A- A A+
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

Пошталық мекенжай: 150008 Петропавл қ. К.Сүтішев көшесі, 58 үй.

Байланыс телефондар: 46-41-13, 46-41-17, 46-40-55.

e-mail: petropavl_oti@minagri.gov.kz

Сенім телефоны: 46-40-55.

Басшылық

Инспекция басшысы — Ережеп Ертайұлы Жанатаев, телефон — 46-40-55.

Инспекция басшылығымен азаматтарды қабылдау күндері

Қабылдау жүргізетін тұлғаның аты-жөні Лауазымы Байланыс 
телефондары
Азаматтарды қабылдау уақыты
Ережеп Ертайұлы Жанатаев Басшысы 46-40-55 Әр аптада: 
Дүйсенбі күні 11-00-ден 15-00 дейін,
Бейсенбі 15-00-ден 18-00 дейін
Бейбіт Сарекенұлы Кизбикенов  Басшының орынбасары  46-41-32 Әр аптада:
Сейсенбі 11-00-ден 15-00 дейін, 
Жұма 15-00-ден 18-00 дейін
Марат Балатайұлы Есімсейітов Басшының орынбасары 46-41-21 Әр аптада: 
Дүйсенбі 11-00-ден 15-00 дейін, 
Бейсенбі 15-00-ден 18-00 дейін  

Инспекцияның негізгі міндеттері мен қызметтері

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi аүмақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Инспекция) орман шаруашылыгы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқарушылық және бақылау функцияларын орындауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiнiң (бұдан әрi — Комитет) аумақтық бөлiмшесi болып табылады.

Инспекция «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң қызметiн құзiретi шегiнде Мамлют және Смирнов мемлекеттiк зоологиялық табиғи қаумалдарының және Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiк шекарасының шегiндегi барлық балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде (су қорғау белдеуi мен аймағын, жағалау жиегiн және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) қорғалуын да бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ үйлестiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттi.

2. Инспекция өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құкықтық актiлерге, сондай-ак осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Инспекция мемлекеттiк мекеменiң ұйымдык-құқықтык нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынысты, заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi сондай-ақ Қазақстан Реснублнкасының заңнамасына сәйкес қазынашылык органдарында шоттары болады.

4. Инспекцияның заңды орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 150008, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл каласы, К. Сүтiшев көшесi, 58.

5. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi.

6. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

7. Инспекцияның қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

8. Инспекцияға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Инспекцияның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсе алмайды.

Инспекцияның негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

9. Мiндеттерi: орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқарушылық және бақылау функцияларын орындау.

10. Функциялар:

1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай- ақ ерекше қорғалатын табиғи аумактар саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2) мемлекеттiк орман саясатын қалыптастыру бойынша үсыныстарды әзiрлеуге және оны iске асыруға қатысады;

3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлiмшесi басшысының, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау үйымдары басшыларының орман қорының жай-күйi, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi жөнiндегi есебiн қарайды;

5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзiнiң қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;

6) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше күзетiлетiн табиғи аумақтар саласындағы заңнамалары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы мөлшерлемелерiнiң (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелердi қоспағанда) облыстың жергiлiктi атқарушы органы ұсынған және әзiрлеген жобаларын келiсiмдейдi;

8) ормандарды орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс- шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының, екпелердiң табиғи, антропогендiк сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының пайда болуының, таралуының алдын алу, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгi жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

9) орман қорындағы сандық және сапалық өзгерiстерге, оның санитариялық жай-күйiне тексерулер арқылы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

9-1) орман орналастыру жұмыстарының жүргiзiлуiне және орман орналастыру материалдарына өзгерiстердiң дер кезiнде енгiзiлуiне, сондай-ақ iс-шаралардың орман орналастыру жобаларына сәйкес орындалуына тексерулер арқылы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

9-2) орман иеленушiлермен және орман орналастыру ұйымдарымен бiрге мемлекетгiк орман қоры жерлерiнде объектiлер орналастыру бойынша, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде ағаш кесу, оның iшiнде елдi мекендердiң шекарасы шегiнде көгалдандыру екпелерiн кесу бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады және оларға қатысады;

10) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртiбiне және ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарттарынпң сақталуына тексерулер арқылы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

11) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, орман өрттерiнiң алдын алу жөнiндегi, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдiгiне және мемлекеттiк орман қорына өрттен келтiрiлген залалды анықтауға, орман өрттерiнiң салдарларын жою жөнiнде қолданылған шаралардың уақтылығына тексерулер арқылы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

12) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

13) кеспеағаштардың бөлiнуiне мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

14) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

16) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман түқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргiзiлуiне мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

17) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң қорғалуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

18) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жүмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

19) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тексередi;

20) балық шаруашылығы су айдындарының резервтiк қорында және (немесе) учаскелерiнде және аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту мен мемлекеттiк есепке алуды үйымдастырады және қамтамасыз етедi;

21) жануарлар дүниесiн қорғау, осiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етедi;

22) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзудi үйымдастырады;

23) зоологиялық коллекциялар тiзiлiмiн жүргiзедi, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;

24) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама бередi;

25) халықаралық шарттарды iске асыруды қоса алғанда, орман қатынастары, жануарлар дүниесiн күзету, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше күзетiлетiн табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

26) бақылау үшiн аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупi бар су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде аулауды үйымдастырады;

27) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, және будандастыруды жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

28) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

29) аң, балық шаруашылығын жүргiзу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

30) аңшылық және балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

31) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

32) жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртiбiнiң, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

33) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

34) жеке және заңды тұлғалардың аң және балық шаруашылығын жүргiзу шартының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;

35) жануарлар дүниесiн пайдалануға белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

36) жануарлар дүниесiн күзету, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергiлiктi агқарушы органдарға мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

37) су жинау қүрылыстарына балықтарды қорғау құрылғыларын орналастыруды келiседi;

38) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлiгiнiң барлық түрлерiнiң жүруiн келiседi;

39) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Ресгiубликасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер әзiрлейтiн техникалық-экономикалық негiздеменi және жобалау-сметалық құжаттаманы келiседi;

40) биологиялық негiздеменiң негiзiнде бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесiнде пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде жүргiзген балық шаруашылығы мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсiпшiлiк қорының деректерiн жыл сайын түзетудi келiседi;

41) ғылыми ұсынымдар негiзiнде балықтардың болмай қоймайтын қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупi туындаған және су объектiлерiн немесе олардың бөлiктерiн ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргiзу жолымен мүндай қауiптi жою мүмкiн болмаған жағдайларда балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешiм қабылдайды;

42) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi;

43) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушының қызметiн тоқтата түрады немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс еңгiзедi;

44) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге рұқсаттар бередi;

45) табиғат қорғау мекемелерiнiң учаскелердi туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыруға ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi пайдалану шарттарын тiркейдi.

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 10:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.02.2019 11:58
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы