A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Спортшылар

Мирас Сағатұлы Бiрiмжанов
Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген спорт шеберi, кигбоксингтен әлем чемпионы

Мирас Сағатұлы Бiрiмжанов

Мирас Бiрiмжанов Солтүстiк Қазақстан облысы Темiрязов ауданы Сұлы деген станцияда 1983 жылы 7 наурызда жүниеге келген.

Облыстық спортқа дарынды балаларға арналған спорт-мектебiн аяқтады.

2004 жылы ҚР IIМ iшкi әскери Петропавл жоғары әскери училищесiн бiтiрдi.

Жетiстiктерi:

- 2001 жыл. Қазақстан Республика спартакиядасының күмiс жүлдегерi (Қарағанды).

- 2002 жыл. Қазақстан Республика кубогын жеңiп алды (Шымкент).

- 2003 жыл. Қазақстан Республикасының Чемпионы (Астана).

- 2004 жыл. Азия чемпионатының күмiс жүлдегерi (Ташкент).

- 2004 жыл. Халықаралық класстың спорт шеберi атағын алды.

- 2004 жыл. Әлем Чемпионатының күмiс жүлдегерi (Париж, Франция).

- 2007 жыл. Қасзақстан Республика кубогын жеңiмп алды (Алматы).

- 2007жыл. Әлем Чемпионатының қола жүлдегерi (Порто Каррас, Греция).

- 2007 жыл. Қазақстан Республикасының Чемпионы (Семей).

- 2007 жыл. Әлем Чемпионы (Португалия).

- 2008 жыл. Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген спорт шеберi атағын алды.

Винокуров Александр Николаевич
ҚР спортқа еңбегi сiңген шеберi, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы

Винокуров Александр Николаевич

1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы, Бескөл ауылында дүниеге келдi.

Бiрiншi жаттықтырушылары — С.И. Кручин, кейiн ҚР ұлттық құрамында Я. Шарфа және В.Н. Ремыги.

Спорттық жетiстiктерi:

1994 жыл. Херосимдегi жазғы Азия ойындарындағы командалық жарыстан Чемпионы және топтық жарыстан күмiс жүлдегерi.

1996 жыл. Атланттағы жазғы олимпиада ойындарына қатысушысы.

1998 жыл. «Валенсии Турiнiң» және «Дофин Либери» жарыстарының жеңiмпазы

1999 жыл. Тас жолындағы дүние жүзiнiң үш мәрте чемпионы.

2000 жыл. Топтық жарыстан Сиднейдегi Олимпиада ойындарының күмiс жүлдегерi, «Германиядағы Түрдың» жеңiмпазы.

2002 жыл. «Париж-Ницца» — атты вело жарыстан жеңiспен кедi, топтық жарыстан Пустанедегi жазғы Азия ойындарының күмiс жүлдегерi.

2003 жыл. «Амстел Голд» жарысынан Әлем Кубогының «Париж — Ницца» атты жарыстан және «Швейцария Турының» жеңiмпазы, «Тур де Франстың» қола жүлдегерi.

2004 жыл Түрлi бастамамен жеке жарыстан Әлем Чемпионы, Афинадағы жеке жарыстан олимпиадалық ойындарынан 6-шы орынға ие болды.

2005 жыл. «Льеж — Бастонь — Льеж» жарыстың жеңiмпазы, «Дофин Либери» және «Тур де Франс»-тан бесiншi орынға ие болды, «Тур де Франс» кезеңiнен екi жеңiспен оралды.

2006 жыл. «Вуэльта — Кастилия» супер көп күндiк вело жарыстын жеңiмпазы, «Вуэльта» жеңiсi үш кезеңнен тұрады, Әлем чемпионының қола жүлдегерi.

2007 жыл. «Критериум дю Дофине Либере» ұпай бойынша және екi кезеңгi сынақтан бiрiншi орынды иелендi.

2009 жыл. Тас жолдағы (жарыс жеке бастамамен) вело жарыстың Азия Чемпионы), «Тур де л’Эн» кезеңiнен бiрiншi орын алды.

2010 жыл. «Классика Сан-Себастьян»,жарысынан күмiс, «Тур де Франс» 13-шi кезеңнен, «Льеж — Бастонь — Льеж», «Джиро дель Трентино» жарыстарынан алтын.

2011 жыл. «Тур де Франс» төртiншi кезеңiнiң қола, «Тура Страны Басков» үшiншi кезеңiнiң алтын жүлдегерi

2012 жыл. ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы (Лондон қ.).

Парасат (2000) және «Барыс» (2006) II дәрежелi ордендермен марапатталды.

2006 жылдан бастап Солтүстiк-Қазақстан облысының құрметтi азаматына ие болды.

Диденко Виталий Михайлович
Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi, гiр спортынан бiрнеше дүркiн әлем чемпионы

Диденко Виталий Михайлович

Солтүстiк-Қазақстан облысының Темирязев ауданының Ақжан ауылында 1986 жылы 27 қазанда дүниеге келген.

М. Қозыбаев атындағы СҚО жаратылыстану-жағрапия факультетiнiң түлегi.

Бiрiншi жаттықтырушысы — Владимир Валентинович Никитенко (Ақжан орта мектебiнiң дене шынықтыру пәнiнiң оқытушысы), жаттықтырушылар — Николай Федорович Лаврентьев, Андрей Ярославович Глявяк.

Жетiстiктерi:

Виталий Диденко — гiр спорты бойынша жетi дүркiн әлем чемпионы

- жастар арасындағы екi дүркiн әлем чемпионы ( Ресей, 2005 жыл; Ресесй 2006 жыл)

- 23 жасқа дейiнгi жас ерекшелiк категориясында ерлер арасында әлем чемпионы. (Италия, 2008 жыл)

- ерлер арасында гiр спортынан төрт дүркiн әлем чемпионы (Украина, 2007 жыл; АҚШ 2007 жыл; Эстония 2009 жыл; Литва 2012 жыл)

- Жастар арасындағы күмiс жүлдегер (Ресесй 2005 жыл), ерлер арасында жетi дүркiн күмiс жүлдегер.

- ерлер арасында гiр спортынан әлем чемпионатының қола жүлдегерi. (Украина, 2007 жыл)

- Еуропа чемпионатының бес дүркiн күмiс жүлдегерi, ҚР классикалық екiсайыс рекордсменi, классикалық екiсайыста гiр спортынан ҚР 16-дүркiн рекордсменi. Классикалық екiсайыста гiр спортанан ҚР сегiз дүркiн чемпионы.

- Гiр спортынан және армрестлингтен 2 республикалық универсиадасының чемпионы (2008 жыл, Өскемен)

- ҚР қарулы күштерiнiң гiр спортынан және армрестлингтен Үш дүркiн чемпион. (2010 жыл, Литва)

- СНГ мемлекеттерiнiң достық армиясының 7 Спартакиадасының күмiс жүлдегерi.

Нью-Йоркте 2011 жылы әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi (АҚШ).

Достық армиясының қатысушы-мемлекеттер Спартакиадасының чемпионы (2012 жыл).

Шауляй қаласында өткен гiр спортынан 5 Әлемдiк Ойындарда 2012 жылы Диденко алтын жеңiп алды.

Вексфорд қ-да (Ирландия) өткен Еуропа чемпионатында эстафетада Виталий екiншi болды, сонымен қатар жұлқи көтеруден Қазақстанның рекордын орнатты — 92 көтеру.

В. Диденко — Гiр спортынан ҚР 25 дүркiн чемпионы. Жарыста көрсеткен ең жоғары көрсеткiштерi классикалық итеру — 146 көтеру, классикалық жұлқи тарту — 92 көтеру әр қолымен. Ең жарыс сомасы 230,5 көтерулер, ұзын циклде жоғары жарыс нәтижесi — 84 көтеру.

Луценко Алексей Александрович
Спортқа еңбегi сiңген шебер, Андер арасында веложарыстан 2012 жылғы Әлем чемпионы, 2014 жылғы Азиадалық ойындарың чемпионы

Луценко Алексей Александрович

Алексей Луценко 1992 жылы 7 қыркүйекте СҚО, Қызылжар ауданы, Большая Малышка ауылында дүниеге келген. 1-шi сыныптан 7-шi сыныпқа дейiн Большая Малышка орта мектебiнде оқып, кейiн облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына ауысты, Одан кейiн, оны бiтiрiп «Кокше» спорт академиясына оқуға түстi (Көкшетау қ.).

Жоғары шеберлi спорт мектебiнде ҚР еңбегi сiңген жаттықтырушылары Виктор Потаповтан және жаттықтырушы Владимир Ремыгиден жаттығу алады.

2007 жылы ҚР спорт Шеберiнiң атағына ие болды.

2011 жылы Халықаралық класстан спорт шеберi болды.

Велосипед спорты бойынша ҚР ұлттық құрамының құрамасына енедi.

Жетiстiктерi:

  • Республикалық жарыстардың дүркiн жеңiмпазы және жүлдегерi;
  • (ОАЭ Шардж қ.) тас жолындағы юниорлар арасындағы топтық жарыстың Азия-2010 чемпионы;
  • Сиднейдегi (2010) 1 жасөспiрiмдер олимпиадалық ойындарына қатысушы (жеке жарыстан, 4 орын);
  • 2012 жылғы ҚР Ұлттық чемпионатының күмiс жүлдегерi;
  • «Тур де Лайн» кәсiбшiлiк арасында веложарыс кезеңiнен екiншi орынға ие болды (Франция, 2012 жыл);
  • Италия, Болгария, Доминикандағы халықаралық кезеңдегi жарыстардың жеңiмпазы және жүлдегерi болды;
  • 2012 жылы Франциядағы Әлем Кубок кезеңiнiң жеңiмпазы;
  • Конадағы Әлем Кубогынан қола жүлдегерi (жалпы классификация);
  • 23 жасқа дейiнгi спортшылар арасындағы 177,1 км-ге топтық жарыстан 2012 жылдың әлем чемпионы (Голландия);
  • 2014 жылғы Оңтүстiк Кореядағы Инчхонда өткен Азиадалық ойындарда 42 шақырымға созылған бөлек сөре жеке жарысының чемпионы.
Мақаланың шыққан күні: 21.06.2016 15:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.08.2017 10:08
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы