A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Спорт

Солтүстiк Қазақстан облысында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2017 жылғы 1 тоқсандағы жағдайы туралы ақпарат

Солтүстiк Қазақстан облысында 170 391 мың адам дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде айналысады (облыс тұрғындарының жалпы санының 30 пайызы).

Өңiрде 77 спорт түрi кеңiнен тараған.

2017 жылдың басынан бастап 40 мыңнан астам адамды қамтумен 185 iс-шара өткiзiлдi, оның iшiнде ең көпшiлiктiсi «Солтүстiк» қысқы спорт мерекесi, облыстық Денсаулық күнi, шайбалы хоккейден «Алтын шайба» турнирi, шайбалы хоккейде облыс Кубогы.

Балалар мен жеткiншектердiң көпшiлiгiн дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту үшiн Солтүстiк Қазақстан облысында 26 балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерi спорттың ойын түрлерi бойынша 7 спорт клубы, 1 — жоғары спорт шеберлiгi мектебi, олимпиада резервiн дайындау орталығы, 22 аулалық клуб, облыстық мамандандырылған спортқа дарынды балаларға арналған мектеп интернат жұмыс iстейдi.

Дене шынықтырумен және спортпен белсендi айналысу үшiн өңiрде 2854 спорт имараты жұмыс iстейдi.

Ағымдағы жылдың басында Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы аяқталды, онда әмбебап ойын залы, жаттығу қондырғылары залы және жекпе-жек залы бар.

Осыған орай спорт алаңдарының тапшылығы 1260 ш.м. кемiп, 13502 ш.м. құрады (2016 жылңы соңында — 14762 ш.м.).

Уәлиханов ауданының Кiшкенекөл ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрысы жалғасуда. Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында және М. Жұмабаев ауданының Булаево қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiнiң құрылысы жоспарлануда.

Өткен мерзiмде облыс спортшылары 1 Әлем чемпионатына, 1 Азия Чемпионатына, 39 ҚР чемпионатына, 5 ҚР кубоктары мен бiрiншiлiктерiне, 5 Республикалық турнирге, 14 халықаралық турнирге қатысты. Спортшылар үшiн 36 оқу-жаттығу жиындары өткiзiлдi. Республикалық және халықаралық жарыстарда солтүстiкқазақстандықтар 137 медаль жеңiп алды, оның 89 медалi спорттың олимпиадалық түрлерiнен, 48 медаль олимпиадалық емес спорт түрлерiнен.

Республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға 100 ай сайынғы ақшалай үлес төлендi.

Бекiтiлген Медиа-жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, баспасөз-конференцияларын, ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен спорт ұйымдарының басшыларымен спорт активтерiн, сондай-ақ әр түрлi спорттық iс-шараларды және облыстық және халықаралық деңгейдегi акциялар өткiзу жолымен жұмыс жүргiзiлуде.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы сайтының жаңалықтар таспасы үнемi жаңартылып отырады. 2017 жылғы 1 наурызда жаңалықтар таспасында 40 ақпараттық хабарлама орналастырылды (қазақ және орыс тiлдерiнде).

Облыстық және республикалық маңызы бар орыс тiлiнде шығатын баспа және интернет БАҚ 240 әр түрлi жанрдағы және көлемдегi ақпараттық хабарлама жарияланды. Облыстық және қалалық телеарналарда (МТРА, «Қазақстан-Петропавл» және «Первый Северный») спорт тақырыбына 90 сюжет (орыс және қазақ тiлдерiнде) , «НС-Петропавловск» радиосында — Солтүстiк Қазақстан спорты туралы 15-тен астам ақпараттық хабарлама шықты (екi тiлде).

Спортты, дене шынықтыруды және салауатты өмiр салтын халық арасында танытып тарату электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдары көмегiмен белсендi жүргiзiлуде, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының Фейсбук, В Контакте, Инстаграмм әлеуметтiк желiлерiнiң парақтарында және жаңалықтар ресурстарында белсендi насихатталады.

Басқарманың сайты екi тiлде жүргiзiледi — орыс және қазақ тiлдерiнде. Сайта мiндеттi бөлiмдермен қатар бастамашылық бөлiмдер де бар: «Солтүстiк Қазақстан облысы», «Спорт объектiлерiнiң қызметтерi», «Фотогалерея», «Пайдалы сiлтемелер», «Спорттық статистика», «Бiздiң мақтанышымыз», «Анықтамалық ақпарат», «Бiздi бiлiп қой!».

СҚО әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық бағыныстағы ұйымдары

Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi күнделiктi дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн жұмыс iстейдi.

Мектептердің атауы Т.А.Ә Лауазымы Спорт түрі
1 Қ. Байболов атындағы СБЖСМ
Ж.Жабаев к., 173
e-mail: baibolova_uso@mail.ru 
т.314653
Щербаков Владимир Петрович директор Коньки спорты
Шаңғы жарысы
Биатлон
Шайбалы хоккей
Спорттық бағдарлау
Керлинг
Доппен хоккей
2 СДЮСШОР «Дельфин» су түрлері спортының» МДЖОРСМ
Ж.Жабаев к., 175
e-mail: delfin-dussha@mail.ru 
т.318157, 314154, 314245, 464720
ӘлжановТеміртас Абілқайырұлы директор Жүзу
3 Велосипед спортынан МБЖОРМ 
Казахстанская правда к., 33
e-mail: velosport_sko@mail.ru 
ф.532934, т.532535
Парахин Владимир Алексеевич директор Велосипед спорты
4 Бокс ОБЖСМ
Парковая к., 141
e-mail: boks-sko@mail.ru 
т.500390, 500391, 500392, ф.362506
Әбдірахманов Нұрлан Ақылбекұлы директор Бокс
Кикбоксинг
5 ОРДО
Ж. Жабаев,173 
т.314606; 427935
Пермин Сергей Александрович директор  
6 Спорттық акробатика МБЖСМ
Чайковский к., 2а
e-mail: SKO_akrobatika@mail. ru 
т.312828, ф.314655
Белогонов Ринат Рашитович   директор Спорттық акробатика 
Акробатикалық жолақта және батута секіру
7 Солтүстік Қазақстан облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
Я. Гашек к., 4
51-58-01; 513293; 51-23-26.
Аманов Ысмағұл Айтымұлы директор Дзюдо
Бокс
Қазақ күресі
Велосипед спорты
Коньки спорты
Грек-рим күресі
Екрін күрес
Көркем гимнастика
Волейбол
8 Ұлттық спорт түрлері ОБЖСМ 
Мир к., 252
e-mail: nacvidsport@mail.ru 
314446
Арықов Руслан Мақтайұлы директор
 
Қазақша күрес
ММА
Асық ату
Тай бокс
Тоғыз құмалақ
Белдесу
Жекпе-жек
9 СДЮШОР «Жеңіс» МБЖОРМ 
Ж.Жабаев к., 177
e-mail: duschor@mail.ru 
т.314688, 314701, 314703, ф.363670
Лаврик Виктор Федорович директор Баскетбол
Волейбол
Футбол
Грек-рим күресі
Семсерлесу
Жеңіл атлетика
Бокс
Дзюдо
Екрін күрес
10 Жеңіл атлетика МБЖОРМ
Тоқсан би к., 11 а
e-mail: atletika2008@rambler.ru 
ф.411152
Мицих Александр Александрович директор Жеңіл атлетика
11 «Қарасай» жоғары спорт шеберлігі мектебі
Ж.Жабаев к., 173
ф.314666; 314590; 427789
Өтенов Ғабит Сәбитұлы директор Коньки спорты
Допты хоккей
Пауэрлифтинг
Армрестлинг
Кикбоксинг
Спорттық бағдарлау
Гір спорт
Ерікн күрес
Грек-рим күресі
Велосипед спорты
Жеңіл атлетика
Жүзу
Көркем гимнастика
Биатлон
Керлинг
12 БЖСМ жұмыс жөніндегі
оқу-әдістемелік орталық
т. 36-05-75; 460650
Омаров Талғат Мақашұлы директор  
13 Ат спорты түрлері ОБЖСМ
Бескөл ауылы,
Ипподромная к., 1
e-mail: dushkoni@mail.ru 
т.ф. 8 (715-38)5-13-32
Патошкина Ольга Юрьевна директор Бәйгә
Қыз қуу
Аударыспақ
Теңге алу
Жамбы ату
Көкпар
14 «Барс» БЖСМ
К.Сүтішев к., 47
e-mail: barsik_05@mail.ru 
ф.466474
Дедов Михаил Геннадьевич директор Баскетбол
Волейбол
Үстел теннисі
Шахмат
15 «Спорт сарайы» ШЖҚ МКК
Жабаев қ., 84 тел.: 340419
e-mail: dvorets.sporta.14@mail.ru  
Надобенко Александр Витальевич директор Мәнерлеп сырғанау
Коньки спорты
Шорт-трек
Дзюдо
Көркем гимнастика
Гір спорт
Хоккей
Жеңіл атлетика
Велоспорт
Бокс
Ерікн күрес
Грек-рим күресі
16 Дене мүмкіндіктуері шектеулі адамдарға арналған «Үміт» спорт клубы
Жамбыл к., 173
e-mail: Ymit_2013@mail.ru
тел. 31-46-39
Латышев Вячеслав Леонидович директор Мүгедектер спорты
17 «Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың атындағы континенталды велосипед клубы» КМҚК
Казахстанская правда к., 33
vino4ever_sko@mail.ru тел:532934
Кручина Сергей Иванович директор Велосипед спорты
18 ТОО Футбольный клуб «Кызыл-Жар СК»
ул. Ж. Жабаева, 173
e-mail: dushfutbolakz@mail.ru
т. 31-46-67, ф.31-28-41
Лория Григорий Отарович   директор Футбол
19 ТОО «Волейбольный клуб «Есиль СК»
ул. Букетова 38-20
т. 46-80-07
e-mail: club-esil@list.ru
Кувшинов Александр Михайлович   директор Волейбол
20 ТОО Волейбольный клуб «Куаныш»
ул. Валиханова 48-44,
e-mail: volleykuanish@gmail.com
Хамзин Кайырбек Садвокасович   директор Волейбол женский
21 ТОО Баскетбольный клуб «Барс»
ул. Интернациональная 62,
тел:466474
e-mail: barsbasket@mail.ru
Загаевский Дмитрий Владимирович   директор Баскетбол
22 ТОО Хоккейный клуб «Кулагер»
ул. Ж.Жабаева 84
e-mail: hc-kulager@mail.ru
Карабалин Болат Алибаевич   директор Хоккей с шайбой

Қаладың БЖСМ

1 Күрес БЖСМ
Мир к., 252 
e-mail: dssh_resling@mail.ru 
т.519373, ф.518031
Өркешов Ғалым Сағдатұлы директор Грек-рим күресі
Қазақ күресі
Таэквон-до
Карате-до
2 «Қызылжар» футболдан БЖСМ 
Қ.Сатпаев к., 11
e-mail: dushfutbolakz@mail.ru 
т.380055, 381296, ф.381256
Шәкіров Айсары Шәкірұлы директор Футбол
3 Гимнастика БЖСМ
Ж.Жабаев к., 177
e-mail: gimnastika2030@mail.ru 
т.313168
Омаров Есілбай Әбдірұлы директор Көркем гимнастика
Спорттық гимнастика
Спорттық сәндік билер

Аудандардың БЖСМ

Мектептердің атауы Т.А.Ә  Лауазымы  Спорт түрі
1 Айыртау ауданының БЖСМ 
Саумалкөл а.
Ақан-Сері к., 31 
e-mail: ducsh-cko@mail.ru 
т.ф. 8(715-33) 20-092
Қадыров Нұрболод Аширолиұлы директор Еркін күрес
Бокс
Каратэ-кекушинкай
Ауыр атлетика
Жеңіл атлетика
Футбол
Шаңғы жарысы
Шайбалы хоккей
Қазақ күресі
2 Аққайың ауданының БЖСМ 
Смирново а.,
Пушкин к. 
e-mail: akksport@mail.ru 
т.ф. 8(715- 32) 2-22-72
Норбаев Сұлтан Шаймұқанұлы директор Еркін күрес
Грек-рим күресі
Аралас жеңіл атлетика оқиғалар
Үстел теннис
Баскетбол
Ауыр атлетика
Допты хоккей
Футбол
Волейбол
Шаңғы жарысы
Коньки спорты
Шайбалы хоккей
3 Ақжар ауданының БЖСМ 
Талшық а., Ломоносов к.,, 1 
e-mail: altynseitova@mail.ru 
т.ф. 8(715-46) 22-182
спортзал (715-46)22-183
Шәпенов Мұхамед Мұхамедиярұлы директор Еркін күрес
Грек-рим күресі
Қазақша күрес
Бокс
Футбол
Волейбол
Шайбалы хоккей
Жеңіл атлетика
Ауыр атлетика
Шаңғы жарысы
4 Есіл ауданының БЖСМ 
Явленка а., Коваленко к., 27а
e-mail: Esilroo_2@mail.ru 
т.ф. 8(715-43)2-12-81
Асет Сайлауұлы Әбілмәжінов директор Грек-рим күресі
Волейбол
Ауыр атлетика
Жеңіл атлетика
Шаңғы жарысы
Қазақ күресі
Футбол
Баскетбол
Шайбалы хоккей
5 Жамбыл ауданының БЖСМ 
Пресновка а., Киров к., 63
e-mail: Dysha_jamb@mail.ru 
т.ф. 8(715-44)22-107
Бектасов Сәруәр Мырзақазиұлы директор Грек-рим күресі
Қазақша күрес
Бокс
Волейбол
Баскетбол
Ауыр атлетика
Шаңғы жарысы
Жеңіл атлетика
6 М.Жұмабаев ауданының БЖСМ 
Булаев қ., Комаров к., 16 
e-mail: bulaevo-dush@rambler.ru 
т.ф. 8(715-31) 2-26-27
Козлов Николай Павлович директор Грек-рим күресі
Еркін күрес
Бокс
Футбол
Волейбол
Баскетбол
Жеңіл атлетика
Шаңғы жарысы
7 Уәлиханов ауданының БЖСМ
Кішкенекөл, Жамбыл к., 76
e-mail: Ualirahima@yandex.ru 
т.ф. 8(715-42)22-0-82
Қасенов Бектай Сұлтанғазыұлы директор Еркін күрес
Қазақ күресі
Футбол
Жеңіл атлетика
Шаңғы жарысы
Шайбалы хоккей
8 Шал ақын ауданының БЖСМ 
Сергеевка қ., Спортивная к., 1
e-mail: sportsergeevka@mail.ru
т.ф. 8(715-34) 2-71-47
Фаст Виктор Григорьевич директор Грек-рим күресі
Еркін күрес
Бокс
Үстел теннисі
Футбол
Волейбол
Баскетбол
Жеңіл атлетика
Шаңғы жарысы
Тоғыз құмалақ
Шайбалы хоккей
Қазақ күресі
Ауыр атлетика
9 Қызылжар ауданының БЖСМ 
Бескөл а., Молодежная к., 2
e-mail: DYSHВishkul.@rambler.ru
т.ф. 8(715-38) 2-20-60
Елеусізов Жанат Қалелұлы директор Еркін күрес
Бокс
Волейбол
Баскетбол
Үстел теннисі
Жеңіл атлетика
Шаңғы жарысы
Грек-рим күресі
Қазақ күресі
Футбол
Полиатлон
10 Мамлют ауданының БЖСМ 
Мамлютка қ., Школьная к., 54 
e-mail: maml-dussh@mail.ru 
т.ф. 8(715-41) 2-12-81
Серғалиев Думан Серғаліұлы директор Еркін күрес
Бокс
Баскетбол
Футбол
Биатлон
Шаңғы жарысы
Полиатлон
Коньки спорты
11 Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның БЖСМ 
Новоишимское ул.Аблай-хана, 19
e-mail: aigul.84@mail.ru 
т.ф. 8 (715-35) 22-4-09
Қабыкенов Қарабай Биттіғұлұлы директор Ерікн күрес
Бокс
Волейбол
Жеңіл атлетика
Шаңғы жарысы
Коньки спорты
Гір спорты
Баскетбол
12 Тайынша ауданының БЖСМ 
Тайынша қ., Красноармейская к., 169
e-mail: taydsh@mail.ru 
т.ф. 8(715-36)22-9-82
Самохвалова Алена Аликовна директор Еркін күрес
Борьба
Бокс
Казахша курес
Баскетбол
Волейбол
Футбол
Үстел теннисі
Ауыр атлетика
Пауэрлифтинг
Полиатлон
Допты хоккей
13 Тимирязев ауданының БЖСМ 
Тимирязево а., Лихачев к., 1
e-mail: Timdush@mail.ru 
т.ф. 8 (715-37) 20-1-05
Майсатаев Еркебұлан 
Тастанбекұлы
директор Жеңіл атлетика
Ауыр атлетика
Волейбол
Баскетбол
Футбол
Үстел теннисі
Шаңғы жарысы
Қазақ күресі

Мирас Сағатұлы Бiрiмжанов

Мирас Сағатұлы Бiрiмжанов
Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген спорт шеберi, кигбоксингтен әлем чемпионы

Мирас Бiрiмжанов Солтүстiк Қазақстан облысы Темiрязов ауданы Сұлы деген станцияда 1983 жылы 7 наурызда жүниеге келген.

Облыстық спортқа дарынды балаларға арналған спорт-мектебiн аяқтады.

2004 жылы ҚР IIМ iшкi әскери Петропавл жоғары әскери училищесiн бiтiрдi.

Жетiстiктерi:

  • 2001 жыл. Қазақстан Республика спартакиядасының күмiс жүлдегерi (Қарағанды).
  • 2002 жыл. Қазақстан Республика кубогын жеңiп алды (Шымкент).
  • 2003 жыл. Қазақстан Республикасының Чемпионы (Астана).
  • 2004 жыл. Азия чемпионатының күмiс жүлдегерi (Ташкент).
  •  2004 жыл. Халықаралық класстың спорт шеберi атағын алды.
  • 2004 жыл. Әлем Чемпионатының күмiс жүлдегерi (Париж, Франция).
  • 2007 жыл. Қасзақстан Республика кубогын жеңiмп алды (Алматы).
  • 2007жыл. Әлем Чемпионатының қола жүлдегерi (Порто Каррас, Греция).
  • 2007 жыл. Қазақстан Республикасының Чемпионы (Семей).
  • 2007 жыл. Әлем Чемпионы (Португалия).
  • 2008 жыл. Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген спорт шеберi атағын алды.

Винокуров Александр Николаевич

Винокуров Александр Николаевич
ҚР спортқа еңбегi сiңген шеберi, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы

1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы, Бескөл ауылында дүниеге келдi.

Бiрiншi жаттықтырушылары — С.И. Кручин, кейiн ҚР ұлттық құрамында Я. Шарфа және В.Н. Ремыги.

Спорттық жетiстiктерi:

1994 жыл. Херосимдегi жазғы Азия ойындарындағы командалық жарыстан Чемпионы және топтық жарыстан күмiс жүлдегерi.

1996 жыл. Атланттағы жазғы олимпиада ойындарына қатысушысы.

1998 жыл. «Валенсии Турiнiң» және «Дофин Либери» жарыстарының жеңiмпазы

1999 жыл. Тас жолындағы дүние жүзiнiң үш мәрте чемпионы.

2000 жыл. Топтық жарыстан Сиднейдегi Олимпиада ойындарының күмiс жүлдегерi, «Германиядағы Түрдың» жеңiмпазы.

2002 жыл. «Париж-Ницца» — атты вело жарыстан жеңiспен кедi, топтық жарыстан Пустанедегi жазғы Азия ойындарының күмiс жүлдегерi.

2003 жыл. «Амстел Голд» жарысынан Әлем Кубогының «Париж — Ницца» атты жарыстан және «Швейцария Турының» жеңiмпазы, «Тур де Франстың» қола жүлдегерi.

2004 жыл Түрлi бастамамен жеке жарыстан Әлем Чемпионы, Афинадағы жеке жарыстан олимпиадалық ойындарынан 6-шы орынға ие болды.

2005 жыл. «Льеж — Бастонь — Льеж» жарыстың жеңiмпазы, «Дофин Либери» және «Тур де Франс»-тан бесiншi орынға ие болды, «Тур де Франс» кезеңiнен екi жеңiспен оралды.

2006 жыл. «Вуэльта — Кастилия» супер көп күндiк вело жарыстын жеңiмпазы, «Вуэльта» жеңiсi үш кезеңнен тұрады, Әлем чемпионының қола жүлдегерi.

2007 жыл. «Критериум дю Дофине Либере» ұпай бойынша және екi кезеңгi сынақтан бiрiншi орынды иелендi.

2009 жыл. Тас жолдағы (жарыс жеке бастамамен) вело жарыстың Азия Чемпионы), «Тур де л’Эн» кезеңiнен бiрiншi орын алды.

2010 жыл. «Классика Сан-Себастьян»,жарысынан күмiс, «Тур де Франс» 13-шi кезеңнен, «Льеж — Бастонь — Льеж», «Джиро дель Трентино» жарыстарынан алтын.

2011 жыл. «Тур де Франс» төртiншi кезеңiнiң қола, «Тура Страны Басков» үшiншi кезеңiнiң алтын жүлдегерi

2012 жыл. ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы (Лондон қ.).

Парасат (2000) және «Барыс» (2006) II дәрежелi ордендермен марапатталды.

2006 жылдан бастап Солтүстiк-Қазақстан облысының құрметтi азаматына ие болды.

Диденко Виталий Михайлович

Диденко Виталий Михайлович
Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi, гiр спортынан бiрнеше дүркiн әлем чемпионы

Солтүстiк-Қазақстан облысының Темирязев ауданының Ақжан ауылында 1986 жылы 27 қазанда дүниеге келген.

М. Қозыбаев атындағы СҚО жаратылыстану-жағрапия факультетiнiң түлегi.

Бiрiншi жаттықтырушысы — Владимир Валентинович Никитенко (Ақжан орта мектебiнiң дене шынықтыру пәнiнiң оқытушысы), жаттықтырушылар — Николай Федорович Лаврентьев, Андрей Ярославович Глявяк.

Жетiстiктерi:

Виталий Диденко — гiр спорты бойынша сегiз дүркiн әлем чемпионы

  • жастар арасындағы екi дүркiн әлем чемпионы ( Ресей, 2005 жыл; Ресесй 2006 жыл)
  • 23 жасқа дейiнгi жас ерекшелiк категориясында ерлер арасында әлем чемпионы. (Италия, 2008 жыл)
  • ерлер арасында гiр спортынан төрт дүркiн әлем чемпионы (Украина, 2007 жыл; АҚШ 2007 жыл; Эстония 2009 жыл; Литва 2012 жыл)
  • Жастар арасындағы күмiс жүлдегер (Ресесй 2005 жыл), ерлер арасында жетi дүркiн күмiс жүлдегер.
  • ерлер арасында гiр спортынан әлем чемпионатының қола жүлдегерi. (Украина, 2007 жыл)
  • Еуропа чемпионатының бес дүркiн күмiс жүлдегерi, ҚР классикалық екiсайыс рекордсменi, классикалық екiсайыста гiр спортынан ҚР 16-дүркiн рекордсменi. Классикалық екiсайыста гiр спортанан ҚР сегiз дүркiн чемпионы.
  • Гiр спортынан және армрестлингтен 2 республикалық универсиадасының чемпионы (2008 жыл, Өскемен)
  • ҚР қарулы күштерiнiң гiр спортынан және армрестлингтен Үш дүркiн чемпион. (2010 жыл, Литва)
  • СНГ мемлекеттерiнiң достық армиясының 7 Спартакиадасының күмiс жүлдегерi.

Нью-Йоркте 2011 жылы әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi (АҚШ).

Достық армиясының қатысушы-мемлекеттер Спартакиадасының чемпионы (2012 жыл).

Шауляй қаласында өткен гiр спортынан 5 Әлемдiк Ойындарда 2012 жылы Диденко алтын жеңiп алды.

Вексфорд қ-да (Ирландия) өткен Еуропа чемпионатында эстафетада Виталий екiншi болды, сонымен қатар жұлқи көтеруден Қазақстанның рекордын орнатты — 92 көтеру.

В. Диденко — Гiр спортынан ҚР 25 дүркiн чемпионы. Жарыста көрсеткен ең жоғары көрсеткiштерi классикалық итеру — 146 көтеру, классикалық жұлқи тарту — 92 көтеру әр қолымен. Ең жарыс сомасы 230,5 көтерулер, ұзын циклде жоғары жарыс нәтижесi — 84 көтеру.

Луценко Алексей Александрович

Луценко Алексей Александрович
Спортқа еңбегi сiңген шебер, Андер арасында веложарыстан 2012 жылғы Әлем чемпионы, 2014 жылғы Азиадалық ойындарың чемпионы

Алексей Луценко 1992 жылы 7 қыркүйекте СҚО, Қызылжар ауданы, Большая Малышка ауылында дүниеге келген. 1-шi сыныптан 7-шi сыныпқа дейiн Большая Малышка орта мектебiнде оқып, кейiн облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына ауысты, Одан кейiн, оны бiтiрiп «Кокше» спорт академиясына оқуға түстi (Көкшетау қ.).

Жоғары шеберлi спорт мектебiнде ҚР еңбегi сiңген жаттықтырушылары Виктор Потаповтан және жаттықтырушы Владимир Ремыгиден жаттығу алады.

2007 жылы ҚР спорт Шеберiнiң атағына ие болды.

2011 жылы Халықаралық класстан спорт шеберi болды.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сiңiрген Спорт шеберi атағы берiлдi.

Велосипед спортынан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негiзгi құрамына кiредi.

Жетiстiктерi:

  • Республикалық жарыстардың дүркiн жеңiмпазы және жүлдегерi;
  • (ОАЭ Шардж қ.) тас жолындағы юниорлар арасындағы топтық жарыстың Азия-2010 чемпионы;
  • Сиднейдегi (2010) 1 жасөспiрiмдер олимпиадалық ойындарына қатысушы (жеке жарыстан, 4 орын);
  • 2012 жылғы ҚР Ұлттық чемпионатының күмiс жүлдегерi;
  • «Тур де Лайн» кәсiбшiлiк арасында веложарыс кезеңiнен екiншi орынға ие болды (Франция, 2012 жыл);
  • Италия, Болгария, Доминикандағы халықаралық кезеңдегi жарыстардың жеңiмпазы және жүлдегерi болды;
  • 2012 жылы Франциядағы Әлем Кубок кезеңiнiң жеңiмпазы;
  • Конадағы Әлем Кубогынан қола жүлдегерi (жалпы классификация);
  • 23 жасқа дейiнгi спортшылар арасындағы 177,1 км-ге топтық жарыстан 2012 жылдың әлем чемпионы (Голландия);
  • 2014 жылғы Оңтүстiк Кореядағы Инчхонда өткен Азиадалық ойындарда 42 шақырымға созылған бөлек сөре жеке жарысының чемпионы.
  • Дания Туры — 5-шi кезең — 1 орын; Вуэльта (Испания) — 9-кезең — 2-орын (2014 ж.)
  • Швейцария Туры Халықаралық жарыс — кезеңде 1-орын; ҚР 4-шi Жазғы Спартакиадасы (Петропавл қ. — командалық жарыс — 1-орын, жеке жарыс — 1-орын (2015 ж.)
  • Көпкүндiк жарыс (Бельгия) бас сыныптама — 3-орын. (2016 ж.)
  • Рио-де-Жанейродағы (Бразилия) Жазғы Олимпиада ойындарына лицензия жеңiп алды (2016 ж.)
  • Tour of Hainan (Қытай) бас сыныптама — 1-орын.
  • Үш дүркiн жеңiмпазы Алматы Туры Халықарылық жарысы (2014 ж., 2015 ж., 2016 ж.)

Облыстағы велосипед спорты

Облыстағы велосипед спорты

Велосипед спорты велоспидет спортының МБЖОРМ, спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интергнатта, жоғары спорт шеберлiгi мектебiнде, олимпиада резервiн дайындау орталығында, «Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы құрлықтық велосипед клубында» кеңiнен тараған.

22 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс iстейдi, велосипед спортымен 317 адамайналысады.

20 адам Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесi болып табылады, оның iшiнде негiзгi құрамда — 12, жасөспiрiмдер құрамасында — 8 адам.

Президенттiк «Astana pro Time» кәсiптiк клубының құрамында бiздiң облысымыздың 3 өкiлi бар (Луценко Алексей, Тiлеубаев Русла, Камышев Арман), «Астана» құрлықтық клубында 7 спортшы (Қожатаев Бақтияр, Бижiгiтов Жандос, Майдос Тiлеген, Окишев Виктор, Галеев Вадим, Үмiтжанова Махаббат, Захаров Артем).

Соңғы 3 жыолда бiздiң облыстың велосипедшiлерi мындай спорттық нәтижелерге қол жеткiздi: Алексапндр Винокуровтың Лондондағы (2012) 30-шы жазғы Олимпиада Ойындарындағы алтын медалi, Голландиядағы (2012) әлем чемпионатындағы алтын медаль және Алексей Луценконың Азия ойындарындағы (2014) алтыны, Арман Камышев Әлем кубогы кезеңiнiң жеңiмпазы (2012), Артем Захаров Азияның екi дүркiн чемпионы болды (2013), Окишев Виктор, Вадим Галеев, Руслан Тiлеубаев 2014 жылғы Азия чемпиондары болды, Олег Хемляков осы чемпионаттың күмiс жүлдегерi болып табылады.

«Андерлер, Элита» санаттарына (19 жас және жоғары) көшкен СҚО келешектен үмiт күттiретiн велошабандоздарының спорттық нәтижелерiн әрi қарай өсiру үшiн 2013 жылғы 26 қыркүйекте Петропавл қаласында «Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы құрлықтық велосипед клубы» құрылды.

2014 жылдың 19 қыркүйегiнен 4 қазанына дейiн Оңтүстiк Кореяның Инчхон қаласында 27-шi жазғы Азия ойындары өтуде, оларға үш қатысуда: Захаров Артем, Тiлеубаев Руслан, Луценко Алексей. Солтүстiкқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Азия ойындарының алтынын жеңiп алды. Алексей Азия ойындарында бөлек старпен ұзындығы 42 км жеке жарысты жеңiпалды. Жеңiмпаздың уақыты — 50:28,78. Қырғызстаннан келген Евгений Ваккер және ирандық Хоссейн Аскари артта қалды.

Облыстың әйелдер волейболы

Облыстың әйелдер волейболы

Волейбол облыста 10 аудандық БЖСМ кеңiнен тараған (Ақжар, Ғ. Мүсiрепов, Аққайың, Есiл, Тайынша, Тимирязев, Жамбыл, Қызылжар, М. Жұмабаев, Шал ақын), 2 қалалық («Жеңiс» МБЖОРМ, «Барс» БЖСМ), спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты.

Оқу-жаттығу үдерiсiн 49 жаттықтырушы-оқытушы жүзеге асыруда, оның iшiнде 26 ауылдық жерлерде, айналысушылардың саны 11221 адам. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командаларының құрамына 7 солтүстiкқазақстандық волейболшы кiредi, оның 4 — әйелдер құрамасының құрамында (жастар — 2 адам, жасөспiрiмдер — 2 адам).

«Қуаныш және К» волейбол командасы 2012 жылдың қараша айында құрылған.

2013 жылғы қыркүйекте спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында әйелдер волейболы бөлiмi ашылды. Қазiргi уақытта бөлiмде 3 жас топтарында (1991 ж.т. және кiшi, 1997-98 ж.т., 1999-2000 ж.т.) 21 адам айналысады. Спортшылар қатарында — 6 СШҮ, қалған қыздар бiрiншi спорттық разрядқа ие.

Аға жаттықтырушы: Есiмов Азамат Оралұлы.

2014 жылы солтүстiкқазақстандық «Қуаныш және К» әйелдер волейбол командасы «В» Жоғары лига командалары арсында Қазақстан чемпионатын жеңiп алды, осымен олар «А» жоғары лигасына көштi — бұл беделi жоғары жарыстар (2013 жылы 3-шi орын).

2014 жыл, Халықаралық турнир Солеветск қаласы (Орынбор облысы) 1999–2000 ж.т. — 40 команданың iшiнде 2-шi орын, 2001–2002 ж.т. — 40 команда iшiнде 2-шi орын.

Халықаралық турнир Қарағанды қ. — 2-шi орын

2000–2001 ж.т. балалар арасында Күзгi ҚРЧ — 1-шi орын, 1999-1998 ж.т. — 1-шi орын.

2000 ж.т. балалар арасында Қысқы ҚРЧ — 1-шi орын, 1999-1998 ж.т. — 3-шi орын.

2000–2001 ж.т. балалар арасында Көктемгi ҚРЧ — 1-шi орын, 1999-1998 ж.т. — 1-шi орын.

1997–1998 ж.т. балалар арасында Жазғы ҚРЧ — 1-шi орын, 1999-1998 ж.т. — 1-шi орын.

2000–2001 ж.т. балалар арасында республикалық турнир — 1-шi орын,

Команда жергiлiктi спортшылармен жарақталған. Құрамында Тимирязев, Есiл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев аудандырының және етропавл қаласының қыздары.

2015 жылы солтүстiкқазақстандық «Қуаныш» әйелдер волейбол командасы «А» Жоғары лига командалары арсында Қазақстан чемпионатын қола жүлдегерi болды.

Облыстың ерлер волейболы

Облыстың ерлер волейболы

Солтүстiк Қазақстанның ерлер волейболы ертеден кележатқан және тұрақты орны бар. Солтүстiк Қазақстанный жасөспiрiмдерi әр түрлi жас санаттары бойынша ҚР Кубогының бiрнеше дүркiн чемпионадары мен иегерлерi болып табылады. «Есiл» ВК ерлер құрамасы Ұлттық лиганың жоғары республикалық дивизионында, ал «Есiл-Виктория» фарм-клуб-командасы — «А» Жоғары лигасында ойын көрсетедi.

Сондай-ақ облыстың құрама командалары үнемi кешендiк республикалық iс-шараларға (ұлттық ойындар, ауыл ойындары, ардагерлер спартакиадасы) қатысады, онда үнемi жүлделi орын алуда. «Есiл» ВК жетекшi ойыншылары ҚР Ұлттық құрамасының құрамына, дарынды жас волейболшылар — Қазақстанның жасөспiрiмдер және жастар құрамаларына кiредi.

Клубтың жетiстiктерi

  • 1990 ж. — «Дорожник» өндiрiстiк ұжымдар арасында КСРО чемпионатында 2-шi орын
  • 1993 ж. — «Дорожник» ҚР чемпионатында 3-шi орын
  • 1995 ж. — «Дорожник» ҚР кубогында 1-шi орын (Павлодар қ.)
  • 1998 ж. — ҚР Президентiнiң жүлдесiне 1-шi Халық спорты ойындарына 1-шi орын
  • 1999 ж. — «Солтүстiк» ҚР Кубогы 2-шi (Петропавл қ.)
  • 2000 ж. — ардагерлер арасында ҚР Спартакиадасында 3-шi орын
  • 2004 ж. — ардагерлер арасында ҚР Спартакиадасында 3-шi орын
  • 2005 ж. «Есiл» ҚР чемпионатында 3-шi орын (жоғары лига)
  • 2006 ж. — Халық ойындары 3-шi орын
  • 2006 ж. — «Есiл» ҚР чемпионаты 1-шi орын (жоғары лига)
  • 2007 ж. — ҚР Халқы Спартакиадасы 2-шi орын (Алматы қ.)
  • 2008 ж. — ардагерлер арасында ҚР Спартакиадасында 2-шi орын
  • 2009 ж. — «Есiл» ҚР чемпионатында 3-шi орын (жоғары лига)
  • 2009 ж. — Республикалық ауыл ойындары 1-шi орын
  • 2010 ж. — «Есiл» ҚР Кубогы 2-шi (Алматы қ.)
  • 2012 ж. — ардагерлер арасында ҚР Спартакиадасында 2-шi орын
  • 2004–2014 ж.ж. әр түрлi жастағы жасөспiрiмдер арасында волейболдан ҚР чемпионаттары мен Кубоктарының бiрнеше дүркiн чемпиондары мен жүлдегерлерi.

ҚР құрама командаларындағы солтүстiкқазақстандықтар:

Ұлттық құрама — 2016 ж.

1. Костив Сергей

Жастар құрамасы — 2016 ж.

1. Сулейменов Александр

2. Бейсенов Аңсаған

Облыс футболы

Облыс футболы

Солтүстiк Қазақстан облысында футболмен 4759 бала айналысады, олармен 219 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс жүргiзедi. 5 аудандық БЖСМ футбол бөлiмдерiнде, сондай-ақ 2 қалалық («Жеңiс» МБЖОРМ, «Қызылжар» футбол ОБЖСМ) кеңiнен тараған.

Жыл сайын облыста футболдан мынадай спорттық iс-шаралар өткiзiледi: «Былғары доп», «Жастар» облыстық спартакиадасы, «Жас сұңқар» және әр түрлi жас топтары бойынша жасөспiрiмдер мен қыздар арасында бiрiншiлiктер және чемпионаттар.

1968 жылы құрылған Петропавлдан қазақстандық кәiсiби «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы облыстың жетекшi клубы болып табылады.

КСРО бiрiншiлiгiнде төмендегi лигада ойын көрсеткен. Ең жақсы жетiстiгi — 1981 жылы екiншi лиганың 7 аймағындағы 13-шi орын.

1992 жылғы маусымда Қазақстан Чемпионатында 19-шы орын.

1993-1997 жылы ақшаның болмауына байланысты петропавлдық қала ойын көрсеткен жоқ.

1998 жылы петропвлдық команда Қазақстан Чемпионатының Бiрiншi лигасында, келесi жылы жоғары лигада ойын көрсеттi.

1999 жылы «Аксесс-Индастриз» компаниясымен әрiптестiк туралы келiсiмге қол қойылды, осыдан кейiн команданың атын «Аксесс-Есiл» деп ауыстырды. Украиндық жаттықтырушы Владимир Стрижевский тағайындалды, ол командаға қажеттi барлық ойыншыларды шақырды, оның iшiнде отанында өзiмен бiрге жұмыс iстегендер де, олар: Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшелерi Болат Есмағамбетов пен Александр Фамильцев, петропавл футболының үздiк тәрбиеленушiлер Олег және Юрий Чухлеба, владикавказдық «Аланияның» бұрынғы ойыншысы Игорь Авдеев, КСРО чемпионатының жоғары лигасында бiраз ойнаған Сергей Мазур ж»не Санкт-Петербургтен шабылдаушы Борис Матвеев.

Қайта өрлеуден кейiн клуб екi рет 1999 және 2000 жылдары жоғары лиганың күмiс жүлдегерi және 2001 жылы қола жүлдегерi болды.

2009 жылғы маусымда жалғыз демеушiден айырылуға, және осындан кейiн барлық негiзгi құрамды жоғалтуға байланысты, клуб маусымның көп бөлiгiн iлеспе топпен ойнауға мәжбүр болды. Қорытындысында соңғы орын алып, Қазақстанның Премьер-лигасынан Бiрiншi лигаға шығып қалды.

2010–2012 жылдар маусымында клуб жергiлiктi жастарға тiрек жасап, 10-15 орындарды алды, бiрақ Премьер-лигаға өте алмады.

2013 жылы клуб қайта құрылып, «Қызылжар-СҚ» болып аталды.

Жыл Лига Орын О Ж т/о ұ Доптар Бомбардирлер
1992 В 17 32 12 8 12 35-37 Радик Байбурин - 19
1998 I - 4 0 2 2 1-4 Валеев Айдар - 1
1999 В 2 30 23 3 4 56-19 Игорь Авдеев - 13
2000 В 2 28 24 2 2 59-10 Игорь Авдеев - 10
2001 В 3 32 21 6 5 51-16 Александр Шатских - 8
2002 В 9 32 10 7 15 31-35 Сергей Кондрацкий - 10
2003 В 11 32 10 6 16 42-53 Виктор Зубарев - 7
2004 В 6 36 18 5 13 53-40 Арам Восканян - 11
2005 В 7 30 15 3 12 38-25 Арам Восканян - 9
2006 В 12 30 8 9 13 20-37 Арам Восканян - 8
2007 В 11 30 8 13 9 24-28 Арам Восканян и Евгений Аверченко - 5
2008 В 13 30 4 12 14 21-42 Арам Восканян и Евгений Аверченко - 4
2009 В 14 26 3 4 19 14-56 Руслан Мухамеджанов - 3
2010 I 10 34 14 4 16 44-57 Станислав Шуляк - 8
2011 I 15 32 7 10 15 34-56 Роман Селиверстов - 10
2012 I 11 30 11 7 12 36-43 Тимур Мульдинов - 8, Артем Дели - 7
2013 I 4 34 20 5 9 52-34 Александр Згура - 16
2014 I 9 28 12 1 15 41-45 Чегелишвили Д -10
2015 I 4 24 14 4 6 41-19 Чегелишвили Д -10
2016 I 3 28 14 9 5 45-25 Бошко Ступич -13

Клуб атауының тарихы

Жылдар Атауы
1968-1969 «Авангард»
1970-1978 «Металлист»
1979-1990 «Авангард»
1990-1992 «Металлист»
1998 «Есіл»
1999 «Аксесс-Есіл»
2000 «Аксесс-Голден Грейн»
2001-2008 «Есиль-Богатырь»
2009-2012 «Қызылжар»
2013-н.в. «Қызыл-Жар СҚ»

Клубтың жетiстiктер

  • Қазақстан Кубогының ақтық бәсекесiне қатысушы: 1999/2000
  • Қазақстан Чемпионатының күмiс жүлдегерi: 1999, 2000
  • Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегерi: 2001
  • 2016 жылғы футбол маусымының қортындысы бойынша «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы Бiрiншi Лига командаларының арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының қола медальiн жеңiп алды.

Облыс баскетболы

Облыс баскетболы

Барс» баскетбол клубы 2014 жылы құрылды. Ерлер командасының Жоғары лигасының баскетболдан ҚР ХХIV Чемпионатының қорытындысы бойынша «Барс» БК қола медаль жеңiп алды.

Облыс хоккейы

Облыс хоккейы

Петропавлдық «Құлагер» хоккей клубы» ЖШС ресми 2015 жылғы 13 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Хамзаұлы Сұлтановтың бастамасы бойынша құрылды.

Болат Қарабалин клуб директоры болып табылады. Команданың жаттықтырушылар штабына белгiлi қазақстандық мамандар Вячесла Белан, Александр Шимин және Дмитрий Крамаренко кiредi. Команда құрамына алыс шетелдiк легионерлермен қатар қазақстандық тәрбиеленушiлермен бiрге петропавл хоккейiнiң де тәрбиеленушiлерi бар.

«Құлагер» хоккей клубы 2015 жылы құрылды. 2015-2016 жылдар маусымының қорытындысы бойынша «Құлагер» ХК шайбалы хоккейден ҚР ашық чемпионатының қола жүлдегерi болды. 2016 жылы «Құлагер» ХК шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Кубогын жеңiп алды.

Мақаланың шыққан күні: 24.06.2016 17:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.05.2017 10:19
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы