A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2020 жылғы қаңтар айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 19 535,3 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2019 жылғы қаңтар деңгейiнен 2,6%-ға жоғары.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (65,0%), 2020 жылғы қаңтарда 12 705,0 млн. теңгеге өнiм шығарылды немесе бұл 2019 жылғы қаңтар деңгейiнен 5,1%-ға жоғары.

Солтүстiк Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

2020 жылғы қаңтарда тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 9565,7 млн. теңгенi құрады, заттай түрдегi сүт өнiмдерi 5,7%-ға, ұн үгу өнiмдерiнiң өнеркәсiбi 2,3%-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 14,9%-ын алатын машина жасау саласында 1900,2 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi, бұл 2019 жылғы қаңтар көлемiнен 80%-ға жоғары.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 373,9 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минералдiк өнiмдер 115,8 млн. теңгеге шығарылды.

2020 жылғы қаңтарда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,5% жоғарлап 5744,8 млн. теңгенi құрады.

2020 жылғы қаңтарда сумен жабдықтау саласының көлемi 896,1 млн. теңгенi құрады.

2020 жылы ИИДМБ аясында 600 жұмыс орнын құрумен құны 10,7 млрд. теңгеге 6 жобаны iске асыруы енгiзiлдi.

Ауыл шаруашылығы. 2020 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 10454,3 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2019 жылғы қаңтар деңгейiне 100,1%.

Ет өндiрiсi (тiрiдей салмақта) 10,4 мың тоннаны немесе 2019 жылғы қаңтар 101,8% құрады.

Сүт — 17,7 мың тонна (101,6%),

Жұмыртқа — 51,3 млн. дана (87,6%).

2020 ж. 01.02. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 387,2 мың бас (103,8%);

с.i. сиыр — 194,7 мың бас (104,2%);

қой мен ешкi — 411,6 мың бас (103,9%);

жылқы — 128,3 мың бас (106,7%);

шошқа — 183,9 мың бас (115,9%);

құс — 4614,4 мың бас (99,6%).

Инфляция. 2020 жылғы қаңтар айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 0,5% құрады. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 0,6%, азық-түлiк емес тауарлардың бағасы 0,4%, ақылы қызметтердiң бағасы 0,3%.

Кәсiпкерлiк. 2020 жылғы 1 ақпанда облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 29863 бiрлiктi құрады немесе 2019 жылғы сәйкес дата деңгейi 1,5% жоғары.

Солтүстiк Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2020 жылғы қаңтарда қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 6 528,1 млн. теңгенi немесе 2019 жылғы ұқсас кезеңге 107,2% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi болып: кәсiпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 72,5%), бюджеттiк қаражат (23,8%), банк кредиттерi (0,9%) және басқа қарыздық қаражат (2,8%) табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (45,6%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (28,2%), өнеркәсiп (14,4%), көлiк және қоймалау (6,7%).

Тұрғын үй құрылысы. 2020 жылғы қаңтарда облыс аумағында жалпы ауданы 1 948 ш.м тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңге 110,1% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2020 жылы мыналарға бөлiндi:

  • сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға — 3 167,4 млн. теңге (РБ — 2 572,3 млн. теңге, МБ — 595,1 млн. теңге). Қаржыландыру 2020 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап беру көзделуде.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергiлiктi сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз сумен жабдықтау қызметтерiнiң құнын субсидиялауға 2,636 млн. теңге. Қаржыландыру 2020 жылға арналған жоспарға сәйкес ақпан айынан бастап көзделген.

«Ауыл-Ел Бесiгi» аясында ауылдарда әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша — 568,6 млн. теңге (РБ — 511,7 млн. теңге, МБ — 56,9 млн. теңге). Қаржыландырудың 2020 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес шiлде айынан бастап игерiлуi көзделген.

Таратылатын сумен жабдықтау желiлерiн қалпына келтiруге (ағымдағы жөндеу) жергiлiктi бюджеттен — 728,5 млн. теңге бөлiнген. Қаржыландыру 2020 жылға арналған жоспарға сәйкес мамыр айынан бастап көзделген.

2020 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтiк қорғау. 2020 жылғы қантарда өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 3805 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 29,4%-ға артық. Экономикалық белсендi халық санынан тiркелген жұмыссыздар үлесi 1,2 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезенгi деңгейден 0,3 пайызға артық.

2020 жылғы 1 ақпанға 433 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 1712 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 604 адам жiберiлдi.

2020 жылғы 1 ақпанға 149 азаматқа 2150 мың теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Денсаулық сақтау. 2020 жылғы 1 ақпанға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3287 төсек орынға арналған 23 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3262 төсек орынға арналған 22 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 130 амбулаторлық-емханалық мекеме: 63 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншiк — 67 заңды тұлға, 58 дәрiгерлiк амбулатория. Бұдан басқа, 44 ФАП, 426 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 5 млрд. 246 млн. теңгенi құрады, 2020 жылғы 1 ақпандағы жоспарындағы 14,4 млн. теңгеден 14,1 млн. теңге немесе 98,2%, игерiлдi, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 375,5 млн. теңге (ЖБ — 375,5 млн. теңге) құрады, есептi кезеңге жоспар көзделмеген,
  • материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 2 млрд. 457 млн. теңге (РБ — 1 млрд. 991.7 млн. теңге ЖБ — 465 млн. теңге), есептi кезеңге жоспар көзделмеген.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 73 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 61 — мемлекеттiк, 12 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 8 «Мектеп — бала бақша» кешенi, 409 шағын-орталық (8 жекекменшiк) жұмыс атқарады.

2019-2020 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 475 бiрлiктi құрайды.

2020 ж. 01.02. жоспардағы 4,5 млрд. теңгеден игерiлу 4,4 млрд. теңгенi немесе 97,8% құрады.

Барлығы 2020 жылы бiлiм беру объектiлерiн дамытуға  жергiлiктi бюджеттен 1132,7 млн. теңге бөлiндi, оның iшiнде:

  • Петропавл қаласында 900 оқушыға арналған жалпы бiлiм беретiн орта мектеп салуға — 876,6 млн. теңге. 2020 жылғы 1 ақпанына жоспарланған 41,6 млн. теңге қаражат толығымен игерiлдi.
  • СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылы мекенжайы бойынша сыртқы инженерлiк желiлерi бар және абаттандырылған 300 орындық мектеп салуға — 256,1 млн. теңге. Ақпан айынан бастап төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары.

Бiлiм беру объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 6318,2 млн. теңге бөлiндi.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2018 жыл Қаңтар-желтоқсан
2019 жыл
Қаңтар 2020 ж.
2019 ж. %
2019 жыл 2020 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 93,9 97,2 10,2 10,4 101,8
Сүт мың тонна 555,0 567,7 17,4 17,7 101,6
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 809,4 802,9 58,6 51,3 87,6

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2019 жылғы облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 264,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2018 жылғы сәйкес кезеңге 129,4% құрады. Бұл ретте, тауарларды экспорттау — 181,6 млн АҚШ долларын (133,0%), импорт — 82,3 млн АҚШ долларын (122,1%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 99,3 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемiнiң 21,0%), Қытай (19,4%), Өзбекстан (13,8%), Иран (9,6%), Бельгия (8,3%), Польша (8,1%).

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 98,5%-ы немесе 178,9 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Қытай (импорттың барлық көлемiнен 16,7%), Германия (11,8%), Украйна (11,2%), АҚШ (10,6%), Польша (7,7%).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 58,6%-ы немесе 48,3 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (18,3%-ы немесе 15,1 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсiбiнiң және оған байланысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi» (10,9%-ы немесе 9,0 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-целлюлоза бұйымдары» (5,4%-ы немесе 4,5 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (2,4%-ы немесе 1,9 млн. АҚШ доллары).

Солтүстiк Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2019 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 362,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 0,4% кем, соның iшiнде импорт — 306,9 млн. АҚШ доллары (2,3% артық), экспорт — 55,4 млн. АҚШ доллары (13% кем).

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 12.03.2020 10:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.03.2020 13:01
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы