A- A A+
Халықты әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының жұмысы Қазақстан Республикасының Президентi
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес берген тапсырмаларын орындауға, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларда, Үкiметтiң, министрлiктiң жоспарларында белгiленген әлеуметтiк-еңбек саласының мiндеттерi мен басымдылықтарын, атап айтқанда халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтiк бағдарламаларды орындауға бағытталған.

  • Халықты жұмыспен қамту

    Облыста халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiледi.

    2017 жылғы 1 маусымға қарасты жағдай бойынша 9910 адам жұмысқа орналастырылды 5099 жаңа жұмыс орны құрылды.

    2123 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жiберiлдi.

    Халықтың экономикалық белсендi тұрғыдан тiркелген жұмыссыздар үлесi 0,9%-ды құрады.

  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру

    Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының iс-шараларын iске асыруға (одан әрi — Бағдарлама) 2017 жылға 4,5 млрд. теңге бөлiндi, соның iшiнде 2,8 млрд. теңге — республикалық бюджеттен, 1,7 млрд. теңге — жалпы сипаттағы трансферттер.

    Бағдарламаның бiрiншi бағыты аясында 2017 жылы техникалық және кәсiби мамандықтар бойынша 426 қатысушыны оқыту, еңбек нарығында кәсiбi және машығы талап етiлуi бойынша жұмысшы кадрлерiн қысқа мерзiмдi кәсiби оқытуға 643 адамды жiберiлдi.

    Бағдарламаның екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» 2017 жылы жалпы сомасы 2,0 млрд. теңгеге 524 кредит беру жоспарлануда. Бұдан басқа Бағдарлама iс-шараларымен қарыздарын субсидиялау және кепiлдендiру қаралған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне 920 қатысушының оқытуын жүргiзу жоспарлануда. 147 қатысушы санындағы бiрiншi ағынды оқыту аяқталды. 164 адамды оқыта отырып, екiншi ағын бойынша оқыту үдерiсi iске асырылуда.

    Бағдарламаның «Еңбек нарығын еңбек ресурстарының мобильдiгi және халықты жұмыспен қамтуына жәрдемдесу арқылы дамыту» үшiншi бағыты аясында ағымдағы жылдың 1 маусымына әлеуметтiк жұмыс орындарына 314 қатысушы еңбекке орналасты (жоспардағы — 230), жастар практикасына 56 қатысушы жiберiлдi (жоспар — 329 қатысушы).

    Деректер қорында болған бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 180 адам еңбекке орналасты.

    113 пәтерге 4 көп пәтерлi үй салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргiзiлуде (Жамбыл — 2/36, Есiл — 1/27, Ғ. Мүсiрепов атындағы — 1/50).

    Жыл басынан берi көшiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу аясында облысқа құрамында 278 адаммен 65 отбасы қоныс аударды.

    Бағдарламаның үшiншi бағыты аясында 29 инфрақұрылымдық жобаны жөндеу қарастырылған, оларда 280 жұмыс орнын құру, соның iшiнде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 147 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. А.ж. 1 маусымға 28 жобада жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде, 145 жұмыс орны, соның iшiнде Бағдарламаға қатысушылар үшiн 75 жұмыс орны құрылды.

  • Әлеуметтік әріптестік

    Тарихи анықтама

    1932 жылдың наурызында Петропавлдың базасында Қарағанды облыстық кәсiподақтардың кеңесi құрылды. 1936 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Қарағандыдан бөлiндi де, осыған байланысты кәсiподақтардың облыстық кеңесi Солтүстiк Қазақстандық деп атала бастады. 1937 жылғы 21 мамырдағы КОБОК-нiң қаулысының негiзiнде кәсiподақтардың облыстық кеңесi сол жылдың мамырында өз қызметiн тоқтатты, ал 1948 жылдың қазанында қызметiн қайта бастады.

    Облыстың кәсiподағы Ұлы Отан соғысының жеңiсiне, тыңайған жерлерде тың игеруде аз парақ толтырған жоқ. Облыстық кеңес, кәсiподақ комитеттерi еңбекшiлердiң шығармашылық бастамасын дамытуға, ғылыми-техникалық прогрестi жылдамдатуға, еңбек өнiмдiлiгi мен жұмыс сапасын арттыруға, еңбек ұжымдарының жоспарын табысты орындауға бағытталған, айта қаларлықтай ұйымдастыру жұмыстарын жүргiздi.

    Облыстың кәсiподақтары еңбек жарыстары мәселелерiмен, облыс еңбеккерлерiне қажеттi өндiрiстiк және мәдени-тұрмыстық жағдайлар жасаумен, олардың алдыңғы қатарлы тәжiрибелерiн таратумен айналысты.Кәсiподақтардың қызметiнiң ең маңызды аясы — еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасын бақылау жөнiндегi жұмыс болып табылады.

    Көп қырлы кәсiподақ жұмысын бiлiктi, кәсiби дайындалған, облыстың дамуына кәсiподақтың көшбасшысы ретiнде ғана емес, сонымен қатар партияда болған, кеңестiк және шаруашылық қызметкерлерi ретiнде де көп еңбек сiңiрген, тәжiрибелi кадрларсыз тиiмдi жүргiзу мүмкiн емес. Сөйтiп, тың жерлердi игеру басталғаннан бастап Солтүстiк Қазақстан облыстық кәсiподақты басқарғандар: Василий Евдокимович Островной, Ефим Васильевич Цимбал, Василий Ерофеевич Корчажкин, Петр Дмитриевич Фомичев, Владимир Николаевич Воинков, Василий Дмитриевич Зенченко.

    Тәуелсiз Қазақстанның бiрiншi жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы кәсiподақтарының бiрiншi төрағасы Амантай Идрисұлы Тәженов болды.Елде түбегейлi, жанға бататын реформалар басталды. Олар кәсiподақтарды реформалау және ұйымдастыра нығайтудың, олардың саяси және әлеуметтiк-экономикалық шынайы жағдайын ескере отырып, мiндеттi қызметтерiн қайта бағыттау бойынша дұрыс жолды таңдап алды.

    Күрделi кезең Анатолий Егорович Ряжскихтiң үлесiне тидi. Оның төрағалық жұмысының уақыты қазақстандық қоғамның өмiрiнiң барлық аясында күйзелiстi жағдайлармен тұстас келдi. Ол облыс кәсiподағының сақталуында және нығаюында елеулi рөл атқарды.

    Кәсiподақтық қозғалыстың дамуына әртүрлi жылдары елеулi үлес қосқандар Юрий Васильевич Каргаполов, Владимир Павлович Маслаков, Жамал Кигарқызы Ахметова болды.

    Осы жылдар iшiнде Солтүстiк Қазақстанның кәсiподақтары Қазақстан Республикасының Парламентiне кәсiподақ қызметкерлерiн екi рт сайлады. Соңғы шақырылымда Жоғарғы Кеңесте кәсiподақтардың мүддесiн Алевтина Сергеевна Кузярина қорғады — облыстық кәсiподақтың еңбекшiлерiн қорғау жөнiндегi бөлiм меңгерушiсi, ҚР Парламентiнде 1995 жылдың желтоқсанынан 1997 жылға дейiн облыстық кәсiподақ кеңесi төрағасының орынбасары Сенатының депутаты Анатолий Трофимович Литовченко болды.

    Атап айтқанда, солар арқылы облыс кәсiподақтары саясаттың әлеуметтiк қайта бағытталуында, әлеуметтiк мiндеттердi бiрiншi кезекте шешуге бұрылуында, экономикалық өсудi қамтамасыз етуде, басқа көп мәселелердi шешуде ат салысты.

    Кәсiподақ комитеттерiнiң мекеменiң деңгейiндегi әлеуметтiк серiктес ретiнде нәтижелiгi және құзырлылығы — ұжымдық келiсiмшартты жасауда және жүзеге асыруда көрiнедi. Ұжымдық келiсiмшарттармен облыста кәсiподақ ұйымдары бар мекемелер 100% қамтылған.

    Облыстың кәсiподақ ұйымдары еңбек заңнамасының, әлеуметтiк серiктестiктiң, еңбекақы төлеу iстерiнiң жағдайын және мiндеттi зейнетақы жарнасының аударылуын, еңбекшi әйелдердiң, жастардың құқықтары мен кепiлдiктерiн қамтамасыз етiлуiн, еңбек қауiпсiздiгi мен қорғауды, жұмыспен қамтамасыз етудi қалыптастыруды, құқықтық мiндеттi оқытуды қадағалау мәселелерiне көңiл бөлудi күшейттi. Берiлген мәселелердi шешуде Кәсiподақтық орталық Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен белсендi түрде ынтымақты еңбек етедi.

    Облыс кәсiподақтары «Парыз» бизнесiнiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша барлық номинациялар бойынша: «облыстық кезеңiн және Республикалық конкурсын өткiзуге белсене ат салысады. Кәсiподақ қатысқан кәсiпорындар бiрнеше рет конкурстың лауреаттары болып жүр.

    Облыс кәсiподақтары еңбекшiлердiң ең көп және көрнектi ұйымы болған және солай қалады. 2018 жылдың 01.04. жағдайы бойынша Кәсiподақ Орталығы саны 50 мыңнан астам кәсiподақ мүшелерi бар бiр мыңға жуық бастауыш кәсiподақ ұйымдарын бiрiктiредi.

    Облыстың кәсiподақ ұйымдары, Кәсiподақтық орталық алдында, мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыруға, Елбасының Жолдауының мiндеттерiн орындауға, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, ҚР-ның «Кәсiподақтар туралы» Заңды сақтауға белсене кiрiскен. Кәсiподақтық Орталықтың күш-жiгерi кәсiподақтық қозғалысты жаңғыртуға, жұмыстың стилi мен әдiстерiн жаңартуға, кадрлық қорды заманауи талаптардың деңгейiнде дайындауға бағытталған.

    Жалпы мәлiметтер

    1. «Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiподақтық орталығы» кәсiподақтарының аумақтық бiрлестiгi 2018 жылдың 1 сәуiрiне бiрiктiредi:

    1 қоғамдық бiрлестiктi;

    2 облыстық салалық филиалдарды;

    6 жергiлiктi салалық кәсiподақтарды;

    4 машина жасаушы қызметкерлердiң кәсiподағының филиалы;

    3 энергетик қызметкерлердiң кәсiподағының филиалы

    2. Еңбек қауiпсiздiгi және қорғау бойынша 760 өндiрiстiк кеңестер құрылды.

    Еңбек қорғау бойынша 923 техникалық инспекторлар сайланды.

    3. 917 тексеру комиссиясы жұмыс iстейдi.

    4. Кәсiподақ орталығының жұмысы Қайта жаңғырудың жол картасына сәйкес жүргiзiледi.

    Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiподақтық орталығының
    қызметi туралы

    «Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiподақ орталығы» кәсiподақтарының аумақтық бiрлестiгi 2018 жылдың 1 сәуiрiне бiрiктiредi:

    • «Бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң қазақстандық салалық кәсптiк одағының Солтүстiк Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бiрлестiгi»;

    • Кәсiподақтардың облыстық салалық филиалдары:

    1. «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерiнiң салалық кәсiптiк одағы» ҚБ-нiң Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы;

    2. «Мемлекеттiк, банктiк мекемелердiң және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерiнiң салалық кәсiптiк одағы» ҚБ-нiң Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы;

    • Жергiлiктi салалық кәсiподақтар:

    1. «Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң жергiлiктi кәсiптiк одағы» ҚБ-i;

    2. «Петропавл темiржол бөлiмi темiржолшыларының жергiлiктi кәсiптiк одағы» ҚБ-i;

    3. «Солтүстiк Қазақстан облысы көлiк қызметкерлерiнiң жергiлiктi кәсiптiк одағы» ҚБ-i;

    4. «Солтүстiк Қазақстан облысы пошта байланысы қызметкерлерiнiң жергiлiктi кәсiптiк одағы» ҚБ-i;

    5. «АТП-Инвест» жауакершiлi шектеулi серiктестiгiнiң Солтүстiк Қазақстан филиалының жергiлiктi кәсiптiк одағы» ҚБ-i;

    6. «Қызылжар су» ЖШС-нiң қызметкерлерiнiң жергiлiктi кәсiптiк одағы» ҚБ-i

    • Кәсiподақтардың филиалдары:

    - машина жасаушылардың:

    1. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның кәсiподақ ұйымының филиалы — «Машина жасаушылардың салалық кәсiптiк одағы» ҚБ-i;

    2. «ЗИК СТО» АҚ-ның кәсiподақ ұйымының филиалы — «Машина жасаушылардың салалық кәсiптiк одағы» ҚБ-i;

    3. «С.М. Киров атындағы зауыты» АҚ-ның кәсiподақ ұйымының филиалы — «Машина жасаушылардың салалық кәсiптiк одағы» ҚБ-i;

    4. «Мұнаймаш» акционерлiк қоғамның кәсiподақ ұйымының филиалы — «Машина жасаушылардың салалық кәсiптiк одағы» ҚБ-i.

    – энергетиктердiң:

    1. «Солтүстiк Қазақстан Электржелiлiк Тарату Компаниясы» АҚ-ның кәсiподақ ұйымының филиалы — «Энергетиктердiң қазақстандық салалық кәсiптiк одағы» ҚБ-i;

    2. «СолтҚазЭнерго» АҚ қызметкерлерiнiң бастауыш кәсiподақ ұйымының филиалы — «Энергетиктердiң қазақстандық салалық кәсiптiк одағы» ҚБ-i;

    3. «Петропавл Жылу Желiлерi» кәсiподақ ұйымының филиалы — «Энергетиктердiң қазақстандық салалық кәсiптiк одағы» ҚБ-i

    Кәсiподақ Орталығына, саны 50 мыңнан астам кәсiподақ мүшелерi бар бiр мыңға жуық бастауыш кәсiподақ ұйымдары кiредi.

    Облыста еңбек қатынастарын реттемелеудi тұрақтандыруды қамтамасыз ету, әлеуметтiк-еңбектiк кикiлжiңдердегi әлеуметтiк шиеленiстiң алдын алу үшiн облыста өңiрлiк, облыстық салалық келiсiмдер жасалды және жұмыс жасайды.

    Мекемелердiң деңгейiнде қызметкерлердiң әлеуметтiк серiктестiгi және еңбек құқықтарын қамтамасыз етудiң негiзгi құжаты ұжымдық келiсiмшарт болып табылады.2018 ж.01.04. жағдай бойынша, мекемелерде кәсiподақтық қатысумен жасалған ұжымдық келiсiмшарттарды жасау 100 пайызды құрайды.

    Келiсiмдер мен ұжымдық келiсiмшарттардың мәнi — еңбек қатынастары реттемеленедi, еңбек қатынастарын тұрақтандыру, қызметкерлердiң құқығы мен кепiлдiктерiн сақтау, еңбекақы төлеу, жұмыс уақытын және демалыс уақытының тәртiбi мәселелерi бойыншаа қосымша жеңiлдiктер жасау, еңбектiң саламатты және қауiпсiз жағдайларын жасау, өндiрiстiк секторда еңбекақыны индекстеу, қызметкерлердi салауатты өмiрмен қамтамасыз ету, спорттық-мәдени iс-шараларды жүргiзу қамтамасыз етiледi.

    Кәсiподақ Орталығы әлеуметтiк серiктестiктiң құжаттарына әдiстемелiк көмек көрсетедi және құқықтық қоғамдық сараптама жүргiзедi. Кәсiподақтардың бастамасы бойынша еңбекақыны көтерудiң, еңбекақыны индекстеудi жүргiзудiң, еңбектiң зиянды жағдайларындағы қызметкерлерге жоғарылатушы салалық коэффициенттердi пайдаланудың өзектi мәселелерi қосылады.

    Облыс кәсiподақтары Елбасының «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайында дамудың жаңа мүмкiндiктерi», оның «Рухани жанғыру» бағдарламасын, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» бағдарламалық Мақаласын жүзеге асыруға белсене қатысады. Осы жұмыс шеңберiнде кәсiподақ ұйымдарында, Кәсiптiк орталықтардың диалогтық алаңдарында, еңбек ұжымдарында, әлеуметтiк ссерiктестiктерде, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдарында ҚР Парламентiнiң депутаттарымен кездесулер өткiзiледi, әлеуметтiк-еңбектiк аясында заңдардың жобасына түзетулер мен жобалары, гендерлiк саясаттың мәселелерi, қоғамдағы кәсiподақтардың рөлi мен беделiн арттыру, олардың ҮЕҰ жанжалға жол бермеу, Қазақстан халқының Ассамблеясымен ынтымақты еңбек етуi талқыланады

    Бүгiнгi таңда кәсiподақтар қоғамның дамуының ең маңызды бағыттары бойынша ақпараттық-түсiнiктеме жұмыстар жүргiзуге белсене қатысады, кәсiподақтық көшбасшылар облыстың және қаланың ақпараттық-насихаттаушы топтарының құрамына кiргiзiлген.

    Кәсiподақ ұйымдарының басшылары облыс кәсiпорындарында еңбек және әлеуметтiк-экономикалық қарым-қатынастарды реттеу жөнiндегi облыстық комиссия және жұмыс топтарының құрамына кiредi.

    Әлеуметтiк серiктестермен бiрлесе отырып, жұмыспен қамту, еңбекақыны уақытында төлеу мониторингi, қауiпсiз және саламатты еңбек шарттарына, жанжалдық жағдайға жол бермеу және алдын-алуға бағытталған iс-шаралар жүргiзiлiп отырады

    Кәсiподақ қызметкерлерi құқықтық жалпыға бiрдей оқуды жүргiзуге, еңбектiк және әлеуметтiк заңнаманың нормаларын түсiндiруге белсене ат салысады, құқықтық мәселелердiң кең спектрi бойынша дәрiстер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткiзедi. Солтүстiк Қазақстанның Кәсiптiк Орталығында, Қоғамдық қабылдау жұмыс iстейдi, ол еңбекке орналасу, оның iшiнде зейнетақылық мәселелерi бойынша, облыс кәсiпорындарында көшпелi қабылдау барысында құқықтық көмек көрсетедi.

    Облыс кәсiподақтары «Парыз» бизнесiнiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша барлық номинациялар бойынша: «Ең үздiк ұжымдық келiсiмшарт», «Ең үздiк әлеуметтiк-жауапты мекеме», «Еңбек қорғау бойынша ең үздiк кәсiпорын», «Экологияға қосқан үлесi үшiн» облыстық кезеңiн және Республикалық конкурсын өткiзуге белсене ат салысады. Кәсiподақ қатысқан кәсiпорындар бiрнеше рет конкурстың лауреаттары болып жүр.

    Облыстың кәсiподақ активi әкiмдердiң халық алдындағы барлық деңгейдегi есептi кездесулерiнде, еңбек ұжымдарында жұмыс берушiлердiң есеп беруiнде белсене қатысады.

    Кәсiподақ орталығы кәсiптiк шеберлiктi арттыру, кәсiптiк бiлiктiлiктi арттыру, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша жүйелi жұмыс жүргiзедi. Бұған кәсiподақтардың қатысуымен өтетiн («Еңбек жолы», мамандығы бойынша ең үздiк, ең үздiк жас маман, ең үздiк тәлiмгер ж.т.б.) конкурстар қызмет жасайды.

    Кәсiподақтардың аббаттандыру сенбiлiктерiне белсене қатысуы, қайырымдылық акциялары, өндiрiсте еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде зардап шеккен тұлғаларға қолдау көрсету дәстүрге айналды.

    Кәсiподақтық ұйымдар спорттық-массалық және мәдени жұмыстарға, мемлекеттiк және кәсiптiк мерекелерге, еңбек ардагерлерiн, тәлiмгерлердi, мамандығы бойынша ең үздiктерiн құттықтауға белсене ат салысады. Ұйымның еңбек ұжымдарымен бiрге спартакиадалар, спорттық сайыстар, отбасылық демалыстар күндерi өткiзiледi.

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподак орталығы және Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған келесім (ZIP 5198 Kb)

  • Коныс аударушылар бойынша

    Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшiру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

    2017 жылдың 1 маусмыдағы жағдай бойынша облысқа 275 адам бар 64 отбасы көшiп келдi, соның iшiнде (Айыртау — 4 отбасы (20 адам), Ақжар — 7 (32 адам), Аққайың — 1 (4 адам), Есiл — 9 (32 адам), М. Жұмабаев — 6 (24 адам), Қызылжар — 1 (5 адам), Мамлют — 12 (5 6адам), Тайынша — 6 (16 адам), Уәлиханов — 8 (41 адам) және Шал ақын ауданы — 10 отбасы (45 адам).

    Осы отбасылар келесi областардан көшiп келдi: Оңтүстiк Қазақстан облысынан — 43 отбасы, Жамбыл — 17, Алматы облысы — 3 және Қызылорда — 1.

    Келген 275 адамның арасынан 123 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, 139 бала, 11 студент және 2 зейнеткер көшiп келдi.

    Қазiргi кезде облысымызға көшiп келген отбасыларға оларға бейiмдеу және жайғастыру жөнiнде қажеттi iс-шаралар көрсетiледi.

    Қоныс аударушыларды қабылдау өңiрлiк квотасына 18 отбасы (83 адам) енгiзiлдi.

    Оралмандар бойынша

    2017 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша жалпы саны 44 адаммен 35 этникалық қазақ отбасы келiп, оралман мәртебесiн алды, соның iшiнде елдер бойынша Қытай Халық Республикасынан — 20 отбасы (28 адам), Өзбекестан Республикасынан 6 отбасы (6 адам), Ресей Федерациясынан 7 отбасы (8 адам), Монғол Халық Республикасынан 2 отбасы (2 адам) келдi.

    Қоныс аударған оралмандардың қатарында 5 бала, 2 зейнеткер, еңбек жасындағылар 37 адам, соның iшiнде: 2 — орта арнаулы бiлiмi, 32 — орта бiлiмi бар, 3 — бiлiмi жоқ.

    Еңбек жасындағылар 37 адамнан 15 адам жұмыссыздар, 19 студент, 3 өздiгiмен айналысқан.

  • Кедейлік деңгейін төмендету

    Тұтастай алғанда облыс бойынша 2017 жылғы 1 маусымға аз қамтамасыз етiлген азаматтар саны 6,3 мың адамды құрады.

    Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 2017 жылғы 1 маусымға

    1195 азаматқа жалпы мөлшерi 22,4 млн. теңгенiң жәрдемақысы тағайындалды. Облыс бойынша 1 атаулы әлеуметтiк көмек алушы жәрдемақысының орташа мөлшерi орта есеппен 3125,6 теңгенi құрады.

    2017 жылғы 1 маусымға 18 жасқа дейiнгi балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар тұтастай алғанда облыс бойынша 3,6 мың балаға (1,4 мың отбасы) жалпы мөлшерi 38,3 млн. теңгенiң мемлекеттiк жәрдемақысы тағайындалды.

    Үйде бiлiм алатын 310 отбасыдан 311 мүгедек балаға 8,4 млн. теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек тағайындалды.

    Облыстың 1459 аз қамтамасыз етiлген отбасына тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық төлемдердi төлеу жөнiндегi шығындарды өтеуге жалпы мөлшерi 23,5 млн. теңгенiң тұрғын үй көмегi тағайындалды. Айына берiлетiн көмектiң орташа мөлшерi 2681,8 теңгенi құрады.

  • Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

    Халықты әлеуметтiк қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесiнiң мемлекеттiк құрылымына 1,7 мыңнан астам азамат тұратын және бүгiндерi жұмыс iстеп жатқан қарттар мен мүгедектерге арналған 8 үй-интернаты және мүгедектердi сауықтыру орталығы жатады.

    2012 жылдан бастап Петропавл әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы iшiнде 10 орындық жасы 18-ден асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған күндiзгi болу бөлiмшесi қызмет етедi. Балалар әлуеметтiк қызмет көрсету орталығы iшiнде 45 орынға мүгедек балалар үшiн күндiзгi болу бөлiмшесi қызмет етедi.

    Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде арнаулы әлеуметтiк қызметтер қамқорлықтағылардың жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып стандартта қарастырылыған көлем және түрлерi бойынша ұсынылады.

    2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс аумағында 35 үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi жұмыс iстейдi, олар 3 мыңнан астам қарт азаматтар мен мүгедектерге, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаларға қызмет көрсетедi.

    Қолданыстағы заңнамаларға сай облыс мүгедектерi жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емделумен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, жүрiп-тұру арнайы құралдарымен қамтамасыз етiледi.

    Мемлекеттiк сатып алулар жоспарына сәйкес, 2017 жылы мүгедектердi мыналармен қамтамасыз ету жоспарланады:

    300 мүгедектiк кресло-арбаларымен (ағымдағы жылғы 1 маусым жағдайы бойынша мүгедектерге 175 арба берiлдi);

    329 сурдо-техника бiрлiгiмен, соның iшiнде 265 сандық есту аппаратымен (естуi бойынша 98 мүгедек 171 есту аппаратын, соның iшiнде 14 мүгедек-бала 27 аппарат алды);

    234 тифло-техникалық құралдармен (синтез сөйлеуiмен экранға қолжетiмдiк бағдарламалық қамтамасыз етiлуiмен 5 ноутбук, брайль бойынша 1 грифель және 1 қағаз, 15 тифло таяқ, дыбыстық хабарламасы мен диктофоны бар 18 ұялы телефон, дыбыс жазбасын шығаруға арналған 14 плейер, нашар көретiн адамдарға арналған 13 сағат берiлдi);

    3 мүгедек балаға кохлеарлық импланталарына сөйлеу процессорларын (Cochlear и Med-el сөйлеу процессоры) ауыстыру бойынша қызметпен қамтамасыз ету (аталған қызметпен (Med-el фирмасы) 1 мүгедек бала қамтамасыз етiлдi);

    558 мүгедектi санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз ету жоспарланады (а.ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша 279 адам Ақмола облысының «Алмаз» санаторийiнде ем алды);

    1038 адамды — протездiк-ортопедиялық көмекпен (1236 бұйым) (қазiргi таңда 339 мүгедек 556 протездiк-ортопедиялық бұйыммен қамтамасыз етiлдi).

    Ағымдағы жыл басынан 1340 мүгедек мiндеттi гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етiлдi, 471 мүгедек әлеуметтiк қызметтерiмен қамтылды, соның iшiнде 1 топтағы жүрiп-тұруында қиындық бар 299 мүгедекке жеке көмекшiнiң қызметi, және естуi бойынша 172 мүгедекке-ымдау тiлi маманының қызметi көрсетiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 24.06.2016 17:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.05.2018 12:33
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы