A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Солтүстiк Қазақстан облысының 2016 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2016 жылдың қаңтар-ақпанның нәтижесi бойынша облыстың өндiрiстiк кәсiпорындары қолданылып жүрген бағалармен 24 426,9 млн.теңгеге өнiм өндiрдi, бұл 2015 жылғы қаңтар-ақпан деңгейiнен 1,5%-ға жоғары.

Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында барынша үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (60,1%), 2016 жылдың қаңтар-ақпанында 14 676,1 млн.теңгеге өнiм өндiрiлген.

2016 жылғы қаңтар-ақпан айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсiбiнiң құрылымы

2016 жылғы қаңтар-ақпанда 9 951,7 млн. теңгенi тамақ өнiмдерi өндiрiсi құрады, заттай түрде құс етiнiң өндiрiсi 2,3%, шұжық өнiмдерi — 3,2%, ұн — 33,2%, сары май — 26%, ыстық нан — 7,3% ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 16,3%-ын алатын машина жасау саласында 2385,9 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлiп, өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлген.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндiру саласында 316,9 млн.теңгеге өнiмi өндiрiлдi, өзге металл емес минералды өнiмдер өндiрiсiнде 316,1 млн.теңгеге өнiм өндiрiлдi.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласында 2015 жылғы қаңтар-ақпан деңгейiмен салыстырғанда 10,9% артып, 8624,5 млн.теңгенi құрады.

Сумен жабдықтау саласында 2016 жылғы қаңтар-ақпандағы көлемi 1061,6 млн.теңгенi құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар–ақпан деңгейiнен 11,4%-ға жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2016 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылық өнiмiнiң жалпы көлемi 21804,2 млн. теңгенi, нақты көлем индексi 2015 жылғы қаңтар-ақпан деңгейiне 101,0% құрайды.

2015 жылғы қаңтар-ақпан деңгейiне ет өндiрiсi 15,8 мың тоннаны немесе 100,9% құрады.

сүт 35,2 мың тонна (106,1%);

жұмыртқа 71,5 млн. дана (95%);

1.03.2016 жылға барлық шаруашылық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ 396,2 мың бас (104,6%);

с.i. сиыр 183,2 мың бас (105,4%);

қой мен ешкi 355,9 мың бас (104,2%);

жылқы 106,2 мың бас (105,4%);

шошқа 160,3 мың бас

құстар 3760,5 мың бас

Кәсiпкерлiк. Облыста 2016 жылғы 1 наурызға базарларда жұмыс iстейтiн шағын және орта кәсiпкерлiк субьектiлерiнiң саны 35566 бiрлiк.

Инфляция. Облыста 2016 жылғы қаңтар-ақпан нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 2,2% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,3 пайызға төмен. Азық-түлiк тауарларының бағасы 2,5%-ға, азық-түлiк емес тауарларының — 1,7%-ға, ақылы қызметтер — 2,3%-ға қымбаттады.

2016 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша тұтыну баға индексi %-те

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2016 жылғы қаңтар-ақпанды қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 11 248,9 млн. теңгенi немесе 2015 жылғы ұқсас кезеңге 80,8 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 85,2%), бюджеттiк қаражат (6,8%), басқа қарыз қаражат (4,2%) банк кредиттерi (3,8%) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (43,1%), көлiк және қоймалау (19,9%) өнеркәсiп (19,1%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (7,6%), бiлiм беру (3,4%), көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдердi жөндеу (3,1%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2016 жылғы қаңтар-ақпан айында облыс аумағында жалпы ауданы 10 865 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңiне 154,1% құрайды

Сумен жабдықтау. «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен — 1,63 млрд. теңге, облыстық бюджеттен — 44,4 млн. теңге көзделген. Ү.ж. 2 айдың нәтижесi бойынша РБ-дан 31,3 млн. теңге және ЖБ-дан 9 млн. теңге игерiлдi.

Бұдан басқа, Петропавл қ. сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн реконструкциялауға 2016 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 3,2 млрд. теңге бөлiндi.

Әлеуметтiк қорғау. 2016 жылғы 1 наурыздағы өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 24,1 пайызға жоғары 1711 адамды құрады. Тiркелген жұмыссыздар үлесi экономикалық белсендi халықтың 0,5 пайызын құрады, бұл өткен жылғы денгейне сәйкес.

2016 жылғы 1 наурыздағы 940 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 2641 жұмыссызға жұмысқа орналасыға жәрдем көрсетiледi. Қоғамдық жұмыстарға 1129 адам жiберiлдi.

2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 339 аз қамтылған азаматтарға 13,5 млн теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға 20,8 млн.тенге сомада мемлекеттiк ай сайынғы жәрдемақы 1380 өтiнiш берушiлерге (3335 балаға) белгiлендi.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айындағы облыста жалдамалы жұмыс бойынша iстейтiндердiң ай сайынғы орташа номиналдық жалақысы 82971 теңгенi құрады. Номиналдық жалақының индексi 2014 жылдың сәйкес мерзiмiне қарағанда 104,1 пайызды құрады, осы мерзiмге нақты жалақы индексi 97,9 пайызды құрады.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 79 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 65 — мемлекеттiк, 14 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 1 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 479 шағын- орталық (9 жекекменшiк) жұмыс атқарады.

2015-2016 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 533 бiрлiктi құрайды.

2016 жылы бiлiм жүйесiн дамытуға 46,6 млрд.теңге бөлiндi. 2016 жылғы 1 наурыз жағдайында 7,5 млрд.теңгеден игерiлу 7,1 млрд.теңге немесе 94,7% құрады.

Ұлттық қордан нысаналы трансферттер есебiнен 1965,5 млн.теңге бөлiнген, соның iшiнде:

  • СҚО Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишимское а. 200 орынға арналған жатын орнымен 400 орынды мектеп-интернат құрылысы — 1052,8 млн.теңге. Есептi кезең жоспарындағы 100 млн.теңге орындалған жұмыс актiлерiнiң болмауына байланысты игерiлмеген;
  • СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы к., 255А мекенжайындағы 300 орынды мектеп құрылысы — 492,4 млн.теңге. 2016 жылғы 1 наурыз жоспарындағы 80 млн.теңге орындалған жұмыс актiлерiнiң болмауына байланысты игерiлмеген.
  • СҚО Петропавл қаласы Мир-Строительная көшелерiндегi 320 орынды балабақша құрылысы — 420,3 млн.теңге. 2016 жылғы 1 наурыз жоспарындағы 80 млн.теңге орындалған жұмыс актiлерiнiң болмауына байланысты игерiлмеген;

Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен бiлiм объектiлерiн дамытуға 2016 жылы 474,6 млн.теңге бөлiндi (2016 жылғы 1 наурызға жоспар жоқ), соның iшiнде мыналарға:

СҚО Петропавл қаласы Мир-Строительная көшелерiндегi 320 орынды балабақша құрылысы — 70,9 млн.теңге. Есептi кезең жоспары жоқ.

СҚО Қызылжар ауданының Бәйтерек а. 300 оқушыға арналған мектеп құрылысы — 205,6 млн.теңге. Есептi кезең жоспары жоқ.

СҚО Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишимское а. 200 орынға арналған жатын орнымен 400 орынды мектеп-интернат құрылысы — 110,7 млн. теңге. Есептi кезең жоспары жоқ.

СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы к., 255А мекенжайындағы 300 орынды мектеп құрылысы — 87,5 млн.теңге. Есептi кезең жоспары жоқ.

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 670,6 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 10,2 млн.теңгеден 10,1 млн. теңге немесе 99% игерiлдi.

Денсаулық сақтау. 2015 жылғы 1 наурызға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3801 кереуетке арналған 27 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3776 төсек орынға арналған 26 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 128 амбулаторлық-емханалық мекеме, 73 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 68 дәрiгерлiк амбулатория), жеке меншiк — 55 заңды тұлға. Бұдан басқа, 52 ФАП, 448 медициналық пункт бар.

2016 жылғы «Денсаулық сақтау» саласы бойынша жылдық жоспар 23 млрд. 84,3 млн. теңгенi құрады, 2016 жылғы 1 наурызға игерiлгенi 4 млрд. 817,5 млн. теңге, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге — 370,9 млн. теңге, (РБ — 108,4 млн. теңге, ЖБ — 262,5 млн. теңге). Есептi кезеңге қаражаттарды игеру жоспарланбаған;
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға — 480,7 млн. теңге, (ЖБ — 480,7 млн. тенге), Есептi кезеңге қаражаттарды игеру жоспарланбаған;
  • 2016 жылға денсаулық сақтау объектiлерiн салуға бюджеттiк қаражаттар көзделмеген.

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2014 жыл 2015 жыл Қаңтар-ақпан 2016 ж. 2015 ж. %
2015 жыл 2016 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 91,9 90,6 15,7 15,8 100,9 
Сүт мың тонна 473,3 507,1 33,2 35,2 106,1
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 543,0 583,7 75,3 71,5 95,0

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2016 жылғы қаңтарда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 12,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңнен 17,6% артық. Бұл ретте, экспорт — 9,2 млн АҚШ долларын (41,5% ұлғаюмен), импорт — 2,8 млн АҚШ долларын (24,3% қысқарумен) құрады.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғанстан (барлық экспорт көлемiнiң 36,2%-ы), Бельгия (17,3%-ы), Өзбекiстан (15,0%-ы), Тажiкстан (11,2%-ы), Иран (5,9%-ы), Түркия (5,4%-ы).

Барлық экспорт мына тауарлық топқа келедi: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары».

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Австрия (барлық импорт көлемiнiң 20,5%-ы), Қытай (14,4%-ы), Түркия (13,1%-ы), Малайзия (10,5%-ы), Украина (9,9%-ы), Құрама штаттары (7,9%-ы).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 50,0%-ы немесе 1,4 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (17,9%-ы немесе 0,5 млн. АҚШ доллары), «Химия және оған байланысты өнеркәсiп саласының өнiмi» (14,3%-ы немесе 0,4 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (10,7%-ы немесе 0,3 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 403,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 38,6 млн. АҚШ доллары, импорт — 365,1 млн. АҚШ доллары.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 03.08.2017 16:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.08.2017 16:29
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы