A- A A+
Халықты әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының жұмысы Қазақстан Республикасының Президентi
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес берген тапсырмаларын орындауға, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларда, Үкiметтiң, министрлiктiң жоспарларында белгiленген әлеуметтiк-еңбек саласының мiндеттерi мен басымдылықтарын, атап айтқанда халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтiк бағдарламаларды орындауға бағытталған.

  • Халықты жұмыспен қамту

    Облыста халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiледi.

    2017 жылғы 1 маусымға қарасты жағдай бойынша 9910 адам жұмысқа орналастырылды 5099 жаңа жұмыс орны құрылды.

    2123 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жiберiлдi.

    Халықтың экономикалық белсендi тұрғыдан тiркелген жұмыссыздар үлесi 0,9%-ды құрады.

  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру

    Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының iс-шараларын iске асыруға (одан әрi — Бағдарлама) 2017 жылға 4,5 млрд. теңге бөлiндi, соның iшiнде 2,8 млрд. теңге — республикалық бюджеттен, 1,7 млрд. теңге — жалпы сипаттағы трансферттер.

    Бағдарламаның бiрiншi бағыты аясында 2017 жылы техникалық және кәсiби мамандықтар бойынша 426 қатысушыны оқыту, еңбек нарығында кәсiбi және машығы талап етiлуi бойынша жұмысшы кадрлерiн қысқа мерзiмдi кәсiби оқытуға 643 адамды жiберiлдi.

    Бағдарламаның екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» 2017 жылы жалпы сомасы 2,0 млрд. теңгеге 524 кредит беру жоспарлануда. Бұдан басқа Бағдарлама iс-шараларымен қарыздарын субсидиялау және кепiлдендiру қаралған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне 920 қатысушының оқытуын жүргiзу жоспарлануда. 147 қатысушы санындағы бiрiншi ағынды оқыту аяқталды. 164 адамды оқыта отырып, екiншi ағын бойынша оқыту үдерiсi iске асырылуда.

    Бағдарламаның «Еңбек нарығын еңбек ресурстарының мобильдiгi және халықты жұмыспен қамтуына жәрдемдесу арқылы дамыту» үшiншi бағыты аясында ағымдағы жылдың 1 маусымына әлеуметтiк жұмыс орындарына 314 қатысушы еңбекке орналасты (жоспардағы — 230), жастар практикасына 56 қатысушы жiберiлдi (жоспар — 329 қатысушы).

    Деректер қорында болған бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 180 адам еңбекке орналасты.

    113 пәтерге 4 көп пәтерлi үй салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргiзiлуде (Жамбыл — 2/36, Есiл — 1/27, Ғ. Мүсiрепов атындағы — 1/50).

    Жыл басынан берi көшiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу аясында облысқа құрамында 278 адаммен 65 отбасы қоныс аударды.

    Бағдарламаның үшiншi бағыты аясында 29 инфрақұрылымдық жобаны жөндеу қарастырылған, оларда 280 жұмыс орнын құру, соның iшiнде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 147 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. А.ж. 1 маусымға 28 жобада жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде, 145 жұмыс орны, соның iшiнде Бағдарламаға қатысушылар үшiн 75 жұмыс орны құрылды.

  • Әлеуметтік әріптестік

    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына және әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi Бас келiсiмге сәйкес облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын ескере отырып, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi, облыстық кәсiподақтар кеңесi және жұмыс берушiлер мен кәсiпкерлер бiрлестiгi арасында 2015-2017 жылдарға арналған облыстық келiсiм жасалды.

    Келiсiмде үш жылға әлеуметтiк әрiптестiктi дамытудағы негiзгi басымдылықтар және облыстың экономикалық және әлеуметтiк дамуының кешендi бағдарламаларын iске асыруға жәрдемдесу және қызметкерлердi әлеуметтiк-еңбек саласында қорғау және әлеуметтiк әрiптестiктi одан әрi дамыту жөнiндегi бағыттар айқындалған.

    Тараптарының мүдделерiн барынша есепке алуды, еңбек қатынастарын қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау мәселесi жайлы меморандумдар жасасу жұмысы жүргiзiлуде

    2017 жылғы 1 маусымдағы облыстың 1951 кәсiпорны мен ұйымында меморандумдар қолданыста.

  • Коныс аударушылар бойынша

    Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшiру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

    2017 жылдың 1 маусмыдағы жағдай бойынша облысқа 275 адам бар 64 отбасы көшiп келдi, соның iшiнде (Айыртау — 4 отбасы (20 адам), Ақжар — 7 (32 адам), Аққайың — 1 (4 адам), Есiл — 9 (32 адам), М. Жұмабаев — 6 (24 адам), Қызылжар — 1 (5 адам), Мамлют — 12 (5 6адам), Тайынша — 6 (16 адам), Уәлиханов — 8 (41 адам) және Шал ақын ауданы — 10 отбасы (45 адам).

    Осы отбасылар келесi областардан көшiп келдi: Оңтүстiк Қазақстан облысынан — 43 отбасы, Жамбыл — 17, Алматы облысы — 3 және Қызылорда — 1.

    Келген 275 адамның арасынан 123 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, 139 бала, 11 студент және 2 зейнеткер көшiп келдi.

    Қазiргi кезде облысымызға көшiп келген отбасыларға оларға бейiмдеу және жайғастыру жөнiнде қажеттi iс-шаралар көрсетiледi.

    Қоныс аударушыларды қабылдау өңiрлiк квотасына 18 отбасы (83 адам) енгiзiлдi.

    Оралмандар бойынша

    2017 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша жалпы саны 44 адаммен 35 этникалық қазақ отбасы келiп, оралман мәртебесiн алды, соның iшiнде елдер бойынша Қытай Халық Республикасынан — 20 отбасы (28 адам), Өзбекестан Республикасынан 6 отбасы (6 адам), Ресей Федерациясынан 7 отбасы (8 адам), Монғол Халық Республикасынан 2 отбасы (2 адам) келдi.

    Қоныс аударған оралмандардың қатарында 5 бала, 2 зейнеткер, еңбек жасындағылар 37 адам, соның iшiнде: 2 — орта арнаулы бiлiмi, 32 — орта бiлiмi бар, 3 — бiлiмi жоқ.

    Еңбек жасындағылар 37 адамнан 15 адам жұмыссыздар, 19 студент, 3 өздiгiмен айналысқан.

  • Кедейлік деңгейін төмендету

    Тұтастай алғанда облыс бойынша 2017 жылғы 1 маусымға аз қамтамасыз етiлген азаматтар саны 6,3 мың адамды құрады.

    Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 2017 жылғы 1 маусымға

    1195 азаматқа жалпы мөлшерi 22,4 млн. теңгенiң жәрдемақысы тағайындалды. Облыс бойынша 1 атаулы әлеуметтiк көмек алушы жәрдемақысының орташа мөлшерi орта есеппен 3125,6 теңгенi құрады.

    2017 жылғы 1 маусымға 18 жасқа дейiнгi балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар тұтастай алғанда облыс бойынша 3,6 мың балаға (1,4 мың отбасы) жалпы мөлшерi 38,3 млн. теңгенiң мемлекеттiк жәрдемақысы тағайындалды.

    Үйде бiлiм алатын 310 отбасыдан 311 мүгедек балаға 8,4 млн. теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек тағайындалды.

    Облыстың 1459 аз қамтамасыз етiлген отбасына тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық төлемдердi төлеу жөнiндегi шығындарды өтеуге жалпы мөлшерi 23,5 млн. теңгенiң тұрғын үй көмегi тағайындалды. Айына берiлетiн көмектiң орташа мөлшерi 2681,8 теңгенi құрады.

  • Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

    Халықты әлеуметтiк қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесiнiң мемлекеттiк құрылымына 1,7 мыңнан астам азамат тұратын және бүгiндерi жұмыс iстеп жатқан қарттар мен мүгедектерге арналған 8 үй-интернаты және мүгедектердi сауықтыру орталығы жатады.

    2012 жылдан бастап Петропавл әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы iшiнде 10 орындық жасы 18-ден асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған күндiзгi болу бөлiмшесi қызмет етедi. Балалар әлуеметтiк қызмет көрсету орталығы iшiнде 45 орынға мүгедек балалар үшiн күндiзгi болу бөлiмшесi қызмет етедi.

    Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде арнаулы әлеуметтiк қызметтер қамқорлықтағылардың жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып стандартта қарастырылыған көлем және түрлерi бойынша ұсынылады.

    2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс аумағында 35 үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi жұмыс iстейдi, олар 3 мыңнан астам қарт азаматтар мен мүгедектерге, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаларға қызмет көрсетедi.

    Қолданыстағы заңнамаларға сай облыс мүгедектерi жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емделумен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, жүрiп-тұру арнайы құралдарымен қамтамасыз етiледi.

    Мемлекеттiк сатып алулар жоспарына сәйкес, 2017 жылы мүгедектердi мыналармен қамтамасыз ету жоспарланады:

    300 мүгедектiк кресло-арбаларымен (ағымдағы жылғы 1 маусым жағдайы бойынша мүгедектерге 175 арба берiлдi);

    329 сурдо-техника бiрлiгiмен, соның iшiнде 265 сандық есту аппаратымен (естуi бойынша 98 мүгедек 171 есту аппаратын, соның iшiнде 14 мүгедек-бала 27 аппарат алды);

    234 тифло-техникалық құралдармен (синтез сөйлеуiмен экранға қолжетiмдiк бағдарламалық қамтамасыз етiлуiмен 5 ноутбук, брайль бойынша 1 грифель және 1 қағаз, 15 тифло таяқ, дыбыстық хабарламасы мен диктофоны бар 18 ұялы телефон, дыбыс жазбасын шығаруға арналған 14 плейер, нашар көретiн адамдарға арналған 13 сағат берiлдi);

    3 мүгедек балаға кохлеарлық импланталарына сөйлеу процессорларын (Cochlear и Med-el сөйлеу процессоры) ауыстыру бойынша қызметпен қамтамасыз ету (аталған қызметпен (Med-el фирмасы) 1 мүгедек бала қамтамасыз етiлдi);

    558 мүгедектi санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз ету жоспарланады (а.ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша 279 адам Ақмола облысының «Алмаз» санаторийiнде ем алды);

    1038 адамды — протездiк-ортопедиялық көмекпен (1236 бұйым) (қазiргi таңда 339 мүгедек 556 протездiк-ортопедиялық бұйыммен қамтамасыз етiлдi).

    Ағымдағы жыл басынан 1340 мүгедек мiндеттi гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етiлдi, 471 мүгедек әлеуметтiк қызметтерiмен қамтылды, соның iшiнде 1 топтағы жүрiп-тұруында қиындық бар 299 мүгедекке жеке көмекшiнiң қызметi, және естуi бойынша 172 мүгедекке-ымдау тiлi маманының қызметi көрсетiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 24.06.2016 17:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.06.2017 09:35
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
25%
Денсаулық сақтау - 51
23%
Мәдениет - 19
8%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы