңге, салынған әкiмшiлiк айыппұл сомасы бюджетке төлендi — 0,1 млн. теңге, тәртiптiк жауапкершiлiкке 58 лауазымды адам тартылды.

Объектiлерде iшкi аудит өткiзу кезiнде аудиторлардың Қазақстан Республикасы заңнамасының нормасын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсететiнiн атап өткен жөн.

Мұрағат (ZIP 58 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 30.03.2017 17:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2019 14:01
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Наурыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы