A- A A+
Облыс экономикасын мамандандыру

Аграрлық бағытты дамыту өңірдің басты мамандандырылуының бірі болып табылады, оның мақсаты — АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығы

Кез келген жергілікті экономикада орман екі негізгі функцияны атқарады:

  • пайдалы (экологиялық, әлеуметтік) — климат реттеуші, парниктік газдарды сіңірә мен жинауды қоса, су қорғау, егін және топырақ қорғау, санитариялық-гигиеналық, сауықтыру және басқа да.
  • ресурстық — өндірістік сектор мен халықты сүрекпен және ағашқа жатпайтын орман өнімімен қамтамасыз ету көзі болып табылады.

Орман экожүйесінің кемуі не толықтай жойылуы және, тиісінше айтылған пайдалы функциялары мен орманның ресурстық әлеуетінің кемуі экономикалық пайданың кемуіне әкеп соғуы мүмкін.

Орман көміртегіні сақтауы арқылы әлемдік климатты реттейді және су айрықтарын қорғайды. Орманның 1 га тұқымдық құрамына байланысты 16-дан 30 тоннаға дейін оттегі бөлетіні баршаға мәлім (әлемдік бағадан ауыстырғандағы құны 4000 теңге/т), ал әрбір текше метрі — жарты тонна сіңірілген көміртегі (28000 теңге/т) бөлетіні баршаға мәлім. Жыл бойы орманның әр гектары 50-70 тоннаға дейін шаң сүзеді. 

Осыған байланысты, орманды сақтау проблемасы қазіргі және болашақ ұрпақ үшін зор маңызға ие болуда. Орманды орнықты басқару орнықты даму үшін басым мәнге ие.

Қазақстан Республикасының ормандары қорғауыш болып табылады, олар климат реттеуші, су қорғау, егін және топырақ қорғау, санитариялық-гигиеналық, сауықтыру және басқа да пайдалы функцияларды атқарады, өңірлер мен ел халқының жекелеген топтарының экологиялық және әлеуметтік-экономикалық орнықтылығын сақтауда маңызды рөлге ие.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімідігіне қарасты мемлекеттік орман қоры 549577 гектарды құрайды, оның ішінде орманмен көмкерілген жерлер — 434845 гектар немесе 79%. Немесе облыс аумағының ормандылығы 5,5% құрайды.

Орман шаруашылығын жүргізудегі басты мақсат орман ресурстарын сақтау әрі ұтымды пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту болып табылады.

Орманда күзету-қорғау іс-шараларының, сондай-ақ орманды молықтыру, олардың өнімділігін өсіру және орман өсіруді дамыту жұмыстарының тиімділігін арттыру қажет.

Нәтижеге қол жеткізу үшін барлық қолда бар ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық, кадрлық, құқықтық және экономикалық мүмкіндіктер пайдаланылады.

Орманды молықтыру. Жыл сайын орман шаруашылықтары жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес және ұзақ мерзімді орман пайдаланатын орман пайдаланушылар шарттық міндеттемелер бойынша облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында орманды молықтыру бойынша іс-шаралар жүргізеді. Орманды молықтыру 2207 гектар алаңда жүргізілді, жоспарлы көрсеткіш 1045 гектар.

Орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау. Облыс ормандарында екпеағаштардың орнықтылығын сақтау әрі арттыру, олардың өнімділігін көбейту, ауруларының инфекциялық фонын азайту мақсатында қажетті санитариялық-сауықтыру шараларын жүргізеді.

2017 жыл басында облыста жалпы аумағы 466 гектарда орман зиянкестерінің ошағы таралды, соның ішінде: жұпсыз жібек көбелегі — 247 гектар, орман зиянкестерінің жазғы-күзгі тобы — 201 гектар, балқарағайдың оймақша күйесі — 18 гектар.

2017 жылы осы аумақта тұтас аталған орман зиянкестеріне қарсы күрестің жерүсті жойғыш шаралары жүргізілді.

2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысының шамамен тұтас аумағында 2014-2017 жылдар аралығындағы кезеңде жауын-шашын мол болуы нәтижесінде жерасты суы көтерілді. Нәтижесінде 1 мың 328 гектар аумақта суланып шіру орын алды.

Солтүстік Қазақстан облысының орман мекемелері жыл сайын қураған және зақымдалған ағаштарды кесіп алады. 2017 жылы суланудан, шеменнен, солудан және басқа да себептермен қураған орман екпелерінің 3205 гектар аумағында 293 мың текше метрден астамы игерілді.

Орман пайдалану. Орман ресурстары орман пайдалану түріне байланысты орман пайдаланушыларға ұзақ немесе қысқа мерзімге пайдалануға беріледі.

Р/с № Орман пайдаланудың атауы Орман пайдаланушылар саны
1 Сүрек дайындау 29
2 Мәдени-сауықтыру мақсатында 29
  Барлығы 58

Жыл сайын облыста шамамен 500 мың текше метрге жуық игеріледі, оның шамамен 60%-ын ұзақ мерзімді орман пайдаланатын орман пайдаланушылар игереді. Өңдеуден қалған сүрек пен отындық сүрек жергілікті халықты отынмен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Орман пайдаланушылар 2004 жылдан бастап 2017 жылды қоса алғандағы кезеңде орман пайдаланғаны үшін бюджетке 900 миллионнан астам теңге сомасында төлем енгізді, 60 трактор, 74 автомобиль, 3 өрт сөндіргіш машина, 3 тиегіш-манипулятор сатып алынды. Сүрек өңдейтін материалдық-техникалық база құрылды — 28 ағаш өңдейтін цех ұйымдастырылды, 35 ағаш тілгіш, 3 технологиялық жаңқа өндіретін желі, 114 ағаш өңдейтін білдек пен 5 уатқыш қондырғы орнатылды. Тұрақты негізде 500-ден астам адам жұмысқа алынды.  

Жыл сайын орман пайдаланушылар 80-100 мың текше метр жергілікті сүрек өңдейді және жыл сайын тереңдете өңдеу көлемі ұлғаяды.

Шығарылатын өнім ассортименті шамамен 40 атауды құрайды және ассортиментті кеңейту жұмысы халық сұранысына байланысты үнемі жүргізіледі.

Облысымызда сүрек дайындайтын орман пайдаланушылардың 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі оң нәтиже көрсетті — өндірістер құрылды, озат технологиялар енгізілді, жаңа өнім шығарылды, орман саласын дамытуға жеке капитал салынды, жұмыс орындары құрылды, халық жергілікті шикізаттан қолжетімді бағамен тауарлармен қамтамасыз етілді. 

2005 жылдан бастап 2017 жылды қоса алғандағы кезеңде «Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, туристік, спорттық және рекреациялық мақсаттар үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендер өткізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде 13 тендер өткізілді, нәтижесінде 63 ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жасалды, олардың ішінде 26 шарт бұзылды. 

Тендерлер туризм және спорт саласындағы қызметтерді дамыту үшін өткізіледі және бірнеше оң бағыты бар — жаңа жұмыс орындарын құру, туристік инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейту.

2017 жылы 199,366 гектар алаңда 41 учаскеде 31 орман пайдаланушы учаске пайдалануды жүзеге асырды.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін халықтың демалуы үшін пайдалануды одан әрі дамыту жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Қазақстанның флорасы бірқатар бағалау бойынша 13 мыңнан астам түрді қамтиды, ал Қазақстанның фаунасы қатаң күзетілетін, сондай-ақ кәсіпшілік және шаруашылық мақсатта кеңінен пайдаланылатын түрлердің көптігімен айрықшаланады, мұнда нақты омыртқалы жануарлардың 835 түрі атап өтілген.

Эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді, бірегей эталондық учаскелер мен жалпы табиғи экожүйелерді сақтаудың ең тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғ,и аумақтар жүйесін құру және олардың жұмыс істеуі болып табылады.

2017 жылғы 1 қаңтарда Басқарманың МОҚ аумағында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:

6 — республикалық және жергілікті маңызы бар табиғи қаумалдар (Согров, Смирнов, Мамлют, Ақжан, Ақсуат, Орлиногор);

4 — мемлекеттік табиғат ескерткіштері (Қарағайлы орман, Күміс қарағайлы орман, Жаңажол, Бүркіттау және бұлақ қайнары).

Мақаланың шыққан күні: 02.05.2017 09:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.05.2018 10:49
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы